Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Атырау облысы балықтарының экологиялық ерекшеліктері

Аңдатпа

«Атырау облысы балықтарының экологиялық ерекшеліктері» тақырыбында жергілікті суларда таралған және тіршілік ететін балықтардың тұщысу, жартылай өткінші, өткінші және теңіздікдеп аталатық экологиялық топтарына жататын балық түрлері көрсетілді. Атырау ихтиофаунасының құрамындағы фондық, бірінші дәрежелі көңіл аударылатын, индикатор,эндемик, қорғауға алынған және қорғалуы қажет түрлері қысқаша сипатталынды. Көрсетілген топтарға кіретін балық аттары және тізімі берілді. Атырау суларынан кәсіптік мақсатта ауланатын балықтардың ішінде құндылығы жоғарысы бекіре балықтары. Олардың көбею кезіндегі миграциялық циклі өте курделі. Әрбір топтарының өз ішінде жыл маусымдарының әр кезеңінде жыныс бездері мен өкімдерінің әртүрлі дәрежеде жетілулеріне қарай бірнеше топшалары болады. Соған байланысты жыныстық турғыдан жетілген дараларының өзенге кіруі бір мезгілді емес. Бір топтары жаз соңынан бастап куз айлары бойы теңізден өзенге кіріп қыстайды да, келесі жылы көктемде өзеннің жоғарғы ағыстарына көтеріліп уылдырық шашады (қыстық расса). Ал екінші бір топтары сол жылы көктемде теңізден өзенге кіреді де, оның бойында орналасқан уылдырық шашу орындарына көтеріліп уылдырықтайды.

Экологиялық классификация бойынша Жайық-Каспий бассейіні балықтары тұщысу немесе өзен, жартылай өткінші, өткінші және теңіз балықтары деп бөлінеді. Түр саны жағынан көбірегі теңіз және тұщысу балықтары болып есептелінеді.

Ихтиолог-ғылымдардың мәліметтері бойынша облыс суларында тұщысу балықтары деп аталатын экологиялық топқа 42 түрлер мен түршелер жатады. Ол жергілікті ихтиофаунаның шамамен 34% -ын құрайды. Бұл балықтар өмірінің барлық кезендерін Каспийге құятын көптеген өзендердің төменгі ағысын,өзен атырабындағы, жайылма сулар мен өзен тасығанда онымен жалғасатын тұщысулы көлдерде өткізеді. Облыс суларындағы бұл топқа жататындары: шортан (Esox Iucius), оңғақ (Tinea tinea), қызылқанат (Scardinius erythrophthalmus), үкішабақ (Alburnus alburnus), балпан балық (Blica bjoercma), мөңке (Carassius carassius), жайын (Silurus glanis), каспий шырма балығы (Cobitis caspia), алабұға (Perca fluviatilis), нәлім (Lota Iota) және басқалары [1].

Атырау суларында жартылай өткінші балықтарға 9 түрлер мен түршелер кіреді, ол барлық балықтардың 7,5 % құрайды. Олар теңіздің тұщылау жағалық бөлігінде қоректенеді де көбею кезінде өзеннің атырабына шығып уылдырықтайды. Бұл топқа жататындар: табан (Abramis brama Orientalis), қаракөз (Rutilus rutilus caspicus), сазан (Cyprinus сагріо), көксерке (Stizostedion Iucioperca), сапа (Abramis sapa), қылышбалық (Pelecus cultratus) және басқалары.

Жергілікті ихтиофаунаның ішінен шамамен 18-дей түрлер мен түршелер өткінші балықтар деп аталатын экологиялық топқа жатады. Ол облыс ихтиофаунасының 15%-ын құрайды. Бұл балықтар жыныс мүшелері мен жыныс өнімдері жетілгенше теңіз суын мекендейді. Көбею кезінде өзеннің сағалық бөлігінен бастап оның саласымен атырабын қамти алыс жерлерге дейін миграция жасайды. Өткіншілер тобына: каспий тілтісі (Caspiomyzon wagneri), барлық каспий албырттары (SaImonidae) және сүйректен басқа барлық каспий бекірелері (Asipenseridae), майшабақтардан -еділ майшабағы (Alosa kessleri volgensis), қаражон (A.kessleri kessleri), каспий мұртты балығы жэне болат-май (Barbus brachycephalus caspicus, B. capito Guldenstadt), рыбец (Vimba vimba perca), шемей (Chalcarburnus Chalcoides) жэне басқалары жатады. Каспий теңізінде бекірелердің 5 түрі бар. Олар: қортпа (Huso,huso), шоқыр (Acipenser stellatus), орыс (A.guldenstadti) жэне парсы бекірелері (A.persicus), пілмай (Amudiventus). Ал сүйрік (A.rutenus) Каспий теңізінде өте сирек кездеседі, ол көбіне өзен суын мекендейді [2].

Теңіз балықтары басқа экологиялық топтарға қарағанда тур саны жағынан көбірек, шамамен 53-тей түрлері мен түршелері бар деп есептелінеді. Ол облыс ихтиофаунасының 43,5%-на сәйкес. Бұл балықтардың барлық тіршілік желістері теңіз суында өтеді. Бұл топқа: майшабақтардың 6 түрі (Clupeonella delicatula,CI. grimmi, CLengrauIiformes), каспий қарынсауы (Alosa caspia caspia), үлкенкөз қарынсау (A.saposhnikovi), долгин майшабағы (A.brashnikovi). Сондай-ақ каспийдің көптеген бұзаубас балықтары (Gobiidae), атерина (Aterina mochon pontica nation caspia), кефальдерден-сүйіртұмсық жэне сингиль (Liza saliens, Liza auratus) жэне теңіз көксеркесі (Stizostedion marina). В.П.Митрофановтың мәліметі бойынша Каспий теңізіндегі 83 түрлі балықтың 22-нен, 43 түрлі эндемиктерінің 15-нен және тур саны азайып, жайылып кету қаупі төніп, Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген 5 турлі балықтар бойынша соңғы уақыттарда нақты деректер жоқ.

Атырау суларынан кәсіптік мақсатта ауланатын балықтардың ішінде құндылығы жоғарысы бекіре балықтары. Олардың көбею кезіндегі миграциялық циклі өте күрделі. Әрбір топтарының өз ішінде жыл маусымдарының әр кезеңінде жыныс бездері мен өкімдерінің әртүрлі дәрежеде жетілулеріне қарай бірнеше топшалары болады. Соған байланысты жыныстық тұрғыдан жетілген дараларының өзенге кіруі бір мезгілді емес. Bip топтары жаз соңынан бастап күз айлары бойы теңізден өзенге кіріп қыстайды да, келесі жылы көктемде өзеннің жоғарғы ағыстарына көтеріліп уылдырық шашады (қыстық расса). Ал екінші бір топтары сол жылы көктемде теңізден өзенге кіреді де, оның бойында орналасқан уылдырық шашу орындарына көтеріліп уылдырықтайды. Бекіре балықтарының өзенде көбеюі үшін өзен саласының қалыпты және су түбінің қолайлы болуы негізгі шарт. Соның ішінде су түбі топырағының қиыршық-тастақты, тасты-қатты, қайыршықты және ірі құмды болуы уылдырық шашуға өте қолайлы орын болып есептелінеді. Соңғы жылдары Жайық және Каспийге құйылатын басқа да өзендердің су деңгейлерінің өте темен болуы,өзен бойындағы уылдырық шашатын орындардың жойылуы бекірелердің қалыпты көбеюіне үлкен кедергі келтіріп отыр. Нәтижесінде бұл балықтардың сан мөлшері күрт азайды. Осыған және басқада экологиялық және антропогендік қолайсыз жағдайларға байланысты Жайық-Каспий бассейінінде және Каспийдің жағасындағы басқа мемлекеттерде бекіре балықтарын аулауға тиым салаты н моротория жарияланады [3].

Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министірлігіне қарасты ихтиология институтының Атырау филиалының ихтиолог мамандары және облыстағы балықпен айналысатын басқада ғылыми және кәсіби мекеме қызметкерлерінің мәліметтері бойынша жергілікті ихтиофауна құрамында 3 отрядқа жататын мына балықтар фондық (фоновый) түрлер ретінде көрсетіледі.

Каспий килькасы немесе тюлькасы - Clupeonella Cultriventris caspia (oTp.Clupeiformes) авандельтада кең таралған. Бұл дердегі мол қоректік заттардың негізінде олар жақсы қоңданып, тез өседі. Эврифагтар. Негізінен бентостық, фито- және зоопланктонмен, кейде балық уылдырықтары мен дернәсілдерінде жейді. Кәсіптік маңызы бар түр.

Табан - Abramis brama Orientalis (отр. Cypriniformes). Бұл балықтың Атырау суларында жартылай өткінші және тұрақты тіршілік ететін формалары бар. Солтүстік Каспийде табанның еділдік, жайықтық және терстік локальды топтары кездеседі. Соңғы жылдары табанның Жайық-Каспий бассейніндегі сан мөлшерінің тұрақты және жоғары болуы Жайық өзені мен Каспий теңізіндегі су деңгейінің тұрақты және көбею жағдайының жақсы болғандығы. Табанның көбею мерзімі өр суының есебінен өзеннің тасуымен сәйкес келеді. Уылдырығын өзен бойындағы жайылма жерлердегі су толған ойпат (полой) жерлерге шөп өскен жіңішке өзекшелерге (ерик),өзен сағасындағы қолтықтарға шашады. Табан уылдырық шашуға қаракөзден кейін шығады. Жаппай уылдырық шашуы су температурасы 11-19 C шамасында өтеді.

Қаракөз - Rutilus rutilus caspicus Атырау суларына тегістей таралған. Түр популяциясының уылдырықтауы бір мезгілде, наурыздың аяғы мен сәуірдің ортасы аралығында өтеді. Уылдырығын өзен атырауының жоғарғы немесе сол атыраудың өзенде шөп өскен ойпаң жерлеріне шашады. Эврифаг ретінде көбіне бентоспен, фито және зоопланктонмен, кейде басқа балықтардың уылдырығын және дернәсілімен де қоректенеді. Ортаның қолайсыз экологиялық жағдайларына байланысты локальды топтары болады.

Кәдімгі ақмарқа - Aspius aspius aspius Солтүстік Каспийде кең таралған. Уылдырық шашу үшін Жайық өзеніне кіреді. Әсіресе теңіздің шығыс жағалауында жиірек кездеседі. Көбею кезінде Жайық өзеніне наурыздың аяғынан мамырдың басына дейін кіреді. Уылдырық шашу ауданы өзеннің төменгі ағысы. Өзенмен күзгі жүруі көктемгіге қарағанда басымырақ. Кәсіптік маңызы бар.

Сазан - Cyprinus сагріо Атырау ихтиофаунасының ішіндегі сан мөлшері жағынан ең көбі болып есептелінеді. Жайылма су жайылған ойпақ (нолойя) жерлерге, қолтықтарда, авандельталық аралдардың маңында,су тасығаннан кейінгі ойпаттарда қалған суларда (ильмендер) өте көп мөлшерде уылдырықтайды. Уылдырығын су ішінде қалған алдыңғы жылдағы өсімдік қалдықтарына салады. (сусак, жіппішінді балдыр,рдест). Уылдырық шашу мерзімі сәуір, әсіресе мамыр айының екінші жартысына өте қарқынды өседі.

Мөңке (бозша мөңке)- Carassius auratus gibelio. Тұщысу балығы,бірақ қыдыру кезінде жайық өзенінің сағасына және Солтүстік Каспийдің тұщыған бөлігінде де болады. Cy температурасы жылы және тұрақтанған кезде бір мезгілде уылдырық шашады. Қоректік азықтарының жеткілікті жағдайында жас шабақтары өміршең келеді.

Eypona жайыны- Silurus glanis (отр. Siluriformes). Өзен су балығы бірақ қыдыру кезінде Жайықтың сағалық және Солтүстік Каспийдің тұщыған бөлігіне шығады. Бұл балықтың көпшілігі Жайықтың атырауларында кездеседі. Соның ішінде ериктерде,қолтықтарда, әсіресе ішінде қамыс өскенжәй ағысты су щұңқырларын және маңында қыдыруға, уылдырық шашуға мүмкіндігі бар жерлерге шығады. Көбею мерзімі су температурасы жылы тұрақты болған кезде жазда бір мезгілде уылдырық шашады. Өмір ұзақтығы жоғары болғандықтан ауланғандарының арасында 2-3 жастық дараларымен бірге 20-25 жастағыларыда кездеседі.

Көксерке - Stizostedion Iucioperca. Тұщысу балық кешендерінің ішінде кәсіптік маңызы жоғары балық.Тіршілігінде жартылай өткінші және тұрақты формалары бар. Каспий теңізінде жартылай өткінші бірнеше стадасы (тобы) кездеседі. Олар теңіздің тұщыған бөлігін және өзеннің сағалық аудандарын мекендейді. Солтүстік Каспийде көксерке бір-бірінен ерекшеленетін екі стадалық топ түзеді: еділдік және оралдық. Бірақ олар қоректену аудандарында бір-бірімен араласыпта кетеді.

Солтүстік Каспийдің Атырау облысына қарасты жағалаулық бөлігінде авандельтада, теңізге құятын және құймайтын өзендерде,өзеннің тасыған кезінде су толған көлдерде, жайылма жерлердегі су толған сай-салаларда (полой) жоғарыда көосетілген балықтардан басқа алабұға, шортан, қызылқанат, кәдімгі тарақбалық, балпан балық, қылыш балық, шемей көбейіп, ұрпақ өсіреді. Аталған суларда қазан- қараша айларында сазан, табан, жайын, көксерке, ақмарқа, мөңке және басқалары қыстау алдында тығыз шоғырланады, ал күз соңында олар осы сулардың терең қабаттарына қыстауға кетеді.

Жергілікті ихтиофауна құрамының ішінен бірнеше дәрежесі көңіл аударылатын (ключевой), индикатор, эндемик, қорғауға алынған және қорғалуы қажет түрлеріде көрсетіледі. Соңғы 15-20 жыл көлемінде Атырау облысының табиғи сулары тірі ағзаларға орта ретінде оның экологиялық жағдайы жағымсыз жаққа қарай өзгере бастауы, ең алдымен сирек кездесетін және өте сезімтал (уязвимый), сондай-ақ жергілікті сулардың жалпы ихтиофауналық фонын құрайтын жиі кездесетін түрлеріне зиянды әсері байқала бастағандығы белгілі. Осыған байланысты бірнеше дәрежелі көңіл аударылатындарға (ключевой), эндемик, Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген, индикаторлық түрлері және жергілікті суларда таралған коммерциялық құндылығы жоғары барлық бекіре тұқымдас балықтарды жатқызуға болады. Олар төмендегіше қысқаша сипатталады.

Каспий тілтісі - Caspiomyzon wagneri миногатәрізділер отрядының өкілі, қорғауға алынған, ІІ-категориялы тур. Ареал көлемінде тур саны өте тез азайған. Дернәсілдік жаму кезеңі өзенде, ал метаморфоздан кейін ересегі теңіз тіршілігіне көшеді.

Қортпа - Huso huso Каспий теңізінде 3 популяциялық топтары бар: еділдік, оралдық,куриндік. Қортпа Каспий теңізінің барлық аудандарына таралған. Теңіздің 50-100 м. тереңдіктерінде тіршілік етеді. Күз және көктем айларында қоректік азықтарының солтүстік Каспийде шоғырлануына байланысты осы маңдарда көбірек қыдырады. Өткінші балық, Жайық және Еділ өзендеріне шығып уылдырық шашады. Соңғы жылдары браконьерлік жолдармен ауланудың салдарынан сан мөлшері айтарлықтай төмендеді. Оны қалпына келтіру мақсатында Атырау облысында қолан өсіру жұмыстары жүргізілуде, қорғалуы қажет.

Орыс бекіресі- Asipenser guldenstadi бекірелердің ішіндегі сан мөлшері молырақ түрі. Каспий теңізінде кең таралған, көбіне судың түпкі қабатын мекендейді. Ареал көлемінде еділ және орал популяциясы бар. Ихтиолог- ғалымдардың есептеулеріне қарағанда бұл балықтың Каспий теңізіндегі сан мөлшері шамамен 33,43 млн. дана соның ішінде Қазақстанға қарасты суларда 6,85 млн. дана немесе 20,5%. Жалпы қоры 224,47 мың т, Қазақстан бойынша 51,5 мың т. немесе 23%. Қолдан өсіріліп қорын молайту және қорғалуы қажет.

Парсы бекіресі - Asipenser persicus теңіздің көп жеріне,соның ішінде Оңтүстік Каспийде жиірек кездеседі,ал уылдырық шашуға Kypa және Иран өзендеріне,аз мөлшерде Еділ мен Жайық өзендеріне шығады. Сан мөлшері аз,қорғалуы қажет.

Пілмай - Acipenser n Udiventris dezjavini көбіне Орталық және Оңтүстік Каспийде кездеседі. Негізгі көбейетін орны Орталық және Оңтүстік Каспийге құятын өзендер. Солтүстік Каспий бойыша тек Жайық өзеніне ғана уылдырық шашуға шығады. Облыс суларында сан мөлшерінің аз болуына байланысты қорғалуы қажет.

Шоқыр- Acipenser Stellatus Орал бекірелерінің ішіндегі кіші көлемді және ұзақ жылдар бойы жиі ауланып жүрген түрі. Қортпа сияқты бұл балықтың Каспий теңізінде 3 популяциясы бар: еділдік, оралдық және куриндік. Сан мөлшері бойынша екінші орында, шамамен барлық бекірелердің 38% -н құрайды. Каспий теңізі бойынша жалпы саны және биомассасының азаю тенденциясы байқалады. Сондықтан шоқырды қолдан өсіріп, қорын молайту жұмыстары қарқынды қолға алып, қорғалуы қажет.

Сүйрік-Acipenser rutthenus Қазақстанда Жайық және Ертіс өзендерінде екендейді. Соның ішінде бұл балықтың орал популяциясының саны соңғы уақытта күрт азайып кетуіне байланысты қорғалуы қажет.

Еділ майшабағы - Alosa kessleri volgensis. Екінші категорияда қорғауға алынған балық. Республика бойынша сан мөлшері күрт азайған Каспий теңізі мен оған құятын өзендердің төменгі ағыстарын мекендейді. Жайық өзенінің төменгі ағысының бойындағы ағысы баяу қойнауларға (заводь),кішігірім шығанақтарға (затон) және ағысты жерлерге, көбіне теңіздің өзен сағасына жақын жерлеріне уылдырық шашады. Бұл балық Жайық бойымен 300 шақырымға дейін көтеріледі. Атырау суларында өте сирек кездеседі,қорғауға алынып,Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген.

Каспий албырты - Salmo trutta caspius. Статусы бойынша 1-дәрежеде қорғалатын балық. Қазақстан территориясы бойынша өте сирек кездеседі және жайылып кету қаупі төніп тұр. Каспий теңізінің оңтүстік батыс бөлігінде тіршілік етеді және осы теңізге құятын кавказдың өзендерге шығып көбейеді,өрістегіш 105

Теңіздің қазақстандық бөлігінен бұл балық туралы 15-17 жылдан бері мәлімет жоқ деп айтуға болады. Көбеймеген уақытта теңіздің 50-60 м тереңдігінде болады. Түрдің Қазақстандық ареалы бойынша нақты мәлімет жоқ. Республика бойынша қорғауға алынып,қызыл кітапқа тіркелген.

Ақбалық - Stenodus Ieucichthys. Нельма балығының түршесі IV-категориядағы балық. ХТҚО-ң және Қазақстанның «Қызыл кітаптарына» тіркелген. Өткінші,максимальдық ұзындығы 1,5 м-ге, осы ұзындықтағы салмағы 30 кг-ға дейін. Каспий теңізінде көбіне Солтүстік және орталық бөліктерін және оған құятын Еділ,Жайық өзендерінің төменгі ағыстарының бойын мекендейді. Жайық өзенінен 1960 жылдардан бері ауланған мәлімет жоқ.

Күтім - Rutilus frisii kutum. 3 категорияда қорғалатын,Қазақстанда сан мөлшері азайып бара жатырған және өте сирек кездесетін балық. Өрістегіш 10 жастағы ұзындығы 65 см-ге жетеді. Теңіздің барлық жерінде, әсіресе оңтүстік - батыс және орталық бөліктерінде жиі кездеседі. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі. Жекелеген даралары Еділ және Жайық өзендеріне кіреді. Теңізде қоректенеді және қыстайды,ал өзенде уылдырық шашу және кері оралу миграцияларының кезінде болады. Теңіздің қазақстандық секторында Ақтау қаласының оңтүстігіне таман балықшылардың құрған ауына жиі түседі. Қорғауға алынған.

Еділ ойықтісі - Chondrostoma nassus variabile. Каспий бассейні бойынша оған құйылатын Жайық, Жем және Еділ өзендерінің атырауларында тіршілік етеді. Бұрын кәсіптік маңызы болған, кейін сан мөлшерінің азаюына байланысты ауланбайды. 1960 жылдардан бері бұл балықтың ауланғандығы туралы деректер өте аз. Қорғауға алынып Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген.

Каспий мұртты балығы - Barbus brachycephalus caspicus өткінші балық. Көп жағдайда Каспий теңізінің өңтүстік бөлігін мекендейді. Солтүстік Каспийде өте сирек. Сондықтан түр өзінің Қазақстандық ареалында зерттелмеген. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркеліп қорғауға алынған.

Каспий шырма балығы - Gobitis caspia. Қазақстан көлемінде тек Жайық және Жем өзендерінің сағалық бөлігінен белгілі. Қазіргі уақыттағы сан мөлшері және ареалы белгісіз. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркеліп,қорғауға алынған [4].

Атырау суларында арнайы қорғалатын балықтар тізімі:

  1. Каспий тілтісі - Caspiomyzon wagneri
  2. Еділ майшабағы - Alosa kessleri volgensis
  3. Каспий албырты - Salmo trutta caspius
  4. Ақбалық - Stenodus Ieucichthys Ieucichthys
  5. Күтім - Rutilus frisii katum
  6. Еділ ойықтісі - Chondrostoma nassus variabile
  7. Каспий мұртты балығы - Barbus brachycephalus caspius
  8. Сүйрік - Acipenser ruthenus
  9. Шоқыр - A-Stellatus
  10. Орыс бекіресі - A. guldenstadti

И .Парсы бекіресі-A.persicus

  1. Пілмай - Amudiventris derjavini
  2. .Қортпа - Huso huso
  3. Каспий шырма балығы - Gobitis caspia

 

Список литературы

  1. Диаров М.Д., Большов А.А., Сараев Ф.А. Ергалиев Т.Ж. Животный мир побережья и акваторий Казахстанского сектора Каспийского моря. Алматы, 2009. С.105-159.
  2. Дельта реки Урал и прилегающее побережье Каспийского моря. Под редакцией Бурлибава М.Ж. и др. Астана, 2007. С. 186-195.
  3. Рыбы Казахстана. Под редакцией Митрофанова В.П. и др. 1,2,3,4,5 тома- Алма-Ата, 1986-1991. С. 57-341; 5-184; 5-281.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.