Кәсіпорының қалыпты өндірістікшаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Әрбір өндіріс бойынша олардың саны еңбек құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын есепке алумен олардың жоспарлық тапсырмалары мен анықталады.
Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызмет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды «негізгі құралды» құрайды.
Негізгі құралдар-материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес салада бірнеше жыл бойы кәсіпорының өндірітік - шаруашылық ісіне қызмет ететін еңбек құралдары мен материалдық активтер.
Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді: олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын ішіне өтеді, ескіру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып тасталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.
- кесте. Негізгі құралдар келесі белгілері бойынша жіктеледі:
Халық шаруашылық салалары бойынша; |
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік,сауда, орман шаруашылығы. |
Функционалдық қажеттілігі бойынша |
өнеркәсіптік өндірістік, өндірістік емес және консервациялаған |
Натуралдық-заттық белгісі бойынша |
ғимараттар, құрылыстар, бекініс құралдары, машиналар мен жабдықтар көлік құралдары, саймандар, өндірістік мүліктер және тағы басқа. |
Мешік иелігіне байланысты; |
өзіндік және жалданған. |
Пайдалану сипаты бойынша |
Қолданып жүрген, қосалқы бос тұрғандар. |
Негізгі құралдардың ерекшелігі олардың қызмет ету ұзақтығы мен бірнеше рет пайдаланылуы болып табылады. Осыған байланысты негізгі құралдардың құны тұрақты түрде өндірі пен айналым шығындарына енгізіледі.
Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрі қолданылады.
- Бастапқы құн бұл ғимараттарды тұрғызу (салу) немесе сатып алу бойынша нақты жұмсалған шығынның құны, бұған төленген, өтелмеген салықтар мен алымдар, сондай-ақ активтерді мақсатқа пайдалану үшін жұмыс күйіне келтіруге байланысты жеткізу, монтаждау, қондыру, іске қосу шығындары және кез келген өзге шығындар енгізіледі. Олар түскен сәттен бастап баланстан шыққанша бастапқы құны бойынша көрсетіледі.
- Сату құны бұл жақсы хабарлар және келісім жасауға дайын тәуелсіз екі жақ арасында негізгі құралдарды айырбастау мүмкіндігінің бағасы.
- Жою құны қызметтің соңында орын алатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардың, қалдықтардың жорамал құны, бұдан шығарып тастау жөнінде күтілетін шығындар шегеріледі.
- Ағымдағы құны бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі іс жүзіндегі нерақ бағасы бойынша құны.
- Байланыстық құны бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай жағдайда түседі: күрделі қаржы (жаңа ғимараттар, құрылыстар, бекініс құрылғыларын салу); жабдықтарды сатып алу және орындату; заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ аукциондарды немесе ұсталған негізгі құралдар объектілерін атып алу; негізгі құралдар объектілерін тауарматериалдық құндылықтарға айырбастау; заңды және жеке тұлғалардың жаңа және ұсталған негізгі құралдар объектілерінің қайтарусыз түсуі; жарғылық капиталға акционерлік кәсіпорындардың жарнасы ретінде түсуі; түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ (артық) объектілерді кіріске кіргізу; ұзақ мерзімді жалға беру щартымен негізгі құралдардың түсуі.
Кәсіпорынға түскен негізгі құралдар объектілерін кәсіпорын басшысының өкімімен құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Комиссия құрамына кәсіпорының бас инженері, техникалық бөлімнің инженері, объекті пайдалануға берілетін цех немесе бөлім бастығы енеді.
ХҚЕС бойынша шоттар жоспарына сәйкес негізгі құралдар қозғалысының есебі «Негізгі құралдар» 2410 бөлімше шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттар активті, сондықтан дебеті бойынша негізгі құралдардың түсімдері, келіп түсуі, ал кредит бойынша шығыстарды, есептен шығуы көрсетіледі. Осы шоттарда негізгі құралдар бастапқы (ағымдағы) құны бойынша бағаланады. Негізгі құралдар объектілерінің құрылыс сатып алу және жасау жолымен түсу күрделі жұмсау болып табылады. Күрделі қаржылардың өзіндік құнын бағалау және анықтауда 2930 «аяқталмаған құрылыс» шоты қолданылады.
Негізгі құралдар субъект баланысынан келесі жағдайлар нәтижесінде есептен шығарылады: жою, сату, айырбастау, ақысыз қайтарусыз беру, т.б.
Жоюға жіберілген негізгі құралдардың жарамсыздығын анықтау үшін кәсіпорын басшысы бұйрығымен комиссия құрылады.
Негізгі құралдарды толық және жартылай жоюға жіберуге болады. Жою актісінде жоюдан шыққан нәтиже, яғни шығыс пен кіріс арнайы бағанаға жазылады. Негізгі құралдардың есептен шығуының нәтижесі кірістерге немесе шығыстарға жатқызылады, сонымен қатар пайда мен шығын есебінде көрсетіледі.
- кесте. Негізгі құралдардың есептен шығуы
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебит |
Кредит |
1 |
Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар болғанда |
7410 |
2410 |
2 |
Негізгі құралдарды сату бойынша табыстар болғанда |
1210,1010, 1040 |
6210 |
3 |
Сатып алушыларға шот көрсетілген кезде, ал сатып алушылар төлеген кезде |
1010,1020, 1040,1050, |
1210, 1280 |
Негізгі құралдар ұзақ уақыттық кезеңі ішінде шаруашылық қызмет процесінде бола отырып, бірте-бірте тозады. Тозу бұл физикалық және моральдық мінездемелерінен айырылу.
- Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторлардың әсер ету нәтижесі болып саналады.
- Моральдық тозу соның нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың қазіргі даму талаптарына сәйкес келмеу нәтижесіндегі процесті білдіреді.
Негізгі құралдарды моральды тоздыратын факторлар келесідей:
- Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру);
- Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);
- Шығарылған өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);
- Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға субъектінен талап ететін, кейбір тауарлар сұраныстың азаюы;
- Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер. Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға талап етуі мүмкін.
Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісінен ауыстырады.
Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.
Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді.
Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді.
Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады. Амортизация нормасы бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады.
Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.
Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әр түрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:
- Құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
- Құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
- Жеделдетіп есептен шығару;
- Қалдықты азайту жолымен есептен шығару;
- Құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.
Құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептеу әдісі объектінің тозған құнын оның қызмет мерзімі кезінде өндіріс шығындарына бір келкі бөлуді қарастырады. Мысалы: Объектінің құны 100000 теңге, қызмет мерзімі – 10 жыл. Есептік жою құны 2000 теңге, тозуға жыл сайынғы резерв 9800 теңгеге тең болды:
Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула бойынша есептелінеді.
Бастапқы құн – жойылу құны Пайдалану мерзімі
100000 2000/ 10 = 9800. Ал ай сайынғы тозу сомасы (9800/12) = 817 теңге.
Құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс) – бұл әдісте әрбір бірлік өзі өндірген активтің бірдей мөлшерінде амортизациясын (тозудың) болдырады деп қарастырады. Активтердің тозуы олардың қолдануы жиілігіне тікелей байланысты. Мысалы: жабық техникалық құжаттарына сәйкес 5000 өнім бірлігін шығаруға болады. Объектінің құны 27000 теңге, жою құны 300 теңге.
Онда бір өнім бірлігіне амортизация мөлшері:
Бастапқы құн – жойылу құны
Орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері
(27000-300)/5000=5.34 теңге болады. Егер бір айда 400 өнім бірлігі шығарылса, онда амортизация сомасы 2136 теңгені құрайды (5.34 x 400)
Жеделдетіп есептен шығару әдісі өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жалдарында өндірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз күрт өсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдалануың өзі екіталай
Қалдықты азайту жолымен есептен шығару әдісі кезінде, түзету сызықты тәсілде қолданылатын амортизация мөлшері екі еселенеді және әрқашанда қалдық құнға қолданылады. Бұл кезде амортизация сомасы жылдан жылға азая береді, алғашқы жылдары ол едәуір жоғары болады.
Амортизация сомасы қалдық құнды жою құнына дейін азайтуға қажетті шамамен шектелген соңғы жылды қоспағанда, болжамды жою құны амортизация есептеуде есепке алынбайды. Мысалы: объектінің қызмет мерзімі 5 жыл, түзу сызықты тәсіл кезінде қолданатын амортизация нормасы 20%-ға (100/5) тең болады. Онда жеңілдетілген амортизация үшін екі еселенетін коэффициентін ескере отырып бұл
норма 40% болады және қалдық құнға тағайындалған мөлшерлеме болып табылады бұл жағдайда бастапқы құны 100000 теңге, ал жою құны 10000 теңге болатын объекті бойынша жыл сайынғы амортизациялық аударымдар былай анықталады:
- кесте. Қалдықты азайту жолымен есептен шығару әдісі
Бастапқы құны |
Амортизация сомасы |
Қалдық құны |
1 жыл 100000 |
40000=(40%Х100000) |
60000 |
2 жыл 100000 |
24000=(40%Х60000) |
36000 |
3 жыл 100000 |
14400=(40%Х36000) |
21600 |
4 жыл 100000 |
8640=(40%Х21600) |
12960 |
5 жыл 100000 |
2960=12960-2960 |
10000 |
Кумулятивтік әдіс латын тілінен аударғанда “өсу жиналу”деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосысудың көмегімен тозудың сомасы есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады. Мысалы: автокөліктің болжамды қызмет ету мерзімі 5 жыл. Бірінші жылы объектінің бастапқы құнының 5/ 15, бөлігіне амортизация есептелінеді. Екінші жылы 4/ 15, бөлігіне, үшінші жылы 3/ 15,төртінші жылы 2/ 15, бесінші жылы 1/ 15, бөлігіне.
Жыл сайынғы амортизациялау нормасы: бөлімінде жылдар санының қосындысы, ал алымында: бірінші жыл үшін 5, екінші жыл үшін 4, үшінші жыл үшін 3, төртінші жыл үшін 2,бесінші жыл үшін – 1 болатын бөлшек саны болып табылады. Әрбір бөлшек санды амортизациялау құнға (90000 теңге) көбейту арқылы жыл сайынғы амортизациялық соманы анықтайды.
кесте. Төменде негізгі құралдардың тозуын (амортизациясын) кумулятивтік әдісі бойынша есептеу жолы көрсетілген.
Мерзімі (жылдары ) |
Бастапқы құны |
Кумулятивтік саны мен амортизациялау дың нормасы |
Жинақталға н жалдық тозу сомасы |
Айға есептелген амортизацияның сомасы (теңге) |
||
Сатып мерзімі: |
алыңған |
|||||
1-ші |
жылдың |
100000 |
5/15x90000=300 |
30000 |
2500 |
|
аяғында |
00 |
|||||
2- |
ші |
жылдың |
100000 |
4/15x90000=240 |
54000 |
4500 |
аяғында |
00 |
|||||
3- |
ші |
жылдың |
100000 |
3/15x90000=180 |
72000 |
6000 |
аяғында |
00 |
|||||
4- |
ші |
жылдың |
100000 |
2/15x90000=120 |
84000 |
7000 |
аяғында |
00 |
|||||
5- |
ші |
жылдың |
100000 |
1/15x90000=600 |
90000 |
7500 |
аяғында |
0 |
Кестенің мәліметтеріне кумулятивтік әдіс бойынша есептелінген амортизация сомасы объектіні пайдаланудың бірінші жылында күрт өсіп соғы жылында азайғанын көреміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Ныйқанбаева А., Қуанышова Л. Бухгалтерлік есеп негіздері. – Aстана, 2008
- Кезмемтаев К.К. Кәсіпорындағы қаржылық есепті жүргізу. – Алматы: Экономика, 2003.
- Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді бухгалтерлік есеп. Оқулық: Алматы, 2005.
- Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. Алматы: Экономик С, 2003.
- Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан аудит орталығы, 2002.
- Жакупова О.М. Бухгалтерлік есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы. Қарағанды, 2003. 153-183 б.