Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Гурьев уезі тұрғындарының этникалық-демографиялық өзгерісі. хіх -хх ғ.і жартысы

Аңдатпа

Мақалада елімізге кеңестік тоталитаризм кезіндегі күшпен қоныс аударылған басқа ұлттардың этно-демографиялық өзгерісіне әсері туралы баяндалады. Тақырыптың өзектілігі XIX ғасырдың II жартысында патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлап, өзінің басқару жүйесін икемдеу мақсатында жүргізген әкімшілік реформалар негізінде көші-қон процесі үделеніп, халық санының өсуі қамтамасыз етіліп, ұлттық құрамының күрделенуі деректермен айқындалады.

XIX ғасырдың I жартысынан бастап Ресей өкіметі Қазақстан жерінде жүргізген әскери іс-қимылдары мен саяси іс-шаралары қазақ халқының ертеден қалыптасқан көші-қон дәстүрінің бұзылуына әкеп соқтырды. Ресей өкіметі тарапынан жасалған әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялап, Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуды көздеген. Ресейден орыс шаруаларын әкелу көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жүзеге асырылды. Әсіресе, бұл жағдай XX ғасырдың бас кезінде ерекше байқалды. Себебі, осы кезеңде патша үкіметі қоныстандыру саясатының қарқынды жүргізе балталған кезі еді. [1.133].

XIX ғасырдың соңында басы еркіндікпен қосылудан басталған, соңы жаулаушылықпен аяқталған Қазақстанды отарлаудың бір жарым ғасырлық процесінің нәтижесінде патша үкіметі ұлан-байтақ өлкеде қатал әскери отаршылдық тәртіп орнатты. 1867 жылы 11 шілдеде «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже» және 1868 жылы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтардағы далалық облыстарды басқару туралы уақытша ережені» қабылдаудың нәтижесінде қазақ жерін дербес үш - Түркістан, Батыс Сібір, Орынбор генерал-губернаторлықтарға кірген облыстарға бөлді. Осының нәтижесінде Қазақстан өзінің егемендігінен толық айрылды, оның жері бөлшектенді. Омбыға Ақмола және Семей облыстары, Орынборға Орал және Торғай облыстары, ал Ташкентке Жетісу және Сырдария облыстары, ал Бөкей Ордасы Астраханға бағынды. «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқарудың уақытша ережесі» бойынша бүкіл қазақ жері мемлекеттік меншігі болып жарияланды да, қазақ жерін жаппай қанау басталды [2.17]. 1868 жылғы «Уақытша ережеге» сәйкес Калмыков станциясы, Ембі, Орал (Ырғыз), Орынбор (Торғай) бекіністеріне қалалық қоныс мәртебесі берілді. Орал қаласы Орал облысының орталығы болып белгіленді. 1798 жылы 11 желтоқсанда Патшаның жарлығымен Гурьев қаласы Орал әскери басшылығының қарауына берілді.

Патша үкіметінің жүргізіліп отырған орыстандыру мен шоқындырудың кешенді шараларын өз көзімен көрген Ж.Аймауытов: «...Қазақтың жерін тілгіліп, келімсек мұжықтарға аударып бере бастады, тілін бұзуға, дінін бұзуға аулный школ, миссионерлер таратты, әдет-ғұрпын, салт-санасын өзгертіп, орысқа бас игізуге жаңа закон, мировой судья, крестьянский начальниктер шығарды. Қазақты ішінен тоздыруға сайлау, штат деген шырға тастап, өзді-өзін жұлыстырып, қырқыстырды» [3.13] деп көрсетуі арқылы халықтың мойнына түскен тауқыметін дәл көрсетіп берді.

Патшаның отаршылдық әмірімен өлкенің ең шұрайлы жерлері қазақтардан зорлықпен тартып алынып, ең алдымен патшалық империяның отаршылдық саясатындағы бас тірегі, оның мүдделерін қорғаушы - казактарға бөлініп берілді.

XIX ғасырдың орта кезеңінен бастап Қазақстанның әлеуметтік-ұлттық құрамына эсер еткен екінші бір үлкен процестің алды басталды. Бұл шаруаларды Орталық Ресейден шет аймақтарға көшіру болды. Шаруаларды Қазақстан жеріне көшіру патшаның отарлау саясатын жүзеге асырудың негізгі тәсіліне айналған. Осы мақсатта құрылған жер қоры қазақтарды ғасырлар бойы өмір сүрген табиғи ортасынан күштеп айыру болды. Қоныс аудару жұмысын Ішкі істер министрлігі жер бөлімінің штатындағы ерекше тапсырмаларды орындайтын алты чиновник басқарып жоспарлы түрде жүргізді. Солардың нұсқауы бойынша Орталық Ресей мен Украинадан көшкен шаруалардың көптеген қоныстары пайда болды. Мысалы, 1885- 1893 жылдары Ақмола облысының қазақтарынан 251779 десятина, ал Семей облысынан 33064 десятина жерді тартып алынып қоныс аударушыларға берілді. 1868-1880 жылдарда Жетісуға 3324 отбасы көшіп келіп қоныс тепті. 1896 жылға дейін Ақмола, Петропавл, Көкшетау, Атбасар, Омбы, Павлодар және Өскемен уездерінде қоныс аударушылардың 43 болысын құрған. 1897 жылы осы қонастарда 350 мыңдай адам тұрған.

Осы кезеңде Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон ағынының дамуы нәтижесінде Қазақстан халқының тез өскендігі де байқалады. Оған дәлел: Ресей империясының бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта (1897-1917жж.) Қазақстан халқының саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7% көбейген. Солардың ішінде қазақтар 3 млн 400 мың адамды құрады. Қалған 750 мыңдай адам басқа ұлт өкілдері болды [4.138]. Ал, өлкенің демографиялық деректерінің табиғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасасақ, мыналарды аңғаруға болады. Өлкенің сол кездегі негізгі алты облысы бойынша 1897-1906 жылдарда жалпы алғанда бір мың адамға халықтың табиғи өсімі 11,3%, ал 1907-1916 жылдарда 15,3% дейін өскендігі байқалды. Ал Гурьев өлкесіндегі халқының саны 175334 мың адамды құрады. Өлкенің негізгі тұрғындары қазақтар 81,7% құрады. Ал орыстардың үлес салмағы 10,9%-ға, украиндар 1,9 %-ға өскен. Осы екі онжылдық ішінде халықтың табиғи өсімі 38,9% болған. Ал қазақтары басым облыстарда табиғи өсімнің едәуір темен болғандығы көрінеді: Жетісуда - 25,7%, Сырдарияда-25,6%, Оралда-20%, Семейде-15,6% [5.21]. Сөйтіп, Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, украиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан жаппай қоныс аударуының қатты эсер еткендігін аңғаруға болады.

Ал, жалпы алғанда XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар, украиндар бүкіл өлке халқының 87% -ынан 95% -ына дейін құрады да, өлкеде бұлардан басқа татарлар, өзбектер, дүн гендер және басқа ұлт өкілдері қоныстанған.

Әйтсе де XIX ғасырдың соңында осы ұлан-байтақ өлкенің негізгі тұрғындары қазақтар болды. Олардың едәуір бөлігі (3 миллионнан астам) Ресейге бағынды. Қазақтар Астрахань губерниясы (210 мың), Орал облысы (412601 адам, яғни 79%), Торғай облысы (338802 адам), Ақмола облысы (341414 адам, 83%), Семей облысы (547577 адам, 90,6%), Жетісу облысының солтүстік уездері (600 мың), Сырдария облысы (730 мың), Әмудария облысы (40 мың), Самарканд (20 мың) және Каспий сыртындағы облыстарда (40 мың) тұрды [5.19].

Жалпы, Қазақстандағы қоныстандыру саясатының жүрісі кезеңдермен жүзеге асырылды. Мысалы, Н.В.Алексеенко оны үш кезеңге бөлді: 1) 1861-1880 жылдар; 2) 1880-1906 жылдар; 3) 1906 жыл одан әрі қарай. [6.124].

Ерекше назар аударатын тағы бір жайт - өлке тұрғындарының 90%-ынан астамының ауылдық жерлерде қоныстануы еді. Олардың негізгі кәсібі ежелден келе жатқан мал шаруашылығы болатын. Алайда, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты қазақтардың шаруашылығына орасан нұқсан келтіргені белгілі. Осы кезеңде халықтың отырықшылық жағдайға көшіп, егін шаруашылығымен айналысушылардың қатары тез өсе бастады. Оңтустік Қазақстанда көп ғасырлар бойы дағдыланған суармалы шаруашылық кәсібімен айналысушылар көбейді. Жалпы алғанда XIX ғасырдың соңында қазақ халқының 40% отаршылықта өмір сүрді. Олардың басым бөлігі егін өсірумен айналысты. Ауылда әлеуметтік жіктелу басталды. Осының нәтижесінде кедейлер саны көбейіп, ал байлардың қорлары молая түсті. Мәселен, байлар мен аса ауқатты шаруалар саны барлық қазақ шаруашылықтарының 15 пайызы ғана болса, олардың қолдарында барлық малдың 60 пайызы ғана болды.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында, әсіресе, Столыпин реформасынан кейін қоныстандыру саясаты кең қанат жайды. Тек Батыс Қазақстанда қоныс аударушыларға арнап жер қорын құру үшін 1,2 млн. десятина жер тартып алынды және бұрын қазақтардың дәстүрлі-шаруашылық экономикалық айналымға кіретін Жайықтың сол жағалауындағы территорияда 15 орыс болысы құрылды. Жалпы аймаққа 200 мыңнан артық адам қоныс аударды. Қоныс аударушылардың көптеп келе бастауы 1906-1910 жылдар аралығында еді. Бұл кезеңде жаңадан 47018 адам келіп қоныстанды, оларға 102 жер учаскесі немесе 638 мың десятина жер бөлініп берілді. Орал және Ілбішін уездерінің қазақтары солтүстіктегі шұрайлы, шаруашылыққа қолайлы жерлерінен оңтүстікке, құмды, шөлейтті жерлерге ығыстырылған болатын. Орал уезінде 54 участок жерге немесе 252429 десятина жерге 25946 қоныс аударушы келсе, Гурьев уезімен көршілес Темір уезінде 21073 қарашекпен 48 учаскені немесе 386032 десятина жерді тартып алынды. Шабындық жердің жетіспеуі, қысқа арнайы шөп жинауға мүмкіндіктің болмауы, үнемі қайталанып отыратын жұт және жайылымдық жердің одан әрі қысқаруы мыңдаған бөкейлік қазақтарды Астрахань, Самара губерниялары мен Орал облысындағы тұз кендерінде, Гурьев уезінің біраз қазақтарын мұнай, балық кәсіпшіліктерінде жалдануға немесе өз малдарын қырып алмау үшін малшы ретінде жалданып, ақы-пұлсыз шөбін шауып, малын бағуға мәжбүр етілді.

XX ғасырдың басындағы Гурьев уезінде 5 қазақ-орыс станциясы, 17 қазақ болысы, теңізге жақын үш кент болған. Олар Жылыой, Ракуш, Прорва кенттері. Оның аумағы 58 243,1 км2, халқының саны 119063 адамға жеткен. Каспий теңізіне жақын болыстар мен кенттерде балық шаруашылығы жақсы дамыған. [7.98].

Жүз мыңдаған орыс, украин, Беларусь шаруаларының Сібір, Қазақстан және Орталық Азияға қоныс аударуы Ресейдің аграрлық саладағы саясатымен тығыз байланыста дамыды. Ресей самодержавиесі жер мәселесін помещик-дворяндардың пайдасына шешіп берген. Помещиктер шаруаларды «азат ету» барысында олардың бұрын пайдаланып келген жерінің басым бөлігін тартып алынды. XIX ғасырдың соңғы ширегінде Еуропалық Ресей мен Украинадан қоныс аударушылардың келуі есебінен халықтың ұлттық құрамы өзгерді. Қазақ, қырғыздармен бірге орыстар, украиндар, татарлар, тәжіктер, түрікмендер, башқұрттар, чуваштар, қараноғайлар, армяндар саны өсе түсті. XIX ғасырдың 70-жылдарында орыстар мен украиндар барлық Қазақстан мен Қырғызстан тұғындарының 8%-ын (246,9 мың) құрады. Бұдан барлық облыстарда жергілікті тұрғындардың бірден-бір жоғары үлес салмағын анық байқауға болады. 1897 жылы Қазақстан тұрғындарының саны 4 млн 150 мың адамға жетті. Солардың ішінде қазақтар 3 млн 400 мың адамды құрады. Қалған 750 мыңдай адам басқа ұлт өкілдері болды. Өлкенің негізгі тұрғындары - қазақтардың үлес салмағы төмендеп, 1897 жылдары шамамен 81,7%-ға жетті. Ал орыстардың үлес салмағы жоғарыда көрсетілгендей - 10,9%-ға, украиндар - 1,9%-ға өсіп, татар, ұйғыр, өзбек сияқты ұлттардың да үлес салмағы арта түсті [8.23].

Келесі қоныс аудару саясатындағы жаңа бағытқа көшуге 1905-1907 жылдардағы бірінші революция мен аграрлық толкулар өз ықпалын тигізді. Столыпиннің жарлығы негізінде шаруа өз үлесін сатып, еркін түрде басқа жаққа кетуге мүмкіндік алды. Осылайша Ресейдің орталық аудандарындағы әлеуметтік жіктелудің тереңдей түсуі күйзелген, жерден айырылған шаруалардың көші-қон ағымының кең қанат жаюына әкелді. 1905 жылы қоныстандыру мәселесін реттеу мақсатында қоныстандыру мекемелерінің басқармасы құрылды. 1905-1917 жылдардағы мекеменің 12 жылғы қызметі нәтижесінде бір миллионға жуық қоныс аударушылар орналастырылды. 1908 жылы қоныс аударушылар толқыны ең жоғары деңгейге жетті. Жылына 665 мың қоныс аударушы келді. 1914 ж. Жылыой кентінде 1943 адамы бар отбасы болды. Олардың негізгі кәсібі балық шаруашылығы, мұнан басқа 78 шағын сауда орны қызмет жасады. Өлкенің басқа аймағындағы болыстар мен ауылдарда, негізінен мал шаруашылығы етек алды. 1915 ж. облыс (ол кезде уез) халқы біраз азайып, барлығы 161 332 адам, оның ішінде: қазақтар-124 450, казак-орыстар-17 861, сырттан келгендер-15 667, теңіз жағасында кент тұрғындары 3355 болған [9.35].

XIX ғасырдың 20-30 жылдарындағы декабристтер мен Польшадағы ұлт- азаттық көтеріліске байланысты Гурьевке жер аударылып келушілердің саны көбейіп кетті [10.42]. Олардың бірқатары Гурьевке көрші Астрахань, Орынбор қалаларына шоғырланды. Осылайша XIX ғасырдың екінші жартысында Гурьев тұрғындарының көп ұлтты құрамының қалыптасуы белсенді түрде жүргізілді. Патша өкіметінің көші-қон саясаты әскери-казактық және әскери-әкімшілік отарлау саясатынан басталып, шаруалардың жаппай қоныс аударуына ұласты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Рақымқұлов Д.А. XIX ғасырдағы Жетісу: патшалық Ресей үстемдігінің қазақтар көші-қон үдерісіне ықпалы // Отан тарихы, 2013, №4. 133-134 бб.
  2. Қуатов Б. Отанымыздың тарихы туралы саяси әңгіме. Алматы: - «Білім» - 1993. - 176.
  3. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. Алматы: - «Атамұра- Қазақстан» - 1993. - 136.
  4. Бекмаханова H. Е. Формирование многонационального Казахстана и Северной Киргизии. Москва: - «Наука» -1980. -1386.
  5. Тәтімов М. Қазақ әлемі. Алматы: - «Атамұра-Қазақстан» - 1993 - 216.
  6. Исмағұлов Ұ. Қазақ жеріне келімсектердің орнығуы және оның нәтижелері // Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалы. Ақтөбе: - 2008. - 1246.
  7. Атырау энциклопедиясы. «Атамұра» - 1992. - 986.
  8. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Алматы: - «Қазақ университет!» - 2005. - 846.
  9. Тынышпаев М. История казахского народа. Алматы: - «Қазақ университет!» - 1993. - 356.
  10. Әбуев Қ. Қазақстан тарихының «Ақтандақ» беттерінен. Алматы: - «Қазақстан» -1994. - 426.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.