Адам құқығын қамтамасыз ету оны қорғау мәселесі тек қана азаматтық қоғамның тұсында мүмкін екені белгілі. Еліміздің қазіргі саясатта халықаралық ұйымдарға мүше болумен қатар, осы мақсатқа жету үшін барлық демократиялық іс- шаралар атқарылуда.
Еліміздегі партиялардың барлығы өз бағдарламасында демократияға сай құндылықтар жүйесін жақтайтындықтарын, нарық экономикасына сай экономикалық бағдар бағытын білдіру арқылы, республикада азаматтық келісім және саяси тұрақтылықтың болғандығын, өз қызметтерінде оны қалыптастыруға атсал ысаты нды қта ры н білді реді.
Азаматтық қоғам - көпжоспарлы, көпсатылы, философиялық-құқықтық ұғым. Қоғамдық ой тарихымен қарасақ, азаматтық қоғам бостандығы, құқық бостандығымен байланысты. Дегенмен, құқық пен бостандық өз мазмұнына қарай әртүрлі болып келеді.
Саяси шындықта ерекше орынды мемлекет алады. Мемлекет - азаматтық қоғамның элементі, бірақ көбіне ол қоғамның жеке бөлігі. Мемлекет белгілі қатынастарда азаматтық қоғамға қарама-қарсы қойылады, ал азаматтық қоғам - көбіне тұрақсыз, өзгеріп отыратын, әлеуметтік қозғалыстар мен процестерге эсер етіп отырады.
Тағы да бір көп пайдаланатын ұғым - мемлекеттілік. Мемлекет пен мемлекеттілік - екеуі бір ұғым емес. Мемлекеттіліктің құрамына азаматтық қоғам, мемлекет, тарихи-мәдени дәстүрлер және символдарды жатқызуға болады. Азаматтық қоғам - осылайша азаматтылықтың субстанциясы. Ал мемлекеттілікті дамыту үшін азаматтық құқық пен азаматтылықтың жағдайын көтеру керек. Адам азамат болуға құқылы, бұл оның заңды игілігі. Мысалы, саяси құрылыстарға, т.б. қатысуына болады. Осы арқылы адам мен азаматтың айырмашылығы көрінеді. Мемлекет территориясындағы кез-келген адам оның азаматы бола алмайды. Бірақ оның құқықтары кез-келген мемлекет арқылы танылады.
Қазіргі уақытта «азаматтық қоғам» термині көп қолданылмай, оның орнына «демократиялық қоғам» термині қолданылады. Демократиялық қоғам демократияға қарағанда өте терең, көлемді ұғым; Демократиялық қоғам адамдар мен азаматтардың теңдік құқықтарын мойындайтын құқықтық мемлекет.
Ата заңымызда көрсетілгендей, елімізде тәуелсіздікке бағытталған, зайырлы, азаматтық қоғам мен құқық үстемдік ететін мемлекетті құруға - бағытталған жұмыс жүргізуде. Қазіргі кездегі негізгі өзекті мәселе - азаматтық қоғам. Бұл іске ешбір партиялардың дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де осы бағытты мойындайды. Мәселе, бұл істі қалай іс жүзіне асыруымызға болады, оның жолдары қандай, осы істі жасау барысында қандай амал тәсілдерді, пайдалануымыз керек екендігі қалың көпшілікті мазалайды. Оның бір күндік жұмыс емес екенін халық ұғына білді.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті дамытпай демократияны, керісінше демократияны одан ары қарай дамыту үшін азаматтық қоғамды мен құқыктық мемлекетті жетілдіруіміз қажет. Сонда бұлар қазіргі демократия теориясы мен практикасында бұлар бір-бірінен ажырағыссыз, эволюциялық ұғымдар. Біреуі екіншісіз өмір сүруі мүмкін емес және олардың эволюциялық жолмен дамуынан басқа жол жоқ. Азаматтық қоғамның институттарына мемлекеттен тыс, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары жатады. Азаматтық қоғам өзінің дамуында құқықтық мемлекет пен демократияға барынша ықпал жасайтын институттардың бірі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі №15 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында» азаматтық қоғамға төмендегідей анықтама беріледі «Азаматтық қоғам - онда болып жатқан үрдістер мен қаты наста рдың басты әрекет етуші тұлғасы мен субъектісі ретінде өз қажеттіліктерінің, мүдделері мен құндылықтарының барлық жүйесімен бірге адам болып табылатын қоғам»[1]. Нәтижесінде азаматтық қоғамның басты құндылығы адам мен азамат және олардың бостандықтары мен құқықтары. Азаматтық қоғамның өзіне тән әлеуметтік, экономикалық, саяси және рухани құндылықтар жүйесі қалыптасқан.
Азаматтық қоғамның негізгі субъектілері өзінің осы қоғамға сәйкес келеі құндылықтар жүйесі қалыптасқан мүдцесі бар адам мен азамат. Азаматтық қоғамның мемлекеттік органдардан айырмашылығы адамның құқықтары жүйесіне негізделген жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру және мүдделерін іске асыру. Нағыз азаматтық қоғамда адамға өзінің экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани еркіндігін толық іске асыруға, адамның жалпы құқықтарына мүмкіншілік беріледі. Ондай қоғамда бір идеология, бір саясат немесе дүниеге бір көзқарас жоқ. Азаматтық қоғамның экономикалық негізін әртүрлі меншік пішініне негізделген көп қатпарлы экономика және нарықтық қатынастар құрайды. Соның нәтижесінде адамның экономикалық еркіндігі, кәсіпкерлік бостандығы мен құқықтары жүзеге асырылады.
Саяси өмірінде азаматтық қоғам азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге араласуды қамтамасыз етеді. Мемлекет пен азаматтар демократиялық сипатта қабылданған заңдардың нәтижесінде өзара жауапты. Заң алдында барлығы тең болады, халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес адамның құқығы іске асырылады, яғни құқықтық мемлекет әрекет жасайды. Адамның төмендегідей құқықтары мен бостандықтары сақаталады: ұлттық-этностық, саяси, діни, жыныстық, жас белгілеріне қарай адамды кемсітуге жол берілмейді. Адам мен азаматтың ар-ожданы, қадір - қасиетін заң арқылы қорғау, мүлік пен баспанаға, тұрғын үйге қол сүғуға болмайтындығы, кәсіп пен мамандықты таңдау еркіндігі, тұратын жерін, жүріп-тұру көшіп-қону еркіндігі, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, сөз, баспасөз, ақпарат еркіндігі адамның өзінің көзқарасын, сенімін, рухани бағытын емін-еркін таңдауы жатады. Сонымен азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет бір- бірінен ажырамас ұғымдар.
Азаматтық қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгеше болуы тиіс. Оның себебі меншіктің әртүрлі пішіндері өмірге түрлі әлеуметтік топтарды әкеледі. Жоғары, орта 118
және төменгі таптар. Дамыған демократиялық елдерде орта тап азаматтық қоғамның тірегі, сүйеніші. Оның себебі орта тап қоғамдағы байлықтың жартысынан астамын жасайды. Жұмыс орындарын ашады, халықты жұмыспен қамтамасыз етеді, кәсіпкерлікпен айналысады, салық төлейді. Сондықтан ол елдегі тыныштық пен демократияның ашық болуына, тұрақты болуына мүдделі, себебі оның байлығы, меншігі, экономикаға салатын капиталы бар. Ол сондықтан экономиканың тұрақты, эволюциялық жолмен дамуына мүдделі. Орта таптан басқа да өзінің меншігі мен байлығы, материалдық игілігі бар адамдар жатады.
Erep біз азаматтық қоғамды дамытпай оған көңіл аудармайтын болсақ нәтижесінде саяси институттардың ішінде мемелкеттің беделі нығайып ол өзінің міндеті мен қызметі арқылы азаматтық қоғамды жұтып қояр еді. Біздің алдымызда құқықтық мемлекеттің, құқықтың және заңның үстемдігі болатын мемлекет құру және соған сәйкес азаматтық қоғам қалыптастыру. Себебі мемлекет күшті болған жерде ол жеке тұлғаның еркіндігін, белсенділігін шектейді. Сондықтан кім күшті болса сол билігін жүргізу емес, керісінше заңның, құқықтың мықтылығы қажет. Кез- келген адам, азамат заңға сүйеніп мемлекетпен да соттасуға, егер ол заң бойынша дұрыс болса жеңіп шығуға мүмкіншілігі бар. Азаматтық қоғамды дамытпай демократиялық қатынастарды жетілдіру мүмкін емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, «азаматтық қоғам қазіргі демократияның қалыптасуының алғы шарты және құрамдас бөлігі. Сондықтан ол қоғамның бірігуіне ықпал жасайды»[1].
Азаматтық қоғамның мемлекеттік, үкіметтік емес, қоғамдық бірлестіктерден тұратындығы белгілі. Оның сондай институтарының бірі кәсіподақтар. Кәсіподақтардың негізгі мақсаты еңбек қатынастары және одан туындайтын басқа да қатынастар саласындағы жұмысшылардың мүддесін қорғау. Кәсіптік одақтар - азаматтардың өз кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшін ерікті түрде құратын дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктері. Үлкен кәсіпорындарда адамның санына байланысты дербес кәсіподақ ұйымы және оның аппараты болады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін азаматтық қоғамның институттарының дамуында жаңа кезең пайда болды. 1993 жылы 9 сәуірде № 2107-ХІІ «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды [2]. Заңда Қазакстан Республикасындағы кәсіптік одақтар Қазақстан Республикасындағы кәсіптік одақтар (кәсіподақтар) дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер, оларды дерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай- ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшін ерікті түрде құратындығы көрсетілген.
Азаматтық қоғамды дамыту жөнінде 2000 жылы 24 қазанда «Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға» деген Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет басшысы Үкіметке үкіметтік емес ұйымдарды қолдау жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бұл Жолдауында Қазақстанның Президент! Н.Ә. Назарбаев «Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар қазірдің өзінде Қазақстанда құқық қорғау қызметін де, халық топтарының айрықша мүдделерін жүзеге асыруда да, қоғамды әлеуметтік тұрақтандыруда да үлкен роль атқарып отыр. Атап айтқанда, әлеуметтік мәнді жобаларды жүзеге асыру үшін кепілдіктер жүйесі арқылы елеулі мемлекеттік қолдау керек» [3]. Осы айтылған тапсырмалардан кейіи көп ұзамай үкіметтік емес ұйымдар мен қозғалыстардың беделін көтеру мақсатында Үкімет нақты жұмыстар жүргізе бастады.
Үкіметтік емес ұйымдарға - ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда). Үкіметтік емес ұйымдарға білім беру саласындағы оқу орындары: гимназия, лицей, институттар мен университеттер әлеуметтік саладағы дәрігерлік емдеу орындары: аурухана, емхана, т.б. жатады. Демократияны дамыту дегеніміз ол кешенді шара, Онда қоғамның барлық саласы қамтылыуы қажет. Үкіметтік емес ұйымдардың да демократияға тигізетін ықпалы сөзсіз. Оларды мемлекеттік қолдау көрсету осыдан туған мақсат.
Азаматтық қоғамның тұрақты институттарынның бірі саяси партиялар. Саяси партия - мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси ырқын білдіретін республика азаматтарының ерікті бірлестігі. Қазақстандағы саяси партиялардың арасындағы халық пен биліктің ерекше сеніміне ие болған «Нұр Отан» партиясын айтуға болады. Басқа партияларда өздерінің шамасы келгенше жұмыс істеуде. Бүгінгі күні өзінің әлеуметтік қолдау базасы жағынан, істелініп жатқан жұмыстарының көлемі жағынан, оларды жүзеге асырудағы мүмкіншілігі жағынан «Нұр Отан» партиясына тең келетін саяси партия жоқ десек те болады. Сондықтан қоғамның саяси жүйесінде «Нұр Отан» партиясының алатын орны ерекше.
Саяси партиялардың халық пен билік арасындағы жалғастырушы қызметін арттыру үшін, олардың жұмысын жақсарту мақсатында елімізде 2002 жылы 15 шілдеде №344 «Саяси партиялар туралы» Заң қабылданды [4]. Бұл заң саяси партияларды құрудың құқықтық негіздерін, олардың құқықтары мен міндеттерін, қызметінің кепілдіктер белгілейді, саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын реттейтін болды. Азаматтық қоғам мен демократияны дамытуда саяси партияларға елкен маңыз беріледі. Себебі саяси партиялар демократияның аса маңызды салаларының бірі сайлау науқаны, ал саяси партиялар осы сайлауда халықтың дауысы үшін күресетін және оны билікпен жақындастыратын құралдың бірі.
Азаматтардың өздерінің еркімен құрылатын ұйымдарының бірі діни бірлестіктер Діни бірлестіктер - жергілікті діни бірлестіктер (қауымдастықтар), діни басқармалар (орталықтар), сондай-ақ діни оқу орындары мен ғибадатханалар. Азаматтық қоғамның институтарына құқықтық сипат бері мақсатында 1992 жылы 15 қаңтарда № 1128-ХІІ «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданды [5]. Заңда Қазақстан Республикасының әрбір адамның наным бостандығы құқығын кұрметтейтін демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылатынын таниды, азаматтардың діни сеніміне қарамастан, тең құқылы болуына кепілдік беретіндігі, Қазақстан халықтарының рухани мұрасымен үйлесетін діндердің мәдени және тарихи құндылығын және конфессияаралық келісімнің маңыздылығын, діни төзімділікті және азаматтардың діни нанымдарын кұрметтеуді мойындайтындығы көрсетілді.
Азаматтық қоғамның құрамдас институттарының бірі қоғамдық бірлестіктер Осыған байланысты, 1996 жылы 31 мамырда № 3-1 «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды [6]. Заңда Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығын іске асыруға, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар реттелетіндігі айтылды. Оның 2- бабында қоғамдық бірлестік ұғымына түсінік берілді. Қазақстан Республикасын саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған, заңдарға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Азаматтық қоғамның маңызды институттарының бірі коммерциялық емес ұйымдар. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыну кооператив!, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. 2001 жылы 16 қаңтарда № 142-П «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Казақстан Республикасының Заңы қабылданды [7]. Заң коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттармен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдарға мекеме, мемлекеттік мекеме, жеке меншік мекеме, қоғамдық бірлестік, қор және оның жеке, корпоративтік, қоғамдық, мемлекеттік қорлар сияқты түрлері, тұтыну кооператив!, діни бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, коммерциялық емес ұйымның өзге де ұйымдық-құқықтық пішініндегі (нотариалдық палаталар, қорғаушылар алқасы, сауда-өнеркәсіп палаталары, кәсіби аудиторлық ұйымдар, меншік пәтерлер иелері кооперативтері), заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) пішініндегі бірлестігі т.б. жатады. Азаматтық қоғамның белсенді және жылжымалы институттарының бірі бұқаралық ақпарат құралдары. Бұқаралық ақпарат құралы - мерзімді баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс - бейне жазбасы және көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (интернет және басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да пішіні.
Азаматтық қоғамның институттарына ұлттық-мәдени бірлестік - өзін белгілі бір этникалық бірлікке жатқызатын, өзінің этникалық ерекшелігін сақтау, тілін, білімін және мәдениетін дамыту мәселелерін дербес шешу мақсатында азаматтардың өздері ерікті өзін-өзі ұйымдастыруы негізіндегі бірлестігі. Жергілікті өзін-өзі басқару - жергілікті маңызы бар мәселелерді тікелей немесе жергілікті өзін- өзі басқарудың құрылатын органдары (институттары) арқылы өздері дербес шешу мақсатында белгілі бір мекендер шегінде тұрғылықты жері бойынша азаматтардың өзін-өзі ұйымдастыруының нысаны. Бүгінгі күні Қазақстанда 12 саяси партия, түрлі бағыттағы 5820 ҮЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мәдени бірлестік, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды білдіретін 3340 діни бірлестік, түрлі меншік нысанындағы 6646 БАҚ ресми тіркеліп, жұмыс істеуде [8, с. 30].
Демократиялық қоғам құру Конституция преамбуласында көрсетілгендей Қазақстан халқының мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету деген ол тарихи аймақтың орнына қоғам келіп, ондағы адамдардың тең құқылы болуын сипаттайды. Бұған жол ал дымен Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы азаматтық қоғам идеясына қосылады және демократиялық қоғам адам бостандығы, құндылығы мен құқығын қорғаусыз өмір сүре алмайды. Конституциямыздың 1 бабында көрсетілгендей, деморатиялы елде адамды, оның өмір сүруге құқығы мен бостандығын мемлекеттің жоғары құндылығы деп есептейді [9]. Осыған орай, еліміздегі атқарушы өкімет, сот ситемасы, құқық қорғау органдары арқылы жүргізіліп отырған реформалар жаңа конституциялық ережелерге сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайының мәселелері 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабының 1 тармағы Қазақстан Республикасы азаматтарының еркін бірлесу құқығы бар деп белгілейді[9]. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі.
Erep де осы тармақтың бірінші сөйлемінің мағынасын қатаң қабылдар болсақ, Қазақ елі заңнамасы толықтай халықаралық құқықтарға сәйкес азаматтың қоғамдық бірлестік құру мақсатында басқа азаматтармен бірігуі құқығына кепілдік береді. Алайда, Конституцияның 23-бабы 1 тармағының екінші сөйлемінің мағынасына және 5-бабына орай бірлесудің бір нысаны ғана - қызметі заңмен реттелетін қоғамдық бірлестіктер ғана конституциялық түрде бекітілген[9].
Ата заңымыздың 5-бабына сәйкес мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады[9].
Осыған ұқсас тыйымдар 1996 жылғы 31 мамырдағы Қоғамдық бірлестіктер туралы (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) заңның 5-бабында бар, бірақ бұл жерде оған қоса тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің қызметіне тыйым салынған.
Бұл тыйым халықаралық стандарттарға қайшы. Мәселені нақтыласақ, мысалы, Европалық Одақ Министрлер кеңесінің 2003 жылғы 16 апрелдегі шешіміне қолдаушылық көрсеткен «Европадағы үкіметтік емес ұйымдар мәртебесінің негізгі принциптері» [10] атаулы құжатты алып қаралық.
Европаның елдерінің қауіпсіздігіне арналған Европа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымы (ЕҚЫҰ) қатысушылары екенін мойындасақ, іс жүзіндегі аталмыш құжатнама ұйым шеңберіндегі міндеттемелерге енгізілген бірлесу құқығының халықаралық стандарттарының түсінігін айқындайды.
Аталған құжат, «Үкіметтік емес ұйымдар» ретінде қауымдастықтарды, одақтарды, қоғамдық бірлестіктерді, қорларды, қайырымдылық қоғамдарын, коммерциялық емес ұйымдарды т.с.с. атайды. Осы ұйымдар қызметінің аясы да әралуан, өйткені үкіметтік емес ұйымдар - мәселен, ауылдық шахматтық клубы секілді бірнеше мүшесі тіркелген шағындау ұйым сияқты, әрі әлемге танымал, ішінара алғанда құқықтық реттеу қызметімен айналысатын әлемдік қауымдастықтар да болуы мүмкін. Оған кәсіподақтар мен діни бірлестіктер кірмейді. Кейбір елдерде бұл құрылымдардың барлығы немесе олардың кейбіреулері қоғамдық бірлестік турасындағы заңнамалардың қолдану кеңістігіне кіреді, ал басқада елдер сияқты оларда жекеленген заңдардың шеңберінде әрекет етеді. Сондықтан саяси партиялар үкіметтік емес ұйымдар қатарына жатпайды.
Басты қағидалардың төртінші тармақшасында көрсеткендей, «үкіметтік емес ұйым» сипаттамалық негізі - ұйымның негізгі мақсаттарының коммерциялық еместігінде. Барша ҮЕҰ үшін жалпы ерекшелік - өзін-өзі басқаруы және еріктілігі, сондай-ақ олар өз қызметінен алған табысты өз мүшелері арасында бөліспейді, бірақ қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмсайды.
Айырмашылықтарға келер болсақ, үкіметтік емес ұйымдар жағдайында көбінесе қауымдастықтар мен қорлар арасындағы айырмашылық аталады. Негізгі принциптерге түсіндірме жазбада қауымдастық (ассоциация) қандай да бір мақсатпен біріккен адамдардың тобы деп көрсетілген. Сол құжатқа сәйкес қор «қандай да бір мақсатқа арналған белгіленген мүлік» болып табылады.
Аталмыш құжат бесінші тармағында үкіметтік емес ұйымдардың тіркелуі міндеттілігінің жай - күйі тұрғысынанда маңызды болады: «үкіметтік емес ұйымдар ресми емес ұйымда болулары және құқық субъектілігі бар құрылымдық бірлік те болуы мүмкін. Үкіметтік емес ұйымдар алуы тиісті қаржы жағынан, сонымен бірге басқа да қолдаушылық түрі бойынша айырмашылықтарды көрсетіп беру мақсаттарында құқықтық субъектілігімен бірге ұйымдық құрырылым ел заңнамасына сай түрлі мәртебелерді пайдалана алады» [10].
Яғни, әңгіме құқықтық субъектілігін алғысы келмейтін үкіметтік емес ұйымдар мен заңды тұлға мәртебесіне ие ұйымдардың арасындағы айырмашылықтар туралы. Көптеген елдердің заңнамасындағы сияқты, Принциптердің мәтінінде тек құқықтық субъектілігі бар үкіметтік емес ұйымдарға ғана қатысты бірқатар ережелер бар. Дегенмен де құжатта үкіметтік емес ұйымдар өз қызметін мұндай мәртебе алмай-ақ жүзеге асыруға құқылы болатын принцип мойындалады. Бұл ретте мұның ұлттық заңнамада да бекітілгені маңызды екендігі атап өтіледі.
Ссылай, осы қағидалар европалық мемлекеттердің ортақ тұжырымы тұрғысынан бар европалық елдер бойынша үкіметтік емес ұйымдардың өздеріне тіркелу немесе тіркелмей-ақ жұмыс жасай беруге құқық беріп, ерікті ұйым ретінде танылатындығы мойындалған.
Басты қағидаларға түсіндірмелік жазбаларда Еуропада бірлесу құқығын жүзеге асыру «... тіркелген коммерциялық емес сектор ұйымдарының санының қарқынды өсуінде көрініс тапты, ол 2-ден 3 миллионға дейін жетеді және де бұл санда кейбір елдерде көптеп кездесетін бейресми, тіркелмеген бірлестіктерді есепке алынбаған. Үкіметтік емес ұйымдар саны өсіп келеді және бұл үрдіс Eypona Одағы мен оның құрамына кіретін мемлекеттер басшылыққа алатын бостандық пен демократия идеалдарымен тікелей байланысты» [10] - деп көрсетілген.
Атап өткеніміздей, Қазақстан заңнамасында тіркеуден өтпеген қоғамдық бірлестіктер қызметтеріне, рұқсат берілмейді, аталмыш ұйғарым құқық саласында термин және түсініктер пайдалануға айтулы қайшылық туғызатындығы белгілі[11].
Бірінші, «тіркеуден өтпеген қоғамдық бірлестіктер» және т.б. терминдер құқықтық тұрғысынан негізделмеген.
Қоғамдық бірлестіктер бірінші белгісі табыс табуға негізделмеген ұйымның бірі, жалпы заңды тұлғалардың бір түрі [12]. Бұл да құқықтық мәртебе. Әділет органдарында тіркелгенге дейін қоғамдық бірлестік заңгерлік қызмет етуіне тиым салынады, коммерциялық емес ұйым түрінде және қоғамдық бірлестіктер нысанында ғана заңды тұлғалардың құқық субъектісі болуға үміткерлер топтарына жатады. Азаматтар топтары өздерін комитет, кеңес, клуб, бірлестіктер деп және т.б. атағанымен осы ұйымдар әлі оның қоғамдық бірлестік екенін білдірмейді.
Екінші, неліктен екендігі белгісіздеу, заңнама жеке тіркелмей қалған қоғамдық бірлестіктерді құру және қызметтер жасауына тыйымдар салады, дегенмен коммерциялы еместігі статусы бар ұйымдар қатарында мекемелер, қоғамдық қорлар т.с.с. сияқты ұйымдар мен заңды нысандарда баршылық.
Үшіншіден, егер де тіркелмеген қоғамдық бірлестіктерді құру, оның қызметіне тыйымдар салынар болса, олай болғанда осы мүшелер саны 10 немесе оданда көптеу ұйымдар атаулыға қатысты ма (қазақстандық заңнамада қоғамдық бірлестік құру үшін бастамашы азаматтардың ең аз сандары), әлдеқалай мүшелері санының аздығына қатысы барма, осы тұсы түсініксіздеу. Мәселен, төрағасы бірге қосып алғанның өзінде 5 адамнан құрылатын аула тазартуға арналған қоғамдық комитеттердің заңды не заңсыз екені турасында сұрақтар туындайды. Осымен қоса, қайсыбір бірлестіктердің заңдарда жазылған рәсіміне сәйкестендіріп тіркелмегендері болған жағдайда, олардың құқықтық тұрғыда бірлестіктер болғаны қалай анықталатындығы түсініксіздеу.
Жоғарыда атап өтілгендей, ҚР Конституциясы 5-бабы бойынша мақсаттарыы не іс-әрекеттері Республика конституциялы құрылымын күштеу арқылы өзгерту ісіне арналған, елдің тұтастық принципін бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігі жағына нұқсандар келтіру, әлеуметтік топтарды қарсы қою, нәсілшілдік, ұлтшылдық, дін, рушылдық араздықтарды қоздыру үшін бағыттап қоғамдық бірлестіктер құру мен құрылған кезде де қызметтеріне тыйымдар салынатындығы белгілі. Осы жағдайларда әңгіме неге қоғамдық бірлестіктердің мәртебесі туралы деген көп сұрақ туады. Қандай болмасын бірлестіктерге де, басқа заңды тұлғаларға да мұндай мақсаттар және іс- әрекеттерге рұқсат етілмейтіндігі белгілі ғой.
Осыдан, мынадай қорытындылар жасауымызға болады: азаматтардың бірлестіктерін тіркеуден өтуге міндеттілігін және одан неліктен өтпегендігі себептеріне жауапқа тартылуы жөніндегі құқық нормалары әлемдік стандарттарға сәйкес келмейді.
Осы айтылған мәселелерге орай, отандық заңнамалардағы адамдар мен азаматтар құқықтарын, бостандықтарын әлемдік стандарттарға сәйкестендіру үшін адамдардың бірлестіктерге, қауымдастықтарға, оның ішінде бейресми сипаттағысы құрамына кіруге, оларды құруына құқықтарын бекітулер қажет-ақ сияқты.
Әдебиеттер тізімі:
- «ҚР азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы». ҚР Президентінің №15 Жарлығы. 2006. - 25 шілде.
- «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңы. 1993 жыл 9 сәуір № 2107-ХІІ.
- Қазақстанның Президент! Н.Ә. Назарбаевтың «Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға» атты Қазақстан халқына жолдауы. 2000. - 24 қазан.
- «Саяси партиялар туралы» ҚР Заңы. 2002. - 15 шілде №344.
- «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы. 1992 жыл 15 қаңтар № 1128-ХІІ.
- «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңы. 1996. - 31 мамыр № 3-1.
- «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» KP Заңы. 2001. - 16 қаңтар. № 142-П.
- Турдалиев А. Независимый Казахстан. Алматы 2017.
- Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995. - ЗОтамыз.
- «Европадағы үкіметтік емес ұйымдар мәртебесінің негізгі принциптері» Европалық Одақ Министрлер кеңесінің 2003. - 16 апрелдегі шешімі.
- Кушалиев Г.А. Роль экологических НПО в построении гражданского общества в Казахстане. // Суверенный Казахстан как политическая реальность. Алматы 2001 г.
- ҚР Азаматтық кодексі. Алматы 1994.