Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Емдік -сауықтыру туризмі

Аңдатпа

Мақалада емдік-сауықтыру туризмінің даму тарихы, қазіргі туризм нарығында алатын орны, дамыту жолдары, жүзеге асыратын табиғи ресурстар мумкіндігі, емдік-сауықтыру турларын жасау, оған деген сұранысты анықтау, Еуропаның емдік- сауықтыру туризмнің даму жағдайы, белгілі курорттар мен санаторийлер туралы баяндалған.

КІРІСПЕ

Емдік-сауықтыру туризмі бүгінгі таңда туризм индустриясының болашағы зор салаларының бірі болып табылады. Тән және рух саулығына деген сән XXI ғасырда емдік-сауықтыру туризмінің аса үлкен қарқынмен дамуына негіз болды. Әлемнің көптеген елдерінде емдік-сауықтыру туризмі жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда, халықты жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, сонымен қатар көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық тауарлар өндірісі сияқты экономиканың негізгі салаларына орасан зор эсер етеді және әлеуметтік- экономикалық дамудың өзіндік факторы болып есептеледі.

А.М. Ветитневтің анықтамасы бойынша емдік-сауықтыру туризміне арнайы сауықтыру бағдарламаларының негізінде денсаулықты нығайту және аурудың алдын алуға бағытталған туризм түрі жатады [1]. Сонымен қатар емдік-сауықтыру туризміне физикалық және психологиялық денсаулықты қалпына келтіру мен демалу мақсатындағы туризмді жатқызуға болады. А.В.Бабкин бойынша емдік- сауықтыру туризмі резиденттер мен резидент емес тұлғалардың мемлекет аумағында немесе шет елдерде 24 сағаттан кем емес және 6 айдан аспайтын уақыт аралығында емдік-сауықтыру мақсатында орын ауыстыруын қарастырады және курортологияға негізделеді.

Курортология - бұл табиғи емдік факторлар және олардың адам ағзасына эсер! мен емдік-сауықтыру мақсатында пайдаланылу әдістері туралы ғылым. Ерте кезеңдердің өзінде адам ағзасына әр түрлі табиғи, климаттық, гидроминералды және ландшафттық факторлардың эсер ететіндігі байқалған болатын, ал XVI-XVIII ғасырларда климатпен және сумен емдеудің ғылыми алғышарттары қалыптасты, алғашқы курорттар пайда болды, курортология ғылым ретінде медициналық тәжірибеге енді [2].

Бальнеология (лат. balneum - монша, суға түсу) - минералды сулардың пайда болуы мен физико-химиялық қасиеттерін және емдік-сауықтыру мақсатында қолданылу әдістерін зерттейтін ғылым. Бальнеологияның алғышарттары б.з.д. V ғасырда ғалым Геродот минералды суларды пайдалану әдістері мен жағдайларын ұсынған кезде пайда болған, ал Гиппократ (б.з.д. V-IV ғғ.) өз еңбектерінде өзен, көл және теңіз суының емдік қасиеттерін атап өткен. Ғылыми бальнеологияның негізі XVII-XVIII ғасырларда неміс ғалымы Ф. Гофман минералды сулардың химиялық құрамын анықтаған кезде қалыптасты. Емдік сулар химиялық құрамына Емдік сулар химиялық құрамына және шипалы қасиеттеріне қарай көмір қышқыл газды, күкірт сутекті, құрамында темір, күшәла, марганец, мыс, алюминий, органикалық заттар болатын сулар, бромды, йодты, радонды және кремнийлі сулар болып бірнеше топқа бөлінеді. Минералды сулармен емдеумен қатар, емдік-сауықтыру туризмі саласында балшықпен емдеу де кең тараған.

Балшықпен емдеу, пелоидотерапия (грекше plos — саз, балшық және therapeia — емдеу), құрамында тұздар, өсімдік шірінділері, сондай-ақ, оларды қорек ететін ұсақ организмдері бар балшықты және балшық тектес (парафин, озокерит) заттарды емге пайдалануды білдіреді. Шипалы балшықтар химиялық құрамы, шығу тегі және пайда болу жағдайларына байланысты әр түрлі болады. Олар кейбір физикалық және химиялық қасиеттеріне (тұтқырлығы, су сіңіргіштігі, жылу сыйымдылығы, жылу сақтағыштығы, т.б.) қарай топтарға жіктелінеді. Арнайы қыздырылған шипалы балшықтар өздерінің бойында қызуды ұзақ сақтаумен қатар, терідегі рецепторларға, дәнекер тіндерге, ішкі секреция бездеріне эсер етіп, организмдегі зат алмасу, регенерация процесінің жүруін реттейді, ауырсынуды басады. Балшықпен емдеу, негізінен, сүйек-буын, жүйке, ас қорыту, жыныс мүшелерінің ауруларына қолданылады [3].

Қазіргі кезде дамыған елдерде емдік-сауықтыру туризмі екі бағытта қалыптасады:

-науқастардың арнайы мекемелерде туристік бағдарламалармен қоса ем қабылдауы;

-дені сау адамдардың арнайы мекемелерде белгілі бір қызметтер алу арқылы физикалық және психологиялық жағдайын қалпына келтіріп, жақсарту мақсатында өзге елдерге саяхат жасауы.

НЕГІЗГІ БӨЛІМІ

Емдік-сауықтыру туризмінің негізгі даму аймағы - Eypona, нақтырақ айтсақ, Орталық және Шығыс Eypona болып табылады. Бұл мемлекеттерде емдік табиғи- климаттық ресурстар кең тараған, сонымен қатар науқастарды емдеудің, қалпына келтірудің және аурудың алдын алудың қазіргі заманғы тиімді әдістері пайдаланылады. Eypona елдерінің ішінде шипажайлы-курорттық емделуге келушілердің саны жөнінен Чехия алдыңғы орынды алады. Мұндағы ең үлкен және әйгілі здравница - Карловы Вары болып табылады. Чехияның ұлттық туристік әкімшілігінің деректері бойынша жыл сайын оған емделуге әлемнің 70 елінен 50 мың адам және 2 млн. экскурсант келеді. Соңғы кезде елде чех здравницаларын еуропалық емдік-сауықтыру туризмі нарығында белсендірек жылжыту шаралары жүргізіліп жатыр. Курорттарда театр сахналары, галереялар, көрме залдары, би алаңдары, ойын мекемелері, түнгі клубтар ашылуда. Сонымен қатар гольф, теннис, суда жүзу, яхтинг, каратэ, жаяу, атпен және велосипедпен серуендеуге жағдай жасай отырып, белсенді демалысқа мүмкіндіктерді кеңейтуде. Емдік-сауықтыру бағдарламалары мәдени, ойын-сауық және танымдық шаралармен жақсы үйлесім табады. Чех курорттары музыкалық фестивальдер, ән байқауларын, курорттық балдар, аэробика-марафондар, көрме-сатылымдар, фольклорлық фестивальдер ұйымдастырады. Карловы-Вары курортында дәстүрге айналған Халықаралық толықметражды фильмдер фестивалі өткізіледі. Бұл шаралар туристерді көбірек тартуға және олардың контингента кеңейтуге бағытталған.

Еуропаның емдік-сауықтыру туризмі нарығында Чехияның басты бәсекелесі - Венгрия болып табылады. Оны термалды моншалар зонасы деп атайды. Тәулігіне 500000 м3 жуық термалды су табиғи бұлақтардан ағып шығады, оның жартысы медицинада пайдаланылады. XIX ғасырда Венгрия Еуропаның сумен емдеу орталығы, ал Будапешт емдік сулар қаласы атағына ие болған. Бүгінгі таңда Венгрияның 22 қаласы мен 62 ауылында ресми түрде бекітілген емдік су көздері бар. Туристік ағындар көбіне Будапештке жэне Балатон көліне келеді. Будапешттегі әйгілі түрік моншалары XVI-XVII ғасырлардан бері сақталған және бүгінде қызмет етуде. Балатон - Еуропаның ең үлкен және жылы көлдерінің бірі, балық аулау, жүзу, желкенді спорт және су шаңғысымен айналысуға қолайлы орын. Жыл сайын көлге әр елден 100 мыңға жуық турист келеді. Венгрия курорттарында емделу мен демалу Германия, АҚШ, Австрия азаматтары және жергілікті халық арасында сұранысқа ие. Барлық келушілердің жартысынан көбі осы төрт елдің үлесіне тиеді.

Емдік-сауықтыру туризмі нарығында Польшаның бальнеологиялық және климаттық курорттары кең тараған. Негізгі бальнеологиялық және бальнеобалшықтық Свиноуйсьце, Камень-Поморски, Колобжег курорттары Балтық теңізінің жағалауында орналасқан. Олар Чехия жэне Венгрия курорттарына қарағанда онша әйгілі емес және бәсекелестікке тусе алмайды. Жарнаманың жоқтығы, медициналық қызмет деңгейінің төмендігі және теңіз суының суықтығы сияқты факторлар Польша курорттарының мүмкіндігін шектейді. Польшадағы емдік- сауықтыру туризмінің дамуына Эстония, Латвия, Литвадағы сияқты теңіз жағалауындағы қолайсыз экологиялық жағдай теріс әсерін тигізеді. Теңіз жағалаулары өндіріс қалдықтарымен және қоқыстармен ласта нған. Көптеген өнеркәсіп орындары техникалық жағынан ескірген және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес қайта жабдықталуы тиіс. Зиянды заттардың негізгі бөлігі шығыс және оңтүстік-шығыс жағалауда орналасқан өндіріс нысандарынан келеді. Өте жоғары деңгейде бактериалды ластануды салдарынан кейбір Балтық жағалаулары жабылып, адамдарға суға түсуге тыйым салынады. Мұндай жылдары Польшаның теңіз жағалауларына келетін туристік ағын кемиді. Таулы аудандарда орналасқан климаттық курорттардың ісі жандана түседі. Олардың саны көп, сондықтан тау- климаттық туризмді Польшаның емдік-сауықтыру туризмінің мамандандырылған саласы ретінде қарастыруға болады.

Чехия, Венгрия, Польшадан басқа емдік-сауықтыру туризмі Болгария, Румыния, Сербия, Черногорияда дамыған. Бұл елдер жылы теңіздерге шыға алады және негізінен теңіз жағалауындағы климаттық курорттарда сауықтыру бағдарламаларын ұсынады. Сонымен қатар, Хорватияда медицинада пайдаланылатын мұнай түрі - нафталанның Еуропадағы жалғыз шығу көзі ашылған. Оның негізінде құрылған Иванич-Град курорты тері және тірек-қозғалыс аппаратының аурулары бар науқастарды қабылдайды. Словакия термалды здравницаларын қазіргі заманғы технологиялармен жабдықтау арқылы жақын арада Чехияға баратын туристік ағынды өзіне тартып, емдік-сауықтыру туризмі нарығында басты орынға ие болуы мүмкін.

Батыс Eypona мемлекеттері курорттық істің терең дәсүрлерімен ерекшеленеді. Мұнда әлемдік маңызға ие Германиядағы Баден-Баден және Висбаден, Франциядағы Виши, Ұлыбританиядағы Бат, Бельгиядағы Cna және басқа да ірі курорттар орналасқан. Олар XIX ғ. 2 ж. тек қана емдік емес, демалыс орны ретінде де дамыған. Аралас архитектуралық стильдер, павильондардан шыққан әр түрлі әуендер, концерттер, сахналық көріністер және балдар, сән үлгілерінің және алғашқы автокөліктердің көрінісі, ойын бизесі, сауық кештері бұл курорттарға ерекше қайталанбас сипат берген. Батыста курорттық істі ұйымастырудың XIX ғасырда қалыптасқан қағидалары бүгінгі таңда өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Курортқа келген адамдарға қатаң күн тәртібі белгіленбейді, олар ем алу уақытын өздері таңдайды және дәрігердің кеңесімен жүруге міндетті емес. Батыс Eypona курорттарының көпшілігі Германия, Австрия және Швейцарияда орналасқан. Олар негізінен бальнеологиялық және климаттық болып келеді. Жыл сайын неміс курорттары 1 млн. астам адам қабылдайды. Германияның климаттық және бальнеологиялық орталықтары ұсынатын аурудың алдын алу және қалпына келтіру бағдарламалары Франция, Бельгия, Люксембург, АҚШ және Канада тұрғындарының арасында сұранысқа ие.

Австрияның көптеген курорттарының ішінде ең әйгілісі - Бадгастайн бальнеологиялық курорты Зальцбург провинциясының оңтүстігінде, Гастайн өзенінің алабында орналасқан. Ол ыстық радон бұлақтарының негізінде құрылған. Бальнеологиялық және климаттық курорттармен қатар Австрияда көл жағалауындағы емдік-сауықтыру туризмі дамыған. Жыл сайын Аттерзе, Мондзе және Топлицзе көлдеріне 1 млн. жуық турист келеді. Жалпы, елге келетін туристердің 20%-ы емдік мақсатты көздейді [4].

ҚОРЫТЫНДЫ

Швейцариядағы курорттар саны Германия және Австрияға қарағанда аз болғанымен, емдік-сауықтыру туризмінің әйгілі бағыттарының бірі болып табылады. Алайда бағасының өте жоғары болуына байланысты бұл елдегі курорттық қызмет тек бай адамдар үшін қолжетімді болып келеді. Баден, Бад-Рагац бальнеологиялық здравницалары жэне Ароза, Давос, Санкт-Мориц, Церматт тау-климаттық курорттары жергілікті тұрғындармен қатар шетелдік қонақтар арасында үлкен сұранысқа ие. Швейцария алғаш болып шөппен емдеуді тәжірибеге енгізді. Мұнда ірі фитотерапевттік Кран-Монтана орталығы орналасқан. Орталықта дерматоз, зат алмасу жүйесінің бұзылуы, диабет, жүйке жүйесі ауруларын емдейді.

Оңтүстік Еуропада емдік-сауықтыру туризмі негізінен Италияда дамыған. Оның бальнеологиялық курорттары елдің солтүстік-шығысында, термалды суларға және емдік балшықтарға бай Эмилья-Романья аймағында және Искья аралында орналасқан.

Испания, Португалия, Греция туристерді климаттық теңіз жағалауындағы курорттарымен қызықтырады, олар көбіне демалыс және ойын-сауық орталықтары ретінде танымал. Бұл елдерде мамандандырылған емдік курорттар аз және жалпы курорттар санының тек бірнеше пайызын ғана құрайды.

Солтүстік Еуропада емдік-сауықтыру туризмінің даму деңгейі темен. Дания мен Нидерландының теңіз жағалауындағы климаттық курорттары және Норвегия, Финляндия, Швецияның көл жағалауындағы курорттарын атап өтуге болады, бірақ олар тек жергілікті маңызға ие.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ветитнев А.М., Кусков А.С. Лечебный туризм. M.: Форум, 2010.
  2. Бабкин А.В. Специальные виды туризма. Ростов н/Д: Феникс, 2008.
  3. Энциклопедический словарь Ф.А. Брокгауза и И.А. Ефрона. СПб.: Брокгауз- Ефрон, 1890-1907. URL www.vehi.net /brokgauz/
  4. Ефименко Н.В., Глухов А.Н. Лечебно-оздоровительный туризм в России и за рубежом с позиций курортной науки // курортная медицина. - № 3. 2012.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.