Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері

Аңдатпа

Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауіпсіздік мәселелері мен жағдайлары бүгінгі таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетіміздің тәуелсіздігімен бірге жаңа экологиялық қауіпсіздік жүйелерін басқару да бой көтеріп келеді. Дұрыс басқару қоршаған органы қорғаудың мемлекеттік саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет.Қазақстанның қазіргі кезеңдегі даму жағдайында экономикалық қауіпсіздік пен экономикалық қауіпсіздікті сақтаудың маңызы ерекше.Сондықтан да, экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан Қазақстанның дамуындағы экономикалық өзгешеліктер мен әлеуметтік ерекшеліктерді бөліп көрсете отырып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді іс-шаралар қолдануымыз қажетдеп ойлаймын.

Ғаламдық мәселелерді ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық мәселелерді шешу үшін ғаламдық, аймақтық , ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық мәсепелерді шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

Ғаламдық экологиялық мәселелер- ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық мәселелер кешені. Зор геосаяси мәселелердің экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық мәселелердің ғаламдығы орнын шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс- әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру болып табылады.

Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауіпсіздік мәселелерімен жағдайлары бүгінгі таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетіміздің тәуелсіздігімен бірге жаңа экологиялық қауіпсіздік жүйелерін басқару да бой көтеріп келеді. Дұрыс шбасқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкінішке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндірісте табиғи шикізаттарды өндіргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды. Елімізде экологиялық қауіпсіздікті және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауіпсіздік концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерістер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негізі құрылды. Бірқатар халықаралық келісімдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингінің біркелкі жүйесімен іске асыруды ұсынады.

Экологиялық қауіпсіздік ол - халық қауіпсіздігінің маңызды бір бөлігі. Экологиялық қауіпсіздік бағытында мемлекеттік саясаттың мақсаты, ол - табиғи жүйені қолданудың қорғалуы. Адам өміріндегі ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигізбеу. Өндірісті дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулерді де күшейту. Экологиялық қатерді болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндірісті байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдістерін пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейін салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президент! Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп былай деді: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодекс! қабылдануға тиіс»[1). Сол себепті 2007 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекс! бекітілді. Қазіргі уақытта көптеген ғылыми еңбектердің ішінде экономика және экология мәселелері, экологиялық қауіпсіздік туралы теориялық ізденістердің ішінде отандық ғалым М.С.Тонкопийдің «Экономика и экология» еңбегін атап өтуге болады. Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері:

  • климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;
  • биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;
  • экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;
  • Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;
  • су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;
  • табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;
  • өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;
  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу.

Қойылған міндеттерді шешу үшін:

  • Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;
  • табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру;
  • қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми- зерттеу жұмыстарын дамыту;
  • халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.

Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуы мынадай қағидаттарға негізделеді: - табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкіншіліктерін айқындайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелі басқаруды қамтамасыз ететін шектеулердің, нормативтердің және шаруашылық әрі өзге де қызмет жүргізу ережелерінің ғылыми-негізделген кешенін енгізу жолымен мемлекеттің тұрақты дамуы үшін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелік тәсіл;

  • экологиялық қауіпсіздіктің өңірлік және жергілікті міндеттерінің экологиялық қатерлердің алдын алудың жаһандық және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы;
  • қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейді);
  • өндірістік күштерді дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгермелігі (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары);
  • шаруашылық және өзге де қызметінің қоршаған ортаға әсерін одан кейінгі экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар мен бағалаудың міндеттілігі;
  • халықтың экологиялық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету және оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуы;
  • халықаралық ынтымақтастықтағы әріптестік және халықаралық құқық нормаларын сақтау және т.б.[2].

Жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өркениетінің даму жолында ұзақ әрі күрделі тарихы бар. Қауіпсіздіктің өзі бірнеше салаларды қамтитын кешенді ұғым. Жалпы қабылданған тұжырым бойынша, қауіпсіздік - белгілі бір нысанның сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы. Ал ол қатер бірнеше сипатта болуы мүмкін. Солардың бірі экологиялық сипаттағы қатер. Елбасымыздың тікелей қолдауымен бұл бағыттағы проблемаларды шешуге аса көңіл бөлінуде [3]. Соның арқасында Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының бірқатар тетіктері қалыптастырылды. Қазақстан мемлекеті бірнеше халықаралық шарттар мен келісімдерге қол қойған, экологиялық проблемаларды шешудің халықаралық деңгейдегі ұсыныстарына ие субъекті. Мемлекеттің экологиялық қатынастарды реттеуге қабілеттілік таныта алатын құқықтық қоры белгілі деңгейде қалыптасқан. Әсіресе, солардың ішінде «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» және басқа да бірқатар заңдардың мәні зор. Қоршаған ортаның қауіпсіздігі - ол тиісті ортаның антропогендік және басқа да факторлардың қатерлі әсерінен қорғалуының жай-күйі[4]. Демек, қоршаған ортаны қорғау динамиканы құраса, ал экологиялық қауіпсіздік - табиғатты тиімді, кешенді пайдалану және қоршаған ортаны тиісті деңгейде қорғалу нәтижесін құрайды. Дұрыс нәтижеге жету немесе адам баласының талабын қанағаттандыратын қауіпсіздік көрсеткішінің сақталуы, осы бағыттағы заң нормаларының тиімді болуы мен тікелей байланысты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауы. - Астана, 2006.
  2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодекс! // «Параграф» мәліметтер жүйесі, 2013.
  3. Тонкопий М.С. Экология и экономика природопользования. - Алматы: Экономик'С, 2003. - 592 с.
  4. Мухитдинов Н.Б. Проблемы совершенствования природо-охранного законодательства и правотворческий процесс. - Алматы, 1997.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.