Аңдатпа
Ғылым-білім - Ислам тарихында құрметке ие құндылық. Ертедегі Ислам мемлекеттерінде патшалар танымал дін қайраткерлерін қамқорлығына алды, қабілетті ғалымдардың жұмыс істеуіне мумкіндіктер жасап берді. Ерте кезден-ақ ислам әлемінің барлық қалаларындағы мешіттер мен медреселерде біртіндеп кітапханалар салына бастады.
Бұл іс ислам әлемінің білім алуға қаншалықты деңгейде көңіл аударғанын аңғартса керек. Мұсылман елдерінің саяси-қоғамдық өмірінде философтар мен ойшылдар маңызды рөл ойнағанын тарихтан білеміз. Мұсылман ойшылдары қоғамдық пікірге ықпал етті және көптеген мемлекеттік маңызы бар шешімдердің қабылдануына түрткі болды. Әбул Әсуад әд-Дуали былай деген еді: «Патшалар адамдарды басқарады, ал патшаларды ғалымдар басқарады».
КІРІСПЕ.
Ислам діні - білім мен тәрбие діні. Өйткені, ең алғаш пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Алла Тағаладан Құран Кәрімнің алғашқы аяттары түскен кезде білім мен тәрбиенің қажеттілігін көрсетті. Ал, бұл дініміздің білім мен тәрбиеден тұратынын белгілеп берген тарихи жағдай болды. Сондықтан Құран-кәрім мен пайғамбар (с.ғ.с.) хадистері адамзат өміріндегі білім мен тәрбиенің қатар жүретін үрдіс екенін баяндайды. Осыған орай, осы мақалада Ислам дініндегі білім мен тәрбиенің маңызына талдау жасалады.
Ислам діні білім алушыда екі жаман қасиет болмауы керек деп санайды. Оның біріншісі - тәкаппарлық. Шәкірт өз қателігін мойындай білмесе және жеткен жетістіктері үшін дандайсып кетсе, ол - еңбекпен келген ғылымының соры. Осы жерде әрбір білім іздеуші жас талапқа тәрбиенің қажеттілігінің зор екені байқалады. Яғни, ілім - иман десек, тәрбие - амал іспетті дүние. Екеуі екі түрлі болса, ол адамға абырой әпермейді. Керісінше, ол адамның өз соры.
Екінішіден, ұялшақтық. Шәкірттің шектен шыққан ұялшақтығы білімді жетілдіруге кедергі етеді. Өйткені, ұялшақ шәкірт түсінбегенін ұстазынан сұрауға қысылып, оның бойында тұйықтық, керітартпа қасиет өсіп өнеді. Ол - ғылымды өсірмейтін мінез.
Бұл туралы Абай дана отыз екініші сөзінде: «Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуел білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар: Әуел - білім- ғылым табылса дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемеске керек. Екінші - ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Үшінші - әр хақиқатқа тырысып, иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең де айырылма! Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар: оның бірі - мұлахаза, екінші - мұхафаза. Бесінші - осы сөздің он тоғызышы бабында жазылған ақыл кеселі деген нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Алтыншы - ақылды, ғылымды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар», - дейді [1, 176]. Бұдан хакім Абай нәр алған Ислам дінінің білімге қояр талабы зор екенін байқаймыз.
Себебі, тәрбие ісі - адам жаратылының басты мақсаты болып табылатын құлшылық негізі. Ол тілімізге араб тілінен енген Араб тілінде оның үш түрлі түбірі бар: 1. Раба - ярбу: Көбейту, арттыру мағынасына келеді (Рум сүресі, 39-шы аятта кездесетін Раба етістігі осы мағынаны білдіреді); 2. Раба - ярби: (нәшә), болу пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген мағыналарды білдіреді. 3. Раба - яруббу: реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді [2, 200].
НЕПЗП БӨЛІМ.
Раб - тәрбиелеуші, реттеуші, нығмет беруші деген мағыналарды беретін Алла Тағала есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет кездеседі. Сондай-ақ Құранның алғашқы түскен 5-аятында да бар. Құранда Алла сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында Раб сөзі тұр. «Раб» - тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына қолданылатын сөз. Сондықтан Құрандағы Раб сөзі осы мағынасы меңзейді. Сөз қолданысын айшықтар болсақ, он сегіз мың ғалам иесі, жаратушысы, тәрбиелеушісі де - Алла Тағала. Себебі Алланың сөзі - Құран «адамзатқа тура жол нұсқаушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде түсірілген» Алла Тағаланың кәламы. Ендеше, оған жеткізетін жалғыз ғана жол бар: ол - барша құлшылықтың негізі ілім мен тәрбие ғана. Дүние мен ақыретте адамды періштеден де жоғары дәрежеге көтеріп, қолына бақыт кілтін ұстататын білім мен әдеп [3, 20].
Адамзат баласы Алла Тағаланың құзырында ілімімен, ілімімен, сол ілімі бойынша жасаған амалымен қайырлы: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» , «Бұлардың ішіндегі ғылымға бойлағандарға зор сый береміз» [4, Ниса, 162], «Сондай-ақ, құлдарынан (ең алдымен) ғалымдар Алладан қорқады» [4, Фатыр, 28], «Раббым, білімімді арттыра гөр!» [4, Taha, 11].
Білімнің қадыр-қасиетінің өте жоғары екенін ұлт зиялылары білген, әрі осы жолда өздері амал еткен. Хакім Абайдың «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрсемен озам деу - ақымақтық» деген қарасөзінің де бастау-бұлағы Құран аяттарына келіп саяды [1, 111]. Махмуд Қашқари данамыз: «Білімдінің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр», - десе, Шал ақынымыз: «Білімің болса дағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей», - дейді. Ш.Шыңғысұлы: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін, алдымен, азаттық пен білім керек», - деген.
Мухаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға қоныс аударған (хижра) соң Мәдина даласына мешіт салдырып, сахабаларына ілім үйреткен. Пайғамбар (с.ғ.с.) ілімді дүниелік істерден жоғары қойған. Бәдір соғысынан соң, қолға түскен тұтқындың ішіндегі сауаттыларына он мұсылманның сауатын ашуды міндеттеген. Erep де бұлай болған жағдайда, оларды тұтқындықтан босатуға уәде берген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Құран айтқан «білгенді үйрету» әміріне басшылыққа алған. Білгендердің білмегендерге үйретуін бұйырған. Діннен мақұрым аймақтарға дін үйрететін ұстаздарды жіберіп отырған. Пайғамбар (с.ғ.с.) - осылайша алғаш мұсылмандардың білім алуына өзі ұйытқы болған, адамзатқа үлгі болған теңдессіз тұлға.
«Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деген пайғамбар (с.ғ.с) миссиясы - тәблиғ, Ислам дінін жеткізіп, таратушы, яғни білім мен тәрбиеде адамзатқа үлгі болу [5, 102]. Таблиғ жайында Имам Ағзам (ө.ж. - 150) былай дейді: «Тәрбие - тұлғаны тәрбиелеп, немесе керісінше бұзатын нәрсені білу» дегенді білдіреді. Маверди болса, былай дейді: «Тәрбие тірекке ұқсайды. Алла Тағала адамды сол арқылы ақылды кемелдендіреді. Тәрбие әсемдік, ұрпағы құруға айналғандарды, Алла Тағала тәрбие арқылы көркемдейді». Зернуси: «Білім - зейінді алатын нәрсе, тәрбие - білім мен үкім жүйелерін үйретеді» деген. Ибни Сина «қандай да бір нәрсені, әдетке айналдырғанша қысқа әрі ұзақ уақыт қайталау» деген анықтама берген. Атақты тәпсірші Бейзауи болса, тәрбиені, «Бір нәрсені бірте- бірте дамыта отырып, кемелдікке жеткізу» деп түсіндірген. Осылайша тәрбиенің оқу ісін де қамтитынын айтуға болады.
Ислам тарихында ғылым - ерекше құрметке ие құндылық. Ертедегі ислам мемлекеттерінде патшалар танымал дін қайраткерлерін қамқорлығына алды, қабілетті ғалымдардың жұмыс істеуіне мүмкіндіктер жасап берді. Ерте кезден-ақ ислам әлемінің барлық қалаларындағы мешіттер мен медреселерде біртіндеп кітапханалар салына бастады. Бұл іс ислам әлемінің білім алуға қаншалықты деңгейде көңіл аударғанын аңғартса керек. Мұсылман елдерінің саяси-қоғамдық өмірінде философтар мен ойшылдар маңызды рөл ойнағанын тарихтан білеміз. Мұсылман ойшылдары қоғамдық пікірге ықпал етті және көптеген мемлекеттік маңызы бар шешімдердің қабылдануына түрткі болды. Әбул Әсуад әд-Дуали былай деген еді: «Патшалар адамдарды басқарады, ал патшаларды ғалымдар басқарады». Бұл сөз билеушілердің білім иелеріне жүгінгенін аңғартады.
Сол себепті Ислам әлемінде ғылым-білім кең қанат жайып, мұсылманша оқытатын оқу ордалары халыққа қызмет етті. Тіпті VII ғасырда мешіттердің жанынан мұсылмандық бастауыш діни мектептер ашылды. Олар күні бүгінге дейін сауат ашу курстары ретінде халыққа қызмет етуде. Бұл мектептердің құрылуы таифтік әл- Хажжаж ибн Жүністің есімімен байланыстырылады. Исламның өркендеу кезеңінде көптеген мұсылман қалаларында жоғары оқу мектептері (медресе) қызмет етеді. Мұсылман әлеміндегі белгілі медреселер қатарына Бәйт әл-Хикма (Бағдад IX ғ.), әл- Каравийия (Бағдад IX ғ.), әл-Азхар (Мысыр X ғ.), ән-Низамийя (Бағдад XI ғ.), әл- Мустансырийя (Бағдад XIII ғ.) жатады.
Аталған мектептердің әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері де жоқ емес. Мұсылман медреселері Еуропадағы бүгінгі таңда әлемге әйгілі жоғары оқу орындарының ашылуына түрткі (үлгі) болды. Айталық, Еуропадағы Болон, Париж, Монпель, Оксфорд университеттері XII ғасырдан кейін, яғни Ислам медреселерінен көп кейін өмірге келді. Сондай-ақ, орта ғасырлардағы Ислам ғылымы жеткен жетістікті әлі күнге ілем ғылымының қайталай алмай отырғаны - мұсылмандық өркениеттің биіктігін көрсететін жағдай. Философ-ойшыл әл-Кинди, математик әл- Хорезми, медицина саласының білгірі Ибн Сина, математик, астроном әл-Баттани, екінші ұстаз әл-Фараби т.б. даналар - Ислам топырағынан өсіп-өнген даналар. Ислам дінінің осындай жетістікке жетуінің құпиясы оның ілім алушыға қоятын талабымен де байланысты. Әр ниеттің ықыласты, әр сөздің іспен бекіп, амалдарда көрінуін қалайтын дініміз - білім мазмұнына жоғары талап қоятын дін.
Ислам діні адам баласын үнемі Алламен бірге болуға шақырып, оның әмірлерін орындауда өте мұқият болу керектігін міндеттейді. Белгілі Ислам философы Мухаммед Икбал: «Өміріміз бен тәрбиеміздің басты мақсаты Ислам болу керек. Біліміміз дінге сүйенбейтін болса, оның түкке де пайдасы жоқ. Мұсылманның міндеті, білімді Ислам негізінде қарастыруы керек. Сонда ғана білімнің жаны рухы кіреді деу арқылы Ислами түсінік екендігін көрсетіп отыр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Құран пайғамбарлардың міндеттерін айта отырып, түсірген кітаптарында иманға келіп, Аллаға мойын сұнуды баян етеді. Сондықтан пайғамбарлардың міндеті өздері жіберілген қауымды білім мен тәрбиеге баулып, тәрбиелеу, Алла Тағала әмірін орындап, тыйымдарынан тыю, туралық пен әдептілікті үйрету. Демек, Ислами тәрбиенің мақсаты - адамзатты дүние мен ақыретте бақытқа жеткізу. «Ислами 21
білімнің мақсаты ақырет бақыты» болғандықтан, Ислами тәрбиенің мақсаты да адамды мәңгілік бақытқа жеткізу.
Ислам діні адамның бұл дүние мен о дүниенің ісімен айналысуын қалап, о дүниенің жемісіне бұл дүние арқылы жететіндігін баяндаған. Сондықган да Ислам тәрбиесі екі дүние бақытын көздейтін болғандықтан, дін тәрбиесінің мақсаты осы мақсатқа жеткзу болып табылады
Әдебиеттер тізімі
- Абай Құнанбаев. Шығармалары, -Алматы: Жазушы, 1981 ж. - 260 б.
- Ибн Абдул Бар. «Жамил Баянил Илм». 11-том - Стамбул, 1979 ж. - 500 б.
- Әбу Дауыд. «Сүнен». П-том Стамбул, 1989 ж. - 505 б.
- Құран Кәрім және қазақша түсіндірмесі ( Х.Алтай аудармасы бойынша).
- Әл-Бұхари. «Сахих хадистер» I том, - Алматы: Көкжиек, 2000 ж. - 440 б.