Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Абай шығармашылығы мен туындыларының әлем мәдениетінің құнды қазынасына айналу үрдісі

ХХІ ғасырда адамзат өркениетінің алдына аса өзекті мәселе қойылды. Бүгінгі таңда білім мен ғылым жеке адамның, тұтас бір елдің, тіпті әлемнің жаңара дамуының негізгі тірегіне айналып отыр. Жаһандану дәуірінде әрбір ел, әрбір этнос жақсы мағынасында интеллектуалдық жарысқа түсті.

Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басқан Қазақстан бүгінгі таңда дүниежүзілік білім кеңістігіне ену жұмыстарына кірісіп кеткеніне де біраз жыл болды. Еліміз егемендік алғаннан кейін әлемдегі сандаған елдермен түрлі саладағы байланыстар жасалып, қазақ халқының тәуелсіздігі мойындалып, еліміздің ұстанған бағыт-бағдарлары айқындалды.

Еліміздің болашағы туралы Елбасы Н. Назарбаев: «Адамзат баласының алдында үш айғақты міндет тұр: бірі – бейбітшілікті, екіншісі руханиятты, үшіншісі табиғатты қорғау һәм сақтап қалу [1]... Егер біз мемлекет болып тұрғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн», [2] дегеніне қарағанда, қай елдің болмасын абыройы мен даңқы нарық жүйесімен қатар, рухани мәдениеті мен оның айнасы болып келетін әдебиетінен көрініс табатыны да белгілі болады. Осы айтылғандардан мақаламыздың басында келтірілген дәйек сөздің мәні де айқындалмақ. Ендігі кезекте біздің мақсатымыз – Абай және оның әдеби-философиялық мұрасын қазақтың ұлттық санасы ретінде әлемге тарту ету.

Алғаш Абайды бүкіл дүние жүзіне таныту арқылы қазақ халқын әлемге паш еткен дана М. Әуезов болса, ендігі уақытта дүниежүзілік білім кеңістігіне қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның рухани көшбасшысы – Абайды «қазақ халқының Символы» ретінде биікке көтеруіміз қажет. Абайдың даналығы туралы Елбасы Н. Назарбаев: «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы», деп ашып айтқан еді [3].

Абай арқылы қазақ халқының ұлттық болмысын, рухани құндылықтарын, тарихы мен мәдениетін, әдебиеті мен салт-дәстүрін, ұлы тұлғалары мен рухани дүниетанымын әлем жұртшылығына таныту. Осы Абайдың 150 жылдық мерейтойындағы салтанатты жиында Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Абайдың ұлылығын таныту – қазақ елі-тәуелсіз мемлекетті таныту», деген сөзі бүгінгі ұрпаққа келелі ой тастайды [3]. Абайды тану қазақ халқын танумен бірдей. Өйткені қазақ халқын дәл Абайдай танып, Абайдай түсіндірген ешкім жоқ. Сондықтан да Абай – қазақ халқының рухани көшбасшысы, жол сілтер бағдары. Ұлы ақынның жасампаздыққа, парасаттылық пен ынтымаққа үндеуші идеялары – Қазақстанды мекендеуші барлық ұлттардың өкілдеріне бірдей құнды, ортақ қазына. Енді осы қазынаны әлем халқына жеткізуіміз, солармен ортақтасуымыз қажет.

Абай тақырыбы таусылатын, түгесілетін мәселе емес. Өйткені Абай феномені толық танып білуге келмейтін құбылыс. Бұл бір. Екінші Абайды әр ұрпақ өзінше оқып, өзінше таниды, демек, Абай мұрасы әр дәуірде қоғам талабы мен ұрпақ қажетіне қарай әр қырынан қаралады» [4]. Абайға дейінгі қазақ әдебиетінің майталмандары қаламының нысаны ретінде мемлекеттік идеологияны жырласа (әрине, бұл жерде жыраулар поэзиясын үстемдердің құрсауында жүрген тәуелді ағым деп түсіну орынсыз), ұлы ақын қазақ даласына әлемді шарлап өтіп үлгерген ренессансты жылы қонақжайлылықпен қарсы ала білді. Бұл үрдіс Абайдың көрші әдебиет ағымынан қалыспайын деуінен емес, әлем әдебиетін жетік меңгерген оның шығармашылығына бұл ағымның қазаққа керек деген тұстарын алып қалуынан пайда болды. «... мұндағы басты қасиет адамға көңіл бөлу, адамды дәріптеу. Адамды барлық нәрсенің қожасы деп түсіну», дейді ғалым С. Қасқабасов [4]. Адам адамды түсіне білу үшін өзінің ішкі сырына үңіле қарап, өзін өзі танып білуі керек. Бұл орайда Абай:

Ойға түстім, толғандым, Өз мінімді қолға алдым. Мінезіме көз салдым, Тексеруге ойландым.

Өзіме өзім жақпадым, Енді қайда сыя алдым? Қалап алған көп мінез,

Қалайша қылып тыя алдым?

Мінеки, қазіргі барлық ғылымдардың ағымы антропоцентризмнің бастамасын Абай өз шығармаларының ренессанстық сипаты арқылы елімізге әкелді. Абай бізді әлем әдебиетіндегі ағымға қосты. Ағынды су қашанда мөлдір, таза болмағы сияқты, өлеңдері арқылы өзіне, өзінің табиғатына үңіле білген халқымыздың да дүниеге, айналаға деген көзқарасы ашық, анық. Абай қазақтың дүниетанымы мен санасын қалыптастырды деу де сыңар жақтықтан ту-ар. Абай оны қалыптастырған жоқ. Ақын оқырманды өзіне үңілдіре отырып, атадан қалыптасқан рухани байлығымызды мойындауға, оны көре білуге үйретті.

Ал ғалым Б.Майтанов: «Бізді таң қал тыратыны – Абай шығармаларының өткен заманда да, бүгін де қазақ атты ұлт өкілдерінің өмірлік, ұждандық мақсат-талаптарына жауап беретіндігі. Демек, тіршілік – салтымызда, тұрмысымыз, идеология, экономикамызда талай жаңалық болғанмен, мінез-құлық, ар-мұрат, көңіл-күйімізде негізгі ұлттық сапалар өзгермеген. Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық психологиясын танып, таразылауға болатын жарқын дүние» [5]. Бұдан шығатын түйін – қазақтың бай рухани болмысын қаламына арқау еткен Абай арқылы әлем мәдениеті сахнасынан көріне білуіміз керек.

Қазақ әдебиетінің қалам алды зерттеушілері Абай тақырыбынан аттап өте алмайды, аттап өткен де жоқ. Төл әдебиетіміздің әлемге танылуы қандай дәрежеде екенін анықтау, анықтай отырып таныта білу – жаһандану алдындағы маңызды міндеттеріміздің бірі.

Осы ретте Абай мұрасының өзге тілдерге аударылуы қандай дәрежеде деген сұрақ туады. Ақынның шығармалары орыс, өзбек, қырғыз, араб, қытай, ағылшын тілдеріне аударылған. Олардың басқалардан ерекшелігі – 20 ғасырдың 40-70 жылдары жасалғандығында. Бұл аудармалар Абай атындағы Семей Облыстық Кітапханасында сақтаулы. Олардан басқа Абай поэзиясының аударылуы латыш (1970 г.), молдаван (1970 г.), француз (1958 г.), поляк (1934 г.), латын (1940 г.) тілдерінен көруге болады.

Аударамалардың ішінде қытай тіліне аударылған «Қара сөздердің» орны ерекше. Бұл жанр тілдің поэтикасын меңгерумен қатар, пәлсапалық ойлауды да қажет ететіндіктен, өзге тілге аударылған нұсқалары көп емес. Орыс тіліне аударылған үш нұсқасы бар. Алғашқылары кеңес заманында Виктор Шкловский мен жетпісінші жылдары қазақ жазушысы Сәтімжан Санбаевпен жасалса, 1990 жылы үшінші аудармасын Семей қаласының тумасы Роллан Сейсенбаев пен Клара Серікбаева жасады. Ол орысша «Книга слов» деп аударылды. Бұл аударманы 2001 жылы Халықаралық Абай клубы мен «Аманат» журналының демеушілігімен Клара Серікбаева мен Юрий Кузнецов жаңадан редакциялап, ақынның қарасөздері мен бір топ өлеңдері бұл орыс тілді нұсқадан ағылшын тіліне Ричард Маккейнмен аударылды.

Тақырыбымызға қатысты Абай мұрасының аударылуынан басқа өзекті мәселенің бірі ұлы ақынның шетел әдебиеттанушылары, тарихшылары мен гуманитарлық басқа бағыттағы ізденушілердің зерттеу нысанына айналуы.

Абай білімі мен дүниеге көзқарасын кеңейту жолында көптеген шетел зиялыларымен танысты. Сондай адамдардың бірі саяси айдауда жүрген поляк заңгері Северин Северинович Гросс пен заң факультетінің студенті Александр Викторович Леонтьев. Абайдың әділ билік қағидаларына, оның дүниетанымы мен басқа ел алды «қырғыздарынан» ерекшеленетін сауатына тәнті болған Александр Викторович Леонтьев бұл ерек тұлға туралы Алтай мен Сібірді зерттеуші американ саяхатшысы, корреспондент Джодрж Кеннанмен бөлісіп, ол өз кезегінде Абай туралы, оның айналасы, Семей кітапханасы туралы «Сібір мен айдау» еңбегінде ашып жазады. Әрине, Абайды зерттеу, оған шынайы ден беру ең жақын көршілерімізден, орыс халқынан бастау алды. Ақын туралы орыстың атақты кеңес жазушысы Лев Озеров: «В Пушкине по слову Гоголя «... русская природа, русская душа, русский язык, русский характер отразились в такой же чистоте, в такой очищенной красоте, в какой отражается ландшафт на выпуклой поверхности оптического стекла...» То же можно сказать об Абае, начав приведенную фразу со слов: «Казахская природа, казахская душа, казахский язык, казахский характер»... Так всегда бывает с великими поэтами. Они приближают свой народ к глазам души всех иноплеменных, всех иноязычных читателей. Абай сумел сделать так, чтобы мы полюбили казахов и поняли их больше, чем это могут сделать учебные пособия по географии и этнографии» [6].

Сондықтан да, біздің алдағы міндеттеріміздің бірі Абай Құнанбайұлын әлем әдебиеті кеңістігінде қазақтың ақыны емес, әлемнің ақыны, оның мұрасын адамзат ойының даму жемісі ретінде ұсыну, жариялау. Және 2006 жылғы Абайдың Ресейдегі, Пушкиннің Қазақстандағы жылы сияқты шаралар өз шеңберін кеңейтсе, тек қазақ үшін ғана емес, әлем мәдениеті үшін игі болары хақ.

«Адамзаттың ақыл-ойының даму тарихы туралы сөз қозғағанда, мына біз, қазақ ұлтының перзенттері, жат жұрттардың алдында даналықтың үлгісі ретінде неге Абайды мақтанышпен атаймыз?

Әлем толық танып болмаған, олардың жүрегіне жетіп, санасына сіңбеген, оның үстіне, мүлдем өзге ойлау жүйесі мен өмір сүру құбылысына ие дүниеауи лық даналармен қатар қоюымызға, тіпті кей тұста оған ешкімді теңгермеуімізге қақымыз бар ма?

Ар-ұятымызды, ұлттық намысымызды, ой-парасатымызды кепілдікке бере отырып, ашығын айтайық: еш алаңсыз сеніммен «Бар» деп мәлімдей аламыз. Өйткені, Абай қазақ халқының ар-ожданы, ұлттық мақтанышы және намысы. Ол тек қана қазақ елінің тегін тектегенде ғана қасиеті артатын ұлы тұлға емес, қадым заманнан бері көшпенділер мәдениетінің барлық болмысын бойына сіңірген жиынтық қасиет. Абай – қазақ ұлтының ұлт боп өмір сүргендігінің және ұлт ретінде өмір сүруге хұқы барлығының кепілі. Себебі, дүниежүзілік ауқымға сай қазақтың ұлттық санасын оятқан және оны қалыптастырған адам Абай. Өзге де дара тұлғалар қазақ жерінде өмір сүрді. Алайда, соның барлығы тұтаса келіп, Абайды толықтырады» (1), қазақтың кемеңгері Абай мен оның өмір жолын жарыққа әйгілі еткен Мұхтарды қаламының өзегі еткен Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбайдың осы сөзі шағын еңбегіміздің өзекті тұсын айнытпай ашады. Профессор Абайды тек қазақ халқының барын танытып, жоғын көркем өрнекпен шебер суреттеушісі ғана емес, «көшпелілер мәдениетінің әлемдік рухани қазынасына қосылған сүбелі үлесі» дейді де. Бұны ақынның көшпелі өмірдің соңғы керуені мен отырықшылықтың алғашқы қарлығаштарының куәгері болғаны растайды. Абайдың өмірі мен шығармашылығы осы екі өркениет кезеңіндегі мәдениет пен саясаттың, салт-сананың, рухани өмірдің арбасқан арпалысқан сәтіндегі нақты да шынайы көрінісі.

Сонымен, тәуелсіз қазақ еліміздің тарихы мен мәдениеті, рухани құндылықтарының осынау жаһандану үрдісінде әлемге таныстырылуы заңды құбылыс болса, оны танытудың ең абзал құралы Абай болса, қателеспеспін. Тарих беттері көрсетіп отырғандай солай болып та отыр. Біздің мақсатымыз ұлы ақынның шетелдерде зерттелу, насихатталуы мен аударылу деңгейін зерттей отырып, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің әлемдік сахнадағы елеулі үлесін дәлелдеу.

Еуропаға Абай есімін ең алғаш рет 1890 жылдары американ жазушысы Джордж Кеннан «Сібір және сүргін» кітабында аталатын болса, чех ғалымы Грежебичек (атақты шығыс зерттеушісі Ян Рыпканың жетекшілігімен) математикалық әдісті қолдана отырып, Абай лексикасын тиянақты зерттеді, сол сияқты венгр антиктанушы ғалым Имре Тренчени Вальдапфельд те Абайды тақырып еткен.

Әрине Абайдың шетелде кең танылуының елеулі үлесі «Абай жолы» Романының еншісінде. Роман Канадада басылып шыққан соң «Нозерн Нейборс» журналы «Сіздердің тұңғыш қазақ авторларыңыз» атты жарнамасында: «Оқушыларымыз, сіздерге қазақтың ұлы ақыны Абай туралы ағылшын тілінде шыққан ғажайып романның бірінші басылуын мақтанышпен ұсынып отырмыз. «Өзгеге көңілім толарсың, өлеңді қайтіп қоярсың» деп жазады екен жалынды ақын. Абзал жанды ақынын халқы ұйып тыңдаса керек. Қазақ деген қандай ержүрек, неткен кең пейіл өнерлі халық. Бұл туралы бұрын-соңды мардымды ештеңе білмегенбіз. Халық өмірі жан тебірентерліктей жақсы суреттелген, көркем кестеленген «Абай» романы арқылы сіздер қазақ өмірімен танысасыздар», делініп, халқымыз бен оның бі-рінші қатарда тұратын өкілі жайлы алғашқы ақпар өзге кеңістікке тарайды. Әлемнің басқа да түкпірлерінен мазмұндас пікірлерге көз салайық.

Францияның әйгілі сыншысы Мирей Бори «Мұхтар Әуезовтің «Абайы» адамға ой салатын кітап» деп аталған мақаласында: «Абай қазақтың «Иллиадасы», дей келіп, бұдан әрі, әйтсе де бұл кітаптың айрықша тамашалығы сол оған діңгек болған Абай ақын адам. Ақындар өз жырларында қазақ даласының сөз мәдениетін қастерлеп, кейінгі ұрпақтарға жеткізіп отырған. Олар ежелгі Грецияның ел аралаушы ақындарына ұқсайды. Олар ерекше қасиетті адамдар болып есептеледі. Ал Абай болса олардың барлығынан да асқақ жатыр, сөз патшасын, сөз сарасын тапқан адам, сөз құдіретін, сөз музыкасын ашқан адам. Оның поэзиясы қапас өмірге қарсы жұмсалған құрал болды»,дейді. Ал неміс жазушысы, сыншы әрі аудармашы Альфред Курелла: «Адам нанғысыз ға-жайып дүние, көңіл-күйін Шекспирше шертуі қандай десеңізші. Поэзияда шек жоқ»,деп жазса, "Дер библиотекарь" атты журналда атақты неміс сыншысы Герберт Кремпиен:

«Суреттеліп отырған дәуірде көшпелі болған халық туралы тап мұндай дәлдікпен, мұндай шыншылдықпен жазылған, әрі образдары тап осындай күшті басқа роман табу қиын. Ол кездің қазақтарының ойсезімдері, махаббаты мен өшпенділігі, мейірбандығы мен кекшілдігі, үміті мен торығуы Әуезовтің суреттеуінде бізді керемет тебірентеді. Әуезов бізге гуманисше, социалистік шындық елінен революционер-демократша үн қатады. Ол өз тақырыбын ақындық шабыт қысқандықтан ғана алға қойған жоқ, қоғамдық ұйымдасудың жоғары сатысына қарай даму процесінің белгілі бір кезеңін көрсетпек болған», деп құнды баға берді.

Чех ғалымы Грежебичек (атақты шығыс зерттеушісі Ян Рыпканың жетекшілігімен) математикалық әдісті қолдана отырып, Абай лексикасын тиянақты зерттеді дедік. Ол «Абай стилінің кейбір сандық сипаттары» атты кандидаттық диссертациясында ақынның біраз шығармаларының тілін, стилі мен лексикасын математикалық стилистикалық тәсіл арқылы зерттеп, Абайдың аудармашы ретіндегі дарынын ұлылық деңгейінде дәлелдей білді.

Ғалымды Абай өлеңдерінің әуезділігі мен әсер еткіш күші қатты екенін айта келе, Алматыда болған іссапарында осының арқысында қазақ тілін үйреніп алуға деген құштарлығының оянуы мен тілді меңгеру жұмысы Прага университетінде қолға алынғаны хабарлады.

1970 жылы Германияда «Совет әдебиетінің көп ұлттық сипаты» атты кітап шықты. Оның кіріспесінде «Совет Одағы халықтарының көркем творчествосы совет әдебиетін құрайды және ол көп қырлы әрі ұлттық дәстүрлермен қабыса дамуда. Ұлттық әдебиеттердің осы көп гүлді сәнді суретінің тек аз ғана бөлшегін алдарыңызға тартып отырмыз» делінген де, литва, эстон, қырғыз, қазақ әдебиеттерінің ең көрнекті жазушылары мен ақындары туралы жазылған. Бұл кітапта белгілі ғалым М. Қаратаевтың ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы маңызды зерттеуі берілген. Кітаптың алғы сөзіне неміс редакторлары: «Бұдан бірнеше жыл бұрын қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» кітабымен, ондағы басты кейіпкер – қазақ әдебиетінің классигі Абай образы арқылы өз халқының саяси және мәдени дамуымен таныстырған еді, сол ақын туралы Мұхаметжан Қаратаевтың мақаласын біз немісше аударып беріп отырмыз. Қазақ ССР нің өнері мен әдебиетін бұдан да жақын зерттеуге ерекше назар аударылуы соңғы кездерде халықтарымыздың арасында тығыз мәдени қатынастардың күшеюіне байланысты»,деп жазылған. Абай туралы көлемді зерттеудің немісшеге аударылып, жариялануының жалғасы ретінде Германиядағы ТМД әдебиетінің жариялануына жауап беретін Леонард Кошуттың (оның басшылығымен Ә. Әлімжановтың (1971), М. Әуезовтің (1974), Ә. Кекілбаевтің (1975, 1981, 1982, 1987), С. Санбаевтың (1976), М. Симашконың (1976, 1981), О. Сулейменовтың (1981), Д. Досжановтың (1987) шығармалары неміс тіліне аударылып жарияланып, әдебиетімізге ден қоюын айтуға болады. 2003 жылы Қазақстан оған еліміздің әдебиетін Германияда насихаттағаны үшін арнайы сыйлық берген кезінде, ол өз кезегінде 2002 жылы жарық көрген 37 тараудан тұратын «Volk und Welt» кітабын сыйға тартады. Қарап отырсақ, бұл кітаптың бір тарауы қазақ әдебиетіне арналған. Бұл жерде ол: «Что нас, издательскую редакцию, подкупило в казахской литературе, так это то, что изучение через неё истории Казахстана, не имевшей во многом письменных памятников, позволило нам ознакомиться с основой национального самосознания казахов» [7, 137-138]. Кітаптағы бұл тараудың пайда болуының тағы бір себебі 2000 жылы Берлин көшелерінің бірі «Abaj Strasse» атануы. Ол: «Абая, именем которого названа улица в Берлине, иногда называют «казахским Гёте». Эта метафора имеет основание, так как подразумевает значение, которое имеет этот поэт, композитор и просветитель для национальной литературы, универсальность его творчества и деятельности» [7, 43-45], дей келе өзінің Абайдың шығармашылығымен, оның халық арасындағы маңызын жақын түсінгенін айғақтайды. Бұл тұста Абайды Гете тіліне, ал Гетены Абайдың тіліне аударған Қалмұхан Исабайдың сіңірген еңбегін ұмытпаған дұрыс. Леонард Кошуттың берген мағлұматтары бойынша 2006 жылы Берлиндегі Орыс әдебиеті мен мәдениеті үйінде «Пушкин мен Абайдың Берлиндегі кездесуі» атты кеші өтті. Бұл жерде Пушкин жайлы лейпцигтік профессор Ролянд Опитц баяндама жасаса, гиссендік профессор Марк Кирхнердің Абай туралы оқыған мақаласы бұл жердегі ақын туралы көпшілік алдында айтылған алғашқы сөз болса керек. Ғалым Абайдың өзі аударған «Күз» өлеңін оқып, халықтың жылы қолдауын тапты.

Ш.Қ. Сәтбаеваның «Әдеби байланыстар» атты монографиясында тек Абайдың ғана емес, тек қазақ әдебиетінің ғана емес, жалпы әдебиет айдынындағы байланыстардың маңызы ашылып айтылған:

«Әрбір халықтың рухани даму тарихында белді белестер, өрлі өрістер, дүбірлі кезеңдер, ірі көріністер, асыл туындылар, кесек тұлғалар болатыны, ал олар өз туған топырағында мән маңыз алумен қатар шет аймақтарға да жетіп, кейде елдің елшілігі сияқты қызмет атқарса, енді бірде келген жерінің әр-қилы өзгешеліктеріне сай, жаңа қыры мен сырын ашатыны белгілі. Мұндай әдеби құбылыстар халықтардың өзара білісуі, түсінісуі, ынтымақтасуы, жақындасуы, мақсаттасуы, бірлесуі, достасуы сияқты аса ізгі мұратқа да қызмет етеді» (8).

Әрине, жоғарыда көрсетілген мақсатымызға жету үшін Абайдың зерттелуі мен насихат талуының географиялық аумағын кеңейту абзал. Оған қоса, Абайдың әдебиетші, тарихшы қауымымен зерттеліп, осы шеңберде қалып қоюы ғана емес, 1995 жылдан бастап (ЮНЕСКОНЫҢ 150 жылдығы қарсаңында), қалың көпшіліктің арасына әлем тілдеріне тараған аудармалары мен олардың рецепциясы сияқты құбылыстарды тереңінен зерттелгені жөн. Бұл тың тақырыптардың ашылуы уақыттың еншісінде.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Құнанбаев Абай. Өлең сөздің патшасы // Халықаралық Абай клубы.Жидебай, 2006.
  2. Назарбаев Н. Туған тілім-тірегім // Құраст. М. Қасымбеков, Қ. Әлімқұлов. – Алматы: Рауан, 2001.
  3. Назарбаев Н. Слово об Абае: (Докл. Президента РК, посвящ. 150-летию Абая) // Казахстанская правда. 1995. 10 августа.
  4. Қасқабасов С.А. Абай. Алматы: Алматы баспа үйі ЖШС, 2010.
  5. Майтанов Б. Сөз сыны. Алматы: Ғылым, 2002.
  6. Озеров Л. Читая Абая, в книге «Слово об Абае». Алма-Ата, 1994.
  7. Жұрбтай Т. Күйесің, жүрек, сүйесің... - Алматы: «Қайнар», 2009. 14 б.
  8. Сәтбаева Ш. Бес томдық шығармалар жинағы. І том. Астана: «Елорда», 2007. 179 201 б.
  9. Машакова А. Казахстанская литература в Германии. / http://www.rusnauka.com/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.