Аңдатпа
Бул мақалада қазіргі кундері қоршаған ортаның өзендер жүйесі Қазақстаннның және көрші елдердің трансшекаралық өзендерінің су ресурстарына байланысты мәселелері айтылады. Мәселенің маңыздылығы, трансшекаралық өзендердің су-энергетикалық ресурстарын бірлесіп пайдалануға қатысты экономикалық - географиялық себептер (су қоймалар, су электр станциялары, суландыру каналдары және басқа да техникалық құрал - жабдықтар) мен бірыңғай қағидалардың болмауы, оның негіздері мен трансшекаралық су қатынастар саласындағы мәселелердің туындауының алғышарттары және көршілес аймақтағы трансшекаралық су ресурстарының қолданылуына байланысты мәселелер қарастырылады.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы экологиялық жағдайына байланысты Орталық Азияның басқа елдерімен қатар келеді. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркменстанның қоршаған ортасы мен экономикасына қауіп төндіретін аймақтық сипаттағы ұлттық экологиялық проблемалардың ішіндегі ең өткірі, су ресурстарының қысқартылуы және рационалды түрде пайдаланбауы болып отыр.
Cy қатынастарының шектелуі Қазақстанның тұрақты түрде дамуына және республиканың бай табиғи қорларын игеруге кедергі келтіруші факторлардың бірі болып табылады.
Сумен қамтамасыз етуде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде соңғы орындардың бірінде. Елдің таяз су ресурсы орташа шамамен алғанда, жылына 100,5 км3.Оның тек 56,5 км3 Қазақстанның территориясында қалыптасады, қалған 44,0 км3 көршілес елдердің территорияларынан келеді: Қытай - 18,9, Өзбекстан - 14,6, Қырғызстан - 3,0, Ресей - 7,5 км3. Республиканың сумен қамтамасыз етілу колемі 1 км2 жерге 37 мың м3 және жылына бір адамға 6,0 мың м8. Қазақстанда барлығы 8 өзен бассейні бар: Балқаш - Алакөл, UJy - Талас, Арал - Сырдария, Орал - Каспий, Тобыл - Торғай, Есім, Ертіс, Нұра - Сарысу. Осылардың Нұра - Сарысу бассейнінен басқа 7 трансшекаралық болып табылады. Маңызды, негізгі су қоймалардың жалпы саны бесеу: үшеуі жоғарғы көп жылғы реттеуге байланысты - Тоқтағұл (жобалы жалпы сыйымдылығы 19,3 км3), Чарвак (2,0 км3), Әндіжан (1,9 км3), сонымен қатар мезгілдік реттеуге байланысты екі ағынды су қоймалар - Қайраққұм (4,03 км3) және Шардара (5,7 км3). Орталық Азиядағы негізгі өзендер мен су қоймалардың жүйесі.
Таяз су ресурстары мемлекеттің территориясы бойынша біркелкі реттелмеген, сонымен қатар көп жылғы және ішкі жылдық динамикамен сипатталады. Осылайша, эр түрлі әкімшіліктік облыстар мен экономиканың салаларын эр түрлі деңгейде қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әр түрлі аймақтарының климаттық ерекшелігіне қарай, таяз су қайнар көздерінің 90 пайызы көктемгі кезеңде өтеді. Булану мен сүзуге кететін, транспортты - энергетикалық шығындарды есепке алғанда мемлекеттің экономиксында қолданылуы мүмкін су ресурстарының орналасу көлемі орташа есеппен жылына 46,0 км3 құрайды. Қазақстан экономикасының қажеттілігене қарай, әр түрлі сулы жылдардағы су ресурстарын салыстыруда бүкіл республика бойынша және жеке аймақтар бойынша да судың жетіспеушілігі байқалады. Cy ресурстарының жетіспеушілігі орташа есеппен алғанда жылына 7,0 км3 құрайды. Құрғақшылық жылдары сумен қамтамасыз ету деңгейі 60 пайызды, ал жеке аймақтар бойынша (Орталық Қазақстан) 5 - 10 пайызды құрайды. Осымен қатар, судың жетіспеушілігі егін шаруашылығын суландыру негізінде байқалады.
Қазақстан территориясының ерекшелігі, оның көп бөлігі Каспий және Арал бассейндеріне, Балқаш, Теңіз, Алакөл өзендеріне келеді. Бұл сулар Әлемдік мұхитқа тікелей шыға алмайды, сондықтан өзендік ағынмен шайылмайды. Осыған байланысты, Сырдария, Іле, Орал және басқа да атырауларда ластаушы заттардың жиналуы жүреді, бұл мемлекеттің территориясына ағынды сулармен келеді, атмосфералы жауын - шашынмен түседі, өнеркәсіптік және радиоактивті қалдықтармен түседі. Осының барлығы Қазақстанның су объектілері су сапасының проблемасын күшейтеді. Мемлекеттің территориясында таза суға жатқызатын су объектілері қалған жоқ. Ең ласта нған өзендерге орташа және кіші өзендерден бөлек Қазақстанның ірі өзендері Ертіс, Орал, Сырдария, Іле өзендері жатады. Осы өзендердің ластану деңгейі мемлекет шегінде өте жоғары болып есептеледі. Сонымен қатар, Ертіс, Орал, Сырдария және Іле өзендері трансшекаралық сулар болып табылады, сондықтан сулардың көршілес елдермен ластану деңгейі өсуі осы өзендердің бассейндерінде, әсіресе, біздің еліміздің территориясында тоқыраулы жағдайларды туғызуда [1].
Осылайша, Қазақстан Республикасы үшін су проблемасының мәні су қорының шектеулігі, оның сапасының төмендеуі, әсіресе соңғы жылдары судың территория бойынша біркелкі орналаспауы негізіне жүктеледі. Cy, әсіресе ол қажет жерде аз және болашақта суға деген сұраныс мемлекеттің көп аймақтарында жергілікті су ресурстары басым болады.
Қырғызстанның территориясындағы бассейндерінде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары орналасқан Шу, Талас, Acca, Сырдария өзендері орналасқан. Осы аймақтың экономикалық және экологиялық тұрақтылығы су факторымен байланысты. Қазіргі күндері мұндағы жағдай тоқыраулы күйде, сондықтан осы аймақтардағы халықтың қалыпты түрде өмір сүруі мүмкін болмай тұр.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Cy ресурстарының әр түрлі территорияларда орналасуы негізгі проблема болып табылады. Орталық Азияның мемлекеттері Сырдария және Амудария өзендерінің су ресурстарымен, сонымен қатар тоспалар, каналдар мен су қорларын қосатын гидротехникалық құрылыстарының торымен байланысты. Судың жетіспеушілігі Орталық Азия мемлекетгерінің мемлекетаралық қатынастарын қиындатады. Осылайша, аймақта экономикалық, әлеуметтік және саяси қысымға әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты аймақта су ресурстарын өзара пайдаланудың негізгі проблемалары мына себептерге байланысты туындайды:
- электроэнергияны шығаруға және егін шаруашылығын суландыруға жұмсалатын судың көлемі;
- суды берудің уақытшакестесі;
- суды жинау мен сақтауға өтемақы механизмі;
- пайдаланушылар арасында суды реттеу қағидасы;
- су сапасы [2].
Сырдария өзені бассейнінің орташа су ресурсының жалпы көлемінің 1,1 км3 суы Тәжікстанда реттеледі. Тәжікстандағы суды пайдалану (1970 ж.) 2,21 км3 2000 жылы 3,50 км3 ұлғайды, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 4,73 км3 дейін өседі. Erep 1843 м3/ адамға тең келетін 2000 жылдағы судың шығынды көлемін алатын болсақ, Қазақстан территориясына судың келуін төмендетуін, яғни 1970 жылы 16,81 км3 тан 2000 жылы 9,07 км3 есепке алсақ, бассейннің мемлекеттері арасындағы суды бөлісу мәселелері болашақта нәтижелі турде шешімін табады, яғни 2020 жылы 2,20 км3 судың көлемін құрайды.
Қазақстанның территориясында ағынның 6 пайызы, яғни 2,23 км3 су реттеледі. Сырдария өзені бассейнін экономика салаларындағы суды пайдалануы - 8,61 км3 құрайды. Оның 2010 мен 2020 жылдардағы үлкендігі 2000 жылдың көрсеткішімен тең. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының экономика салаларындағы суға деген қажеттілікті ұлғайту жоспарлануда.
Гидрометриялық бақылаулардың мәліметтері бойынша, орташа көп жылғы өзендердің ағындарын есептеу келесі жағдайлармен анықталады: Сырдария өзенінің бассейні үшін - жылына 37203 млн. м3; Амудария өзенінің бассейні үшін - жылына 79280 млн. м3. Осылайша Арал теңізі бассейнінің орташа көп жылғы өзенді су ресурстарының жалпы көлемі жылына 116483 м3 құрайды.
Сонымен қатар, көршілес мемлекеттер территориясындағы су ресурстарын рационалды түрде пайдалану жөніндегі проблеманың шешімін таппаса, Қазақстан территориясында суды пайдалану деңгейін көтеруге мүмкіндік болмайды. Мысалы, 2010 жылы экономика салаларындағы суды пайдалану көлемі 5,0 км3 Судан артық болмауы қажет, ал 2020 жылы 1,5 км3 артық болмауы қажет. Бұл жағдайда жыл сайын солтүстік теңізге 4,0 км3 су жіберілуі керек екендігін есепке алу қажет [3].
Үлкейтілген есеп негізінде, 2010 жылы Қазақстанның су ресурсы 85,92 км3 құрайтыны бекітілді. 2000 жылы оның 44,0 км3 орнына 32,42 км3 су көршілес мемлекеттерден түсті. 2020 жылы көршілес мемлекеттерден судың 21,50 км3 көлемі келеді, ал су ресурсы жыл сайын 75,0 км3 құрайды.
Орналастырылған су аз жылдардағы су ресурсы. Cy аз жылдардағы Сырдария өзенінің сағасына судың келуін анықтайтын есебі 75 пайызды құрайды. Экономика салаларының суды пайдалануы мен су ресурстарын салыстырылуы судың аз жылдық кезеңіне де жасалған.
Қазақстан Республикасының орташа көп жылғы су ресурстарының бүкіл көлемі 100,5 км3 құрайды. Сонымен қатар, болашақта су аз жылдардағы су ресурстарының толық көлемде экономика салаларының суға деген қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ.
Сондықтан міндетті түрде қажет:
1) Трансшекаралық өзендер бассейндерінің, сонымен қатар Сырдария өзені бассейнінің су ресурстарын рационалды түрде пайдалану жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекетаралық келісімнің тиімділігін көтеру. Біз барлық көрші мемлекеттермен трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бірлесіп пайдалану жөніндегі келісімге қол қойғанмен, олар кейін жаңарту мен дамытуды талап етеді, яғни қажетті механизмдермен және оларды жүзеге асыру үшін қаржы ресурстармен қамтамасыз ету. Ең бастысы - келісімнің мүше мемлекеттері трансшекаралық өзендерде басшылық ету жөніндегі мемлекетаралық органдардың үйлесімділігін қалыптастырып, белсенді түрде қолдау көрсетулері қажет.
2) Егін шаруашылығын суландыруда, өнімді өндіруде суды шығындауды екі немесе одан да көп есеге азайтуға мүмкіндік беретін су ресурстарын пайдалануға арналған технологияны қалыптастыру және енгізу қажет. Қазіргі күндері мұнда 80 - кейде, тіпті 60 - жылдардың техникалары мен технологиялары қолданылуда. Бұл, суды өндіруге және су ресурстарын рационалды түрде пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Erep суландыратын жерлердің тұздылығы артатын болса, онда болашақта бұл жерлер өнімділігінің деңгейі өте темен болады. Сондықтан, ауыл шаруашылық өнімді жемшөптік өнімге ауыстыру нәтижесінде суландыратын жерлердің экологомелиоративті жағдайдың одан әрі нашарлауын тоқтатады. Сырдария өзені бассейнінде Қазақстанның экономика салаларының даму нұсқасын таңдау әлі де зертеулерді талап етеді.
Erep су аз жылдары Қазақстан территориясына судың жіберілуі нөлге тең болса, онда экономика салаларын қалай сумен қамтамасыз етуге болады деген мәселе туындайды, ал су көп жылдары керісінше мәселе туындайды, суға қалай басшылық жүргізуге болады, қалай ағынды теңіз акваториясына транзитпен өткізуге болады. Сонымен қатар,су ресурстарына басшылық ету болады және ол энергетикалық кестеде жұмыс істейтін Тоқтағұл су қоймасын пайдалану әрекеттерінен қиындай түседі. Cy ағындарына басшылық етуде энергетикалық кестеде жұмыс істейтін Қайраққұм (Тәжікстан) және Чарвак (Өзбекстан) су қоймалары үлкен рөл атқарады. Осы су қоймаларының жұмысы Ферғана даласындағы Сырдария өзеніне реттелмеген қысқы ағынмен қатар, Шардара су қорының бүтіндігіне және өзеннің төменгі ағысында орналасқан тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді [4].
Cy аз жылдардағы (орташа және су көп жылдардағы) өзендердің су ресурстарын есепке алғанда, Қазақстан Республикасы территориясы бойынша ағынның ұқсастығындаесепке алу қажет. Erep ауа температурасы жоғарылайтын болса (Қазақстан Республикасы территориясы бойынша: ұқсас, онда таулы аймақтарда (Іле, Ертіс, Сырдария, Шу, Талас) көп сулы ағын қалыптасады, ал жазықты аймақтарда ағын қандай болатыны белгісіз.
Бірақ, өзендердің әсіресе, трансшекаралық өзендердің су ресурстары төмендейді. Мысалы, су аз жылдардағы су ресурстарының жалпы көлемі 2010 және 2020 жылдары 63,79 және 55,27 жылына/ км3. Сырдария өзені бассейніне көршілес мемлекеттерден келетін су 2010 және 2020 жылдары нөлге тең болады. Бұл Қырғызстанда, Өзбекстанда және Тәжікстанда экономика саласының кейінгі дамуымен себепті болады.
Сумен қамтамасыз ету мен трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану проблемасы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінің аймақтық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін негізгі қайшылықты жағдайлардың бірі. Аймақ үшін су және энергетикалық ресурстарын пайдалану жүйесі, заманға сай жағдайларда жаңа сапалы контекстке ие болды. Ол келесі жағдайлармен анықталады:
Біріншіден, Орталық Азия мемлекеттерінің кез - келгенінде су немесе энергия тапшылығының пайда болуы, ұлттық қызығушылықтар мен қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдай негізінде қабылданады.
Екіншіден, өзен жүйесі қызметін оңтайлы етуге пайдалануға экономиканың екі саласы бір уақытта таласуда: әр турлі мемлекеттерге жататын ирригация мен энергетика мәселесі қиын шешімді жағдай болып табылады.
Үшіншіден, Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттері су және энергетикалық ресурстарды пайдалану мәселелерін нәтижелі, әрі рационалды түрде шешуінен аймақтың интеграциялық процестерінің болашағына байланысты.
Cy ресурстарын өзара пайдалану проблемасы шешімінің қолайлы әдісін табу - бұл, ұйымдық - экономикалық мәселе. Бірақ, бұл әдіс тез арада этносаяси мәселеге айналып, радикалды - ұлттық жағдайдың туындауына негіз болады. Осыған байланысты, әрбір мемлекет жағынан тек сақтық пен олардың қызметтерін тұрақты тығыз түрде үйлесімдеу ғана емес, сонымен қатар тұрақтылықты қолдау мен ымыралы шешімді іздеуге ұжымдық беделді органдарды қалыптастыру қажет. Осылайша, су ресурстарын бірлесіп пайдалану Орталық Азия мемлекеттерінің эконом и касындағы су ресурстарының рөлімен анықталатын тек экономикалық, экологиялық мәнге ғана емес, сонымен қатар саяси және халықаралық мәнге ие [5].
Қазіргі күндері трансшекаралық су ресурстарын пайдалану саласында аймақтағы тұрақтылықтың тәуекелі бірнеше себептермен анықталады:
- бірлесіп су ресурстарын пайдалануда ортақ құқықтық негіздің болмауы;
- Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің жеке қызығушылықтарының басымдылығы жергілікті территориялық кестесінүйлестіре алмайтын бірыңғай су жүйесін бөлісуді білдіреді;
- Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің экономикалық және қоғамдық
- саяси дамуының әр түрлілігі;
- су ресурстарына деген сұраныстың үнемі ұлғаюы.
Осы аталған барлық жағдайлар қақтығысты потенциалды қалыптастырды, оның одан әрі дамуы Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп әкелуі мүмкін. Қақтығысты жағдайлар негізінде су ресурстарын пайдалану жатыр, бұл этносаралық, территориялық және басқа проблемаларға ауысады және болашақта қиын шешімді жағдайға әкелуі мүмкін. Орталық Азия аймағының бес мемлекеттері Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өбекстан, Ресей пайдаланатын судың негізгі қайнар көзі екі елдің территориясында орналасқан. Арал теңізі бассейнінің басты артериясының ағынынегізінен Қырғызстан территориясында орналасқан - Сырдария өзені (80 пайыз), және Тәжікстан территориясында - Амудария өзені (83 пайыз).
Амудария өзені Орталық Азиядағы ең ірі өзен, оның ұзындығы - 2540 км. Бүкіл су ресурстарының жалпы көлемінің 62,9 км3 Тәжікстан территориясында орналасқан Амудария өзенінің бассейніне келеді. Бүкіл су ресурстарының жалпы көлемі 64 км3. Сонымен қатар, Тәжікстанда аймақтағы өзендердің су балансын реттейтін мұздық негізіндегі тұщы судың үлкен көлемі (Орталық Азияның 60 пайызға жуық қоры) орналасқан.
Қазақстан территориясына трансшекаралық өзендердің су ресурстарының келуі біртіндеп қысқартылуда. Осылайша, егер 1960 жылы жылына 54,59 км3 су келсе, 2000 жылы жылына 44,0 км3 суды құрады және 2010 мен 2020 жылдары жылына 29,42 мен 18,50 км3 суды құрайды. Осылайша, егер орналастырылған су ресурстары 2000 жылы жылына 100,5 км3 суды құраса, 2010 мен 2020 жылдары жылына 85,92 мен 75,0 км3 суды құрайды.
Cy аз жылдағы өзендердің су ресурстары 2000 жылы жылына 75,43 км3 суды құрады, ал 2010 мен 2020 жылдары жылына 63,79 мен 55,27 км3 суды құрайды. Оның ішінде трансшекаралық өзендерден келіп түсетін су көлемі 2000 жылы жылына 33,11 км3 суды құрады, болашақта 2010 мен 2020 жылдары жылына 21,47 мен 12,95 км3 суды құрайды.
Cy көп жылдары Қазақстан территориясына трансшекаралық өзендердің су ресурстарының келуі бірден белсенді қарқынмен ұлғаюы мүмкін. Оған себеп, су ресурстарына келісімсіз бақылау жүргізу және Тоқтағұл су қоймасын пайдаланудың энергетикалық кестесі.
Әсіресе, Сырдария өзені бассейнінің ағынының қысқартылуы сезіледі. Erep орташа су жылдары, яғни 2000 жылы Қазақстан территориясына судың келуі жылына 9,07 км3 суды құраса, ал 2010 мен 2020 жылдары жылына 6,02 мен 2,20 км3 суды құрайды. Ал, су аз жылдары егер 2000 жылы жылына 2,45 км3 суды құраса, 2010 мен 2020 жылдары орташа алғанда нөлге тең болады.
Экономика салаларының орташа су жылдары су ресурстарына табиғи кешендермен талаптарда сумей қамтамасыз етілуі 2000 жылы Шу - Талас, Hypa - Сарысу мен Арал - Сырдария өзендері бассейндерінде қанағаттандыратындай көрсеткішті бермеді. Ал, 2010 жылы судың жетіспеушілігі барлық аймақтарда білінеді. Жалпы алғанда, жылына 15,28 км3 суды құраса, 2020 жылы да судың жетіспеушілігі қиындайды, яғни жылына 31,20 км3 суды құрайды. Cy аз жылы судың жетіспеушілігі өзендердің барлық бассейндерінде бақыланды, судың жетіспеушілігінің жалпы көлемі - жылына 21,27 км3 құрады, бұл жағдай болашақта ұлғаяды және 2010 мен 2020 жылдары жылына 37,41 мен 50,93 км3 суды құрайды.
Экономика салаларының даму деңгейіне байланысты су қайнаркөздеріндегі судың сапасы нашарлайды. Судың сапасын бақылаудағы су шаруашылық балансы су аз жылға құрастырылуы қажет. Бірде - бір су қайнаркөздеріндегі судың сапасы нормативті талаптарға сай келмейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Болашақта Қазақстан Республикасының экологиялық концепциясымен сәйкес келесідей жағдайларды қолдану керек:
- бірінші сатыда, 2007 жылға дейін суды пайдалану көлемі мен су сапасының нашарлауын одан әрі ұлғайтуға жол бермеу қажет. Cy қайнаркөздеріндегі судың ластану деңгейін тұрақтандыру керек;
- екінші сатыда, 2010 жылға дейін су қайнар көздеріндегі судың ластану деңгейін 50 пайызға дейін қысқарту қажет;
- үшінші сатыда, 2015 жылға дейін су қайнаркөздеріндегі судың сапасы нормативті талаптарға сәйкес болуы қажет.
Қазақстан Республикасының болашағында экономика салаларын су қажеттілігімен қамтамасыз етуге және өзендер бассейндеріндегі табиғи кешендерді қанағаттандыратын жағдайда сақтауға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, келесі қажетті жағдайларды қолдану қажет:
1. Трансшекаралық өзендер бассейндерінің су ресурстарын сақтау мен рационалды түрде пайдалануға байланысты ұзақ мерзімді мемлекетаралық келісімді жүзеге асыру қажет. Суды бөлісудің әдістемелік негіздерін және олардың жүзеге асырылу механизмдерін ұйымдастыру қажет.
2. Тоғанды шаруашылық пен суды қажет етпейтін экономика салаларын дамыту. Мұндай мақсатты болашақтағы 5-10 жылға қою қажет (2010 - 2015 жылдар аралығында)
Осылайша, экономика салаларын су ресурстармен қамтамасыз етуді орташа көп жылғы ағында және су аз жылда емес, қазіргі күндері мен болашақта дамитын су шаруашылық кешенде суға деген сұранысты қанағаттандырумен қамтамасыз етуге байланысты жүргізу қажет болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
- Кошматов Б. Т. Межгосударственные водные отношения и использование водных ресурсов в Центральной Азии / Б. Т. Кошматов // Экология и устойчивое развитие.- 2004. - № 2. - С. 17-18.
- Бердыгулова Г. Е. Экономико - географические проблемы использования и охраны водных ресурсов трансграничных рек (на примере р.Сырдарьи) : автореф. дис. на соискание ученой степени кандидата географических наук / Г. Е. Бердыгулова. - Алматы, 2002. - 23 с.
- Жексенбин Б. Б. Рациональное использование водоземельных ресурсов в орошаемом земледелии (на примере Жамбылской области) : автореф. дис. / Б. Б. Жексенбин. - Алматы, 2004. - 29 с.
- Нечаева Е. Л. Водные ресурсы как фактор обеспечения национальной безопасности: автореф. дис. На соискание ученой степени кандидата психологических наук / Е. Л. Нечаева.- Астана, 2006. - 29 с.
- Актуальные водные проблемы Казахстана / автор: А. К. Кадырбергенова, 2006 г. // http//www.rusnauka.com.