Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды қолданудың өзекті мәселелері

Аңдатпа

Мақалада халық педагогикасының аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлттық ойындарды дене шынықтыру сабағында қолданудың ерекшелігі мен өзекті мәселесі қаралады. Қазақтың ұлттық ойындары - атадан балаға, улкеннен кішіге мұра болып жалғасып келе жатқан асыл қазына.Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі мәдениеті мен өнерінің ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Қазақтың улттық ойындарының турі өте көп. Ғалым-зерттеушілер мынадай бес түрге бөліп, ұлттық ойын турлерін әр топқа жіктейді. Қазіргі жаңа технология заманында оқушыларды қызықтырып, асық, бес тас ойнаңдар деп айту өте қиын іс екені анық. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды, спорттық ойын түрлерін, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып, пайдалануға болады.

КІРІСПЕ

Елімізде дене шынықтыру және спортты дамыту, республиканың ұлттық ерекшеліктері мен айрықша белгілеріне байланысты маңызды мәселелер қатарын шешу талаптары тұрды. Бұлардың дамуы халықтардың мәдениет түрі, ұлттық сипаты бойынша барлық социалистік дамудың қалыптасқан үрдісінен шығып, қазіргі ғылым жетістіктері негізінде болуын қажет еді. Осыған байланысты қозғалыс практикасы үшін дене шынықтыру мен спортты ұлттық және интернационалдық дамыту мәселелері маңызды мәнге ие болды.

XXI ғасыр - білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеттерінің бірі. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Ұлттық ойындар - қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі-түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі бола отырып, ата -бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.

Қазақтың ұлттық ойындары - атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып келе жатқан асыл қазына.Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі мәдениеті мен өнерінің ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Қазақтың ұлттық ойындарының түрі өте көп. Ғалым-зерттеушілер мынадай бес түрге бөліп, ұлттық ойын түрлерін әр топқа жіктейді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Ал М.Гуннер жеті топқа бөлсе, ғалым Е.Сағындықов ұлттық ойындарды үш топқа бөліп көрсеткен. Ұлттық ойындар баланың еңбекке деген қарым-қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр, епті, зерек, алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Бұл жөнінде Ахмет Жүнісов былай дейді: «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке, адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен» [1]. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру ойнату әдісі деп қарамағаны анық. Жас ерекшеліктеріне сай, олардың көзқарастарын, мінез-құлықтарын қалыптастыру құралы деп те ерекше бағалаған. Қазақтың ұлттық ойындарын оқыту процесінде қолдану мұғалімнің әдіскерлігіне байланысты. Балаларды демалдыру, сергіту мақсатында ұлттық ойын түрлерін қолдануға да болады. Ойнау, ойнату арқылы баланың ақыл-ойы кеңейеді, тілі дамиды, сөздік қоры байиды, зерек болады және денсаулығы нығаяды. Ойынды сабақта қолдану - оқушының ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын оқушының бойына сіңіріп, ұлтжандылыққа тәрбиелеудің бірден-бір құралы. Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында жоспарға енгізу арқылы өткізу жас буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ әдіс десек болады. Әр сабақ сайын ұлттық ойынның үш-төрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйретіп отырса, жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап отырса, әрбір бала жадында сақтайды да, оны ойнай біледі.

Қазіргі жаңа технология заманында оқушыларды қызықтырып, асық, бес тас ойнаңдар деп айту өте қиын іс екені анық. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды, спорттық ойын түрлерін, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып, пайдалануға болады. Әрбір баланың санасына ойынды сіңістіріп енгізу үшін біз қызықты да дұрыс әдістерді қолдануымыз керек. Алдымен ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөліп алу керек. Мысалы, орта сынып оқушыларына эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыруға болады. Көп қозғалыс пен күшті талап ететін де ұлттық ойын түрлері бар, соларды эр дене шынықтыру пәнінде қолдану балалардың шымыр да ширақ боп өсуіне эсер етеді.

В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: Ойынсыз ақын - ойдың қаншалықты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жастықшақ өмірімен ұштастырып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады. Міне, ойын дегеніміз- тынысын кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат 35

беретін осындай ғажап нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Дене тәрбиесі іс -әрекеті мазмұны негізінен қимылды, ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік, шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл - ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі.

НЕПЗП БӨЛІМ

Қазірде дене шынықтырудың әр түрлі ұлттық түрлері пайда болуда және дамуда. Қазақстандағы дене шынықтыру мен спорттың ұлттық түрлері жылдам даму үстінде.

Біз өз зерттеуімізде қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағындағы жүгіру, секіру, тепе-теңдік сақтау, еңбектеу, өрмелеу қимыл-қозғалыс, лақтыру және қағып алу, жалпы даму жатығулары бойынша жеке-жеке бөліп, оқушылардың ағзасын шынықтыру барысындағы сабақты қызықты әрі пайдалы өткізуді көздеуді басты мақсат етіп белгілеп отырмыз [2].

Мектеп жасындағы оқушыларға қажетті ұлтық ойындарды топтау барысында ойынның мазмұны мен орындалысы, ойын тақырыбы, оның қозғалыс қызметі мен ережесін меңгеру қажет. Себебі осы ұлттық ойынның мазмұны оның тәрбиелік маңызын анықтап, баланың ойын қимылын қаншалықты қабылдайтынын көрсетеді. Ойын мазмұнынан қимыл-қозғалыс тапсырмасын қаншалықты ұйымдасып орындалғаны көрінеді.

Ұлттық ойындардың ел арасында кең тарауының арқасында бір ойынның әр жерде әртүрлі тәртіппен ойналуы және олардың аттарының әртүрлі болып келуі жиі кездеседі. Осы жағдайды ескере келіп ойындарды жүйелеу, топтау және атау беру мәселесі шығады. Топталып, жүйеленбеген ойындарды тәжірибелік тұрғыдан қолдану ережесін айқындау мүмкін болмайды.

Ұлттық ойындарды жүйелеу, топтау ісімен ғалымдар көптен шұғылдануда. Біз төменде осы күнге ұлттық ойындарды жүйелеуге байланысты жазылған еңбектерге тоқтала отырып, ойындарды жүйелеудің жаңа жолы ұсынып, ондағы мақсат ұлттық ойындарды меңгеру, оның ұлттық ерекшелігін мейілінше ашып көрсетуге септігі болсын деген мақсатты ұстандық (1-сурет).

Тағы бір мән беретін жағдай ойын барысында кейбір оқушылар тәуелсіздік танытып, өз әлінше ойын мазмұнына өзгерістер енгізуге тырысады, мұндай жағдайда баланың ойын басқа оқушылар қолдап жатса ойынды тоқтатпаған дұрыс, осыдан барып ұлт ойындары баланың еркін әрекетіне жол ашады.

Ойынның ұлттық деп атауының астарында түрлі мағына жатыр. Олай болатыны ұлт ойындары әртурлі ерекшелігін даралап көрсететін ұлтқа тән қасиеттерді ашып айтып көрсете алатындығымен ерекшеленеді. Екіншіден, ұлттық ойындар, ұлттық әдет-ғұрыптарды салт-сананы, дәстурді өз ойына жақсы сіңірген, сол арқылы жас ұрпақ ана сүтімен ұлтқа тән қасиеттерді ойын барысында еркін меңгеріп бойына жастайынан дамытуға мүмкіншілік алады.

Үшіншіден, ұлт ойындарының бойына ұлтқа тән психологиялық ерекшеліктер топтасқан, өйткені ол өмір, тұрмыс, еңбек тәжірибесінің көрінісі бала соларды өзінше қайталап, толықтыра отырып өнеге, үлгі, тәлім-тәрбие алады ұлттың өкілі ретінде қалыптасады.

Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие жұмысында пайдалану мұғалімнен шеберлікті, сабырлылықты, білімділікті, нәтижесін көруге деген құштарлықты қажет етеді. Өкінішке орай, дене тәрбиесі мұғалімдеріне қажетті қосымша құралдардың жеткіліксіздігі, яғни ұлттық ойындардың барысы мен өткізу тәсілі сипатталатын кітапшалардың аздығы, қазақтың ұлттық ойындарын қолданып өткізілген ашық сабақтардың бейнетаспаларының болмауы, көптеген ұлттық ойын құралдарының жетіспеуі (мәселен, «Тоғыз құмалақ» ойынының ойын тақтасы мен құмалақтары) ұлттық ойындарды сабақта қолдануына кедергі келтіреді [3].

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарын мектепте дене шынықтыру сабақтарында қолдану жалпы білім беретін мектептердегі педагогикалық үрдістің тиімділігін арттырады, сонымен қатар дене тәрбиесі сабағының әдістемелік деңгейін жоғарлатады. Біз оқушылардың дене шынықтырумен спортқа қызығушылықтарын тәрбиелеуде ұлттық ойындардың жас ерекшеліктеріне қарай үйрету ерекшеліктерін тиімді пайдалана білсек өз жемісін береді есептейміз. Өйткені, ұлттық ойындарды зерттеген ғалымдардың еңбектерін талдап саралай келе ұлттық ойындардың адам өміріндегі жас ерекшеліктеріне сай ойындарды ойнап келгендігіне нақты көз жеткіздік дей аламыз. Себебі біздің ұлттымыздың көп жылдық тарихи өмірімен біте қайнасып, заман көшінен қалмай дамып, жетіліп отырғандығы, әрі өзіміздің бала күннен көріп, естіп өскен ойындарымыз екендігінде деп санаймыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Құланова Қ.Қ., Алпыспаев Н.С. «Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды қолданудың өзекті мәселелері». Астана. 2016.- 29-30 бб.
  2. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу тәрбие ісінде пайдалану - Алматы, Рауан,1991. - 36 бб.
  3. Кулейменов А.Ж., Кулейменова Л.М. «Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды қолданудың ерекшеліктері». Қарағанды.2015. - 45-53 бб.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.