Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасы экономикасының туризм индустриясына әсері және күтілетін нәтиже

Аңдатпа

Мақала ел экономикасының дамуына эсер ететін туристік қызмет көрсету нарығының әлеуметтік - экономикалық даму болашағын зерттеуге арналған. Қазақстан Республикасының туристік әлеуеті қуатты болғанымен, оны көрсететін жағдайлар әртурлі кедергілерге байланысты орындалмай қалады.

ҒТП-ң даму жағдайы мен 21 ғасырдың жетістіктеріне қарамастан жаңа инновациялық технология мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Қолда бар ресурстарды жетілдіру және жаңаларды жасақтау нарықта бәсекеқабілеттілікке және жұмыс жасауға ұмтылатын ұйымдардың инновациялық саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Ал туризм индустриям тек қана орналастыруды емес, тасымалдау, байланыс салаларын қамтитын болғандықтан кез - келген мемлекетте, қалада табыстың басты көзі болып табылады.

Туризм бүгінгі күні мәдениеттің даму көрсеткіші, қоршаған ортаны тану әдісі, адамдардың мәдениет деңгейін арттыру және денсаулықтарын қалпына келтіру тәсілі болып табылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» және «Қазақстанның индустриалдық - инновациялық» даму бағдарламасында ел экономикасын дамытушы факторлардың бірі ретінде туризм және туризм инфрақұрылымы қарастырылған. Қазақстанның әртүрлі өңіріндегі туристік рекреакциялық және т.б. әлеуеттерін тиімді қолданбайынша туризмді экономиканың табысты саласына айналдыру мүмкін емес. Туризм бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін табиғи- туристік ресурстарға көңіл бөліну қажет [1].

Өңірлік туризмнің дамуында ландшафт және ауа райы, гидрография, өсімдік және жануарлар әлемі, су ағыны маңызды роль ойнайды. Туризм индустриясының дамуы жұмыс орнымен қамтамасыз етеді, жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттадырады, елдер арасына байланыстар өзара келісімділікпен жүреді. 20 ғасырдың аяғында туризм саласы халықаралық және интернационалды болды. Оған 2 фактор эсер етті. Бір жағынан табыс алу, туристік кәсіпорынның табыстылығын арттыру, дүниежүзі бойынша саяхат географиясының кеңеюі, 2-ші жағынан - рентабельділікке ұмтылу, туристік бизнес халықаралық деңгейде инвестициялану қажет.

Қазақстан Республикасының туристік әлеуеті қуатты болғанымен, оны көрсететін жағдайлар әртүрлі кедергілерге байланысты орындалмай қалады.

ҒТП-ң даму жағдайы мен 21 ғасырдың жетістіктеріне қарамастан жаңа инновациялық технология мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Қолда бар ресурстарды жетілдіру және жаңаларды жасақтау нарықта бәсекеқабілеттілікке және жұмыс жасауға ұмтылатын ұйымдардың инновациялық саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Ал туризм индустриясы тек қана орналастыруды емес, тасымалдау, байланыс салаларын қамтитын болғандықтан кез - келген мемлекетте, қалада табыстың басты көзі болып табылады.

Туризмдегі инновация - жаңа туристік бағыттарды жасақтау, қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтитын және табысты арттыратын жаңа жобалардың енгізілуі. Инновацияның қарқындылығын және заңдылығын игеру, оң нәтижелерді жоспарлау және басқару - жаңашылдықтар жіктемесіне байланысты туризм саласындағы күрделі әдістемелік мәселе.

Туризмдегі инновацияны өңірдегі саланың тұрақты дамуын және қызмет етуін қамтамасыз ететін сапалы жаңалығы бар жүйелік шара ретінде қарастыруымыз қажет.

Инновация саласы жаһандық сала, сондықтан да ол тек қана ғылыми - техникалық жасақтамалар мен өнертабуды тәжірибелік қолдануды ғана қамтып қоймайды, сонымен қатар, өнімге үдеріске, маркетингке және ұйымдарға өзгеріс әкеледі. Инновация факторларының ауысуы. ҒТП жаппай туризмнің негізі болып қана қойған жоқ. Сондай - ақ, туризм ге жоғары технологиялар арқылы (микропроцессорный; техника, ақпарат құралдары мен байланыс құралдары, биотехнология) эсер етті.Полимер, композиттік материалдардың пайда юолуы жаңа киім мен аяқ киімнің пайда болуына, жаңа құра - жабдықтардың, жаңа орамалар мен ыдыстардың пайда болуына әкелді. Жаңа материалдар экстремалды туризмде пайдаланылды.

Жаңа туризмнің тәжірибесіне демографиялық өзгерістер өмір сүру стилі, демалыс кезеңдерінің жиілігі эсер етеді. Адамдар жаңа, стандартты емес туризмге ұмтылады. Көптеген инновациялық туристік өнімдер экологиялық, оқиғалы, экстремалды туримде қолданылады.

Туристік кәсіпорындар жаңа туристік өнімді үнемі жақтаушылар болып табылады. Телекоммуникация және электронды маркетинг саласы бойынша жаңалықтар туристік бизнеске жаңа мүмкіндіктер беріп отыр. Туризмге жаңа технологиялардың енгізілуі инвестиция көлемін де арттырады.

Туризм индустриясын дамыту үшін Қазақстан Республикасында барлық жағдайлар бар. Туристік сала өзін - өзі ақтау үшін оған жоғары баға беруіміз қажет, аналитикалық әдістерді қолдана отырып, еңбек өнімділігін арттыруымыз қажет.

Туризмдегі инновация үлкен қаржыны талап етеді. Сондықтан да мемлекет тарапынан қолдау болу керек.

Туристік фирманың инновациялық қызметіне эсер ететін факторлар:

  • Экономикалық және технологиялық (қаржы құралдарының жетіспеушілігі, материалдық - техникалық базаның әлсіздігі, ескірген технология);
  • Саяси және құқықтық (саяси тұрақсыздық);
  • Ұйымдық - басқарушылық (өзін - өзі ақтау мерзімін қысқарту, инновациялық үдеріске қатысушылардың бірін - бірімен келіспеуі);
  • Әлеуметтік - психологиялық және мәдени (белгісіздіктен қорқу).

Осы факторларды ескере отырып, экономика салаларының бірі - туризмге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу тиіс. Туристік нарықтың негізгі қатысушылары шағын және орта кәсіпорын болып табылады. Қазақстанда елден шығу туризмі дамыған. Бұл жағдайда қаржы шетел бюджетіне құйылады. Сондықтан да туристік кәсіпкерліктің негізгі бағыты - елге келу туризмін дамыту қажет. Әрине ол үшін инновация міндетті түрде қажет. Қазақстандағы туристік фирмалардың көпшілігі шетелдік тураператорлардың агенті болып табылады [2, 34-6].

Туризмнің дамуына септігін тигізетін шаралардың бірі - ЭКСПО-2017. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей мұндай шара туристер ағымын 30% арттырады.

Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың қажеттілігі:

  1. Туризм секторында инновациялық өсу механизмін ғылыми және тәжірибелік негіздеу, Қазақстан Республикасы жүйесінде ұлттық инновациялық жүйе тиімділігінің артуы;
  2. Туризмдегі инновацияның ғылыми талдануы;
  3. Қазақстан экономикасын модернизациялаудың мүмкіндіктері, өндірістің технологиялық деңгейінің өзгерісі, инновациялық стратегияның қалыптасу қажеттілігі;
  4. Өндіріс, ғылым және білімнің өзара итеграциясы;
  5. Туризм индустриясының Қазақстан экономикасын дамытушы фактор ретінде танылуы.

Туризм термині француз тілінен келген. Туризм (tourisme; tour - демалыс) - жұмыс уақытынан тыс демалыс, белсенді демалыстың бір түрі.

Сонымен туристік қызмет дегеніміз - туристік қызметтің қалыптасуы, қозғалысы және жүзеге асырылуы.

Туризмнің нақты мағынасын ашу үшін өзара әрекет ететін субъектілердің негізгі топтарын анықтау керек:

  • туристер;
  • туристерге тауарлары мен қызметтерін ұсынатын ұйымдар, яғни туризм нарығында сұранысқа ие болатын өз тауарлары мен қызмет түрлерін табыс көзі ретінде бағалайтын ұйымдар; табысқа тікелей байланысы бар, туризмді маңызды фактор ретінде қарайтын биліктіліктің жергілікті органдары;
  • туризм саласында жұмыспен қамтылған жергілікті тұрғындар [3, 215-220 66].

Осы саланы зерттеушілер Р.Макинтош, Ч.Голднер және Б.Ритчи туризмді игерудің келесі тәсілдерін ұсынады:

  • институционалдық тәсіл - қонақүй, отель, мейрамхана, турагенттер және туроператорлар секілді әртүрлі институттар мен делдалдарды зерттеуді қамтиды. Бұл тәсілді игеруде бизнестің экономикалық ортасындағы, ұйымдық әдістерді, еліміздің экономикалық жағдайларындағы операциялық тәсілдер туралы білім болу қажет.
  • өнімді талдауға негізделген тәсіл туристік өнімдер, олардың өндірісі, нарықта пайда болуы туралы мағлұматтардың игерілуін талап етеді;
  • басқарушылық тәсіл - жеке туристік кәсіпорынға бағытталған тәсіл. Басқарушылық тәсіл нарықтағы жағдайға сәйкес өзгереді;
  • экономикалық тәсіл - туризмге сұраныс пен ұсыныстардың қалыптасуы туралы, алмасуы туралы, төлем балансы туралы, экономикалық даму туралы, халықтың жұмыспен қамтылуы туралы білімнің болуы. Бұл тәсілдің кемшілігі сол экологиялық, әлеуметтік - мәдени, демографиялық және антропологиялық ерекшеліктерді қарастырмайды;
  • әлеуметтік тәсіл - туризмді әлеуметтік қызмет ретінде қарастырады;
  • географиялық тәсіл - туристік аймақтың экологиялық, экономикалық және әлеуметтік - мәдени тұстарын ескере отырып, жергілікті өңірдің ауа- райын, ландшафты туралы білімді қалыптастыру.

Туристік саланың тиімділігін нығайтудың және оның экономикаға қосатын үлесін арттырудың жолдарының бірі - туризмнің дамуына инновациялық тәсілдерді қолдану.

Бүгінгі күні туризм саласында инновациялық білімнің қалыптасуы орын алып отыр.

Туризмді дамыту бойынша қызмет саласында нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жаңа ғылыми жасақтамаларды игере отырып, өз өңірінде қолдану қажет.

Сонымен, Қазақстанның әлсіз тұстарының саны мен көріну деңгейі оның күшті жақтарының саны мен көріну деңгейіне қарағанда жоғары, бұл Қазақстан тәрізді мықты және бәсекеге қабілетті туризм индустриясын дамыту процесіндегі елге тән. Алайда, мүмкіндіктердің саны мен көріну деңгейі қауіптер саны мен көріну деңгейіне қарағанда жоғары, бұл республиканың ағымдағы әлемдік процестерді пайдалануға және өзінің туризм индустриясын дамыту үшін бәсекелес артықшылық құруға қабілетті екенін білдіреді [4, 80-83 66].

Күшті жақтары елдің табиғи, мәдени, әлеуметтік және экономикалық сипаттамалары:

  • тиімді географиялық орналасуы;
  • табиғи ресурстардың әртүрлілігі;
  • материалдық және материалдық емес мәдени мұра ескерткіштерінің сан алуандығы;
  • тұрақты саяси және мемлекетішілік ахуал;
  • еңбек нарығының жай-күйі;
  • өсімі жылдам жалпы ішкі өнім;
  • мемлекеттік қаржыландыру мүмкіндігі;
  • электр энергиясы мен құрылыс құнының төмендігі.

Мүдделі тұлғалар мен серіктестер:

  • мүдделі тұлғалардың ынтымақтастыққа әзірлігі;
  • мемлекеттік - жеке меншік кәсіорындар құруға әзірлік; ұлттық туристік/қонақ үй қауымдастықтарының болуы.

Әлсіз жақтары елдің табиғи, мәдени, әлеуметтік және экономикалық сипаттамалары:

  • Халық тығыздығының төмендігі - ішкі туризмнің дамуына, оның ішінде ел ішіндегі туристік өнімдерге деген сұраныстың темен деңгейі арқылы кері әсерін тигізуі мүмкін;
  • тарихи және мәдени ескерткіштерді туристік маршруттарға енгізудің жеткіліксіз деңгейі - мәдени, патриоттық тәрбиелеу, сондай-ақ жекелей алынған өңір экономикасын дамыту үшін олардың едәуір әлеуетін толық көлемде пайдаланбау, оның ішінде елдегі ірі тарихи және мәдени ескерткіштерге түсетін едәуір туристік жүктеме, аз танымал мәдени ескерткіштерді әлсіз ілгерілету;
  • туризм саласындағы білікті кадрлардың жетіспеушілігі - оның ішінде білімнің академиялық сипаты, білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының талаптарынан, өндіріс қажеттіліктерінен, жұмыс берушілер күтулерінен және т.б. біршама алшақ болуы;
  • сыртқы қаржыландырудың жеткіліксіздігі: туризм саласына сыртқы (мемлекеттік, сол сияқты жеке) инвестициялардың жеткіліксіз саны;
  • одан әрі жетілдіруді қажет ететін мемлекеттік қолдау құралдары, оның ішінде салықтық қолдау шараларын енгізу, кіру шарттылықтарын (визалық, көші-қон режимі) оңайлату, жер пайдалану режимін жетілдіру және т.б. арқылы саланың дамуын ынталандыру;
  • туристік бизнестің дамуына ықтимал кедергілер, оның ішінде әкімшілік кедергілердің болуы, одан әрі жетілдіруді қажет ететін мемлекеттік қолдау құралдарының болуы;
  • инфрақұрылымның (көлік, коммуналдық желілер, Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттері, жолдардың жай-күйі, елді мекендер арасындағы едәуір арақашықтық және т.б.) жеткіліксіз дамуы, оның ішінде туристік индустрияның көптеген объектілерінің елеулі физикалық және моральдық тозуы, туристік сыныптағы қонақ үйлердің жетіспеушілігі, туризм орындарында инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, туристік объектілерге қол жеткізудің қиындығы, туристер демалатын орындардағы қызмет көрсету деңгейінің төмендігі, жол маңындағы инфрақұрылым объектілерінің жеткіліксіз саны және сервис сапасының төмендігі;
  • әуебилеттеріне жоғары бағалар, ұлттық аз бюджетті әуе тасымалдаушыларының жоқтығы, туристердің әлеуетті ағынын қамтамасыз ететін елдерден жаңа кіру әуе маршруттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың кластерлік үлгісінде болып айқындалған басты туристік дестинациялар бағытындағы ішкі әуемаршруттар санының аздығы.

Қазақстанда туризмнің дамуы жоғары табысты салалардың бірі болып отыр. Қазақстанға дүниежүзілік тәжірибені енгізу үшін туристік нарық қатысушыларының, мемлекеттік және жеке секторлардың қолдауы қажет. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі туристік индустрияны халықаралық, мемлекеттік және жеке деңгейге жеткізу үшін жоспарлау және дамыту саясатымен қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да аталған мәселелердің алдын ала отырып, болашақта қол жеткізген жетістіктерімізді ескере отырып, Қазақстанның өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шығатынына сенімдіміз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы.-17 қаңтар, 2014 ж.
  2. Закон PK «О туристской деятельности в Республике Казахстан»-№211-11. 13.06.2001 г.-34 с.
  3. Никитинский Е.С., Вуколов В.Н. Формирование индустрии туризма в Казахстане за годы государственной независимости // Агентство Республики Казахстан по туризму и спорту, Казахская академия спорта и туризма. Материалы международной научно-практической конференции. - Астана, 2006. - С. 215-220.
  4. Тургинбаева А.Н. Кластерный анализ инновационной деятельности в республике Казахстан // Успехи современного естествознания. - 2014. - № 7. С. ВО- 83

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.