Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақынның майдан жырлары

Аңдатпа

Бұл мақалада майдангер ақын С.Бердімұратұлының соғыс тақырыбындағы лирикалық шығармалары туралы сөз етіледі. Ол өз өлеңдерін елдегі еңбегімен көрінген елеулі еңбек майталмандарына арнап, қолына қару алып, Отанын басқыншы жаудан қорғауға қатысқан майдангер ретінде сұм соғыс тақырыбына қалам тербеген ақын. Мақалада оқырман халыққа ел сүйіспеншілігіне бөленген ақынның соғыс, майдан даласы, кеңес солдаттарының өшпес ерлігі, соғыстағы солдат өмірі, ақынның бастан кешкен оқиғалары туралы мағлұмат беріледі.

Kipicne. Орайлы ойы оралымды, өлең жырының өрісі кең, елдік пен ерлікті жырлаған, туған жері туралы толғанған Сембай Бердімұратұлы Атыраудың ақиық ақыны, ардақталар ақсақалдарының бірегейі деуге әбден болады. Сембай Бердімұратұлы өте жас кезінен әдебиетке ерте араласқан. Шығармашылығының негізгі жанры - поэзия. Ол өз өлеңдерін елдегі еңбегімен көрінген елеулі еңбек майталмандарына арнаса, қолына қару алып, Отанын басқыншы жаудан қорғауға

қатысқан майдангер ретінде сұм соғыс тақырыбына да қалам тербеген ақын. Кейіннен бейбіт заманда еңбекке араласқан қаламгер мектептегі шәкірттеріне білім бере жүріп, олардың бойларына біртұтас Елжандылықтың, Отансүйгіштіктің, адамгершілік пен биік парасаттылықтың алдыңғы қатарлы идеяларын тарата жүріп, қаламын ұштай түскен ақын. Өзі дүние салса да, оның артында қалған пұл жетпес ақшуақ мұрасы қалды.

«Әдебиет - сөз арқылы сұлу суреттелетін өнер,» - дейді М.Горький. «Поэзия - өнердің ең жоғарғы санасы,» - дейді В.Г.Белинский. Бұдан туатын қорытынды - поэзия үшін алдымен қажет нәрсе сұлулық және көркемдік. Осы сұлулық пен көркемдік арқылы терең идеяны беру керек, өмірді таныту керек, шындықты көрсету керек. Сұлу образ, сұлу суретті сөз арқылы берілмеген поэзия-жансыз поэзия [1].

Қазақстанның әрбір өңірінде поэзияға өз үлестерін қосқан ақындар да бар. Олардың қатарына Атырау өңірінен Әбу Сәрсенбаевтан бастасақ, оған ілесе Сембай Бердімұратов, Нұралы Әжіғалиев, Фариза Оңғарсынова, Жұмекен Нәжімеденов, Өтеген Оралбайұлы, Қойшығұл Жылқышиев тағы басқалары өздерінің лирикалық шығармаларымен қазақ лирикасына өз үлестерін қосқандығы белгілі.

Негізгі бөлім. Ақын Сембай Бердімұратұлының өмірі-өзінің жырында. Ақын жиырма бір жасқа толғанда бәрімізге белгілі бүкіл дүние жүзін тітіркенткен, бүтін әлемге Екінші дүниежүзілік соғыс деген зұлмат атпен белгілі болған Ұлы Отан соғысына аттанды. Бұл туралы ақынның өмір деректерінде анық жазылған. Ол Сталинград маңындағы майданға қатысып, Смоленск бағытына дейін барған. Жүріп өткен жолдарының бәрінде бораған оқтың астында, ыстық пен суықты, аштық пен жалаңаштықты көріп жүрсе де, сол кездегі майдангерлердің алдында қойған мақсаттары бір, ол- неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресу және туған елді олардың қанды шеңгелінен арашалау болды.

С.Бердімұратұлының майдандық жырлары бір шоғыр. Ақын жинақтарын саралап, салмақтап оқып отырғаныңызда майдан бейнесі мен соғысты бейнеленетін өлеңдерінен сонау жылдардың дүмпуін жақсы сезінеміз. Мұндай өлеңдерінің барынша жинақталған тобын ақынның «Туған жер тынысы» жинағынан кездестірдік [2, 145 6].

Осы кітаптың «Майдан дәптерінен» деген тарауында «Шинель туралы», «Алые жер бар ма солдатқа», «Деген шындық ұйқы тәтті астан да», «Неше неміс өлтірдің деп сұрама», «Жолымды жорымаймын жаманатқа», «Жұбату», «Анама хат», «Қыршын кеткен қыз», «Жалындым ұшқан құстарға», «Кек алу кезегі», «Жеңіс», «Елге қайтып келеміз», «Үміт», «Санбаттағы өзбек қызына», «Жаутаңдап қарақат көз көп қарады», «Әлі іздеймін», «Ата сыры», «Соғыс экраны алдында», «Ұмытылмас ұлысың», «Үйретті отты жылдар шежіресі», «Жүректер әлі сыздайды», «Мәңгі алау», «Сарғая күту», «Жеңіске жеттік», «Елге келгенде», «Сыр шертеді беттерің», «Талай жанды өмірге өкпелі еттің» атты өлеңдері енген. Ақынның бұл өлеңдерінің өзін екі бөлімге бөліп қарастыруға болады: біріншісі - майданда туған жырлар, екіншісі - ауылда майдан зардабын еске алу жырлары. Ақын бұл жырларын «Туған жер тынысы» атты өлеңдер жинағының «Жүректер әлі сыздайды» деген бөлімінде жариялаған.

Қазақ әдебиетінің көрнекті ақын-жазушылары майданның бел ортасында болып, қан кешіп жүрсе де қолдарынан қаламдары түспеді. Көз алдында болып жатқан қан-қасап жойқын сурет ақындардың жүрегін жаралағандықтан олардың талай шығармалары майдан даласында туғандарын оқырмандар жақсы біледі. Әбу Сәрсенбаев, Қасым Аманжолов, Хамит Ерғалиев, Жұмағали Саин, Қалмахан Әбдіқадыров, Мұзафар Әлімбаев, Сырбай Мәуленов, Жұбан Молдағалиев, Тоқаш 8

Бердияров және басқалары өздерінің өшпес өлеңдерін тудырды. Біз Сембай Бердімұратұлын да солардың қатарында санаймыз. Бір айырмашылығы Сембайдың майданнан бұрын шығармалары халыққа белгілі бола қойған жоқ. Тек өзінің қатарлас жерлесі Далабай Жадықбаев қана белгілі бола бастаған еді.

Қазақ ақындарының майданда туған және майдан тақырыбындағы жырлары Ұлы Отан соғысының бейнесін көз алдымызға елестететін шығармалар ретінде әдеби энциклопедиялық дәрежеге ие болған болғандықтан ешқашан ұмытылмайды.

Қасым: Үстімде сұр шинелім

Ақсаңдай басып келемін.

Қағып-соғып жығар ма

Оңайлықпен мені өлім?!

Әбу: Сен құрметте оны,

Түсіндің бе қарағым.

Ол ақшаға сатқан жоқ

Тізеден кесіп аяғын.

Хамит: Ұмытпан фашизмнің мені атқанын,

Жендетке бала өлігін санатқанын.

Мектепке біз оқыған мал қамады,

Өлді ана, құлағымда оны атқан үн [2, 87 6].

Майдан тақырыбындағы бұл жырлар ешқашан ұмытылмайды. Қазақ әдебиетінде майдан жырлары қомақты орын алатыны және ақындардың нағыз жарқыраған шындықтан туған жырлары әсіресе осы кездерде жазылып, поэзия үшін бір үлкен белес болғанын айтамыз.

Сембай Бердімұратұлы өз шығармаларын қойын дәптерінде ұзақ сақтаған адам. Әрине, жергілікті баспасөз беттерінде Атырау облыстық «Атырау» (бұрынғы «Социалистік құрылыс», «Коммунистік еңбек»), өз туған жері Махамбет аудандық «Малды өңір» газеттерінің беттерінде, ара-тұра республикалық газет-журналдарда өлеңдері жарық көріп тұрды. Ақынның идеялық үлкен терең мәнмен жазылған «Алые жер бар ма солдатқа» атты лирикалық туындысы. Бұл өлеңге солдаттың соғыс кезіндегі атқарған ерлік істерін жинақтап көрсеткен туынды деп баға беруге болады.

Туған жер үшін, халық үшін,

Жанды ортаға салмаққа.

Отанға берген ант үшін

Алые жер бар ма солдатқа [3, 184 6].

Өлеңдегі «талай шептен өтеді», «жер бауырлап жетеді», «түтеген оқтың өзінде, салып жүріп жанды отқа», «таусылып тағдыр өмірі, жолдасың ұшса сонда оққа, сол жерде қалар қабірі», «талай жандар соғыстан, қара басы қалмап па?» деген тіркестер жаныңды жұлқып-жұлқып жұлымын шығарардай эсер береді.

Еділден мынау-Одерге,

Тіке бір жолды таңдап па?

Шайқасып жеткен сол жерге

Алые жер бар ма солдатқа! [3, 184 6].

«Майдан дәптерінен» деп аталатын топтамасынан Сембайдың «Шинель туралы» атты сәтті шыққан өлеңін түгел келтіруді жөн көрдік.

Жорықтың жүрміз кешіп жолын қашық,

Мая жүн сұр шинельді мойынға асып.

Бірі-жастық, шинельдің бірі-көрпе,

Екі солдат жатқанда қойындасып.

Осылайша табысып достығымыз, Өтіп жатыр осылай жастығымыз. Бойындағы солдаттың қасиетін - Шинелінен болжайды бастығымыз [4, 48 6]. Майданда жүрген ақынның құрбылары өлең жазуды сұраған екен. Сол тілекті осы өлең арқылы орындаған.

Ақынның «Жолымды жорымаймын жаманатқа», «Анама хат» атты өлеңдерінде елін сүйген жарқын жастың кескілескен майданнан аман-есен жеңіспен оралатынына сенімі зор екендігі өлең жолдарында өріліп, оптимизм идеясын паш ететіндігін көреміз.

Тапсырдым, анамды елге аманатқа,

Алыс жол сөз болып па азаматқа!

Жеңіспен Ақ Жайыққа оралармыз,

Жолымды жорымаймын жаманатқа! [4, 148 6].

Қорытынды. Сонымен, біз ақын Сембай Бердімұратұлын майдангер ретінде, өз көзімен көргендерін дүйімге тарту еткен жырларын сөз еттік. Соғыс ардагерінің жырларындағы бұдан 70 жыл бұрын болған жойқын соғыстың суреттері кейінгі ұрпаққа үлкен мұра болып жетіп отыр.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қабдолов.З. «Сөз өнері», Т.2, Алматы: Санат, 2003. - 316 б.
  2. Абдрахманова.Т. «Қасым Аманжоловтың поэтикасы». -Алматы: Ғылым, - 1976 - 46-6.
  3. Бердімұратов.С. «Туған жер тынысы» өлеңдер жинағы. -Алматы: Өлке, 1996. Б.184-185.
  4. Бердімұратов С. «Тіршілік тынысы» Естеліктер. Ақтөбе.-А-полиграфия ЖШС, - 2004. Б.64-66 бб.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.