Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шәкәрім поэмаларындағы тілдік өрнектер

Шәкәрімнің тілі құнарлы, сиқырлы, суретті сөздерге бай. "Қаламым, қарындашым – жан жолдасым" деп өзі айтқандай, ажарлау, құбылту, айшықтау сияқты бейнелеу тәсілдері оның ой сауатын сия болып құйылып оратын сияқты.

Оқырман түсінігін айқындау үстіне тереңдетіп, эстетикалық әсерін күшейте түсетін бейнелеу құралдары Шәкәрім поэзиясына ерекше серпін беріп, ширата, шыңдай, ойлы кеудеден шыққан отты жыр адырнадан азынап ұшқан жебедей, көздеген мақсатына жетіп, діттеген жеріне дәл тиеді. Ақынның жалынды сөзі тыңдаушының жүрегін жазбай табады да, оның жанын оятып, толғандырады.

Шәкәрім – сөзді орайымен қолдануға айрықша көңіл бөлген ақын. Ақын қарапайым сөзді тосын қырынан қолдану, бейнелі түрде жұмсау, оған астар бере сөйлеу Шәкәрімнің ақындық шеберлігінің салмақты қыры. Мәселен, Мамырдың ажал алдында тұрған кезінде оның аузына "Екі қан ауыр болар бір өзіңе" деген сөз салса, Кебекті сипаттауда "Жасы бала болса да, жаны өтті" деген сөз салса, Кебекті сипаттаса "Жасы бала болса да жаны отты" деген бір қарағанда қарапайым тіркестерді қолданады. Ал осындағы "екі қан""Отты жан" тіркестері бейнелі образдылығын қоса жаңашылдық мәнге ие болып тұр.

Ақын поэмаларында дыбыстық үндестіктің, ассонанс, аллитерацияның небір үлгісі кездеседі. Мысалы:

Әнет бабаң – Арғынның ел ағасы,

Әрі би, әрі молла, ғұламасы...

Ат қойды, а, құдайлап көп бозбала, Ажалдан қақты ғой деп хақ тағала...

Жоғарыда біз Шәкәрімнің өз поэмаларында кейіпкерлерінің портретін жасауға ден қоя бермегенін айттық.

Шынында Шәкәрім кейіпкерлері елден ерек сұлу не жұрттан асқан батыр ретінде суреттелмейді. Нақты портреттер де кездеспейді. Әйтсе де оқырманның көз ал-

дына олардың кескін – келбеті айқын көрінерліктей болары анық. Ол заңды да.

Ақын қаһармандарының бүкіл Портретін, ішкі жан дүниесінің сырларын нақты, нақты тіркестер арқылы мүсіндец жеткізеді. Аз сөзбен көп ой ұқтыру, нені болса түйіп айту – Шәкәрімге тән қасиет. Шәкәрім үшін бір – екі бейнелі сөз немесе сәтті эпитеттер қаһарманның ішкі сыртқы портретін сомдауға жетіп жатыр.

Атап айтқанда, Шәкәрім сомдаған Мамыр – "әрі сұлу, әрі есті, еркекшора", Еңлік – "биік қабақ сұрлау қыз", Барлы – қортықтау, аласа, нашарлау бала, Ханым – тантық қыз, Тоқтамыс – "ту тіккен Тобықтының қос басшысы", Көкенай – "өзі батыр, мінезі қатты кісі "Кебек – "көзі өт-кір, қара торы, орта бойлы, тапалдау, кең иықты, жауға батыл, жақынға әдепті жігіт". Кебекті әр оқиғаға байланысты әр түрлі эпитеттермен береді: "аң қуған аңғал батыр""сері Кебек""ер Кебек""батыр Кебек".

Бұлардан басқа да эпитеттердің толып жатқан тізбектерін келтіруге болады: "мұңлы қоңыр дауыс""боз қырау бұрқыраған аттың тері""көрінгенге көз сүзген көрсеқызар, әдепсіз қыз""ес білмейтін ескі""кер кеткен кеселді""аз күндік арам жүрес""ыстық жас""күрең ат"сүйген жар, сүйенген жан", боз жорға ат""нұр жүзі""нұр жүрек""улы дене".

Шәкәрім өлеңдерін әдемі теңеу, ұшқыр қанатты сөздермен ажарлап беруге шебер:

Қайран жастар қапыда қолға түсті, Елтіген бөрідей боп жеген уға...

Бабаңның нұр жүрегі болды мұздай, Жазасыз жасқа ешкімнің жаны қызбай...

Ақын дастандарында екіұдай құбылыс, түсініктерді ұштастыра, шендестіре беретін жолдар да кездеседі. Осы сөздерімізді дәлелдеу үшін тағы да поэмаларға үңілейік:

Ақылдың кейі іс жауы, кей іс досы, Бұл екі істен болмайды өмір босы...

Мені де кедей емес, байға берген, Күйеуім өткен жазда ұрын келген...

Ал поэмалардан алынған төмендегі жолдар ұтымды параллелизмге мысал бола алады:

Қаза келсе, малдыдан мал таймай ма, Ажал жетсе, батырдан жан таймай ма? Азар болса күйеуің жастау шығар, Жарлы байып, жас өсіп, қартаймай ма?

Жас түзеліп, түрленіп, ер жетпей ме? Бойындағы балалық бір кетпей ме? Асыққандық емес пе мына сөзің, Жақсы әйел жаман ерді түзетпей ме?

Дастандарда құбылтудың бір түрі метафоралар да кездеседі. Бір ғана мысал: "жылы жүрек өзіне жар тапқандай, тыншымады, тулады, жүз құбылды".

Сондай – ақ "Еңлік Кебектегі" мына бір бейнелі жұмбақтың астарында қаншалықты көркем образ жатқанын аңғару қиын емес: Қабекең сөз айтпайды жұмбақтамай:

Қабекең сөз айтпайды жұмбақтамай:

  • Ей, Көбей, сұңқар қалай, тауық қалай?

Тоқтамыс жолаушылап кетіп еді, Сол келгенше өтпей ме уақыт талай?

Көбей мұны ұқты да қайтып кетті, Тобықты кеңес қылған топқа жатті. Қабекең екі-ақ ауыз жұмбақ айтты, Ол сөзінің мағынасы мынау депті:

"Еңлікті алып қашқан Кебек батыр, Оны айтпай-ақ біздің би біліп жатыр.

"Тауық" деп қызды айтады, "Сұңқар" -

Кебек, Тоқтамысқа қаратып қой дейді ақыр.

Мұндай мысалдар Шәкәрім ақын поэмаларының өн бойынан ұшырасып жатады.

Шәкәрім поэзиясындағы фигураға келетін болсақ, ақын сөз тіркестерді дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгеше оралыммен, айрықша айшықпен құрады. Сөйтіп, сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беріп, жаңаша жан бітіреді.

Шәкәрім ақын өлеңнің әсерін күшейтетін басқа да тәсілдермен бірге, оның қайталай түрін де орынды қолданады. Ол сөзін арнап отырған оқырманның назарын аударып, ықыласын баурып алғысы келген тұстарда сөзді мәртебе қайталап, әрі тартымды, әрі оқығанда бірден есте қалатындай етіп жеңіл ұйқастарға құрады.

Сол соғыс – хан Абылай келген қызы, Қалмақтың сыбағасын берген кезі...

"Шырағым, бал аштым деп мал алмаймын, Ол үшін саған ақыл сал алмаймын.

Жаман айтсам, жабығып қала көрме, Жынның сөзін жасырып қала алмаймын...

Поэмалар тіліндегі тағы бір ерекшелік – Шәкәрім ақынның әзірге дейін барлық қазақтың ортақ қазынасына қосылып үлгермеген жаңа сөз тіркестерін жасаған ақын екендігі.

Мәселен, қарастырылған поэмаларда жай ермек үшін емес, ұйқасқа үйлестікті сақтау, тармақтың өлшемінен ауытқымау мақсатында өңделген, өзгертілген қолданыстар бар.

Миыма, ақылым жетпей тұр деп екінің бірі айта беретін ұғымды ақылым шақ ("Сол арасын білуге ақылым шақ") түрінде, кешірім өтіну, сұрау дегенді – кешу сұрау ("Алдыңа кешу сұрай келіп тұрмын") деп, баласы жоқ, балаға мұқтаж дегенді – баладан кем ("Малы көп, бірақ еркек баладан кем") деп жаңғыртқан.

Шын көңілден ұнату, қалтқысыз сүю деген фразеологизмдерді – ындынымен ұнату ("Ындыныңмен ұнатсаң, бер қолыңды") деп, жара байлауыш, жара таңғыш дегенді – таңу ету ("Аузына жарасының таңу етті"), оққа ұшты дегенді – садаққа ұшты ("Бабаңның бес баласы садаққа ұшты") деген тіркес түрінде берген.

Адамның, не жануарлардың тұтас денесі деген ұғымды ұлы дене ("Әйтеуір ұлы дене аман қалды") деген тіркес арқылы бейнелеген. Келтірілген қолданыстардан мағынаға келген кінәрат жоқ, оның есесіне естілу әуенінде жаңалық, өзгешелік бар.

Шәкәрім – халық тарихынан, этникалық, этнографиялық деректерден мол хабары бар ақын. Сол себепті оның поэмаларындағы халықтық сахналар әрі нанымды, әрі көркем кестелі. Ол әсіресе халық тілінің нәрлі бояуларын, мақал – мәтелдерді барынша ұтымды әрі молынан пайдаланып отырады.

Ақынның қай дастанын қарастырсақ та, оларда халық ойының мәйегі болып табылатын мақал – мәтелдер мен қанатты сөздердің молдығы көзге түседі.

"Сақтықта қорлық жүрмес" деген бар ғой,

Сақтанбасаң артқыға сөз болысарсың"...

"Пәледен машайық та қашқан" жоқ па,

Қайтып разы болайын берген уға?"...

Міне, осындай толып жатқан мақал – мәтелдер ақын жырының кестесін әрлендіріп тұрғаны анық.

Сонымен, "Қалқаман – Мамыр" поэмасы арқылы Шәкәрім қазақ поэзиясын екі жүлгеде одан әрі дамытты.

Біріншіден, сан ғасырлар бойы қалыптасқан ауыз әдебиетіндегі аңыздық, дастандық баяндауды – тек қана профессионал әдебиетке тән құбылыс – көркемдік әдіс дәрежесіне көтерді. Тіпті, әңгіме барысында 19 ғасырдағы ұтымды жайттар қосып отыруында да ақынның шеберлігі мен шабытты дарыны астасып жатыр.

Шәкәрім үшін аңыздық негіз әдеби көркем құрал, өзінің түпкі айтар ойына оқырманды жетелейтін әдіс. Бұл, әрине, тек профессионал әдебиетке тән қасиет.

"Қалқаман – Мамырда" кездесетін екінші жүлге – образдылық. Осы жүлгеден туындайтын бір ғажап көркемдік құбылысты да айырып айтқан жөн.

Шәкәрімнің келесі поэмасы – "Еңлік Кебекте" әр түрлі көркемдік әдіс – құралдарды пайдаланып, сюжет арнасына басқы құпия сырын, жорамалдап, тағдыр идеясын мінеп, хикаяға жан бітіреді.

Адамды заман билеген, адамдар заман әуеніне желеу еткен, сөйтіп өмірде жолсыздық жасалған тағы бір аянышты оқиғаны "Нартайлақ пен Айсұлу" дастанынан көреміз.

Шәкәрім – сөзді орайымен қолдануға айрықша көңіл бөлген. Оның поэмаларында сәтті теңеулер, метафоралар мол. Дыбыстық үндестіктің, ассонанс, аллитерацияның небір үлгісі кездеседі. Сонымен қатар қарапайым сөзді тосын қырынан қолдану, бейнелі түрде жұмсау, оған астар бере сөйлеу – Шәкәрімнің ақындық шеберлігінің салмақты қыры.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Негимов С. Шәкәрім шеберлігі. Шәкәрімтану мәселелері. ІІ том. Алматы: Раритет, 2007. 272 б.
  2. Шәкәрім Құдайбердиев шығармалары (өлеңдер, дастандар, қара сөздер). – Алматы: Жазушы, 1988. – 360 б.
  3. Нұрғали Р. Сырлы сөз. Алматы: Жазушы, 2000. – 400 б.
  4. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Ана тілі, 1973, 212 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.