Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасының трансаймақтық инфрақұрылымының әлеуеттері

Аңдатпа

Қазіргі заманауи экономикада Қазақстанның көмірсутек қорлары негізінде мұнай газ тасымалдау мәселесін шешу негізгі даму бағыттарының бірі болып табылады. Мұнай-газ шикізатын тиімді пайдаланып және оның экспортын өсіру мақсатында Қазақстанда экспорттың еркін жылжуын және тасымалдау инфрақұрылымын дамыту қажет. Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының басты ерекшелігі - өнім сапасын арттыру және отандық өнеркәсіптік өндірістің бәсекеқабілеттілігін арттыру айқындалады.

КІРІСПЕ

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қазақстандық жолдың жаңа кезеңі - ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер екенін этап өтті. Қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі мәселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты. Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз - экономиканы осы сынаққа дайындау, оны диверсификациялауды жалғастыру, - деп атап көрсетті Нурсултан Назарбаев^].

Қуатты Қазақстан дегеніміз - бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Алға үлкен міндеттер жүктеді. Президент атап айткан кешенді 10 міндеттің алтыншысы, инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарастарды қалыптастыру. Елбасы халыққа Жолдауында «Инфрақұрылым экономикалық өсімнің мүмкіндіктерін кеңейтуге тиіс. Инфрақұрылымды екі бағытта дамыту: ұлттық экономиканы жаһандық ортаға кіріктіру, сонымен қатар, ел ішінде өңірлерге қарай қадам жасау қажет.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақстан мұнай мен газды өңдейтін аймақтардан Ресейдің құбыр жүйелеріне тасымалдаудың, көмірсутектердің өңделінетін көлемдерінің экспортын қамтамасыз етуге қабілетті салыстырмалы дамыған инфрақұрылымға ие болып табылады. Экспорттық мұнай құбырларының жалпы өткізгіштік қабілеттілігі жылына 310,0 млн. баррельден астамын, экспорттық газ құбырларының - жылына 5 млрд. м3 құрады.

Қазіргі нарықтық экономикада Қазақстанның көмірсутек қорлары негізінде мұнай газ тасымалдау мәселесін шешу негізгі даму бағыттарының бірі болып табылады. Мұнай-газ шикізатын тиімді пайдаланып және оның экспортын өсіру мақсатында Қазақстанда экспорттың еркін жылжуын және тасымалдау инфрақұрылымын дамыту қажет [2].

Қазақстанда мұнай өңдеу қарқыны шетел инвестициялары есебінен артып отыр. Елбасы Нурсултан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алуы үшін әр өңірдің қарқынды дамуы қажеттігін ұдайы айтып келеді. Ал бәсекеге қабілеттілік сапалы отандық өнімдер өндірумен де қалыптасады. Осы орайда, мұнайлы Атырауда да үдемелі индустриялық- инновациялық даму бағдарламасы экономиканың әр саласында жаңа жобалардың өркен жаюына тың серпін берді. Осы бағдарламаның аясында 2010 жылы 31 миллиард 485 миллион теңгені құраған 7 ірі жоба іске қосылып, бәсекегеқабілетті сапалы өнім шығаруға бетбұрыс жасалды. Жобалардың маңыздылығына тоқталғанда, құрылыс индустриясының қарышты қадаммен дамуына оң ықпал еткен екі зауыттың іске қосылуын айтуға болады. Мәселен, «Констракшн KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрғын үй құрылысына кеңінен пайдаланылатын жеңіл панель шығаруды жолға қойды. Қазір тұтынушы үшін әрі сапалы, әрі бағасы көңілге қонымды жеңіл панель шығаратын кәсіпорынның өніміне қызығушылық арта түсті. Бұл күндері аталған кәсіпорын 247,1 миллион теңгенің өнімін шығарып, 50-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Атырау экономикасының дамуындағы жетекші сала - мұнай-газ өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың тапсырысын орындауға жол ашқан жобалардың шоғыры 2011 жылы іске қосылды. Бұлардың арасында «Флоусерв Казахстан» ЖШС насос қондырғыларын жөндейтін сервистік орталығын, «Новус Силинг Каспиан» ЖШС әр түрлі нығыздағыш прокладкалар шығару цехын іске қосты. Ал «Қарашүңгіл» серіктстігі Жылыой ауданында тік қазандар шығаратын цехтың жұмысын жандандырды. «Рауан Налко» серіктестігі химиялық реагенттер шығаруды қолға алды. Қазір бұл өндіріс орындары мұнай саласындағы кәсіпорындардың тапсырысын тұрақты орындап келеді. Жалпы, алдыңғы жылы Атырау облысында 11 миллиард 360 миллион теңгеге бағаланған 13 жоба іске асырылды. Бұларда 1003 тұрақты жұмыс орындары ашылып, барлығына осы өңірдің тұрғындары жұмысқа орналастырылды.

Қазақстан Республикасы көмірсутек шикізатының қорлары бойынша әлемдегі бірінші ондыққа кіретін, мұнайды үлкен көлемде өңдейтін елдердің біреуі болып табылады. (9 орын) республиканың істегі және әлеуетті мұнайгазды мазмұндайтын райондарының жалпы алаңы 1700 мың км2 немесе жалпы аумақтың 62%-дан астамын құрайды [3].

Қазақстанның мемлекеттік балансында 212 мұнайгаз кен орындары саналады, олардың көбісі, республиканың батыс бөлігінде орналасқан, олардың ішінде 7,9 млрд. баррельден астам шығарылатын қорлары бар. Теңіз сияқты, газ қоры 1,3 трлн, м3 және конденсаты 51 млрд, баррель (700 млн. тонна) құрайтын Қарашығанақ мұнайгаз конденсаттық кен орны сияқты алып кен орындары бар (1- кесте).

Кесте 1 - Қазақстан Республикасының ең ірі өңделінетін мұнай кен орындары

Кен орындары

Өңдеудегі жарғылық үлесі, %

Теңіз

31,1

Өзен

20,8

Қарашығанақ

10,5

Қаламқас

6,8

Жетібай

6,1

Жаңажол

5,0

Қаражанбас

4,1

Құмкөл

3,8

Басқалары

11,5

Қазақстандағы мұнай-газ саласының дамуы көліктік қызметтерді де дамытады. Оның ішінде мұнай құбырлары көліктерінің құрылысына инвестицияны қажет етіп отыр.

Мұнай құбырлары көліктерінің құрылысына инвестиция салу саласы көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттеліп келеді. Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың бағыттары төмендегідей:

  • Атырау-Самара бағытындағы мұнай құбыры бойынша тасымалдаулар мөлшерін жылына 50 млн. тоннаға дейін арттыру;
  • Мұнай құбырларына толықтай зерттеу жүргізіп, мұнай құбырлары тасымалдарына жөңдеу жұмыстарын жүргізу;
  • Қазақстандағы инфрақұрылымды дамытып, мұнай құбыры арқылы тасымалдау қызметін қызметін автоматтандыру;
  • телекоммуникация жүйесін модернизациялау мен дамыту;
  • мұнайды тасымалдаудың энерго- және еңбек сыйымдылығын төмендету.

Бұл жобаларды жүзеге асыруда қаржылық тәуекел де жоғарылайды.

Қазақстанның көмірсутекті шикізаты қорларының бағамдық әлеуеті шекті жоғары. Нақ сол, 80-90 жылдары мұнай саласы аясында туындаған және бүгінгі күні күшейтіліп келе жатқан сол ажитоаждың мысалы бола алады. Ipi мұнайгаздылық құрылымының болуы шетел серіктестерден ертеректе болмаған коммерциялық

қызығушылықтарын алдын-ала анықтады жэне шетел инвестициялары тарту, сондай-ақ, жаңа экспорттық бағыттарды ұйымдастыру туралы сұрақтар бас тақырыпқа қойылды [4].

Қазақстан облыстары бойынша шикі мұнай мен газды өңдеу құрылымы келесідей бейнеде көрінеді (1-сурет).

Қазақстанда анағұрлым үлкен әлеуеттерге Каспий теңізі қайраңы және оның жағалауындағы аймақтар ие. Жағрафиялық зерттеулердің нәтижесімен, шамамен 100 мың шаршы километр алаңында тек қана мұнайдың 12 млрд. тоннасының болжамдық қорларымен 90 құрылым жайылдырылмады.

Қазіргі уақытта, қазақстандық мұнай экспортының жағрафиялық бағыттары келесідей бейнеде көрінеді. Жоғарыда айтқанымыздай, солтүстікке, Ресейге - бұл әлі күнге дейін мұнай құбырларының бірнеше жіптерін кіріктіретін байланыстырушылық маршруттардың жалғыз біреуі ғана. Әрекет етіп жатқан ескірген мұнайқұбырлары Ресейге және ары қарай транзитпен батысқа мұнайды тасымалдауға жол береді. [5].

Мұнай экспортын «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы тасымалдау «ҚазТранс Ойл» АҚ арқылы жүзеге асырылады. «Транснефть» компаниясының мамандары мұнай құбырларының 19 маршруты бойынша азербайжан және қазақ мұнайын батыс европа нарығына тасымалдау бойынша эконом и кал ық есептеулер жүргізді. Каспий мұнайын барлық бағыттар бойынша тасымалдау есептемелері 189

негізінде азербайжан мұнайы үшін Баку-Новороссийск маршруттары жетекші орынды алып отыр. Ал экономикалық бағыты бойынша Баку-Джейхан маршруттары тиімдірек. Қазақстан мұнайын тасымалдау тарифтері қазақ мұнайын Самараға және әрі қарай Ресейлүк мұнай құбырларының жүйесі арқылы Роттердамға жеткізу тиімді болып отыр. Баку-Джейхан мұнай құбырлары бойынша мұнай өндеуге 3,3 млрд доллар қаржы салынды. Ал Баку-Джейхан-Генуя маршруты бойынша мұнай құбырлары арқылы мұнайды тасымалдау үлкен қаржыны және инвестицияны талап етеді.

Үшінші әлеуетті жоба - қуаттылығы жылына 50 млн. тонна мұнайға дейінгі Аравия теңізіне шығумен Қазақстан-Түркіменстан-Афганистан-Пәкістан трансазиялық мұнай құбыры болып табылады. Дүниежүзілік банктің жүргізілген зерттеулеріне сәйкес, Аравия теңізіне анағұрлым тиімді, әлеуетті және ірі нарықтарға кіру есебінде Афганистан мен Пәкістан арқылы Орталық Азиядан құбыр экспорттың дәстүрлі балтық және қара теңіз жолдарымен салыстырғанда мұнайды өндірушілер үшін анағұрлым жоғары табысты қамтамасыз ететінін көрсетті. Осы зерттеудің нәтижелеріне сәйкес, батыс сібір мұнайы үшін таза пайда шамамен бір тоннаға 14 доллардан ұлғаяды, Батыс Қазақстан өндірушілері үшін - оны Қара теңіз арқылы тасымалдаумен салыстырғанда бір тоннаға 7 доллардан ұлғаяды. Одан басқа, Аравия теңізіндегі терминалға Иран арқылы шығу Парсы шығанағына дейін тасымалдау кезіндегі ирандық мұнаймен бәсекеге ұшырамауға қол жеткізуші еді. Одан басқа, берілген маршрут белгілі бір саяси артықшылықтарға қол жеткізеді - Афганистандағы саяси тұрақтану сияқты, сондай-ақ, осы аймақтың экономикалық дамуына әрекеттесе отырып, ал соның нәтижесінде, Орталық Азия мемлекеттері үшін өте өзекті болып келетін «оңтүстік қатерді» алып тастауға көмектеседі. Осыған қарамастан, берілген жобаны тәжірибелі іске асыру әлі күнге дейін үлкен сұрақта. Афганистан мен Пәкістан арқылы маршрут Афган иста ндағы саяси тұрақтануға дейін және афган халқының, сондай-ақ, берілген мұнай құбырын соғуға қатысатын мемлекеттің, компаниялардың және несие берушілердің қолдауына ие болатын үкіметтің қалыптасуына дейін жалғаса алмайды. Одан бөлек, Үндістан мен Пәкістанның өзара қатынастарының тұрақсыздығы берілген мұнай құбырын соғуға кері эсер етуі мүмкін [6].

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, Елбасының алға қойған мақсат - міндеттерін назарға ала отырып, өткен жылдар ішіндегі өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы мен ірі стратегиялық объектілері іске қосылғанын ескере отырып, бұл - автомобиль және темір жол магистральдары, құбыр жолдары, логистикалық орталықтар, терминалдар, әуежайлар, вокзалдар, порттар және т.б. өңірлік және жаһандық шаруашылық байланыстар жүйесіне кірікті.

Инфрақұрылым жасау, сонымен қатар, табыстылық заңына бағынуға тиіс - деп Елбасы сөзімен қорытындылаймын.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы 14.12.2012 ж (Алтыншы міндет) 4-5 бб.
  2. Челекбай А.Д. Проблемы по выводу казахстанской нефти на мировой нефтяной рынок. Ж «Каржы-Каражат» (Финансы Казахстана), Астана, ТОО «Финансы», 2013- №2.
  3. Қазақстанның статиста калы к; жылнамасы. - Алматы: ҚР Статистика бойынша Агенттігі, 2014.-560-6.
  4. Башарова Г.М. Перспективы развития нефтепроводного транспорта в PK. Алматы: Казақ мемлекеттік аграрлық университет!, 2013. - 3096.
  5. Конаев Э.Н., Надиров Н.К. Трубопроводный транспорт Казахстана и перспективы его развития./ Нефть и газ 2013г.№2.-С73-81.
  6. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. Алматы, 2014.С24

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.