Биліктің үшінші тармағы - сот билігінің рөлі

Аңдатпа

Бұл мақалада сот әділдігінің теориялық негіздерін уғыну ең алдымен негіз қалаушы санаттарды зерттеуден бастап жүзеге асырылуы тиістігін ескере отырып, құқықтық мемлекет теориясының контексіндегі сот билігінің мәнін анықтауға; сот билігі қағидаттарының жіктелімін әзірлеуге; адамның құқықтары мен еркіндіктерін қорғаудағы сот билігінің ролін көрсетуге, сондай-ақ сот әділдігінің тиімділігін одан ары жоғарылату жолдарын белгілеуге ұмтылыс жасалды.

Мемлекеттік билік органдарының тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары - қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі.

Сот билігі - Конститутция белгіленген, мемлекет атынан арнайы мемлекеттік органдар - соттар арқылы іске асырылатын, Конститутциада көзделген тәртіпте құрылатын, құқықтық даулар мен істерді шешу жөнінде заң құзырет берген; адам мен азаматтың, мемлекет пен ұйымдардың құқықтардың, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қорғау мақсаттарында өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді орындайтын, айрықша іс жүргізу нысандарында іс-қимыл жасайтын және мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін мемлекеттің бүкіл аймағында міндетті сипаттағы шешімдер шығару құқына ие біртұтас мемлекеттік биліктің тармағы.

Мемлекеттік билік органдары Қазақстан құқық және мемлекет теорияларында ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ. Себебі бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз - Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына жиырма алты жылдың жүзі болды. Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары қалыптасты.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары туралы бір ауыз сөз айтып, мақала жазбаған ғалымдар, заңгерлер, студенттер кемде-кем. Соған қарамастан мемлекеттік билік органдары әлі толық зерттеліп болған жоқ.

Мемлекеттік билік органы бұл - күрделі тақырып. Өскен, өркендеген елдерде мемлекеттік билік органдары сияқты даңғыл жүйелердің түсінігін, түрлерін, қызметтерін оларды, қайта құру жобаларын жілікше шағып, егжейлі-тегжейлі талдаумен тынбай, мемлекеттік билік органдарының жасаған әр қадамын, қызметтерінің әр сәтін үлкен әнгіменің арқауы етіп жатады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-ші бабында Республиканы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде 115

қалыптастыру мақсаттарының бекітілуі - ең алғашқы кезеңдерінің бірі деп, күшті, тәуелсіз сот билігін құру міндетін қояды.

Республика стратегиясын 2030 жылға дейін белгіленген Қазақстан халқына арнаған жолдауында Қазақстан Республикасының Президент! былай деп аттап көрсетті: «біз нені құрғымыз келеді, таңдаған мақсатымызға жеткізетін дамуымыздың траекториясы, магистраль қандай болуы тиіс, біз анық білуіміз және айқын түсінуіміз керек. өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс анықтау, тиісті стартегияларды таңдау, осы жолмен жүру кезінде күш-жігерімізбен төзімділігімізді көрсету арқылы біз өзімізді құр седелуден, қуатымызды, уақытымызды және ресурстарымызды бекер жұмсаудан сақтап қаламыз» [1].

Біздің қоғамымыздың алдына қойылған басым мақсаттарға жету жолында сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту-қазіргі міндет және бүгінгі күннің жәрулі қажеттілігі.

Сот билігінің теориялық негіздерін әзірлеу және оларды заңнама мен сот органдарының қызметінде практика жүзінде іске асыру, тек соңғы кездері ғана мамандардың назарларын аудара бастады. Билікті бөлісудің конституциялық қағидаты мен Конституцияда көрсетілген өзге де идеялар тұрғысынан сот билігі институтының тұтас, көшенді талдауын жүргізу біздің республикамызда әлі де жеткілікті және жүйелі түрде қолға алынған жоқ. Тіпті мемлекет және құқық мәселелерінде де сот органдарынада тиісті көңіл бөлудің жеткіліксіздігі байқалады, бұл көзқарас мемлекеттік тәжірибеде ондаған жылдар бойы үстемдік құрып келді. Қазақстанда тәуелсіздік жариялауға байланысты ғана осы проблемаға қызу ықылас білдіріле бастады. Бірақ, қол жеткен табыстармен шектеліп, тоқмейілсуге болмайды, өйткені өз шешімін күтіп тұрған проблемалар әлі де жеткілікті. Қабылданған заңдар қаншама жақсы, дұрыс болса да, онда көрсетілген нормалардың құқықтық қатынастарға түсетін кез - келген субъектінің қызметтік қағидатына, жүріс- тұрысының ережесіне айналуларының әзірше кепілі бола алмай тұр. Құқықтық нұсқаулардың әрбір адам үшін, әр шенеунік, кәсіпкер, лауазымды адам, басшы үшін ішкі нанымға, ішкі заңға айналуы қажет. Өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда әр адам сот қорғауына жүгіне алатынын және оның тиімділігіне сенім арта алатынын ұғынуы және білуі тиіс. Әйтпесе біз ешқандай құқықтық мемлекет құра да алмаймыз және шынайы демократия жөнінде сөз қозғаудың өзі де бекер.

Сот билігінің проблемалары күні бүгінге дейін конститутциялық құқық ғылымындағы дербес зерттеудің объектісі болған емес. Осы саладағы еңбектердің көпшілігі оқулық немесе оқу-әдістемелік сипат алады. Әрі бірқатар авторлардың зерттеулері салыстырмалы-құқықтық тұрғыда, немесе құқықтық бірнеше саласының тоғысуында жазылған. Бірқатар еңбектерде сот билігінің тек жекелеген мәселелері ғана қозғалған.

Бірқатар зерттеулер Қазақстаннан, Рессейден, Құрама Штаттардан шыққан материалдар негізінде конститутциялық бақылауды жүзеге асыру бойынша жалпы юрисдикциядағы Конститутциялық соттардың қызметін талдауға арналған.

Екінші жағынан, сот жүйесін ұйымдастыруға, соның ішінде кеңес кезеңіне де қатысты жұмыстардың бірталай бөлігі құқық қорғау органдарының қызметіне байланысты мәселелерді зерттеу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органдарының өкілдері жазған, немесе осы аталған тақырыптың тек кейбір аспектілерін ғана қозғайды.

Сот жұмыстарын жақсарту мен заңнаманы жетілдіру жөніндегі тәжірибелік мәні бар ұсыныстарды (нұсқауларды) әзірлеуге судьялардың өздері елеулі үлес қосқан.

Мемлекет билігінің түпкі мақсаты - адамдарды билеп-төстеу және оларды қорқынышта ұстау, тағдырдың тәлкегіне қалдыру емес, дұрысы, адам өзінің өмір сүру құқығы өз мүмкіндігіне қарай пайдаланулары үшін, оларды қорқыныштан (үрейден) азат ету. Мемлекеттің міндеті - адамдардың өз міндеттерін қауіпсіз жағдайда орындауы үшін жағдайлар туғызу, бірақ екінші жағынан - олардың бір- бірімен жанжалдастырмай, адам баласын өшпенділік, қастық, өтірік атаулыдан ада етуі керек. Кез-келген мемлекеттің түпкі мақсаты - өз азаматтарының бостандығын (еркіндігін) көздеуі тиіс, еркіндіктің кепілі болуы керек [2].

Сот билігінің мәні мен мазмұнын анағұрлым толық және айқын ашу үшін, оның белгілерін, яғни мемлекет механизіміндегі (тетігіндегі) сот билігінің рөлі мен орнын, оның басқа биліктерден айырмашылығын даралайтын, ерекшеліктері мен сипаттарын анықтау қажет.

Көптеген зерттеушілер сот билігінің жалпы (ортақ) белгілеріне мыналарды жатқызады: мемлекеттік органдар арқылы арнайы құрылатын сот билігін жүзеге асыру, оның азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталғандығы; Конституция мен заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, сот билігінарнайы нысандар мен айрықша рәсімдер арқылы іске асыру; сот билігінің тәуелсіздігі, дербестігі, даралығы және айрықшалануы; соттарды құру және олардың қызметін заң шығару мен атқару органдары үшін белгіленген ережелерден белек арнайы ережелерді сақтау арқылы ұйымдастыру, заңға сәйкестік.

Бірқатар зерттеушілер осыларға сондай-ақ осы билікті жүзеге асыратын лауазымды адамдар - судьялардың ерекше мәртебесі мен қызмет режимін (тәртібін), билік қызметін бақылаудың ерекше жүйесін (ішкі сипаты) қосады.

Біздіңше, судьялардың ерекше мәртебесі мен қызмет режимін оны мемлекет билігінің басқа тармақтарынан өзгешелейтін сот билігі белгілеріне жатқызуға болмайды. Өйткені судьялардың құқықтық мәртебесінің кейбір осындай ерекшеліктері, мәселен, жеке адамға тиіспеушілік, олардың лауазымдарының басқа қызметпен сайыспаушылығы мен т.б. Президентке де, Парламент депутаттарына да, Конституциялық Кеңестің мүшелелеріне де тән. Соттардың қызметіне сырттай бақылаудың жоқтығы - ол да көрсеткіш емес. Өйткені бірқатар өзге де мемлекеттік органдарға қатысты (Конституциялық Кеңес; прокуратура) осындай бақылау жүзеге асырылмайды [3].

Сот билігінің ерекшеліктері мен сипаттарының арасына кейбір авторлар биліктің нақтыланған сипатын, іс жүргізу нысанын, оның сотқа (сот алқасына) тиістілігін, судьялық ішкі өзін-өзі басқаруды, жанжалдарын заңға сәйкес қарауды, судьялардың құқықтық санасы мен ішкі сенімділігін атайды.

Ішкі өзін-өзі басқарудың болуы, біздіңше, сырттай айқындамадан (позиция) сот билігінің сапалық сипатын көрсетпейтін сияқты. Ал енді заңға, құқықтық санаға және судьялардың ішкі сеніміне сәйкес жанжалдары қарауға қатынасы мәселеге келсек, ол, дұрыс - сот қызметтерінің принципі (қағидаты), дәлірек айтқанда, барлық құқық қолданушы органдар басшылыққа тиіс заңдылық принципінің құрамы бөлігі.

Сот билігінің заң шығару билігімен өзара қатынас ең алдымен мына ұғыммен тұжырымдалады. Парламет сот жүесі ұйымының негіздері мен судьялардың құқықтық жағдайларын белгілейтін заңдар шығарады, сондай-ақ республикалық бюжеттен соттарды ұстауға бөлінетін қаражаттарды бекітеді. Одан басқа, заң шығару органы Жоғарғы Соттың судьяларын сайлайды, олардың өкілеттіктерін тоқтатады және жеке басына тиіспеушілік құқығынан айырады. Парламен соттар заңсыз адамдары жазыны өтеуден босату амнистиясы туралы актілер шығарады.

Оның үстіне Парламент Жоғарғы Сот судьяларын Сенат арқылы сайлау жолымен, сондай-ақ Сенат пен Мәжілістен өз депутаттарын Жоғары сот Кеңесі мен Әділет Біліктілік алқасына ұсыну жолымен, ал атқару билігі - Әділет министірлігі арқылы сот кадырларын іріктеу және орналастыру мәселесіне де қатысады. М.В. Баглай дұрыс атап көрсеткендей, «заң шығару органдары да, атқарушы билік органдары да соттауға құқылы емес. Сот билігі өз тарапынан заң шығару органдарын аустырып, норма шығармашылықпен айналыспауы, атқару билігінің айрықша құзыретіне араласпауы тиіс [4].

Қазіргі кезде сот жүйесін реттейтін басты және негізді нормативтік актілер- Қазақстан Республикасы Конституциясы және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңды болып табылады.

Мемлекеттік басқару органдары жүйесіндегі белгілі бір орын сот билігінің қарауына жатады. Өйткені дәл осы соттар материалдық игіліктерді белуге белсенді түрде қатысады, азаматтық және шаруашылық істерді қарайды, қылмыстық ізге түсу саясатын жүзеге асырауға қатысады, қылмыстық істерді қарайды, сот төрелігін іске асыру кезінде тұтас алғанда заң шығару және атқару қызметтеріне бағыт береді. Біздіңше, қазақстандық мемлекеттің дамыу перспективасын нақ сол сот билігін қүшейтумен байланыстырған жөн.

Сот билігі проблемасына тоталитаризм кезінде құқықтық ғылымда да, іс жүзінде де лайықты көңіл бөлінген жоқ. Әйтсе де сот билігін мемлекеттік механизімдегі биліктің дербес, тәуелсіз тармағы ретінде бекіту мақсатында аталмыш мәселе жөнінде теориялық дайындықтың қажеттілігін ешкім де теріске шығара алмайды. Әрі мұндай дербестік сот корпусын таныту үшін емес, өзге биліктердің озбырлығын тыю үшін нақты мүмкіндік қамтамасыз ету және жеке адамзаттардың да, сондай-ақ бірлестіктердің де, және жалпы қоғамның да құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қажет.

Мемлекеттік механизмдегі сот билігінің орны оларға жүктелетін қызметтердің сипатына қарай анықталады. Соның ең бастысы сот әділдігін жөнелту болып табылады [5].

2017 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасы президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта белу мәселелері жөніндегі үндеуінде де Заң күші бар Президент Жарлықтарын қабылдау мүмкіндігі туралы норма көкейтестілігін жойды. Жергілікті атқарушы билікке қатысты Парламенттің рөлін күшейту ұсынылады. Оның сыртында Конституциялық кеңестің, сот жүйесі мен прокуратураның қызметін жетілдіру туралы мәселені қарастыру талап етіледі - деп атап өтті. Сонымен қатар, осы жылдың 31 қаңтарында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез - келген ықпалды жою маңызды екендігін атап өткен болатын. Биліктің қалған қызметтері туынды сипат алады және оның басты міндетіне нақты қызмет көрсетеді. Осыларға конституциялық бақылауды, үкімдер мен өзге де сот шешімдерін орындауды қамтамасыз етуді, сот қадағалаудың, сот статистикасы мен сот практикасын зерттеуді, талдауды және қорытындылауды, құқықтық актілерге түсінік беруді, судья корпусын құруға соттардың қатысуын, нормашығармашылық қызметті жатқызуға болады.

Сот статистикасын зерттеу, талдау және жинақтап қорыту сот қызметтеріндегі кемшіліктерді, заңнамадағы сәйкессіздіктерді ашуға, оларды жою тәсілдерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Сот қадағалауы сот жүйесінің ауқымында жүзеге асырылады және және төмендегі соттардың шешімдерін апелляциялық, қадағалау іс жүргізу тәртібінде және жаңадан ашылған жағдайлар бойынша қарауға жоғары тұрған соттарға құқық беруді ұйғарды.

Құқықтық нормаларға түсінік беруді оларды қолдану процесінде соттар жүзеге асырады. Сонымен қатар Жоғарғы Сот қолданыстағы құқықтың негіздері (бастаулары) болып табылатын сот практикасының мәселелері жөнінде нормативтік қаулылар шығарады. Осы көрсетілген қаулылар соттарға заңнама нормаларын қолдану жөнінде түсінік береді, заңнама нормаларының республиканың бүкіл аумақтарына міндетті күші бар және олар өзге емес, ресми түсінік беру актілері болып табылады. Сондықтан Жоғарғы Соттың осы қызметі тиісті құқықтық бекітілуі тиіс.

Біздің пікіріміз бойынша, алдағы уақытта Жоғары Сотқа адам мен азаматтың конститутциалық құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын халқаралық шарттарды қолдану жөнінде түсінік беруге құқық беру қажет.

Сот билігінің конституциалық-құқықтық қағидаттары 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конститутциалық заңда бекітілген сол әуелгі баста мала р, соларға сәйкес сот органдарының жүйесі ұйымдастырылады және сот билігі жүзеге асырылады. Осы қағидаттарды түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады: олардың сипаты мен мағанасына қарай, көрсетілген немесе туындайтын нормативтік негіз бойынша, сот билігі қызметінің мазмұны бойынша сот әділдігін жүзеге асыратын субъектілер бойынша жіктеуге болады. Осыған байланысты қағидаттардың үш тобын бөліп шығаруға болады.

Бірінші топты судья жұмыстарын ұйымдастыру қағидаттары құрайды: судьялардың Конституциямен және заңмен байланыстылығы; есеп бермеушілігі; судьяларға өкілеттіктер беруде тағайындаушылық пен сайламалықтың үйлесуі; ауыспайтындық; ешкімнің тиіспеушілігі; барлық судьялардың бірдей мәртебесі; біліктілік пен кәсібилік; бейтараптық; судья лауазымының өзге қызметпен сыйспаушылығы; бейпариалық; әлеуметтік қорғалуы; жауапкершілік.

Екінші топ сот ұйымдары мен қызметтерінің қағидаттарының негізінде сот жүйесі құрылады, сот билігі қызметін іске асыру жүреді. Мұнда кіретіндер: арнайы және төтенше соттарға тыйым салу арқылы заңды белгіленген соттардың сот әділдігін жөнелтуі; сот жүйесінің бірлігі; соттардың дербестігі (автономиялылығы); заңдылық; жариалық; тараптардың пікір сайысушылығы мен тең құқықтығы; сот ісін жүргізудегі алқалалық пен дара басшылықтың үйлесуі; инстанциалық қағидаты; сот ісін жүргізуді мемлекеттік және ресми тілдерде, сондай-ақ тұрғылықты көпшілік халақтың тілінде жөнелту; әділ сотты жөнелтуге халық өкілдерінің қатысуы.

Үшінші топқа адамның сот процесіндегі құқықтық жағдайын белгілейтін (анықтайтын) қағидаттар жатады. Олардың үлкен бөлігі Конститутцияның 77- бабының 3-тармағымен бекітілген. Олар - кінәсіздік презумпциясы; бір құқық бұзушылық үшін екінші қайтара қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайтыны; сотта тыңдалуға әркімнің құқықты болуы және т.б. Бұдан басқа, осы топтың қағидаттарының қатарына барлығының заң мен сот алдында бірдейлігін; сот қоғауының мүмкіндігі мен кепілдігін жатқызуға болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған 11 мақсатты қадамды қамтитын «100 нақты қадам» ұлт жоспары қабылданып, қазақстандық мемлекеттілікті нығайту және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін 5 институттық реформаны ұсынған болатын. Осыған орай сот төрелігінің үш сатылы жүйесіне (бірінші, апелляциялық, кассациялық) көшу өте орынды деп есептеймін. Тағы айта кететін жайт, судья лауазымына кандидаттарды дайындау және іріктеу жүйесінің өзгеруі сот корпусын тек қана кәсіби тұрғыда ғана емес, сонымен бірге өмірлік мол тағылымы бар, барынша тәжірибелі әрі дайындығы жоғары мамандармен нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды, өйткені, бүгінгі таңда біздердің кейбір жас судьяларымыз қиындыққа шыдамай, жұмыстан кетіп жатады. Судья кадрларын дайындау жүйесінде Сот төрелігі институты маңызды рөлге ие.

 

ГІайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.А. Казахстан 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана Ц Казахстанская правда. - 1997 - И октября. - С. 1-4
  2. Синицин В.А. Концепции религии и государства. - M., 1996. - 225 с.
  3. Абельдинов А.К., Копабаев О.К. Конституционное право зарубежных стран. - Алматы, 1997. - 152 с.
  4. Баглай М.В. Судебная власть и государственное управление // Законность. - 1999. - № 7. - С. 51-54
  5. Абельдинов А. Развитие Конституции - в сравнении //Мысль.- 1999. - № 9. - С. 14-18
Жыл: 2017
Қала: Атырау
Категория: Құқық