Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлы отан соғысы жылдарындағы Атырау облысы

Аңдатпа

Мақалада ¥лы Отан соғысы жылдарында Атырау өңіріне эвакуацияланған аса маңызды әнеркәсіп орындары мен мекемелердің жергілікті халықтың қолдауымен қысқа мерзімде іске қосылып, майдан ушін сапалы қызмет еткендігі қарастырылған. Облыс экономикасы соғысқа бейімделіп құрылып, өңірде жаңадан өнеркәсіп орындары мен мекемелер ашылып, қызмет жасауына байланысты жергілікті маман кадрлар шебер ұйымшылдықпен жеңіс үшін еңбек етті.

Гитлершіл Германия бейбіт совет халқына тұтқиылдан тарпа бас салды.

Отан басына кун туды. Совет заманына еңсесін көтеріп, бақытты өмірдің қуанышын енді сезіне бастаған совет халқы, оның ішінде қазақ халқы да Оганымыздың тағдыры талқыға түсер шақ туғанын жан тәнімен ұғына білді. Күнделікті өмірдің тынысы мен тіршілігі «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!» деген ұранға бағындырылды.

Байтақ Отанымыз біртұтас соғыс лагеріне айналды. Қашаннан жауына қолдан намысын бермейтін батыр қазақ халқы советтік Отанның құрамды бөлегі ретінде жұмыла жауға аттанды. Майдангер ақын Қ. Аманжоловтың:

Болғандықтан атақты атым адам,

Міндетім көп мойныма арқалаған.

Ty ғып ұстап көтеріп жүрегімді,

Canap алыс, жол жүріп кетіп барам, - деуіне де сол жылдардың суреті жатыр.

Орал аэроклубының түлегі Хиуаз Доспанова әйелдерден жасақталып жатқан әуе құрамасына сұранып барды [1,16 6.8,83 б.].

Адамзат тарихы өзінің зардаптарын ала келген көптеген жойқын соғыстар мен қантөгіс шайқастарының талайын басынан кешкен. Соңғы 5,5 мың жыл ішінде әлемде 14,5 мың ірілі - ұсақты соғысты болып өткен [2,8 б.].

Фашист идеологтары Орта Азия мен Қазақстанның тағдырын да алдын ала «шешіп» қойған еді. Олар еліміздің шығысында «Түркістан», «Еділ-Орал» қуыршақ мемлекеттерін құруды көздеді. «Арбайтегемайншафт Туркестан» ғылыми зерттеу институты» деген жалған атақты желеу етіп, неміс жоғары барлау мектебі болашақ отар «Үлкен Туркестан» картасының «жобасын» жасады. Оған Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Азербайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шынжан, Ауғаныстан мен Иранның Солтүстік бөлігі кірді [3,5 б.].

22 маусым күні Гурьев қаласында мұнайшылар стадионында да көп адам жиналған жиын өтіп, онда қалалық атқару комитетінің хатшысы В. Наумов сөз сөйлеп, жиналған халыққа соғыстың басталғаннын хабарлаған [4, 215 б.].

22 маусым күні осы облыстың Мақат кәсіпшілігінде - 1500 адам, Форт - Шевченкода - 3000 адам қатысқан жиындар өтсе, ал 23 маусым күні Байшонас кәсіпшілігіндегі жиынға - 750 адам, Сағызда - 400, Мақатта - 1500, Доссорда - 1000, Ескенеде 700 адам қатысты [5,In.].

Гурьев қаласында да соғыстың алғашқы күндерінде 23 қыздан майданға жіберу туралы өтініш түсті [6,215 б.].

Совет Одағы Коммунистік партиясының жауынгер отряды - Қазақстан партия ұйымына болаттай берік тыл басқару, Совет Армиясы қатарын үздіксіз толтырып отыру, оларды қару-жарақ, азық-түлік, киім-кешектермен жабдықтау; Урал, Сібір және Қазақстан кәсіпорындарын стратегиялық шикізатпен қамтамасыз ету міндеттері жүктелді.

Атырау мен Алтай, Алатау мен Арқаның арасындағы кең байтақ қазақ жеріне еліміздің батысынан соғыс басталғалы бір жыл ішінде 200-ден астам кәсіпорын көшіп келді. Соғыс кезінде республикада мұнай, көмір өндірісіне, керекті машина жасау кәсіп орындары дамыды.

Гурьевте Украинадан көшіп келген Петровский атындағы завод пен жергілікті механика заводы қосылып, осы күнгі Петровский атындағы машина жасау заводының іргесін қалады. Ұлы Отан соғысы жылдары майдан мұқтажы үшін жұмыс істемеген бірде бір кәсіпорын болмады. Солдатты киіндіру, жабдықтау, атты әскерге, арба, шана, ер-тұман, сайман шығаруға да майдан тапсырмасы болып есептелді.

Соғыс жылдары Нармұнданақ - Мақат, Комсомольск - Мақат, Қошқар - Сағыз мұнай құбырлары салынды. Барлық мұнай кәсіпорындары бірімен-бірі қосылып, жанармай тасқынын Гурьев - Орск мұнай құбыры арқылы Орскінің мұнай өңдеу заводына құйды. Жанармай өнімін молайтуға Комсомол, Жолдыбай, Қошқар, Нармұнданақ кәсіпшіліктерінің іске қосылуы аса зор рөл атқарды.

Мақат - Қосшағыл темір жолы, Гурьев - Қосшағыл тас жолы, Орал өзенінен 400 километр Ембі кәсіпшіліктеріне ауыз су құбыры салынды. Гурьевте мұнай өңдеу заводы іске қосылды. Ембі жанармай комплексінің материалдық-техникалық базасы бірсыдырғы өсті. Соғыс жылдары 1943 жылы Ембіде мұнай өндіру өзінің ең биігіне көтерілді. (923,4 мың тонна).

Ұлы Отан соғысы жылдарында республикада темір жол транспорты саласы да кеңи түсті. 1942 жылы ұзындығы 526 километрге созылған Гурьев - Қандағаш темір жолы пайдалануға беріліп, ол 1944 жылы Орскіге дейін ұзартылды. Бұл жолы Ембі мұнайын Уралмен жалғастырды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбегімен көзге түскен Қазақстан мұнайшылары қатарында мұнайшы Балғаным Доспаеваның да есімі ерекше аталады. Ол 1942 жылы үздік еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ty орденімен наградталды [7,11,17,19 б.].

Ұлы Отан соғысы кезеңі - совет жастарының, оның алдыңғы қатарлы отрядтарының бірі - студенттердің өміріндегі аса бір ауыр кезең болды. Сол сұрапыл жылдардың жылдардың адам баласының жан дүниесіне түсірген жаралары күні бүгінге дейін жазылмай келеді. Бұл жылдары совет жастары ерте есейді. Ерте жетілді. Әкесімен, ағасымен бірге қан майданға аттанды. Майдангер атанды.

Совет Одағының Батыры атағын алғандардың ішінде Қазақ политехникалық институтының рабфагын 1943 жылы бітірген, қазақ жастарының ішінен шыққан алғашқы студенттердің бірі Мұса Баймұқанов та бар. Ол әрдайым өзінің табандылығымен, қажырлығымен майдандас інілеріне үлгі бола білді.

Міне, социалистік Отанымыздың ерлікпен қорғай отырып, Европаға азаттық сыйлаған совет халқының қаһарман ұлдары мен қыздары Ұлы Отан соғысы жылдары өздерінің «Совет студенті» деген қастерлі аттарына кір жұқтырмады [8,83 б.].

Маңғыстау ауданында аудан басшыларынан құрылған 214 үгітшілер басын құрған 16 ұжым соғыстың алғашқы 3 айында тұрғындармен 97 жиналыс өткізіп, оған 7600 адам қатысқан. Олар ауылдарда, шағын бригадаларда майдандағы соғыс қимылдарынан әңгіме, газет оқу сияқты шаралар өткізіп, халықтың көңіл-күйін аулап, Отанды сүю, оны жаудан қорғау ісіне жан-жақты жұмылдыру мақсатын алдына қойған [9. 112 б.].

 

ГІайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Кашкенбаев 3. Ш. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.- M.: - Алматы. 1970. - 16 б.
  2. Қозыбаев М.Қ. Майдангер студенттер - M.: Алматы Мектеп. 1985. - 8 б.
  3. Қозыбаев М.Қ. Қазақстан қаһарлы жылдарда. - M.: Алматы 1985. - 5 б.
  4. Летопись города Атырау.- M.: -Алматы: 1995. Өнер. 2001, -215 б.
  5. Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты, 369 - қор, 1-тізбе, 4-іс
  6. Летопись города Атырау.- M.: -Алматы: 1995. Өнер. 2001, -215 б.
  7. Қозыбаев М.Қ. Қазақстан қаһарлы жылдарда. - M.: Алматы 1985. - 11, 17, 19 бб.
  8. Қозыбаев М.Қ. Майдангер студенттер. - M.: Алматы. Мектеп. 1985. - 83 б.
  9. Тағзым. Маңғыстаулықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941-1945 ж.ж. - M.: - Астана: Фолиант. 2005. - 1126.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.