Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тастөбе шайқасы (180 жыл толуына орай)

Андатпа

Қазақ жері Ресей империясы құрамында болған жылдарда қазақ халқы патша өкіметінің отарлық езгісіне қарсы қолдарына қару алып, талай рет азаттық жолындағы күреске көтерілді. Солардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі-1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасы мен Кіші жүдің батыс бөлігін қамтыған, бүкіл Евразияны дүр сілкіндірген И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс.

Соңғы жылдардағы зерттеулер бұл көтерілістің екі кезеңнен тұратындығын көрсетті. Бірінші кезең: 1836-1837 жылдардағы Бөкей ордасында болған көтеріліс. Екінші кезең: 1838 жылдың алғашқы алты айында Кіші жүздің Батыс бөлігінде болған көтеріліс.

Осы мақалада бірінші кезеңнің басты оқиғасы Тастөбе шайқасы туралы сөз болады.

1837 жылдың қазан айында көтеріліс кеңінен етек алып, бүкіл Бөкей ордасына жайылды. Осы кезде өзінің сыйпаты мен күші жағынан көтеріліс әбден дамып, шарықтау шегіне жетті. Исатай батыр бастаған көтерілісшілер 15-қазанда Балқы бидің қонысы Теректіге шабуыл жасап, оның ауылын талқандады. Сонымен бірге олар ханның сенімді адамдарының бірі Шомбал Ниязовтың қонысына барып, оның ауылын талқандап, інісі Бекжанның үйін өртеп екеуінін де дүние-мүліктерін шаруаларға бөліп берді. Бұл кезде Бөкей хандығы түгелге жуық И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісшілер қолында болды. Хан үкіметінің қолында тек хан ордасы ғана қалды.

Исатай батыр енді көтерілісшілерді хан ордасына қарай бағыттап, оған 10 шақырымдай жақындап келді [1963-іс, 187-188,193 парақтар].

Бұл кезде Жәңгір хан ордадағы адамдардан әскер құрап, оған Шомбал би әкелген 100 дей адамды қосып, қорғаныс ұйымдастырды, Орданы айналдыра ор қаздырды. Сонымен бірге, Шыман Ормановтың айтуымен Исатайға елші жіберіп көтерілісшілердің талаптарын «ойлануға 10 күн мерзім» сұрайды. Махамбет

бастаған сарбаздардың біразы - Қабыланбай, Үбі, Сегіз Cepi, Науша және т.б. - ойлануға уақыт беруге келіспей, дереу хан ордасын шабуды ұсынады [2,159 6].

Махамбеттің

Хан баласы қабан-ды

Қайырылып шапса жаман-ды

Хан баласы қара жылан-ды

Қайта айналса шағар-ды

Шабар күнің бүгін-ді,

Бүгіннен кейін қиын-ды, -

деген өлеңі осы мезгілде шығарылған болса керек.

Алайда ақылды, байсалды, ұстамды Исатай батыр Жәңгір ханның патша үкіметінің әскерін шақыртуы мүмкін екендігін, егер патша әскері ханға көмекке келген жағдайда көтерілісшілердің оларға қарсы қояр үйретілген әскері де, қару- жарақтары да жоқ екендігін, оған қоса патша әскері келсе ақ-қара, бала-шаға, кәрі деп қарамай, бейбіт, қарусыз елді қырып-жойып, барын тартып әкететіндігінескеріп, халық талабын ханнан тек айбармен, қысыммен орындатуға әрекет жасайды. Бұл жерде Исатай батыр өткен ғасырдың 90-жылдарында Сырым Датұлы бастаған көтерілісшілердің Есім хан ордасына шабуыл жасап, оны өлтірсе де өздерінің түпкі мақсаттарына жете алмай ыдырап кеткендігін де ескерген болса керек. Сондықтан, Исатай батыр ханға 10 күн мұрсат беріп, негізгі талаптарын орындатуға, соның ішінде елге патша әскерін шақыртпауды мақсат етіп, ханмен келіссөз жүргізуге бел байлайды. Исатай ханды да, хандық жүйені де жоюды мақсат етпеген еді. «Оның (Исатайдың - автор} негізгі мақсаты - ханның басын алу емес еді, екіге бөлінген қазақты өзара қантөгіске жібермей, хан-сұлтанға қысым жасап және хан жағында жүрген аталастарын да өз ықпалына көндіріп, патшалық басқару жүйесінен алшақтатып, көтерілісті біртұтас ұлт-азаттық күрес арнасына бағыттауға талпыныс еді» [3,160 6].

Исатай батырдың Жәңгір ханмен келіссөз жүргізуінің тағы бір себебі-уақытты соза отырып, Жайық өзені қатқаннан кейін қол астындағы адамдармен Кіші жүзге өтіп кету жоспары болды.

Жәңгір хан осы мерзімде Ресейден жазалаушы әскердің келуін күтеді. Оның бұл жоспарын 16-қараша күні Орынбор шекара комиссиясына жолдаған хатынан анық көруге болады. Онда: «Тобырдан қандай мәселе бойынша да өтініштерін беруді сұрай отырып, шешуші шайқасқа дейін уақыт созуды ойладым», - делінген [1, 328-331 парақтар].

Бұл кезде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский көтерілісшілерді жою жоспарын жасайды. Ордаға Жәңгірханға көмекке Кулагин, Горек қамалдарынан, Зеленов форпостынан жақсы қаруланған тұрақты әскер және казак бөлімдер мен жекеленген әскери бөлімшілер аттандырылады. Орынбордан көтерілісшілерге қарсы бүкіл операцияны үйлестіріп, басқару үшін подполковник К.К.Геке жіберіледі. Ол қазанның 24 де Оралға келіп, мұнда көтерілісшілерді талқандау жөнінде жоспар жасап, 24 атты қазақты ілестіріп хан ордасына жүріп кетеді. Геке 26-қазанда Глининскбекінісіне келіп, мұнда Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің хан ордасын қоршағанын, Жәңгір хан мен Исатай батыр арасында келіссөз жүріп жатқандығын, алайда оның нәтижесінің әлі белгісіз екендігін естіп, біледі. Геке 30-қазанда хан ордасына жетеді. 5-қарашада Геке Орынбордың әскери-губернаторына хат жолдап, хан ордасындағы жағдайда хабарлайды: «8 шақырым жерде тұрған тобырлардың шабуыл жасауынан қорыққандықтан хан ордасын үрей жайлағандығына көзім жетті. Тайманов ханмен келіссөз жүргізіп, халықтың атынан Қарауылқожа мен басқаларды орнынан алуды 14

талап етті. Екі жақтан да келіссөзге ада мда р жіберіліп, шарттарын қойысуда» [1, 227-230 парақтар] Геке айтып отырған талапты Жақия Исатайұлы жазып, оған 269 дай адам қол қойған болатын. Олар өз шағымдарында Қарауылқожаны Каспий жағалауындағы І-округті басқарудан босатуды, түрлі дауларды патша әскерін елге шақырмай, бейбіт жолмен келісіп шешуді сұрайды, өйтпеген жағдайда біз башқұрттар сияқты тікелей орыстың билеуіне көшеміз, - деп жазады [1, 227-230 парақтар]. Сондай-ақ бұл арызда сұлтандардың, билердің, қожалардың зорлығы, есепсіз алым-салығы, шаруаларды ұрып-соғып жәбірлейтіні, дүние-мүлікті тартып алатыны туралы да айтылған.

Осы кезде Перовский Гекеге «Тайманов әрекетінің неғұрлым зиянды әсері болатынын ескеріп, Ордадағы берекетсіздіктің шұғыл шарасын алуыңызды сұраймын,»-деп жазды.

Бұл кезде Орал қазақ әскерінің Төменгі Жайық линиясының бастығы ротмистр Акутиннің өзі 600 солдатты дайындап, 150 жазалаушы әскермен 29- қазанда Ішкі Өзен линиясына аттанады. Көтерілісті басатын қазақ әскерлерін басқару үшін генерал Покатилов 6 есаул, 12 урядник, 5 жүзбасы жібереді. Жәңгір ереуілшілер екпінінің қатты екенін ескеріп, Астрахань губернаторы на н зеңбірек сұратады. Астраханнан подполковник Алиев бастаған 300 атты қазақ пен бір зеңбірегі бар отряд хан ордасына 10 қарашада келіп жетеді.

Сөйтіп, көтерілісшілерге қарсы бұл кезде жан-жақтан жазалаушы әскерлер жинала бастайды. Гекенің нұсқауымен полковник Меркульев бастаған 400 қазақ Жайық линиясынан тура Жаманқұмға тартады да, бұларды естіп қаша көшкен Исатайдың, т.б. көтерілісішілердің отбасын қолға түсіреді. Бұл хабар жетісімен Жасқұстағы көтерілісшілер арасы қожырай бастайды. Енді әйел, бала-шағаны қорғау қажет болады. Исатай 5-қарашаға қарай түнде Жасқұсты тастап, 300 адаммен Жаманқұмға кетеді. Исатай ауылын оңай қолға түсірген Меркульев кейіннен Исатайдың қоршауы салдарынан, оның отбасы мен ауылын босатып жіберуге мәжбүр болады. Меркульев Гекеге: «Күшім артық болса да, соғысуға тәуекел етпедім. Өйткені, соңымыздан келетін артиллерия әлі жеткен жоқ еді, сондықтан бостан-бос адам шығыны болмасын деп ойладым», - деп жазды.

7-қарашада Геке 450 адамымен хан ордасынан шығып, Теректі қонысына қарай жүреді, жолшыбай линиядан келген 234 адамнан құралған отрядты, одан кейінгі екі зеңбірекпен келген 48 солдатты қосып алады.

Геке 12-қарашада Теректі құмына, ал 13 қарашада Жаманқұмға жетіп, Меркульев отрядымен кездеседі. Нәтижесінде бұл отряд 400-ден астам хан жасақтары мен 700 солдаттан құралады. Енді жазалаушы отрядтардың негізгі күші бірігіп, олардың саны 2000-ға жетеді. Сол арадан 25 шақырым жердегі Бекетайға, одан 15-қараша күні таңда Тастөбеге келеді. Осы Тастөбеде көтерілістің І-кезеңінің тағдырын шешкен шайқас болады. Ұрыстың барысы туралы Геке Перовскийге былай деп жазды: «Кенеттен төрт шақырымдай жерден аттылы жігіттердің үлкен тобы шыға келді. Орындарынан жанұшыра тұра келген отряд адамдары (Геке адамдары- автор) аттарына міне сала, соларға қарай беттеді. Жақындағанда сайдың тасындай 500 аттылы жігіттің қоршауында биіктеу төбе үстінде қасқая қарап тұрған Исатай Таймановты бірден таныдым. Біз ілгері жылжи түскенмен Исатай қаймығар түр байқатпады, керісінше оның жағынан бірнеше жігіт алға шығып, орыс отрядына аттарын ойқастата қыр көрсеткендей түр байқатты». Көтерілісшілер жазалаушылар әскеріне қарсы оқ ата бастайды. Геке зеңбіректен ядромен атуға бұйрық береді. І-ші ядро олардың ортасына түседі. Осыдан соң қаны қызып, арқасы ұстаған батыр зеңбіректі әскерге қарсы өзі бастап ашықтан-ашық ат қояды. Шабуылдың күтпеген жерден жасалғаны соншалық, оны күтпеген жазалаушы отрядтың бір шеті ойсырыла 15

кейін шегінеді. Алғашқы кезде тыпыршып алға ұмтылғыштап шайқасуға асыққан солдаттардың берекеті кетіп, сасқалақтап қалады. Мұны Гекенің өзі де Перовскийге жазған рапортында: «Атқа жақсы отыратын және найзаны шебер ұстайтын қазақтар солдаттардың қатарын қаусата берді. Солдаттардың ә дегенше пысы басылып қарқыны қайтып, сапы сейіле бастады. Біздің арамызда абдырау пайда болды», - деп мойындайды [1, 299-303-парақтар]. Қатары бұзыла бастаған солдаттарын уақытында басқара білген Геке олардың сапын жөнге келтіріп қана қоймай, екі зеңбіректі өте жақынға әкелдіріп, көтерілісшілерді дәл көздеп картечьпен атуға бұйрық береді. Қалың топтың ортасына екі - үш мәрте түскен зеңбірек оғы көп адамды қырып салады. Осыдан кейін-ақ көтерілісшілердің қатары бұзылып, сейіле бастайды. Сол уақытта солдаттар есін жиып, Гекенің бұйрығымен шабуылға шығады, ал көтерілісшілер шыдай алмай кейін серпіледі.

Солдаттар кері шегінген көтерілісшілерді 7 шақырымдай жерге дейін қуып, кейін қайтады. Бірақ Геке бұл шайқасты толық жеңіс деп есептемейді, себебі көтеріліс көсемдерінің бірде-бірі қолға түспеген еді. Тастөбеде қолға түспеген Исатай Тайманұлының басына, оны тірідей ұстағанға 500 күміс ақша тігіледі. «Оны өлтірген адамға сол ақшаның жартысы беріледі» - деп жарияланады.[6, 1136]. Алайда, ешкім де Исатайды жазалаушылар қолына ұстап бермейді. Керісінше, халық оны және оның сарбаздарын қажетті азық-түлікпен, көлікпен қамтамасыз етіп отырды. Бұл соғыста Исатайдың оң қолына оқ тиіп, аты жараланды. Шайқас барысында 50-60 адам өледі. Исатайдың Мылқым атты әйелі мен Ақай деген баласы да осы ұрыста қаза табады.

Көтерілісшілердің Тастөбедегі шайқаста батылдығына Геке қатты таң қалды. Ол «Исатайлардың өздері мен отбасын қорғаймыз деп шамадан тыс ерлікке, деңбірекке қарсы шабуылға баруы, олардың соншама ашынғандығын көрсетеді», - деп жазды. [1, 300-301 парақтар].

15-қарашада Тастөбедегі шайқаста көтерілісшілердің жеңілуінің, көтерілістің бұдан былайғы жүру барысына үлкен әсері болды. Көтерілісшілер әр жаққа шашырап, бытырай берді. Бұл кезде көтеріліс басшыларының төңірегінде сенімді деген адамдар ғана қалды. Олар жүрген жерінде жағалай шолғыншылар қойып, барлаушылар жіберіп, жазалаушыларға шалдырмады. Бұдан әрі Бөкей ордасына қалудың өздеріне де, өзге жолдастарына да қауіпті екендігін түсінген Исатай мен Махамбет Жайықтан өтіп кету әрекетін ойластырады. Алайда, бұл ойлары жүзеге асу үшін өзеннің қатуын күту керек болды. Ал оған дейін Исатай тобы Төменгі Жайық бойында жоқ деп елге жариялау амалы қарастырылады. Осы мақсатпен көтеріліс батырларының бірі Қабыланбай Қалдыбаев жазалаушы әскерлердің қолына өз еркімен түсіп, көтеріліс басшылары Жайықтың жоғарғы жағалауына ойысты деп, олардың жүрген жерлері туралы жалған мәлімет береді. Сөйтіп, тарихта Сусаниннің ерлігін қайталаған Қабыланбай батырдың қаһармандығы нәтижесінде көтеріліс басшылары қуғыншылардың қолына түспей аман қалады.

1837 жылы 13-ші желтоқсан күні таңда қарлы боранды пайдаланып, И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған шағын топ (38 адам) шаруа Құрақ Маябасовтың көмегімен Жайық өзенінің мұзы арқылы Жаманқала (қазіргі Махамбет) форпостының жоғарғы тұсынан Кіші жүз бетке өтеді.

Осылайша Тастөбедегі шайқас көтерілісшілердің жеңілісімен аяқталды. Тастөбе шайқасында И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісшілер қаһармандықтың асқан үлгісін көрсетті. Тастөбе шайқасында көтерілісшілердің жалаң қылышпен, шиті мылтықпен жазалаушылардың зеңбірекпен қаруланған әскеріне қарсы шабуылды бірінші бастауы-олардың отарлық және феодалдық езгіге қарсы ыза мен кекке толы күресінің айқын көрінісі еді. Тастөбе шайқасының бірінші кезеңі қазақтардың соғыс өнеріндегі ерекше жағдай болды. Осы құбылыс келесі 1838 жылдың 12 шілдесіндегі Ақбұлақ өзені жағалауындағы шайқасының алғашқы кезеңінде де қайталанды. Исатай мен Махамбет батырлар бастаған көтерілісшілердің бұл жердегі негізгі тактикасы бірден шабуылға шығып жазалаушы әскерлердің есін жиғызбай оларды тықсырып кейін шегінуге мәжбүрлеу болатын. Ұрыстың бас кезінде көтерілісшілердің бұл тактикасы өз жемісін берді де. Тек зеңбіректер ғана жазалаушыларды ауыр жеңілістен құтқарып қалды.Тастөбе- азаттық жолындағы жанқиярлық шайқастың символы ретінде халық санасында мәңгі сақталады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР OMA 4-қор, 1-тізім, 1963 ІС
  2. Кенжалиев И. Исатай-Махамбет. Алматы: «Қазақстан» 1991-192 б
  3. Алдамжар 3. «Тарих» пайым мен тағылым». Алматы: «Арыс», 2002-288 б
  4. Шахматов В.Ф. Внутренняя Орда и восстание Исатая Тайманова. Алматы: «Элке», 2003- 284 с
  5. Сарай Ә. Исатай-Махамбет тарихы. Алматы: «Элке», 1997-408 б
  6. Есмағамбетов К. Азат рухтың күрескері. Алматы. «Эркениет» 2003-176 б

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.