Андатпа
Бұл мақалада филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын Қадыр Жусіп поэзиясына, оның лирикалық шығармаларына талдау беріледі.
Көркем поэзия - өнер туындысы ретінде қыр-сыры мол жанр. Оның ішінде лирикалық шығармалар адамның ішкі сезімінен, ой толғанысынан туатын, эстетикалық шеңбері мол туынды.
Қазіргі дәуірде әдебиетке халық ішінен келген өкілдер де баршылық. Бірі - дәрігер, бірі - инженер, бірі - ұстаз, ғалым сияқты жүйелі жоғары білім алған мамандар. Өздерінің негізгі жұмыстарымен қатар айналаға ақын көзімен қарап, тақырып ауқымын кеңейтіп, туған елі мен жері, қатар құрбылары мен әріптес достары, замандастары, тарихи тұлғалар өмірін, жан сырын, психологиясын көркем суреттеу арқылы бүгінгі заман келбетін толық түсінуге, жас ұрпақ бойына патриоттық, отан сүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда қалам тербеп жүрген ақын-жазушыларымыз қанша ма?! Алысқа бармай-ақ, сондай талант иелерінің бірі, туа біткен қолынан қаламы түспей шығармашылықпен де, ғылыми зерттеулермен де ұстаздығын қатар алып келе жатқан Қадыр Өтегенұлының орны бөлек екенін мойындаймыз. Мақтан етеміз. Ақын Қадыр Өтегенұлының поэзия жанрындағы шығармаларының ауқымы кең, тұнып тұрған сыршыл лирика. Туған жерін тебірене жырға қосқан Қадыр Өтегенұлы:
Туған жер мен туралы толғанғандай,
Қойнында сол ұяңның болған қандай!
Гүл болып сол далада тұрған қандай!
Құс болып ағашына қонған қандай! - деп тебірене жырлай келе, ақын аға
...Осындай ойлар мені тербетеді,
Кездесіп мен де, жер де толғасқанда, - деп ойын қорытындылайды. Бұл сөз тек бір ғана адамның толғанысы емес, туған жерін сүйетін, оның әр тасын көзінің қарашығындай сақтап, «Мен - қазақ жерінің азаматымын, туған жерім - Қазақстан» деп зор мақтаныш сезіммен айтатын әрбір жанның жүрек түкпіріндегі ой. Қаламгер поэзиясы жастарға, кейінгі ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі мол дүние. Туған көшесі - Атырау қаласының ескі жағындағы Самархан көшесін сағынышпен жырға қосқан Қадыр аға Өтегенұлы балалық шағын, сол көшеде өткен қызықты күндерін, кішігірім ауыл сияқты көшенің риясыз тірлігі, ғұламадай көрінетін көне көз қарияларды тебірене жырға қосады. Бір басы қаланы қақ жара кербездене ағып жатқан Ақ Жайыққа тірелетін көшенің бар тірлігі көз алдыңнан өтеді.
...Қоңырауы болашақтың қағылып
Ақтандырып ста рты ма салғансын, - дей келе,
...Басталса егер алғашқыдан адамдық,
Ұлы жолым сенен асқан жоқ болар, - деп ойын түйіндейді. Ал осы шығармасының заңды жалғасы сияқты «Ескі үй» өлеңінде:
...Ескі үй! Сенде туып болашақ күн,
Сенде өсті балапаны парасаттың.
Бір жағы қабырғаңның мыжырайып
Таяғын эстафета ала шаптың, - деп ұрпағын болашаққа аттандырған туған мекеннің алдағы өмірдің бастауы, тілекшісі екенін тағы да оқырманының есіне салады. Аз сөзбен көп ойын түйіндейді, ағыл-тегіл ағынан жарыла ой толғайды. Қадыр Өтегенұлының өлеңдерін оқи отыра, өз көңіл-күйіңді, өз жан сырыңды көргендей боласың. Еш уайымсыз балалық шақ, бозбалалық пен бойжеткен кез, сол кездердің куәсі сияқты туған жерің, қуаныш пен шаттыққа толы, кей кездердегі өкініш пен ренішті күндер көз алдыңнан, ой елегіңнен алыс сағымдай өтіп жататынын сезесің. Оның «Өмір», «Ұстазыма», «Қалам менің», «Әз ағалар», «Ауыл», «Өлең» атты өлеңдері бірін-бірі тақырып жағынан толықтырып, адам өмірінің әр түрлі сәттерін нәзіктікпен суреттейді. Ақынның шеберлік құдіреті де осында шығар. Оның үстіне қаламгердің ғалымдығы да, ұстаздығы да бір бөлек дүние. Әдебиет теориясының негізін салушы ғалым, академик Зейнолла Қабдоловтың мына бір сөзі дәл Қадыр Өтегенұлындай сегіз қырлы, бір сырлы азаматтарға арналғандай.
«Нағыз ғалым (әдебиетші-ғалым) - ұлттық парасат әлеміндегі әрі айдынды, әрі айбынды тұлға, ірі де іргелі қайраткер, істесе қолынан, сөйлесе тілінен келетін ой жігерлі озат ойшыл, халқының мерейі мен мақтанышы болғандай асыл азамат». Ғұлама ғалымның нағыз әдебиетші ғалымдарға берген бағасы ғалым жолындағы шәкірті Қадыр Жүсіпке де арналған сияқты.
Ақынның енді бір топ өлеңдері адам бойында кездесетін жағымсыз қылықтар, мансапқорлықты сынауға, өмірде кездесетін келеңсіз жайттарды суреттеуге арналды. Жай ғана баяндап, суреттеп қоймайды, сондай қылықтардан аулақ болуға, бойыңды аулақ салуға жетелейді.
...Қарағым-ай, тіліңмен алдамашы,
Күлімсіреп, өтірік арбамашы!
Сөздеріңе сенбеймін көлгірсіген - дейді «Бір жолдасқа» өлеңінде. Өмірде кездесетін жайтты анық та өткір сынға алады. Ал «0, ағайын» өлеңінде:
0, ағайын, қандай жанбыз еріксіз,
Әркімдердің айтқанына сеніппіз.
Бұлдыр жылдар туманы на оранған
Асылдарды бағаламай келіппіз...
...He қыламыз өзімізді табалап,
Өкінбейік өткенге сан сабалап.
Халқым өзің көтермесең өзіңді,
Ешкім сені жарытпайды бағалап, - деп философиялық ой түйіндейді.
Табиғаттың тылсым күйін суреттейтін бір топ өлеңдер циклы табиғат-ананың әр кезеңдегі көріністерін қаз-қалпында асқан суреткерлік шеберлікпен оқушысының көз алдына әкеледі.
Жайсаң Жайық, қыз Жайық, мырза Жайық, Кел, екеуміз қосылып жыр жазайық!
Сенің мақпал жағаңда қиялдайын, Әдемі жыр - артына сый арнайын... ...Қайранға кесте төксе толқындарың, 44
Сылдырыңнан әуенді сыр тыңдадым.
Ойларыңды құя бер, мырза Жайық,
Әдемі етіп екеуміз жыр жазайық!
Ішкі көңіл-күй, ой мен сезім астарласа келе, ақынның Жайығына деген сүйіспеншілік, сезім толқынымен астасқан шеберлікпен сөз өрнегін тапқан. Лирикалық шығарманың бас кейіпкері де автордың өзі және сұлу Жайық. Жайығымен сырласа отырып, қайраңға кесте төге әсем толқыған Ақ Жайықты аялы алақанында тербелгендей күй танытады. «екеулеп жыр жазайық» деп айдар таққан өлеңінде. Табиғат көріністерін тамаша бейнелейтін «Кәусар табиғат. Түн», «Ақ шағылдар», «Ақ таң», «Дала суреттері», «Атыраудың қаңтары», «Көктем мейірімі», «Жаңа жыл қары» - поэтикалық көркем туындылар.
Табиғатқа арнаған өлеңдерінің бәрі бірдей сұлу көрініске арналған десек артық айтқан болармыз. Өлкеміздің сортаң басқан, шаңға оранған көріністері, сүреңсіз көрінісі, табиғат апатынан болған жайттар да Қадыр Жүсіп назарынан тыс қалған жоқ. «Дала» өлеңінде:
...Боз дала, ойқы-шойқы бозаң дала,
Жамылып ақ жаулығын, көз алдыма!
Білемін, түссе көктем, иығыңнан
Қылады саған билік тозаң ғана...
...Жатырсың айналайын арып-ашып,
Жоламай кетер ме екен маңына шың.
Кең дала - қалған көңілі қазағымның
Поезбен кетіп барам жаным ашып! - деп ащы болса да шындықты бәз қалпында суреттесе, «Сынық бұтаққа» деген өлеңінде:
...Білсең-ау сол бұтақтың жылағанын,
Тұр сынып бел ортадан құлағалы.
Сықырлап жел тербеген жаны ауырып,
Тілейді жылы алақан сылағанын,- деп табиғатты аялау, күту керектігін, оған қатыгез болмаудың қажеттігін астарлы сөзбен, жанашыр сезіммен жеткізеді-
Ғалым, тәлімгер - ұстаз, жастардың жан ашыры, ақын Қадыр Өтегенұлының тағы бір құнды туындысы ұлы ұстазы, қазақ халқының маңдайына біткен асыл тұлға Зейнолла Қабдоловқа арнаған «Менің Қабдоловым» романы мен ғылыми мақалалар мен естеліктерден тұратын тарихи тұлғалар, орта мектептер мен оқу орындарында еңбек еткен ұлағатты ұстаздар мен Х.Досмұхамедов атындағы университетте көп жылдар еңбек еткен, еңбек етіп жүрген оқытушылардың өмір жолын зерделеген «Тарихи тұлғалар» атты жинағының да жастарға берер тағлымы мол еңбектер. Тек жастар ғана емес, орта буын өкілдері де осы шығармаларды оқи отырып, үлкенге құрметпен қарау, олардың әлі де берері мол тәжірибесін аяқ асты етпей, ертең солардың жасына келгенде, мен не істер едім деген түйсікті ойға жетелейтіндігімен де бағалы. Қара сөзбен жазылған бұл еңбектер де өзінің мазмұндылығымен бояу әсерлілігімен құнды. Шығармаларының өн бойынан нәзік лиризм сезіледі. Ақын ағамыз «Өмір - күрес» өлеңінде:
...«Өмір - күрес» дегенге сеніп келем,
Ісімнен лағыл моншақ теріп келем.
Денінде шайқастардың жеңіс менде,
Жығылсам, жігеріммен көріктенем, - деп өзі айтқандай, өмір - шын мәніндегі күрес. Ал сол күресте жеңу үшін адамға қайрат-жігер, терең білім, ұлағаттылық, адамгершілік қасиет рухани тазалық өте қажет. Олай болса адам бойына осындай күш-жігер беретін ақын аға өлеңдерінің аз ғана топтамасын мақаламызға арқау еттік.
Бұл аталған еңбектер туралы айтар әңгіме, зерттеулер өз кезегін күтіп тұр.
ГІайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Қабдолов 3. Әдебиет теориясының негіздері. - Алматы: Мектеп, 1970.
- Жүсіп Қ. Айша бибі. - Алматы: Асем-Систем, 2005.
- Жүсіп Қ. Түгелденген тұлғалар. Атырау, 2007.