Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әбубәкір кердері өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі

Зар-заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғырының белгілі өкілдерінің бірі Әбубәкір Кердері Боранқұлұлы. Әбубәкір қара басын күйттеген ақын емес, халықтың үнімен елдің мұңын жеткізе білген ақын.

«Тыңдаған азаматқа сөзім дәрі» деп өзі айтқандай, отаршылдыққа ұшырап халық тағдыры талқыға түскен алмағайып заманның өзекті өртер күрделі мәселелерін батыл айтып, шебер жеткізген көрнекті ақын.

Әбубәкір жазбаша шайыр болса да, өзіне дейінгі ақпа ақын, жыраулар өнегесінен аулақ кетпейді. Ғасырлар бойы қалыптасып, халық көңіліне үйреншікті, ұғымына қонымды өлеңдік әдістерді мол қолдана біледі. Ол ақыл – нақылға, шешендік толғаныс тебіреністерге құрылатын толғауларында жол аяғында: болар, болғаны, болмас, кім ашар, белгісі секілді, емес, алмас, артық, соң, озды, аз, күн сияқты сөздерді қайталау арқылы өз ойын еркін жеткізе біледі. Сол толғауларында ақын әрі істі талқыға салып тыңдаушымен ақылдасып, шешіле сырласып отырғандай. Ол өмірден түйінген – топшылаған алуан жайларды ағыла толғап, оның шешім – түйіндерін иландыра, дәлелдей отырып өзі айтады.

Болмас бала құрысын, Болар бала жас болмас. Ұры – қары жиылып Ұйытқылы ел болмас.

Әбубәкір бірде осылайша өтпелі өмірдің өзекті өтер шындығын айтып тебіренсе, енді бірде «Дүние – теңіз, біз – шабақ, ортасында шайқаған» «Замана деген желмая, қалмасаң, халқым, жақсы, желмаядан жығылып» деп деп келер күндердің кескініне қарап, алдағыны айтып абызша күңіренеді. Онысы халықтың қамы, елдің тағдыры, ұрпақ келешегі туралы терең тебіреніс еді.

Сәуірдің қара бұлыты Жауарында ойнаған. Күннің түссе шұғыласы Қара жер балқып қайнаған. Жер жарылып, көк шығып,

Жасыл шөптер жайнаған. Жазғытұры болғанда, Адам, пері, хайуанат

Бірі қалмас панадан. Тірілмей жалғыз – ақ Адамның сүйек, денесі

Тар лахатты жайлаған. [1,114 б.]

Ақынның осы жолдарын оқығанда бір сәт ойланып қаласың. Оның себебі – бүкіл тіршілік оянып, табиғат әлемі жаңғырып, жасаратын шақта, дүниеден өткен адам болмысының пәнидегі өзгерістерін сезінбеуі, оған мүмкіндігі жоқтығы. Әбубәкір бұл жерде дін – шариғат жолмен емес, не бір заттың екінші бір затқа айналып өзгеріп, өніп, өшіп отыратын табиғи заңдылықтар тұрғысында емес, жер басып жүрген қарапайым адамдардың ұғым, сезіміне сай суреттеген. Қалай болғанда да, ақын табиғат пен адам рухын шебер шеңдестіру арқылы өмір, табиғат туралы ойлануға мәжбүр етеді.

Әбубәкір өмір құбылыстарын шайыр ретінде салмақты ой, сарабдал ақылмен ғана саралап отырмайды, кейде ақпа ақындар өнегесімен ақтарыла толғап шабытпен шалқи жырлайды.

Алтында жерге төктім уыстаған, Ерліктен ғылым артық ту ұстаған. Тап болдым он алтымда бір мінезге Топ көрсем жеті мүшем құрыстаған. немесе:

Дүбірлі туған тұлпардан Жоғары ұшты тозаңым.

«Мен болып Әмудария ағар едім» деп өзі айтқандай, осы мысалдар Әбубәкірдің ақындық өрлігін де, кемел ой, кең тыныстылығын да танытады.

Әбубәкірдің өлең, толғауларында араб, парсы, түрік, орыс, татар сөздері кездеседі. Ақын оларды дүмше молда, надан қазилардың шариғат жолындағы білімсіздігін дәлелдейтінін яки әшкерелеп, түсіндіретін қажет жерлерде, не сұрақ – жауап ретінде келетін айтыстарында ғана қолданады. Шығармалары негізінен ұғымды, өрнекті, байырғы қазақ тілінде. Әбубәкірде кейбір шайырлар сияқты аяқ басса сүрініп жатқан шұбарлығы жоқ. Әбубәкір өлеңдерінің негізгі тақырыптары: заман жайы, қазақ халқының бұрынғы, ақын тұсындағы хал – жайы, халыққа, замандастарына, кейбір жеке адамдарға уағыз, кеңес, оқу, ғылым, өнер, дін, мінез, қылық, өз ахуалы болып келеді. Бәрі де сол кезде ақындар көп жырлаған мәселелер, соларды Әбубәкір өзінше жырлайды.

Бірақ Әбубәкірдің ой – пікірі, бағыт көзқарасы толқымалы, біріне – бірі қарама қарсы, шытырман қайшылықты. Ол өзі сөз еткен тақырыптарының кейбірі, ең негізгісі туралы біресе олай, біресе бұлай деп, біріне – бірі қайшы екі түрлі пікір айтады.

Мысалы, өз заманының, қазақ халқының өз тұсындағы хал – жайын сөз еткенде, Әбубәкір оны біресе мақтайды. Әңгімені қазақ халқының Ресейге қосылуынан бастап, ол өте орынды болды, қазақ халқы:

Бағынған бұл патшаға әуел бастан, Әділдік табылар деп артын ойлап. Кіріпті Әбілқайыр заманында,

Кеңдік бар деп осының ғаламында, -

деп ойлағандай болды.

Біресе Әбубәкір осының бәрін жоққа шығарады: қазір заман бұзылды, бұл заманның адамы, заңы, дәстүрі бұзылды; қазақтың жері тартылды, дәулеті сарқылды, деп зарлайды.

Заманым өтті ел азды, Ел ішінде ер азды.

Айдын – айдын сулардың Балығы кетіп көлі азды. Ойпаң – ойпаң жерлердің Оты кетіп жері азды...

Еділ, Жайық екі су Ел қонуға тар болды.

Қарағай, қайың, тал, терек. Тамыр түбі таусылып, Қамшы сапқа зар болды... Заманның түрін байлармын, Бұрынғының бірі жоқ, Жақсылардың күні жоқ,

Осыларды жоқтап зарлаймын... дейді.

Осы сияқты, оқу, өнер, ғылым туралы шумағында да, Әбубәкір оны біресе дәріптейді: қазақ халқын оқуға, орысша оқуға, ғылым өнер үйренуге шақырады:

Өнерді білгендердің ісі батыл,

Өнерсіз бай болса да, болар фақыр...

Қазағым, қафыл болмаңыз,

Өнерден бос қалмаңыз. Қасындағы Руссия Тура ғылым шығарды, Оқып, біліп жолдаңыз.

Орысша ғылым білмесең, Еш пайдаға аспай тұр.

Мұсылманша молдаңыз, дейді. Біресе ол оқуды, өнер, ғылымды,

кәсіпті бағалатпайды; орыс тілін үйренуге, жаңа киім – кешекке, жаңа құрал – сайманға қарсы шығады:

Сөйледің екі түрлі тілінде адам, Тілі екеудің діні екеу деген сөз бар, Аңдамай бұзып алма дініңді адам. Дау менен, ер талабы, сауда болды; Түйе мен қатар – қатар арба болды; Тар шалбар, қынамалы бешпет киіп, Әлхамды шала білген молда; Шаруасы тамылжыған қазақ еді,

Мынау іс, байқап тұрсам, сорға болды... Тар шалбар, бешпет шықты қынамалы, Жігітке шапан киген ұнамады;

Сары жез самауары тағы шықты, Машина шүмегі бар бұрамалы; Төсектен ерте тұрып басы ауырса,

Бөтен ем шайдан басқа сұрамады, дейді.

Сайып келгенде, Әбубәкір өлеңдерінде жаңалықты, өнер, ғылымды мақтауы басым жатады; олар уағыз, ақыл болып келеді.

Әбубәкір бірді – екілі өлеңінде бауырмалдықты, достықты жыр етеді. Ол, мысалы, «Әбубәкір молданың ноғай халқына насихат қылып айтқаны» деген толғауында: қазақ, ноғай, өзбек, қарақалпақ, түрікпен – бәрі туыс, қарындас, бәрің ынтымақты бол – дегенді айтады.

Әбубәкір адам жасы, адам мінезі, өзі жайлы, қазақ арасындағы оқу жайлы өлең жырлары мәнді де жарасты. Осы мәнділігі, жарастылығы арқылы Әбубәкір өлеңдері халық арасына көп жайылған.

Бір айта кететін жай, ақын өз өмірбаянын өзі жырлапты, тіпті қай жаста не істеді, кіммен қандай қарым – қатынаста болды, нені сүйді, неден жиіркенді, бәрін де қолмен қойғандай толғапты, ол:

Әуелі туғаннан соң бірге жеттім, Еңбектеп екі жаста төрге жеттім.

Үш пенен төрт жасымда тілім шығып, Шүлдірлеп ата – анамды ермек еттім. Келген соң бес жасымда ойын білдім,

Ойыннан қалғанымды уайым білдім. Алтыда балалармен асық атып, Ойынның неше түрлі жайын білдім.

Шынында, балалық жастық мерекесі де, «берекесі де» ойын екені рас. Ойынның өзі өмір, ол баланы ойлантып қана қоймайды, күлдіреді де жылатады, қуантады, мұңайтады, ойлантады, есейтеді. Ойын бір қарағанда қызық, думан сияқты көрінгенмен, азаматтың барлық алдағы жарқын істерінің басы, бастауы секілді. Осы себепті де Ахмет Байтұрсынұлы:

Аш бала тоқ баладай ойнамайды, Тоқ бала еш нәрсені ойламайды, деп ойлап жүрген балалардың ішінде де бірдей теңдіктің жоқ екенін, оның да сырты ойын, қызық хикая, шаттық күлкі болғанымен, жік – жікке бөлінетінін өте дәл байқапты.

Адам баласының тірлігінде әр жастың өзіндік ерекшелігі болатыны белгілі ғой. Әбубәкір ақынның жастық шақ жайлы жырлары осыны меңзейді, осыны терең түсіндіреді, жалаң сезіндіріп қоймай, оқушысына ой салады, көркем толғайды: Жеткен соң жеті жасқа хайла білдім, Сегізде залал менен пайда білдім.

Айтса да бөтен қазақ жас бала деп, Телегей өзімді өзім дария білдім. Тоғызға толғаннан соң молда көрдім, Атаның күшіменен зорға көрдім.

Үйреніп әліп әбжат, әдеп әркен,

Айналып келесі жыл ойға келді. Оқуға он жасымда талап қылдым, Ықыласпен оқыған соң сабақ білдім. Сол жылы Әптиек пен Құран шығып,

Ойынмен хош айтысып талақ қылдым. Он бір мен он екіде түркі білдім, Ғылымды зерек жанның мүлкі білдім. Шығарған Мүсәннәфтар назым қылып, Түркіні тәмәм тілдің көркі білдім.

Ақын қай жылы не істеді, оны қандай мақсатқа бола қолға алды, өлеңді қай жасында жазды, бәрі – бәрін тізбектеп жырлап берген, жай жырламай, дәлелдеп әжуалап отырған:

Он төртте «Мұхтасарды» араладым, Әр баптан дәріс алып шамаладым. Қарама алды – артыма оқи бермей, Қолыма қағаз алып қараладым.

Қосылды мәжілісім молда менен, Жақсыға жақын болдым «Алла» деген. Молданың насихатын тыңдасам да,

Мәсуақ ұстамадым шалмаменен. Он бестен оқымадым бермен қарап,

Сөйледім тең құрбымның алдын орап. Айтпасам өз басымның хал – жайын, Тілменен не қылайын орып орақ.

Әбубәкір Кердері өзінің бір жасынан бастап жиырма жеті жасына дейінгі бүкіл өмір жолын санамалап, термелеп, жырлапты, жақсымен бірге дос болғанын, парасатты да ақылман жандардың батасын алғанын, көлденең көк аттыға тізгін бермей, өзі әділ деп тапқан сара жолмен жүргенін өлеңмен толғапты. Өзі он төрт жасынан бастап өлеңге әуестеніпті, көңілге түйген ойлары мен әсерлерін қағазға түсіріп отырыпты. Сонымен бірге, он беске келгенше медреселерде дәріс алса, одан кейін оқуын бір жола тоқтатып, ел ішінің ісіне араласыпты. Ақын бұл жөнінде өзін халайық – қауымға қызық таныстырады.

Алтынды жерге төктім уыстаған, Ерліктен ғылым артық ту ұстаған. Тап болдым он алтыда бір мінезге, Топ көрсе жеті мүшем құрыстаған. Шынында, шайырдың өзі айтқанындай, он алты жасынан бастап жайсандармен араласып, ел – жұрттың әр түрлі жақсы – жаман жағдайына кіріскен, ауыл – аймағына жомарттығымен, әділдігімен, сөзге шешендігімен сүйкімді көрінген, көпшіліктің алғысына бөленген жастық күн санап ісі ілгері басыпты.

Еліміздің тарихында өз өмір жолын өзі жырлаушы ақындардың мол болғанын айта келіп, М. Әуезов: «Қазақ әдебиетінде, өмірбаянын бір жастан бастап дәл бүгінгі тоқтап тұрған жеріне тізбектеп, жалпылап санап шығу жалғыз Әбубәкір туғызған түр емес, бұның бір түрі ауызша айтылған «Тарғын» жырында да бар. Бірақ соны Әбубәкір пайдаланғанда жанағы түрлі бас сырларын ашып, содан ғибрат туғызам деген мақсұтпен айтады. Мазмұны: «жаста ғылым ізде, содан білім алып, өнер тап, содан соң жақсыға ілесіп, жақсы бол, көптен кейін қалма, өрле де үске шық» [3, 95 б.], дейді.

Халқымызға қай кезде де ақындар қадірлі болған олар елдің мұңын, жұрттың арманды жайларын толғап айтқан. Көптің жоғын жоқтаушы, көкірегіндегі шер – шеменін жібітуші де ақындар еді. Осы себепті ақын – жырауларын ел – жұртымыз қадір

тұтып қастерлеген Әбубәкір Кердері де өз кезінің өткір айтқыштарынан саналапты. Бұл туралы М. Әуезов былай деген: «Өз уақытында да, кейін де Әбубәкір ел ішінде даңқты ақын болған. Сөздерін жазып алып, жаттап алып, көпшілікке оқып, соныңның үгітін туындаушыға иландырыным, сіңіремін деп пайдаланатын қауым аз болмаған. Ақындық қуаты күшті болмаса да, Әбубәкірдің таптық тұрғысы салт санасы өте айқын болғандықтан, өз табы бұл шығарған сөздерді жанды сөз ретінде пайдаланады.Көпшілікке бұрын атын зорайтып, дәріптеп, асыл сөздін иесі деп түсіндірмек болады. Өзі молда, шығармасы жазылып басылған сөз болады. Айтқан жайы, тақырыбы көпшіліктің көз алдындағы күнделік жайлары болады, соны қазбалап, термелеп, көп шұқылап айтады. Жиып келгенде өлеңде заман жайының көп ерекшелігі саналып, тергеліп өткен сияқтанады. Кейде олақ тілмен айтса, кейде оқта – текте тауып айтып қалатыны болады. Және осындай күйде жазылған сөзінің барлығы айнымастан бір – ақ бағыт, бір – ақ мақсұтқа арналған. Ол мақсұты: молданының, ұстаздың, сыншы – ойшының үгіті боп шығу» [3, 97 б.]

Біз Әбубәкірдің салт – сана жағымен таптық тұрғысындағы ерекшеліктерін толығырақ байқау үшін басқа бір – екі өлеңінің мазмұн сарынын қысқаша шолып өтеміз. Сонда, Әбубәкірдің өз тұсындағы қоғам құрылысына көзқарасы қандай екенін білдіретін өлеңдерінің бірі: «Еменшілік заманды» жоқтаған. Бұның басы:

Бісміллә деп сөйлесем, Тілге жәрдем бере көр. Тіл жаратқан жалалым. Жанға жәрдем бере көр, Жан жартқан жалалым, - деп барлық кітапшыл, діншіл, шала оқулы ақындардың үлгісін тұтынып, құдайына сыйынудан бастайды. Тегі Әбубәкірдің барлық өлеңінің басы осымен келеді.

«Еменшілік заман» деп ала өткен күннің өзіне қызықты, қымбат болған күйлерін санамақ. Бүгінгі заманға айтатыны:

Қайғылы болды заманым, Заманым солай болған соң, Тайғақ болды табаным.

Патшадан жәрдем болмаса

Түзеуге жоқты амалым, деп заманың ауыртпалығын, соған наразылығын айта отырып, «Патшадан жәрдем болмаса» дегенді айта кетеді. Бұл жері екі ұшты. «Патшасы» құдай болуға лайық, бірақ Әбубәкір осы сөзді алады. Бір жағынан тұсындағы әмірші «патшасын» айта кетуден де жат емес. Оны кейінгі бір өлеңінде:

Патшаға қызмет қылдық жолға кіріп, Бұ қазақ жуасыды қолға кіріп.

Бұрынғы надандықты жерге тастап, Түзелді осы күні ғылым – білім, - деген сөзімен білдіреді. Заманға жалпы наразылық айтумен қатар, бұл патша үкіметінің сөзіне қарсы сөйлемейді.

Қорыта айтсақ, Әбубәкір өзі өмір сүрген дәуірдегі көріністер мен адамдар арасындағы қарым – қатынастарды сипаттауға елеулі үлес қосқан. Өткен мен бүгінгі заманды айтқанда көптеген қайшылықтарға ұрынып, бұрынғы дәуірдің қаймағы бұзылмай қайтып оралуын көксеген ақын. Кейде тұрмысқа ене бастаған жаңалықтарға тосырқай қараса да, дәуір талабына сай орысша оқуға шақырған. Билік пен әділетсіздік, зорлық – зомбылық жөнінде айтқанда дін қағидаларын берік ұстады, көбінесе сол ұғымдарға сәйкес түсіндірмек болды. Ақын өзі өмір сүрген кезеңдегі ел тағдыры мен заманның мәселелерін сөз етіп, халық басына түскен ауыртпалықты жырға қосты.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті тарихы.Алматы: Санат, 1997.
  2. Сыдиықұлы Қ. Тыңдаған азаматқа сөзім дәрі // Алтынорда. 2001.№ 1. 16-17 б.
  3. Әуезов М. 18-19 ғасыр ақындары: 20 томдық шығармалар жинағы– Алматы: Ғылым, 1984.15-ші т.
  4. Омаров Б. Зар заман поэзиясы.Алматы:Ғылым, 2000.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.