Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі

Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру [1].

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік – рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады [2]. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Рухани-адамгершілік тәрбие бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды [3].

Сананың қалыптасуы ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.

«Жақсы мен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа…», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз [4].

Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ. Жасөспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады [5]. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзіөзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.

Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді [6].

Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған [7].

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.

Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқын тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа – қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғандым [8].

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы.

«Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзінеөзі талап қоя білуге тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

Адамгершілік – адамның қоғамдық өмірінің негізі. Адамгершілік білімі – қоғамдық білімдердің басты және бастапқы бөлігі, оның базасы болып табылады [9]. Қоғамдық білімдерге жататын саяси, құқықтық, эстетикалық, философиялық, діни білімдердің барлығы да адамгершілік білімдерге, яғни кез келген саясат, эстетикалық идеал, құқықтық нормалар, діни наным-сенімдер адамдарда және қоғамда қалыптасқан адамгершілік идеяларға, нұсқамаларға, мақсаттарға тәуелді және онымен тығыз байланысты болып келеді. Өйткені адамгершілік білімі адамдардың дүниетанымын, олардың қызметін және мінез-құлқын, істері мен әрекеттерін анықтайды. Сондықтан да көрнекті педагогтар адамгершілік білімін «білім берудің алтын қазығы» деп бекер айтпаған.

Кез-келген қоғамда білім беру саясаты өмірлік ұстанымдарды, сұраныстарды, қажеттіліктерді ескеріп, білім беру мазмұны соған сәйкес құрылғанда ғана ұтымды, тиімді, өнімді болады. Қазіргі адамзат баласы бастан кешіріп отырған тез арадағы өзгермелілік, ғаламдану, коммуникациялық құралдардың қарқынды даму дәуірі өмір салтын, қарым-қатынас пен ойлауды өзгертуге әкелді. Ал мұның өзі игіліктерге қол жеткізудің жаңаша әдіс-тәсілдерін ашуға мүмкіндіктер береді. Мұндай жағдай адам интеллекттісін, оның қабілетін қайта жасаушы, жасампаздық әрекеттерге бағыттайды. Адамға қойылатын басты талап

  • асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды
  • мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік
  • адамның рухани арқауы [10].

Қазірде біздің қоғам үшін көкейкесті мәселе – бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Ал бәсекеге қай тұрғыдан, қалайша қабілетті болу керектігі аса маңызды мәселе болып отыр.

Еліміздің білім беру жүйесінде жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде руханилық пен адамгершілікке бағдарлап білім-тәрбие беру ісі өткір мәселе саналады. Осы тұрғыда «Өзін-өзі тану» пәні ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, оны білім мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәрбие беруді, оны үздіксіз білім берудің көзіне айналдыруды, оның тереңдігі мен рухани шындығын балалық кезден бастап сіңіруді мұрат етіп отыр. Бұл орайда пән мазмұны арқылы ұлттық тәрбие беру желісі нені тұтқа етеді деген мәселеге келсек, мұндағы басты құрал оқу материалдары, яғни тақырыбы мен мазмұны жағынан бала рухын тербететін, жанын елжірететін, масаттандыратын, табындыратын, әсемдік сезімін, ар-намыс сезімін оятатын, білуге құмарлыққа, ақ көңілділікке, ерлікті көксеуге, күш-қайратты шыңдауға ұмтылдыратын – нағыз ұлттық, қазақша ойлайтын, қазақша сөйлейтін, тілеуі, қалауы, арманы қазақша болатын, өз бойынан ата-бабасының қаны мен рухын сезінетін, өз халқының би, батыр, шешен, даналарының өнеге-үлгісін ұстанатын, елінің тағдырына, тарихына жаны тебіренетін – көркем шығармалар, адамгершілік бастаулары, әдептілік қағидалары, өсиет әңгімелері, шешендік сөздері және т.б. [11]. Міне, осындай қуат бойына дарыған жас ұлан келешекте бәсекеге қабілетті болатыны сенімді.

Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз – оқушылардың бойында мiнез-құлықтың белгiлi бiр сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерiнiң бiр-бiрiне, жанұясына, басқа адамдарға, Отанға, мемлекетке деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерiн дарыту жөнінде мұғалiмдердiң арнаулы мақсат көздеген қызметі.

Адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеу мен гуманизм үшiн әдебиеттiң маңызы зор. Бұлардың арасында Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Қ. Шаңғытбаевтардың шығармалары бiздiң жастарымыздың жан дүниесiн әрқашан да терең тебiрентетiн туындылар кейiпкерлерімен суреттейдi [12].

Тәрбие жүйесiндегi тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң бiрi бала адамгершiлiгiнiң дамуы, оның рухани-адамгершiлiк дүниесiндегi елеулi өзгерiстер болуы тиiс. Бұл факторлар балалардың кәдiмгi және күрделенген жағдайлардағы адамгершiлiк мiнезқұлықтарының тұрақты болуынан, ересектердiң сырттай бақылауынан салыстырмалы түрде тәуелсiз болуынан, өз қылықтарының адамгершiлiк салдарын болжай бiлуден, iштей бақылау сезiмiнiң – ождан, қылықтың моральдық жағын және өзiн адамгершiлiк қасиеттердiң иесi ретiнде сезiнуiнен көрiнедi [13].

Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс. Оқушы қаншалықты білімді болғанымен, оның адамгершілік қасиеті жетіспей жатса, оның жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат та бола алмайды. Олай болса, мектеп қабырғасында оқушыларға берілетін адамгершілік дағдыны бірер жылдың ішінде оқушылардың бойына сіңіре қоюға болмайды. Ол – ұзақ жылдың жемісі.

Рухани адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе баланың назарын үнемі өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрын, сапалы түсінуіне баула көзделеді. Баланың жас ерекшеліктеріне қарай, олардың көңілкүйлерін көтеріңкі ұстау үшін әуен, сазкүй, гүл өсімдіктер, тордағы құстар және әр түрлі суреттерді өзін-өзі тану сабақ үрдісінде, орынды қолдана білу қажет.

Мектеп оқушыларының рухани дамуына орта ықпал етеді. Сонымен қатар бала туылғаннан кейін ата-анасының тәрбиесінен өтеді. Сондықтан да ата-ананың рөлі баланың дамуына басты себепкері болып табылады. Әрбір отбасының асыл арманы мен мақсаты – бала өсіріп, жақсы тәрбие беру. Дүниеге шыр етіп келген әр баланың жүрегі таза, еш сызық түспеген қағазға ұқсайды. Оның пәк жүрегі нені болса да қабылдайды [14]. Не үйретсең соны қағып алады. Жақсы әдет пен әдепке кішкентайынан дағдыландырған бала тәртіпті де тәрбиелі өседі. Ол үшін атаанасының орны ерекше. Ал егер балаға, көңіл бөлінбей ол жамандыққа бейім болып өссе, онда келешегіне зиян келтіреді. Қашан да болмасын әрбір қоғамда бала тәрбиесі өте маңызды болған. Келешекте қоғамды жақсы жағынан дамытып, көркейтуде керісінше құрбанға итермелеп жығуда қазіргі бұғанасы қатаймаған жас ұрпақтың кеншісінде болады. Ғалымдар бала ана құрсағынан бастап алған тәрбиесін, туылып жеті жасқа толғанша – ақ алып, тәрбиелеп үлгеретінін айтуда [15]. Демек бала тәрбиесін біз ойлағандай есейе келе емес, ол ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолы, салт-дәстүр мен әдетғұрыпқа негізделген жас ұрпақты тәрбиелеу әдістері бар. Дана бабаларымыз бен кемеңгер ғұламаларымыздың баға жетпес құнды еңбектері бар. Рухани тәрбиенің теориялық тұрғыдан қазіргі заманға сай саралап, қазақ тілінде кемеліне жеткізген кемеңгер Абай иен Шәкәрім аталарымыз бар. Тек біз осы қазыналарды орын тауып қолдана білуіміз керек. Сондықтан рухани тәрбиені қайдан аламыз, қалай береміз дегенді алыста іздемей-ақ өзіміздің осындай дара ойшылдарымыздың дана өсиеттерін басшылыққа алуымыз міндетті. Ол үшін қазақ халқының қанында бар рухани асыл қасиеттердің өзге халықтардан кездесе бермейтіндігіне жастарымыздың көзін жеткізуіміз керек. Ендеше Егемендігіміз мәңгілік болсын десек, оның болашағы жастардың тәрбиесін, оларға рухани тәрбие беру ісін кешіктірмей қолға алуымыз керек. Ол арна – рухани тәрбие.

ХХ ғасырдың екінші жартысында адамзат жаһандық мәселелермен бетпе-бет келген болатын. Ол біздің қоғамымыздың барлық жақтарын қамтып, адамзат өмірін қауіп-қатерге әкеліп тіреді (экологиялық қатерлер, әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, террорлық әрекеттер, ұлтаралық жанжалдар) [16]. Дегенмен, бүгінгі таңда дағдарыс тек әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен экология жазықтығында ғана емес, тұлғаның өмірден түңілу, наркомания, өз-өзіне қол жұмсауы сияқты ішкі өмірінде де орын алып отыр. Аталған жаһандық мәселелерді шешу адамзаттың ішкі қайта құрылуы бағытындағы өркениетті дамытудың жаңа жолдарын іздестіруді талап ете отырып, оны рухани-адамгершілік қажеттілік идеологиясы тарапынан шешуді қажет етеді. Сонымен қатар, қазіргі нарықтық экономика тұлғаның рухани-адамгершілік дағдарысы жағдайына да алып келіп отыр: өткеннің ең жақсы дәстүрлері жоғалуда, ал жаңалары жеткілікті түрде түсінілмеуге.

Сондықтан, жоғарыда айтылғандар студенттердің жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік тәрбиесінің теориялық әдіснамалық негіздерін жасап шығаруды қажет етеді. Ол әзірге оқу үрдісімен шектелетін жоғары мектеп реформасының маңызды бөлігі болып отыр.

Сол себепті, жоғары мектеп ұрпақтан ұрпаққа білімді ғана емес, ғасырлар бойы жинақталған жалпы адамзаттық даналықты да беруі керек. Бұл даналық адамның шыдамдылық, адалдық, барлық тірі атаулыға жанашырлықпен қарау сияқты рухани ішкі жан дүниесін көрсете білуі керек.

«Адамдардың ой – санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» дейді президент Н.Ә. Назарбаев.

А. Құнанбаев «толық адам» болуға ұмтылу идеясында оған жету жолдарын білім, ғылым іздеу, өнер үйрену, еңбектенуді әдетке айналдыру, өзін-өзі жетілдіріп отыру, Аллаға, ақиқатқа, адамға сүйіспеншілікпен қарау, осылардың барлығы табылса «сонда толық боласың елден бөлек».

Егемен Қазақстан елінің өркениетті дамуында жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің мазмұнын ұлттық рухани мұра негізінде қайта қарап, оны қоғам талабына сай жоғары сапалық деңгейге көтеру – бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселенің бірі.

Абайдың қара сөздері қазақ философиясының негізгі ой түрткісі, олай дейтін себебіміз: әрбір қара сөздерінде жас ұрпақты тәрбиелеуде құндылығы жоғары тәлімдік ой-пікірлер – еңбек сүйгіштік, отанын қорғау, жамандықтан аулақ болу, өнер-білім мен ғылымға құштарлық, отбасы тәрбиесінің ықпалы, имандылық, адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық сияқты қасиеттер жан-жақты ашылып, адам өміріндегі басты мәселе екендігі паш етілген. Ал, Шәкәрімнің «Үш анығы» – қазақ философиясының шыңы, өйткені “Үш анық” философиялық еңбектің де өзіндік ерекшеліктері осы жоғарыда айтылған тәлім-тәрбиелік идеяларды жалғастырып, олардың өміршеңдігін дәлелдей түседі.

Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарының мақсаты – жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру [16]. Жаһандану процесінде жастар арасында әлеуметтік тоқырау, яғни саяси және қоғамдық өмірден алшақтау, отбасылық өзімшілдік мінез көрсету, адамгершілік құндылықтар дағдарысы, шындықтан, адалдықтан бас тарту, зорлық-зомбылық сияқты құбылыстар, дәстүрлі емес діни ұйымдардың жастарымыздың санасына әсер етуі, жастардың маскүнемдік, нашақорлық секілді залал дүниелерге құмар болуы, ауыр қылмыстар жасау, адамгершілікке жатпайтын қылықтар кеңінен етек жаюда. Міне, сол себептен де жас ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Бұл мәселені ұлтының болашағы үшін жаны ауырған, аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының жандауысың дәлел бола алады. «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Біріншісі, балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын», деген [16].

Ұлт тұлғасының осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек бола алатын ұрпақ тәрбиелеуші ұстаз ғана. Себебі ұстаз студент үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.

Сонымен, тұлғаның рухани моделін қалыптастыру рухани құндылықтардың негізгі қайнар көздері – салт-дәстүр, мәдениет, ғылым-білім, дүниетаным, адамгершілік арқылы жүзеге асады. Осы тәрбие жолында жоғарыда айтылып кеткен тәрбие мектептері үлкен рөл атқарады. Халықтың рухани дамуының түп қазығы, тірегі мәдениет, әдебиет, дін, салт-сана, тіл деген ең негізгі құндылықтардың беріктігіне келіп тіреледі.

Тәрбие саласындағы барлық өзгерістердің өзегіне осы тұрғыдан келуіміз заңды. Жастарға білім беру мен тәрбиелеу осы негізде жүйеленуі қажет деп есептейміз. Үлкен ғұлама педагог Л. Фейербах: «тәрбиенің мақсаты бақыт, ал соған жету қуаныш» деп санаған Болашаққа Бақыт пен Қуаныш сыйлайық, ұстаздар қауымы!

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. – 372 б.
  2. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы, 2003. – 288 б.
  3. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы, 1995. – 481 б.
  4. Пралиев С.Ж. Ұлттық тәрбие және жаһандану // Егемен Қазақстан, 25 желтоқсан, 2009 ж.
  5. Пралиев С.Ж., Нуриев М.А., ТОлеубекова Р.К., Керимов Л.К., Бөлеев Қ.Сейсенбаева Ж.А. Ұлттық тәрбие. – Ұлттық тәрбие, №2, 2010 ж. 12-24 б.
  6. Бейсенова Ә.С. Дәстүр мен ұрпақ тәрбиесі – ұлттық идеологияның негізі. – Ұлттық тәрбие. №1, 2010 ж. 114-120 б.
  7. Жарықбаев Қ. Аталар сөзі – ақылдың көзі. – Алматы: Қазақстан, 1980.
  8. Жарықбаев Қ. Ұлттық тәрбиені өрістеткіміз келсе, қазақы қасиетімізді қастерлейік! – Ұлттық тәрбие. №1, 2010 ж. 69-70 б.
  9. Ғаббасов С. Ізгілік әліппесі. – Алматы, 1991.
  10. Ахметова З. Сұхбат. Тәрбие тек айтудан ғана емес, көрсетуден... – Ұлттық тәрбие. №3, 2010 ж. 116-122 б.
  11. Айталы А. Жаһандану және ұлттық тәрбие («Баламалы педагогика» және «шекарасыз педагогика» идеяларын талдау). – Ұлттық тәрбие. №1, 2010 ж. 50-53 б.
  12. Есім Ғ. Сана болмысы. – Алматы: ҚУ, 2005 ж. – 309 б.
  13. Пралиев С.Ж., Нуриев М.А., Төлеубекова Р.К., Сейсенбаева Ж.А. Ұлттық тәрбиені дәріптеу – бүгінгі күн талабы». – Хабаршы-Вестник КазНПУ №1 (23), 2010.
  14. Пралиев С.Ж., Нуриев М.А., Сейсенбаева Ж.А., Сеитова Ж. Ұлт жандылыққа ұрпақты салт дәстүр, әдет – ғұрып негізінде тәрбиелеу мәселелері. БілімОбразование, №2 (50), 2010 ж.
  15. Төлеубекова Р.К. Ұлттық тәрбие және оның философиясы \\ Педагогика және Психология журналы, 2009 ж. №1
  16. Игісінова Н.Б. Жастарға адамгершілік – рухани тәрбие берудің негізі // Өзіндік таным, 2004, №5, 2-4 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.