Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тілінің топонимдік жүйесі

Аңдатпа

Қазақ халқы ерте кезден-ақ өз көршілерімен тарихи, мәдени,сауда-саттық байланыстар жасап, қоян-қолтық аралас отырған. Бұл жағдайлар сайып келгенде, қазақ мәдениетінің, сондай-ақ, ана тілінің дамып, байи түсуіне игі эсер еттті.

Сонымен қатар ономастикалық жүйеміздің жетілуіне де өзіндік дәрежеде ықпалы болды.

Топонимика - географиялық атауларды зерттейтін ономастиканың бір бөлімі екені белгілі. Топонимика гректің topos - орын+опума - есім, ат деген сөздерден алынған. Ол өзен, су, құдық, бұлақ, көл теңіз аттарын (гидронимдерді); тау, сай- сала, қырат, жоталар, асулар, орман-тоғай, жайлау аттарын (оронимдерді); елді мекендердің аттарын (ойконимдерді) жан-жақты зерттейді.

Дүние жүзіндегі географиялық объектілердің: таулар мен өзендердің, көлдер мен бұлақтардың және елді мекендердің санын дәл айту мүмкін емес. Сол себепті жер-су аттарының шығу төркіні, олардың қолдану ерекшеліктерін, жазылуын ғылыми тұрғыдан сипаттап жазудың қиындығы мен күрделілігін осыдан-ақ байқауға болады.Жер шарында жер-су аттары миллиондап саналады. Ғалымдар территориясы шағын Швеция мемлекетіндегі географиялық атауларды санап шыққанда, жер-суға қатысты атаулар 12 миллиондай болған.

Ал Қазақстанның жер көлемі Швециядан әлдеқайда үлкен. Республикада 50 мың көл, 85 мың өзен бар. Сол жер-су аттары қашан және қалай пайда болған? Мыңдаған өзендерге, көлдерге, тау-төбелерге, қалаларға, ауылдарға кімдер ат қойған? Географиялық атауларда қандай сыр жатыр?

Міне, осындай сұрақтар ғалымдарды, тек ғалымдарды ғана емес, өз халқының өткен тарихын білуге құштар, ынтазар әрбір саналы азаматты толғандырмай қоймайды.

Географиялық атаулардың (топонимдердің) шығу төркіні, олардың аталу себебі адамдарды ерте заманнан-ақ қызықтырып келеді. Ертеде адамдар табиғатты да жер-суды, тау-тасты, ағашты, өсімдіктерді де жанды нәрсе деп есептеп, оларға сыйынып отырған.

Адамзат дамуының көне дәуірінде атау мен аталған заттың арасында тығыз ажырамас байланыс бар деген түсінік болған.Ертедегі грек және рим тарихшылары, жиһанкездері жер-су атауларының қойылу себептерін, оның мән-мағынасын ашып көрсетуге алғашқы талпыныстар жасай бастады. Солардың ішінде топонимикалық зерттеулермен асқан ойшыл, энциклопедист-ғалым Аристотель де шұғылданады. Кейбір географиялық атаулардың тарихы тым арғы дәуірлерге барып тіреледі. Көне дәуірде адам өзінің сөз қорының аздығына байланысты географиялық объектілердің түр-түсіне, ерекшелігіне орай сипаттама бере алмаған, сол себептен ол өзенді де, көлді де, теңізді де жалпы түрде «су» деп шоқы, қырат, сілемдерді бір сөзбен «тау» деп атаған деген пікір айтады ғалым Э.М.Мурзаев. Белгілі ғалым А.Гумбольдт «Орталық Азия» деген кітабында таулардың және үлкен өзендердің ең көне аттары тек қана «тау» немесе «су» деген мағына білдіреді деп жазады [1,123].

Ал сол көне атаулар осы күнге дейін сақталуы әбден мүмкін. Қазақстан территориясына қатысты жалқы есімдер (жер-су атттары) Геродот, Страбон, Птоломей, Плиний еңбектерінде, ежелгі саяхатшы, жиһанкездер мен елшілердің - Марко Поло, Земарт Киликийдің жазбаларында кездеседі. Көне жер-су аттары орыс жылнамаларында, араб географтарының еңбектерінде, Қазақстан жерін басып өткен Батые Европа саяхатшыларының, елшілерінің (Плано Карпини, Андре Лонжюмо, Вильгельм до Рубрук) жазбаларында кездеседі. Сол тарихи документтерде кездесетін жер-су аттарын жинап, реттеп, оларға ғылыми талдау жасау өте күрделі қызықты іс.

Жер-су аттарының қойылу сырына үңілген шығыстың ғұлама ғалымы Әбу Райхан әл-Бируни былай деп жазыпты: «названия изменяются быстро, когда какой- либо местностью овладевают иноплеменники с чужим языком. Их органы речи коверкают названия, и в таком виде они переносят их в свой язык, как это в обычае греков. Они берут первоначальное значение, но название претерпевают изменения»[2,151].

Бір кезде пайда болған атаулар эр түрлі қоғамдық саяси жағдайларға байланысты өзгеріске ұшырап, кейбірі көнеріп біртіндеп қолданудан шығып қалып отырады. Ондай атауларды көне мұралардан, мәселен эпостық жырлар мен халық ауыз әдебиеті үлгілерінен, тарихи жазба ескерткіштерден кездестіреміз. Мысалы, Каспий теңізінің аталуына байланысты ғалым П.В.Жило аталмыш теңіздің 70 атауын анықтап отыр. Топонимикамен айналысып жүрген өзбек ғалымы Х.Х.Хасанов оған қосымша Каспийдің тағы да бес-алты атауын анықтады. Бір ғана теңізге қатысты 70 атау! Солардың біразын атап өтейік: Твалын, Гиркан, Хазар, Ғұз, Қорасан, Дербент, Алан, Еділ, Бұтар, Тиуа, Қыпшақ, Құзғын, Жұржан, Хабаристан, Абескун, Георгиев, Батые, Сарай т.б Жер-су атауларының түрлі өзгеріске ұшырып, ауысып отыру құбылысы, тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Атамекен атаулары белгілі бір халықтың тарихына, мәдениетіне қатысты болғандықтан ондағы жер-су аттары тарихи ескеркіш іспетті көрінеді. 1837 жылы жазылған бір еңбегінде орыс ғалымы Н.И.Надеждин топонимдер арқылы халықтардың миграциясын, жаңа жерлерге қоныстануын анықтауға болады деген тұжырым жасайды.

Қазақстан жер-су аттарында көрші елдердің тілдік белгілері кездеседі. Мысалы, Шымкент, Манкет т.б. атауларда соғды тілінен енген кент «қала» элементі бар. «Кент» деген сөз YI ғасырлардан бастап Қазақстан жеріндегі кейбір қала аттары құрамында ұшырап отырады.

Қазақстан топонимикасына араб сөздері YIII-XI ғасырлардан бастап ене бастайды. Араб тілінен енген географиялық терминдер рабат, қала, шарбақ, мазар т.б. Қазақстанның оңтүстігінде күні бүгінге дейін қолданылады.

Қазақстандық топонимист-ғалым Ғ.Қоңқашпаевтың айтуына қарағанда монғол топонимдерінің біразы ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда Ембі (Жем) ауданы маңында, Орталық Қазақстанда, Шығыс және Оңтүстік аудандарда тұрақталған қалмақтардан қалған.

Қазақстан топонимдері құрамында басқа тілдерден енгендердің ішіндегі ең жаңа тобы - орыс топонимдері. XYII ғасырдың басынан бастап қазақ халқымен қарым-қатынас жасауы нәтижесінде орыс топонимдері Қазақстан жер-су аттарының құрамына біртіндеп ене бастайды. Сол қаланы салдырған орыс Гурийдің есімімен Үйшік, кейін Гурьев аталып кетеді.

Осы күндері де жаңа қалалар мен поселкелер салынып, республика картасында жаңа атаулар пайда болып жатыр. Эр тарихи кезеңнің өзіне тән белгілері сол елдің топонимикасынан да айқын көрінеді. Жер бетіндегі тау, өзен, сай-сала, қала, елді мекендердің атауынан сол халықтың шежіресін көреміз.Қазақ даласын мекен еткен ежелгі ру мен тайпалардың сонау ықылым заманнан басталатын ұзақ тарихы болғанымен, сол халықтар туралы, олар қоныстанған жер- су, қала туралы жазба деректер тым аз.Земарт Каспий теңізінің солтүстік жағалауларымен, Волга (Еділ), Орал (Да ит), Эмба (Ит өзендерінен өтеді. Қайтарда ол Хорезмде, Амударияда болады. Земарт 12 күн бойы үлкен көлдің құмды ағалауларымен жүріп отырған. Академик В.Бартольд өз еңбегінде ол көлді қазіргі Арал теңізі деп жазады. XIII ғасырдан бастап Eypona елшілері мен саяхатшылары қазақ даласының үстінен өтіп бара жатып жазып отырған жазбаларында сол жерлер туралы кейінгі ұрпаққа көптеген құнды, қызықты деректер қалдырған.

Қорыта келгенде, топонимдік атауларды жасауға негіз болған табиғи номинация белгісінің таңдаулылығы немесе таңдау артықшылығы кездейсоқ болмайды. Номинация немесе аталым - кеңістіктегі қандай да бір нысанаға, құбылысқа ат қою процесі адамның қоршаған ортаны тануы, категориялық аймақтарға бөлшектеуі барысында өтетін тұрақты әрі үздіксіз үрдіс. Топонимдік номинация негізінде жатқан когнитивтік әрекеттер адам баласына ортақ әмбебап қасиеттер екендігі белгілі. Когнитивтік семантикада этномәдени компоненттің болуы жалпы тілдегі, ономастикадағы ортақ универсалия екендігін мойындау керек. Осыған байланысты нысандарға ат қою негізіндегі тілдік танымдық әрекетті зерттеуші Б.Тілеубердиев жан-жақты талдайды[3,147]. Аталымдық әрекетті іске асырушы да, әлемдегі өзін өзі атау мүмкіндігі бар ат қоюшы нысан да - адамның өзі. Алайда аталым актісіне адамның қатысу дәрежесі бірдей бола бермейді. Олай дейтініміз, хронологиялық тұрғыдан ерте кезде пайда болған ежелгі ономастикалық атауларды этностың ұжымдық шығармашылығының нәтижесі ретінде қазіргі тілдік қауым дайын күйінде қабылдап, игеріп, қолданады. Бұл - негізінен геофизикалық табиғи нысана атауларына қатысты мәселе.

Қоршаған дүниені тану барысында адам оның жеке бөліктерін атай отырып, бір жағынан, жалпы есімдерге топтастырады, ал екінші жағынан, жалқы есім бере отырып, даралайды. Апеллятивтік деңгейдегі номинация аяқталғанымен, ономастикалық аталым әрі қарай өз жалғасын табады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. I том, Алматы, 2006.-1236.
  2. БромлейЮ.В. Современные проблемы этнографии. Очерк теории и истории. M.: 1981.-1516.
  3. Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектілері. Арыс. A.: 2006.-1476.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.