Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің қазіргі таңдағы гидрологиялық жағдайына сипаттама

Көпжылдық зерттеулер мәліметтері негізінде Каспий теңізінің гидроло- гиялық сараптамасы жүргізілді. Cy бассейндегі экологиялық жағдайлардың табиғи- климаттық факторлар және адамның шаруашылық қызметінің салдарынан өзгеру дәрежесі анықталды, бұл өз кезегінде бағалы шаруашылық нысандардың аулануы мен санының өзгерісіне алып келетіні анықталды. Солтүстік-Шығыс Каспий суларында жаздық және күздік мерзімдерде өндірістік нысандар популяцияларының күрделі экологиялық жағдайларда болатыны көрсетілді. Неғұрлым жоғарғы дәрежедегі қауіптілікті тудыратын мұнаймен ластанудың жоғарғы дәрежесі екендігі белгілі болды[1].

Солтүстік Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігіндегі гидрологиялық және гидрохимиялық режимдердің қалыптасуы негізінен тұщы сулы өзендер ағысымен тығыз байланысты болып келеді. Соңғы жылдары теңіз режимінің қалыптасуы жоғарғы деңгейдегі Еділ және Жайық өзендерінің ағысы нәтижесінен теңіз суының деңгейі біраз көтерілген. 1978 ж. бастап теңіздің трансгрессиясы басталды, нәтижесінде 1995 ж. теңіз деңгейі 2,5 м дейін жоғарлаған (барлығы 26,65 м дейін). Cy массасының көлемі 932 км2 артқан. 2015 ж. бұл көрсеткіш-27,01 м құрады.

Теңіз деңгейінің көтерілуі оның гидрологиялық-гидрохимиялық режимінің түпкілікті өзгерісіне және тұтас алғанда теңіз акваториясының өзгеруіне әкеліп соғады. Қазіргі таңда теңіз суының тұщылану процесі жүруде, биогенді элементтер, азот пен фосфор түрлерінің минералды және органикалық түсуі жоғарылауда, бұл өз кезегінде негізгі өндірістік балықтардың жем-шөптік базасының жақсаруына әкеледі. Ұсақ сулы Солтүстік Каспийге шамамен 90% өзендік ағыстар келіп түседі. Оның әлсіз тұзды сулары жазғы уақыттарда күн көзімен жақсы қызады да және жем-шөптік базасы бай келеді, бұл жас және ересек балықтардың негізгі акваториясы саналады.

Каспий теңізінің гидрологиялық құрылымының қалыптасу жағдайлары өзіндік ерекшеліктерге толы: оның тұйықтылығы, материкішілік орналасуы, өзен ағыстарымен әсерлесуі, жағалық конфигурациясы және теңіздік түптік рельефі, мұхиттармен байланысы жоқтығы, бірақ теңізге тән барлық қасиеттердің болуымен ерекшеленеді[2].

Каспийдегі мұндай желдердің әртурлігі теңіздің ұзақ меридиональді созылуымен, сондай-ақ жағадағы физика-географиялық әртүрлі жағдайлармен байланысты. Желдің соғу күші айтарлықтай шектерге жетті, бұл су мөлдірлігінің өзгерісіне әкелді.

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда зерттеліп отырылған Солтүстік Каспий суларының барлық бекеттерінде де судың тұнықтылығы төмен болды. Ұсақ сулы бекеттердегі судың тұнықтылығының орташа мәні терең судағылармен шамалас болды.

Солтүстік Каспийдегі су аз сілтілі келеді. pH мәні барлық бекеттерде дерлік біркелкі болды, бұл алдыңғы зерттеу аралығымен салыстырғанда біраз томен. (1- Кесте)

Континентті теңіздерде судың тұздылығы миграцияны анықтаушы, теңіз жануарлары және барлық өмірлік жағдайларын кеңістіктік орналастыратын неғұрлым маңызды компонент болып табылады. Теңіздің Қазақстандық бөлігінің акваториясы әртүрлі тұздылықпен сипатталады, бұл мұнда келіп түсетін ірі өзендердің тұщы су ағысына, жиі және ұзақ болып тұратын желдердің әсерлеріне байланысты болады[3]

1-Кесте. Солтүстік Каспий суларының гидрохимиялық сипаттамасы

Сипаттамалар

Көктем

Жаз

Орташа мөлшері

Қанығу шектері

Орташа мөлшер

Қанығу шектер

Тұздылығы, %о

6,77

0,28-9,70

7,63

0,62-9,99

pH

8,32

-

8,54

-

Ог мг/дм3/ % қанығуы.

14,7

114

10,99

106

Перманган атты қышқылдануы, мгО/дм3

7,4

-

9,9

-

Солтүстік Каспий акваториясындағы тұздылықтың кеңістіктік таралуы өте біркелкі емес, бұл басты жағдайда Еділ және Жайық өзендерінің тұщытушы ағын әсеріне тікелей байланысты. Қазақстандық сектордың солтүстік-батыс бөлігі Еділдік су ағынымен неғұрлым тұщытылған, мұнда тұздылық көктем мезгілінде 0,28-2,97% аралығында, ал жаз мезгілінде 0,62-5,66% аралығында болады.Қарастырылып отырған аумақта Жайық өзені тұздылығы Солтүстік Каспийдің шығыс және оңтүстік- шығыс бөлігімен салыстырғанда 4,78-6,02% темен, ал Солтүстік Каспийдің шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде судың тұздылығы 7-9% аралығында болып келеді. [4].

Солтүстік Каспийдің акваториясында маусым айында газды режим қолайлы болды. Судың температурасы айтарлықтай жоғары болуына қарамастан судың оттегімен қанығуы жоғары болды (100%). Ұсақ сулы бекеттерде терец сулылармен салыстырғанда оттегі кон центра циясы біраз жоғары болды. [6].

Солтүстік Каспий суларындағы температура өзгерісі, әсіресе ұсақ сулы зонада зерттеулер жүргізген аралықтарда ауа температурасының өзгеруіне тәуелді болды. Зерттеулер жүргізілген аралықтарда ауа температурасы үлкен шектерде ауысып отырғандықтан (21°С - 35°С), судың температурасыда айтарлықтай шектерде өзгеріп отырды (23,10C - 26,10C).[7].

Микроағзалардың өмір тіршілігі барысында еріген оттегі судағы органикалық заттарды қышқылдандыруға шығындалады, бірінші кезекте оңай алынатын заттарға. Маусым айында Солтүстік Каспийдегі судың ОБҚ (БПК) - оттегінің биологиялық қажетсіну дәрежесі өте жоғары болмады және барлық зерттелген бекеттерде негізінен біркелкі дәрежеде (2-Кесте). Бірақ үш нүкте аралығында- 27, 45, 67 ОБҚ максимальді мәні тіркелді, олар сәйкесінше-1,56 мг/л, 1,34 мг/л, 1,41 мг/л. [8].

2-Кесте. Солтүстік Каспий суындағы және топырағындағы ОБҚ-ның орташа мәні

Тереңдік, м

Судағы ОБҚэ 0г / л

Топырақтағы ОБҚ, мг Ог /м2

маусым

шілде-тамыз

5-кедейін

0,74

3,14

387

5-10

0,88

2,79

432

Солтүстік Каспийде шілде-тамыз айларында ұсақ сулы бекеттерінде судың беткі бөлігінде ОБҚ-ның жоғарғы мәні байқалды. Ал топырақта су ОБҚ терец сулы бекетерімен салыстырғанда жоғары болды.[9].

Органикалық заттардың деструкция мөлшері негізінен шөгінді жинақталулардың сипатымен байланысты.

Неғұрлым темен мәнді деструкциялар негізінен шөгінді жинақталулар құмды және қайыршақты болған жағдайларда байқалды. Топырақ ОБҚ-ның неғұрлым жоғары мәні тереңдігі 30-100 м бекеттерде тіркелді.[10].

Гидрофобты табиғи ортаның органикалық ластаушыларымен салыстырғанда металдармен ластану суда еріген күйінде-қозғалмалы және жылжымайтын күйде болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде олардың қауіптілік дәрежесін одан әрі арттырады.[11].

Өзен, көл су қоймалары суларының сапасын шарттауды беткі су көздерін ластанудан қорғаудың санитарлық ережелері мен нормаларына сәйкес жүргізеді.

Олар су көздерінің 2 категориясын белгілейді:

  1. -ауыз су және мәдени - тұрмыстық мақсаттағы су көздері;
  2. -балық шаруашылығында пайдаланатын су көздері.[12].

Бірінші типтегі су көздерінің суының құрамы мен қасиеті су пайдалану бекетінен 1 км-ден жоғары қашықтықтағы нүктелердің нормасынасай болуы керек. Ал балық шаруашылығы мақсатында пайдаланатын су көздерінің құрамы мен қасиеті, ағынды суларда ақаба сулардың төгілетін жерінің нормасына, ал ағынсыз суларда, ағызу нүктесінен 500 м қашықтықтағыдай болуы қажет. [13].

Ережеге сәйкес су көздерінің суының келесі көрсеткіштері үшін нормативтер белгілейді: судағы қалқып жүрген қоспалар және жүзгінді заттар үшін; иісі, дәмі, түсі және температурасы; сутектік көрсеткіш pH мәні, судағы минеральды қоспалар құрамы мен еріген оттегі мөлшері, судағы оттегінің биологиялық қажеттігі; улы және зиянды заттардың құрамы мен шекті рауалды мөлшері (ПДК) жэне ауру тудыратын бактериялар саны.[14].

Зиянды және улы заттар құрамына байланысты эр түрлі болады, соған байланысты оларды зияндылықтың шектеулі көрсеткіші принципі бойынша нормалайды. Бұл әрбір заттың мүмкін қауіпті әсерін білдіреді. Ауыз су және мәдени- тұрмыстық мақсаттағы су көздерінің суының сапасын нормалағанда үш түрлі зияндылық шектеулі көрсеткіш(ЛПВ): санитарлы - токсикология-лық, жалпы санитарлық және органолептикалық бойынша реттейді.[15].

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Исходное состояние морской окружающей среды, 2006. - Отчет обинтерпретации результатов морских экологических исследований Аджип KKO в2006 г.
  2. Панин Г.Н., Мамедов Р.М., Митрофанов И.В. Современное состояние Каспийского моря. -M.: Наука, 2005.
  3. Экологические Фоновые и Мониторинговые Исследования Окружающей Среды Северного Каспия. Весна-Осень, КАПЭ, 2006-2010 гг.
  4. Демесинова Г.Т. Современное состояние гидрофизических и гидрологических характеристик Казахстанского сектора Каспийского моря. // Вестник АГУ имени X. Досмухамедова, -А., 2013., № 3(30), -С.46-51.
  5. Диаров М. Д. «Экология нефтегазовых комплексов» - Атырау, 2004г. 554с.
  6. Глумов И.Ф. Современное состояние экосистем и хозяйственное освоение природных ресурсов Каспийского моря. Бюллетень «Исследование и охрана природных ресурсов России», 2001, № 7.
  7. Клиге Р.К., Селиванов И.В. Баланс осадочного вещества в Каспийском море и его возможная роль в изменении уровня водоема. Водные ресурсы, 1995, том 22, № 3, с. 330-335.
  8. Лебедев Л.И., Маев Е.Г.Осадки Каспийского моря. M.: Наука, 1973,1119 с.
  9. Каспийское море: проблемы седиментогенеза/ под ред. Холодова В.H., Хрусталева Ю.П. и др. M.: Наука. - 1989, 184 с.
  10. Пахомова А.С., Затучная В.М. Гидрохимия Каспийского моря. - Л.: Гидрометеоиздат, 1966, 344 с.
  11. Хрусталев Ю.П. Закономерности осадконакопления во внутриконтинентальных водоемах аридной зоны. - Л.: Наука 1989, 284 с.
  12. Глазовский И.Ф., Батоян В.В. Комплексные исследования Каспийского моря. - M.: МГУ, 1976, Вып. 5, с.189.
  13. ГОИН. Устьевая область Волги: гидроморфологические процессы, режим загрязняющих веществ и влияние колебаний уровня Каспийского моря//Под.ред. Полонского В.Ф. - M.: ГЕОС, 1998.
  14. Карпычев Ю.А. Колебания уровня Каспийского моря в исторический период. Водные ресурсы. - 2001, том 28, № 1, с. 5-17.
  15. Иванов И.В. Причины колебаний Уровня Каспийского моря в голоцене по данным палеогеографии и палеопочвоведения, том 27, №3, с. 267-272.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.