Аңдатпа
Қазіргі таңда Атырау облысындағы Теңізшевройл кәсіпорнының шикі мұнайды өндіру, өңдеу, барлау және тасымалдау кезінде, сонымен қатар түрлі мұнай операциялары кезінде туындайтын кездейсоқ а паттар мен төгілулер нәтижесінде топырақ, су, ауа, жалпы қоршаған орта ластануда. Сондықтанда кәсіпорын орналасқан аймақты ластанудан қорғау және табиғи қорларды үнемді пайдалану арқылы болашақ ұрпаққа қалдыру қазіргі заманның өткір проблемам, өйткені бұл орайда тұрғындар денсаулығы мәселесі орын алады. Ластанған топырақты тазартудың физикалық, химиялық әдістері баршаға белгілі. Бірақта мұндай әдістер қазіргі жағдайда тиімсіз болып отыр.Қазақстанның микробиологтары бүгінгі күнде қолданысқа енгізуге бірнеше мұнай тотықтырғыш микроағзалар штамдарын бөліп алып, олардан биопрепараттар жасауда. Аталған микроағзалар шикі мұнайды 84-98 % тазалау қарқындылығын көрсеткен.
Теңізшевройл кәсіпорнында 2008 жылы екінші буын зауыттары мен шикі газды айдау кешендері іске қосылды, нәтижесінде қазіргі кезде мұнай өндірудің орташа көлемі тәулігіне 75 мың тоннадан (бООмың баррельден) асты. Мұнай өндірумен қатар кәсіпорын сұйылтылған көмірсутегі газын (СКГ), бутан, пропан және қарапайым күкірт өндіреді.
Аймақта қалыптасқан экологиялық жағдай Теңізшевройл кәсіпорнындағы мұнайдың ерекше қасиетіне байланысты. Кәсіпорын мұнайының құрамында парафиннің көптігі, оның тез арада қоюланып құбырлардың жарылуына әкелуде. Аталған аймақ мұнайының құрамындағы парафиннің қоюлану кезінің жылулығы өте жоғары, яғни 29-32°С (сурет 1).
Сурет 1. Мұнайдағы парафиннің құбырдың ішінде бөлініп шығуының көрінісі [1].
Аймақта мұнайды өндіру және тасымалдауда технологиялық процестердің сақталмауынан, осы аймақтағы экологиялық жағдайларды төмендететін жасанды мұнай «көлшіктері» пайда болуда [1].
Ластанған топырақты тазартудың физикалық, химиялық әдістері баршаға белгілі. Бірақта мұндай әдістер қазіргі жағдайда тиімсіз болып отыр. Қазіргі таңда мұнай өнімдерімен ластанған ортаны тазартуда экологиялық қолайлы, экономикалық тиімді, яғни көп қаражатты талап етпейтін биологиялық әдістер белсенді түрде қолданылуда.
Ластанған ортаны биологиялық тазартуда микроорганизмдердің көмірсутектерді ыдырата алу қабілеті бұрыннан белгілі. Мұнаймен ластанған топырақты микроорганизмдер көмегімен тазартуда ғалымдардың көптеген еңбектерін кездестіруімізге болады.
Мұнайды өңдеу және тасымалдау кезіндегі табиғи ортаның ластану жағдайлары және оны биологиялық тазарту жолдарына Исмаилов Н.М., Хазиев Ф.Х., А.Саданов, Айткельдиева C., Шигаева М.Х. және т.б. зерттеулерін айтуымызға болады [2].
Соңғы жылдары Қазақстанда топырақтың мұнаймен ластануының биоремидиациясы және биоиндикациясы мәселелеріне айрықша көңіл бөлініп, топырақты ауыр металдардан, мұнаймен ластанудан және тағы басқа ксенобиотиктерден микробиологиялық жолмен тазалау мәселелері белсенді түрде зерттелуде. А.Садановтың жетекшілігімен жүргізілген зерттеулер нәтижесінде елімізде «Бакойл-KZ» отандық биопрепараттарды қолдану арқылы мұнай және мұнай өнімдерінен топырақты тазалаудың жаңа технологиясын жасап шығарылды.
Қазіргі кезде елімізде мұнай ыдыратқыш микроорганизмдердің 24 штамдары (Candida crusei - 1; Pseudomonas - 3 түрі ; Micrococcus - 3 түрі ; Bacillus - 6 түрі ; Acinetobacter Calcoaceticus - 1; Arthrobakter globiformis - 1; Rhodococcus - 2 түрі; Kocura kristinae - 1; Dietzia maris - 4; Alcaligenes denitrificans - 1) белгілі.Rhodococcus, Bacillus, Arthrobacter, Acinetobacter, Azoto-bacter, Alkaligenes, жіптәрізді актиномицеттен Streptomyces, саңырауқұлақтардан Aspergillus и Penicillium сияқты мұнай ыдыратқыш микроорганизмдер түрлеріненқұралған көптеген биопрепараттар жасап шығарылды [3].
«Ұлттық биотехнология орталығы» PMK филиалының базасында жүргізілген зерттеулер шеңберінде мұнайдың ең жоғары 5% (99,8%)бұзылуын көрсеткен, 1 микроорганизмдердің консорциумы (Micrococcus varians PR 69, Micrococcus roseus УД 6-4, Rhodococcus erythropolis клі, Dietzia sp. МВЗ), мұнайдың ауыр фракцияларына және мазуттың 10%-ына (40%) қатысты белсенді № 3 консорциум (Dietzia maris U2.1, Dietzia sp. U2.6,Arthrobacter sp. 44-A, Bacillus sp. PR 28) іріктеліп алынды. Мұнай тотықтырушы препараттың дайын тауарлық нысанын алудың технологиялық параметрлері жетілдірілді. 4 жаңа штамм-мұнай бұзғыш - Micrococcus roseus ФЛ1, Bacillus эр.ФЛ2, Bacillus sp. ФЛЗ, Bacillus sp. ФЛ4 бөлініп шығарылып, және олардың патогендікеместігі туралы анықтамалар алынды, тиісінше №В-357, В-358, В-359, B- 360 болып депоненттелді [4].
Қазақстанның микробиологтары бүгінгі күнде қолданысқа енгізуге бірнеше мұнай тотықтырғыш микроағзалар штамдарын бөліп алып, олардан биопрепараттар жасауда. Аталған микроағзалар шикі мұнайды 84-98 % тазалау қарқындылығын көрсеткен. Жаңа препараттар «Мунайбак», «Бакойл», «Экобак» (НЦБ, Астана), «Перойл», «Микотрих» (КазНУ им Аль-Фараби, Алматы), «Бакоил КЗ» (Микробиология және вирусология институты, Алматы қаласы), «Оилдест» т.б. бөлініп алып, мұнай өнімдерінтазалап қана қоймай, табиғи қалпына келтіруге септігін тигізеді [5].
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экологиялық мәселелерді ғылыми зерттеу институты ұсынған «Микотрих» биопрепаратын құраушы штаммдардың Құмкөл мен Теңіз кәсіпорындары мұнайын, сонымен қатар түрлі мұнай өнімдерін: бензин, дизельді отын, мазутты ыдырату қабілеті өте жоғары деңгейде. Бұл препарат мұнай және мұнай өнімдері құрамындағы көмірсутектерді ыдырату қасиеті жоғары микроорганизмдердің тірі жасушаларынан тұрады. Биопрепарат құрамына кіретін микроорганизмдер көмірсутекті IOoC ден 40оС ге дейінгі аралықтағы температурада ыдырата алады. Тазарту тиімділігі - 90-95%.1 га мұнаймен ластанған топырақты тазарту үшін екі қайтара бірдей доза қолданып тазартуды қоса есептегенде 5-10 кг биопрепарат жұмсалады және мұндай тазарту ауа райының жылы кезінде жүргізіледі «Микотрих» биопрепараты негізінен мұнай және мұнай өнімдерін ыдыратқыш арнайы селекция негізінде алынған тірі микроорганизм штаммдарынан құралған. Биопрепарат™ құрайтын 119-ГМ, 51КС және ашытқы Р20СО2 бактерия штамдары мұнаймен қатты ластанған және көмірсутектің жоғары концентрациясына бейімделген топырақтан алынған. Бұл препарат ластанған топырақты бір ай ішінде адам ағзасына зиянсыз, экологиялық қауіпсіз тазартуға мүмкіндік береді [6].
Қазіргі кезде Алматы қаласында су тоғандарын тазартуда Pseudomonas және !Candida Ібактеоиялары зерттеліп, олардың дизельді отында, сонымен қатар толуол, бензин, және басқа да көмірсутектік ортада өсімталдық қасиетін көрсетті. Осы қасиетіне байланысты Candida sp. 410AT және Pseudomonas sp. 409ТАштамдары ерітіндіден ауыр металдардыбөліп шығарады. Батпақты жерлерден алынған
Candida sp. 410АТ жэне Pseudomonas sp. 409TA штаммдары, көмірсутектерді кең спектрде ыдырата алу қабілетіне ие, және биопрепаратқа қосылған мыс ионының белсенді биосорбенттері ағынды суларды тазартуда жоғары тиімділік көрсетеді.
2006 жылы Атырау өңіріндегі «Жаңаталап» кен орны аумағының ластанған топырағына ВасіІІизжәне Micrococcus тектес мұнай ыдыратқыш микроорганизмдер көмегімен тазарту жұмыстары жүргізіліп, олардың белсенділігі анықталды [7].
Қорытындылай келе, қазіргі таңда елімізде шикі мұнайды өндіру, өңдеу, барлау, тасымалдау кезінде қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауда. Топыраққа төгілген зиянды заттар, су айдындарын ластап, қоректік тізбек негізінде онда өмір сүретін барлық тірі ағзалар, соның ішінде адамзат қауымына зардап тигізуде. Республикалық статистикалық мәліметтерге сүйенсек тұрғындар денсаулығы экологиялық жағдайға тікелей байланысты боп, аурусырқаушылық деңгейі жоғарылауда. Топырақтың және атмосфералық ауаның жоғарғы деңгейде ластануы тұрғындарды ауыр түрдегі гепатит, дем алу органдардың кеселдеріне және туберкулез бен түрлі жара ауруларына ұшыратуда.
Сондықтанда аталған аймақтың нақтылы бір биоценоздарының мұнаймен ластанған топырағын тазартуда сол жердегі аборигенді микроорганизмдердің консорциум түзуге қабілетті жаңа штаммдарын анықтап, қолданысқа енгізу экологиялық таза ортаны қамтамасыз етудің тиімді жолы болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
- Нысанов Е.К. «Экологическое состояние месторождения Тенгиза на территории пустынно-степной зоны» // Материалы международной конференции ЖГТУ-2010- С. 105-109.
- Джусупова Д.Б., Рустемов С.А., Новые метаболические пути окисления - метилстирола бактериями рода Pseudomonas // Тезисы докладов VII съезда BMO «Достижения микробиологии - практике». - Алматы, 1985. - Т.6. - С.55.
- З.Авторское свидетельство № 54578 Биопрепарат для очистки от нефти нефтезагрязненных экосистем / Шигаева М.Х., Мукашева Т.Д., Сыдыкбекова Р.К., Бержанова Р.Ж., Опубл. 05.10.2006.
- «Комплексная оценка образования отходов по предприятиям НГК Атырауской области» // Отчет Атырауского областного управления OOC. Атырау. 2012. 112 с.
- Петриков К.В. Биологические поверхностно-активные вещества, продуцируемые микроорганизмами-нефтедеструкторами родов Pseudomonas и Rhodococcus. Автореферат диссертацию 2011г. 23 с.
- Поляков С.H., Лушников С.В., Волков В.М., Негодяев С.В. Устранение последствий масштабногоразлива нефтепродуктов на территории нефтехранилища угольного разреза // Экология ипромышленность.- 2ОО5.-№3 - С. 31-35.
- 7.Салдадзе К.M., Копылова-Валова В. Д. Комплексообразующие иониты комплекситы. — M.: Химия, 1980. — 336 с.