Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару және оның қалыптасу мәселелері

Заманауи әлемде мемлекеттің әлауқаты жалпы ұлт әлеуетін және жекелей алғанда азаматтардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланумен айқындалады. Сондықтан көптеген дамыған елдер жергілікті өзін-өзі басқару үлгісін жетілдіруге ұмтылады.

Биліктің осы деңгейі халыққа барынша жақын, негізінен оны халық қалыптастырады, оның бақылауында болады және халықтың негізгі өмірлік қажеттілігін қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару ұтымды құрылса, тек жергілікті ресурстардың жұмсауы оңтайланып қана қоймай, сонымен қатар, халықтың билікке деген сенімі едәуір артады. Мемлекет дамуының бүгінгі кезеңінде мұндай мәселе Қазақстанның алдында тұр. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жергілікті қоғамдастықтың тыныс-тіршілігін тікелей қамтамасыз ететін бірқатар функцияларды жергілікті өзін-өзі басқаруды реттеу саласына беруді талап етеді.

Азаматтық қатысу формаларын дамыту Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы жергілікті өзін-өзі басқару институттарының негізгі даму болашағы болып табылады. «Аймақтарды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын» бекіту Шығыс Қазақстан облысында жергілікті өзін-өзі басқару институттарын алдағы уақытта дамытуға алғышарт болды [1]. Алайда бүгінгі таңдағы тәжірибе жергілікті маңызы бар мәселелерді азаматтардың қатысуымен шешу толығымен жүзеге асырылмай отырғандығын көрсетті. Осыған орай жергілікті өзін-өзі басқарудың Қазакстандык үлгісін калыптастыру мәселелерін зерттеу – стратегиялық міндеттерді табысты жүзеге асыру фактілерінің бірі болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық қоғамды қалыптастырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы – бұл мемлекет институттары мен азаматтық қоғамның дамуымен, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті халықтың өміріне тікелей әсер ететін басқа да факторлармен және жағдайлармен байланысты көп кезеңді және серпінді процесс.

Жергілікті өзін-өзі басқару анықтамасына сүйене отырып, жергілікті өзін-өзі басқарудың төмендегі қызметтерін бөліп көрсетуге болады (сурет 1):

  • халықтың жергілікті істерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету;
  • муниципалды меншікті басқару;
  • сәйкес аймақтың дамуын қамтамасыз ету;
  • қоғамдық тәртіпті қорғау;
  • заңмен кепілдеген жергілікті өзінөзі басқарудың мүдделері мен құқықтарын қорғау;
  • халықтың әлеуметтік-мәдени, коммуналды-тұрмыстық және басқа да қызметтердегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
  • муниципалды меншікті, яғни жергілікті қоғамдастықтың иелігіндегі мүлікке қожалық ету.

Сурет 1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметі

Қазақстанда белгілі бір экономикалық және қаржылық дербестікке ие, әлеуметтік-экономикалық қайта құруды жүргізуде мемлекетке көмек көрсетуге және өздеріне жүктелген әлеуметтік функцияларды орындауға қабілетті жергілікті өзінөзі басқару органдарының тиімді жүйесі құрылатын болады.

Бүгінгі күні мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында ауыл (село), кент, аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ қалалардағы аудандар әкімдерінің аппараттары қалыптасқан. Бұл ретте олардың дербес бюджеті жоқ, бірақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады. Аталмыш шығыстар аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында қарастырылып, оларды тиісті мәслихаттар бекітеді. Бұл шығыстар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді жүзеге асыруға, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге, елді-мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға, шаруашылық есепке алуға және т.б. бағытталған.

Ауыл (село), ауылдық (селолық) округ, кент әкімдеріне бірқатар міндеттер жүктелген, бірақ олар қаржымен қалдық қағидаты бойынша қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде бұл әкімдер жергілікті маңызы бар мәселелерді тиімді шешуде қабілетсіз, осылайша халық тарапынан объективті наразылық туады.

Бұл мәселені шешу үшін бастапқы кезеңде 2012 жылдан бастап «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешу үшін өңірлерді қаржылық қолдау тетігі іске асырылуда. Осы тетіктің маңызды буыны іс-шараларды іріктеу мен бөлінген қаражатты бөлу кезінде халықтың қатысуы болып табылады.

Қазіргі уақытта жергілікті басқарудың ең төменгі деңгейінде дербес бюджеттерді қалыптастыру аудандық бюджеттердің көбі субвенциялы болғандықтан тежелуде. Төменгі басқару деңгейіндегі бюджет қалыптасқан жағдайда, ол да субвенциялы болуы мүмкін (мысалы: Ақмола облысының барлық 17 ауданы облыстық бюджеттен субвенция алады, Қарағанды облысындағы 9 ауданның 8 ауданы субвенциялы) деп күтуге болады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды тікелей жүзеге асыруда бірқатар шешілмеген мәселелер де бар.

Қолданыстағы заңнамада жиналыстардың (жиындардың) жүргізілу тәртібі мен шешімдерін қабылдауды облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаттары айқындайтыны және бұл ретте әрқайсысы жиындарды жүргізудің өз тәртібін қабылдауы тиіс екендігі көзделген.

Алайда заңнамада көзделген жиналыстарда (жиындарда) жергілікті маңызы бар мәселелерді талқылауға азаматтардың қатысуы жөніндегі нормалар бүгінгі іс жүзінде орындалмай отыр. Заңнамада жиналыстардың (жиындардың) қалыптастырылу, өткізілу тәртібі мен өкілеттігі регламенттелмеген. Ауылдық деңгейдегі әкімдердің жүктелген функцияларды жүзеге асыруы кезінде олардың жеткіліксіз дербестігін айқындайтын негізгі проблемалық сәттердің бірі дербес қаржы қаражатын, мүлікті және басқа да ресурстық мүмкіндіктерді иелену және оларға билік ету құқығының шектелуі болып табылады.

Ауыл әкімдерінің шаруашылық және әлеуметтік салаларда шешімдер қабылдаудағы қолда бар жергілікті ресурстарды жер, мүлікті қалай пайдалануға болатындығы, шағын және орта бизнестің өсуіне нақты жәрдемдесу мәселелерін шешуде өкілеттіктерін кезең-кезеңімен кеңейту қажет.

Басқарудың төменгі деңгейінде елді мекенді кешенді әлеуметтік-экономикалық орнықты дамытуды қамтамасыз ету үшін ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамытудың қолданыстағы бағдарламаларына осы аумақтағы тұрғындардың бірінші кезектегі қажеттіліктері мен мұқтаждықтары көрініс табатын, жергілікті қоғамдастықтың тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру үшін негіз болып табылатын кіші бөлім енгізу қажет.

Жергілікті өзін-өзі басқару тиімділігі көбінесе өзін-өзі басқарудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негізін қамтамасыз ететін қажетті заңдардың барлық кешенінің болуына ғана емес, сондай-ақ халықтың жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде өзінің құқықтары мен мүмкіндіктерін түсінуіне, жергілікті өзінөзі басқаруды жүзеге асырудың нақты қабілетіне де байланысты болады.

Ауыл тұрғындарының көпшілігінің жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудағы өз құқықтары мен мүмкіндіктерін түсінуге қатысты құқықтық сауаттылығының ағымдағы деңгейін ескере отырып, халыққа қоғам мен мемлекеттегі өзін-өзі басқарудың рөлі мен орнын түсіндіруде ақпараттық-насихаттау ісін жандандыру қажет.

Тұрғындары жинақы тұратын төменгі деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірлікте жергілікті өзін-өзі басқару тиімді жұмыс істейтінін әлемдік тәжірибе айғақтайды. Қазақстанда – бұл ауыл, село, ауылдық (селолық) округ, кент, аудандық маңызы бар қала, қаладағы аудан.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өкілеттіктерді кезең-кезеңімен беру қажет, әйтпесе өзін-өзі басқару органдары өздерінің алдарына қойылған міндеттерді орындай алмауы мүмкін. Мемлекеттік институттар тарапынан болсын, азаматтар тарапынан болсын жергілікті өзін-өзі басқару органдарына деген сенім олардың жұмыс процесінде ғана пайда болады.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында жалпы саяси жүйені одан әрі жаңғыртудың, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың басымдығы анықталған. Қазақстанда 2020 жылға қарай өкілді биліктің маңызы арта түсетіндігі, үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқару және азаматтық қоғамның тиімді институттары құрылады деп күтіледі [2].

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясының ережелерін негізге ала отырып, 2012 жылы қабылданған Жергілікті өзін-өзі басқару Тұжырымдамасының мақсаты – біздің елімізде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі дамытудың негізгі тұжырымдамалық бағыттарын айқындау [3].

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін жоғарыда аталған түйінді проблемаларды ескере отырып, мынадай мәселелерді шешу көзделеді:

  1. ауылдар (селолар), кенттер, аудандық маңызы бар қалалар деңгейлерінде басқару шешімдерін қабылдау кезінде халықтың қатысуын, мүдделілігін және жауапкершілігін ынталандыру жолымен жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде халықтың рөлін біртіндеп арттыру;
  2. қалалар деңгейінде жергілікті халықты толғандыратын ең маңызды проблемаларды шешу үшін басқару шешімдерін қабылдау процесіне халықтың белсенді бөлігін тарту тетігін енгізу;
  3. аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдық (селолық) округтерде, ауылдық (селолық) округтердің құрамына кірмейтін ауылдарда (селоларда) әкімдерді тағайындау немесе сайлау кезінде мәслихаттардың рөлін арттыру;
  4. жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде басқарудың төменгі деңгейінің қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейту.

Аталған мәселелерді іске асыру кезеңі:

  • бірінші кезең (2013–2014 жылдар) – басқарудың төменгі деңгейлеріндегі қолданыстағы жүйенің әлеуетін кеңейту;
  • екінші кезең (2015–2020 жылдар) – жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

  1. жиналыс пен жиын арқылы халықтың еркін білдіру бөлігінде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға деген азаматтардың конституциялық құқығын іске асыруды қамтамасыз ету;
  2. 2013 жылдың соңына дейін аудандар (қалалар) мәслихаттарының сайлау арқылы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық (селолық) округтердің, ауылдық (селолық) округтердің құрамына кірмейтін ауылдардың (селолардың) әкімдерін сайлауды енгізу;
  3. басқару шешімдерін қабылдауға қатысу арқылы халықтың рөлін, оның елді мекендерді абаттандыру мәселелерін сапалы шешуге қатысуын арттыру, сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді алуға, санитарлық жағдайды, қоғамдық тәртіпті жақсартуға халықтың мүдделілігін арттыру;
  4. қала халқын жергілікті проблемаларды шешуге белсенді тарту;
  5. жергілікті маңызы бар проблемаларды шешуге бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мониторингіне жергілікті халықтың қатысуы;
  6. жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде төменгі деңгейдегі әкімдердің дербестігін кезең-кезеңімен және дәйекті нығайту;
  7. ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қазақстандықтардың қоғамның тыныс-тіршілігінің маңызды проблемаларын шешуде азаматтық белсенділігін арттыру.

Қазақстанда белгілі бір экономикалық және қаржылық дербестікке ие, әлеуметтік-экономикалық қайта құруды жүргізуде мемлекетке көмек көрсетуге және өздеріне жүктелген әлеуметтік функцияларды орындауға қабілетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді жүйесі құрылатын болады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруда жергілікті өзінөзі басқару органдарының қатысуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мемлекеттік басқарудың бірқатар мәселелерін жергілікті жерде шешудің барынша орындылығымен түсіндіріледі. Өз кезегінде жергілікті өзінөзі басқару органдары мен мемлекеттік билік органдары арасындағы осындай өзара қатынастар схемасы басқарудың деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге әкеледі, бұл ретте біздің еліміздің біртұтас құрылымын сақтай отырып бұл органдардың өңірлік міндеттерді шешуге бірлесе қатысуын қамтамасыз етеді.

Өскемен қаласында 16 жылдан бері бері жұмыс істеп келе жатқан өзіндік жергілікті өзін – өзі басқару жүйесі қалыптасқан. 1996 жылдан бастап қала Жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің филиалдарының басшылығындағы 10 ықшам ауданға бөлінді.

Қазіргі кезде қала аумағы 14 ықшам ауданға бөлінген, оның әрқайсысында «Өскемен қ, әкімдігінің істерін басқару» КМҚК филиалдары жұмыс істейді. Филиалдар қала әкімінің толық құқылы өкілдеріне айналды. Оларды міндеті – жергілікті билік пен тұрғын халық арасында байланыстырушы буын қызметін атқару. Филиалдардың басты қызметі жергілікті жердегі атқарушы биліктің ведомствосына тиесілі аумағындағы тұрғын халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын қорғау, олардың жеке баспанасын, жылжитын және жылжымайтын мүлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады [4].

Филиалдарға төменгі дей міндеттер жүктеледі:

  1. жеке және заңды тұлғалардың өздеріне бөлінген және бекітілген аумақтарын көркейту және санитарлық күту ережелерін орындауын бақылау;
  2. ПИК-пен (КСК) тұрғын үй қорын жұмыс күйінде ұстау, оны уақытында жөндеу және қыс маусымына әзірлеу бойынша өзара қарым-қатынас ұйымдастыру;
  3. ПИК барлық мүшелерінің Тұрғын үй қатынастары туралы заңын және ПИК жарғысын орындауын бақылау;
  4. тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсететін жеткізушілермен және қала аумағында жөндеу және тазалап сыпыру жұмыстарын орындауға конкурсты жеңіп алған кәсіпорындармен өздерінің келісімшарттық міндеттерін уақытында және сапалы орындалуы бойынша жұмыс істеу;
  5. жеке және заңды тұлғаларға бекітілмеген қала аумағын күтіп ұстау бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
  6. басқа билік органдарының араласуын қажет етпейтін әртүрлі даулы жағдайларды шешу;
  7. тұрғын халық арасында мүлік және жер салығын ұйымдастыру және жинау;
  8. сайлау, пікір-терім және референдум әзірлеу және өткізу жұмыстарына қатысу;
  9. аумақ мәселелерін шешу үшін азаматтардың жиынын өткізу;
  10. жергілікті деңгейде мерекелік және басқа да жалпы қалалық іс-шараларды ұйымдастыру.

Өздерінің аумақтық бөлінуіне қарай филиалдар қаланың барлық ықшам аудандарын қамтиды. Олар әлеуметтік-демографиялық сипаттағы деректер қорын әзірлеп, аумақ паспортын жасады. Қазіргі кезде барлық филиалдар көлікпен, ұйымдастыру техникасымен: компьютерлермен, принтерлермен, факстермен қамтамасыз етілген. Олар өздерінің қызметін Конституцияға және ҚР-ның заңына сәйкес әзірленген Жарғы негізінде жүзеге асырады. Филиалдар белгілі бір филиалдың аумағында орналасқан кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, пәтер иелерінің кооперативтерімен, учаскелік инспекторларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.

Қазіргі кезде филиалдар әкімдіктің ведомствосындағы құрылым болып табылатынына қарамастан, олар мемлекеттік билік пен тұрғын халық арасындағы байланыстырушы буын рөлін атқарып, тұрғын халыққа жергілікті мәселелі сұрақтарын шешімін табуға іс-тәжірибелік көмек көрсетеді.

Ел дамуының қазіргі кезеңінде, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру қажеттігін ескере отырып, реформаларды жүзеге асыру орталығын мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейлеріне көшіру мен жергілікті өзін-өзі басқарудың нақты жүйесін құру сұрақтары басым болып отыр.

Дамыған елдердің демократиялық дәстүрлері жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді қызмет атқаруының белгілі бір жалпыға бірдей қағидаларын тұжырымдауға мүмкіндік береді. Оларға келесілер жатады:

  • қаражат пен шаруашылық дербестік сұрақтарындағы кең мүмкіндіктер мен құқықтар, соның ішінде, тұрғындарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға, саналы салық салу арқылы;
  • аталған аумақта тұрып жатқан тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету сұрақтарында әрекет етудің айтарлықтай кең мүмкіндіктері;
  • мемлекеттік араласудың, тек заңмен белгіленген өрісімен шектелуі;
  • құқықтық реттеу жүйесін халыққа қызмет көрсету салаларына тікелей шаруашылық басқару жүйесінен ажырату;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың деңгейлерін, әр біреуіне бір-біріне кереғар келмейтін ықпал ету өрісі, құзыретін анықтау арқылы нақты айыру;
  • алмастырылатын және тұрғындар алдында жауапты сенімділердің сайлау арқылы өзін-өзі басқару; шешім қабылдау мен басқару процесстерінің кең әлеуметтік негізі.

Президенттің «Қазақстан 2050» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Президенті Н. Назарбаев басқару жүйелерін орталықтан жергілікті деңгейге орталықсыздандыру, басқару стратегиясындағы ең негізгі қағида екендігін атап өтті, яғни «Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек. Орталықсыздандыру идеясының мәні – шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру. Біз 2013 жылы жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдауымыз қажет» деп атап өтті [5].

Жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру үрдістерін жүзеге асырудың негізгі элементі болып көрінеді. Бұл үрдісті жүзеге асыру үшін, демократиялық мемлекеттің қызмет атқару талаптарына жауап беретін, қоғамдық басқарудың бүтін жүйесін құруға мүмкіндік беретін, дәйекті ісшаралар кешенін дайындау қажет.

Әлемдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуының тарихи тәжірибесі, оның үнемі мемлекетпен, мемлекеттік басқарумен тығыз байланыста болғандығын, жергілікті деңгейде оның жалғасы ретінде болып, сонымен қатар, дербес, көп ретте мемлекеттік құрылымдардан тәуелсіз асырылатын, айтарлықтай өкілеттікке ие болғандығын айғақтайды.

Нақты қызмет атқаратын жергілікті өзін-өзі басқару институтын құру мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы мемлекеттік жүйелерді орталықсыздандыру реформаларын ары қарай жалғастырусыз мүмкін емес, бұл қадам жергілікті билік деңгейлерінің өкілеттігімен, оларды орындаудағы жауапкершілікті нақты бекітуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік басқаруды жетілдіру міндетті түрде басқарудың орталықсыздандыруымен қоса жүруі керек. Бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың табиғи жолы, ол қазіргі күні бар тәжірибемен және шетелде муниципалды құрылымдарды құрудың тарихымен дәлелденеді.

Қорыта келе, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюрократияны болдырмау үшін біреуі басқарып, екіншісі иеленіп, үшіншісі тек еңбек етпеуі керек. Керісінше, ол басқаруы керек, жұмыс істеуі керек және иеленуі. Яғни үш қызмет те бір тұлғаның бойынан табылуы керек. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттілігін белгілеу ісіне аса жауаптылықпен қарау керек. Халық билігінің аталған институты толық күшінде жұмыс істеуі үшін заң деңгейінде қызмет етудің материалдық негізін анықтау керек, бірінші кезекте – тұрақты қаржы көздері. Қалыптасу мен даму кезеңінде салық төлемдерін төлеуде жеңілдіктер берілуі қажет.

Әрине, өзін-өзі басқарудың болашақ жүйесі тиісті экономикалық жағдайлардың, мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы басқару нысанын ажыратып беретін нақты құқықтық базаның болуын, бұқаралық сана-сезімнің, құқықтық мәдениет және адамдардың мінез-құлқының өзгеше сапалы деңгейінің болуын көздейді. Бұл үрдіс ұзақ мерзімді және күрделі, заң шығарушылардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының тәжірибелік жұмыскерлерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдастық өкілдерінің тарапынан парасатты және еңбекті көп керек ететін жұмысты талап етеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Өңірлерді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысымен бекітілген.
  2. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары / Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы ақпанның 1-індегі. № 922 жарлығы
  3. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығы
  4. Чернышов О. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың мәселелері мен болашағы / Өскемен, 2012.-273б.
  5. Қазақстан Республикасының Президенті – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы/ «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 14 желтоқсан, 2012.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.