Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қызмет кӛрсету сферасының қазіргі нарық қатынастары жағдайындағы экономикалық-қаржылық кӛрсеткіштері

Аңдатпа

Мақалада туристік өнімді құру, дамыту жолдары оларды жүзеге асыру түрлері, туристік өнімнің өзіндік құнын есептеу, туристік ағым көлемін есептеу формулалары, туризмнің негізгі көрсеткіштері, Қазақстандағы туризмнің даму жағдайы туралы баяндалған.

КІРІСПЕ

Туристік индустрия бұл үлкен сала аралық кешен, ал туристік қызмет пен тауарлар нарығы қиын құрылымды өзінің экономикалық көрсеткіштері бар сала. Туристік нарық тағы да басқа да нарықтар сияқты, тек бірегей жағдайда ғана жабық гомогенді бірлік бола алады. Ол көптеген бөлімдерден және сегменттерден тұрады. Сұраныс пен ұсыныстың құраушыларын анықтаумен нарықты сегменттеу анықталады. Нарықты дұрыс сегменттеу маркетингтік зерттеулер үшін де, туризмдегі статистиканы жетілдіру үшін де маңызды. Нәтижесінде ол туристік индустрияның халық шаруашылығында маңызы туралы нақты ақпарат алуға алып келеді. Тәжірибеде нарықта мүмкін ұсыныстарды туристік өнімді үш түрде түсіндіреді:

Typ, бұл кешенді туристік қызмет. Туристік кәсіпорындар, туроператорлар ұсынған тур тұтынушыға жеке пайдалануға және көтеріп алушылар- делдал кәсіпорындар мен турагенттіктерге экономикалық пайда табу мақсатында сатып алынады. Typ,

жеке сатуға қойылған кәсіпорындар құрған туристік өнім, ол сату ережелерімен сатуға қойылады.

Туристік қызметтерге мыналар жатқызылады: транспорттық қызметтер, орналастыру қызметі, шетелдік визаны жасау қызметі, сақтандыру, экскурсиялық бағдарламалар ұсыну, автокөлік жалдау т.с.с.

Туристік сипаттағы тауарлар, ақпараттық деректер (каталогтар, анықтамалар, карталар, сөздіктер, жол сілтеуіштер, сувенирлік өнім).

Туризмнің құрылуы мен дамуы туристік қызметті жүзеге асырудың сандық көлемі мен сапалық жағын экономикалық көрсеткіштер мен анықталады.

Туризмнің ел немесе аймақ үшін көрсеткіштер жүйесі келесілерді көрсетеді:

  • туристік ағымның көлемі;
  • туристердің бір тәулікке кеткен шығынының орташа көлемі;
  • материалды- техникалық базаның дамуы және жағдайы;
  • туристік фирманың қаржылық-экономикалық қызметінің көрсеткіштері;
  • халықаралық туризмнің даму көрсеткіштері;

Д max -Д min- турлық күндердің саны, айдағы максимальді және миниамальді туристік ағым.

Д жыл -Д орт.ай -жылдық және орташа айлық турлық күндер саны.

Туристік фирманың қаржылық-экономикалық қызмет көрсеткіштері қарастырады.Туризмде қызметті жүзеге асырылғаннан түскен пайда немесе туристік қызметті жүзеге асыру көлемі, жұмыс күшін қолдану көрсеткіштері (еңбек өнімділігі, еңбекті төлеудің шығын деңгейі), өндірістік қорды пайдалану көрсеткіштері (айналым құралдарының айналысы), туризмдегі қызметтердің өзіндік құны (пайда), қаржылық көрсеткіштер (төлеу қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық) [2].

Халықаралық туризмнің дамуы және жағдайының көрсеткіштері бөлек қарастырылады:

  1. Шетелге шыққан туристер саны (мемлекеттік шекарадан шыққандар санымен есептеледі);
  2. Шетелдік туристер үшін турлық күндердің саны;
  3. Шетелге сапар кезіндегі туристердің ақша шығындарының сомасы;

Жоғарыда айтылған көрсеткіштердің барлығы туристік саланың дамуына белгілі аймаққа эсер етеді. Туризм бүгінгі күні әлемнің ғаламдануы, дамуы мен қоршаған ортаны тану, азаматтардың денсаулығымен мәдени деңгейінің өсу көрсеткіші болып табылады. XX- ғасыр соңында туризм күрт дамыды. Туризм ақша салу үшін пайдалы сала болғандықтан Қазақстанда бұл бизнес түрімен кәсіпкерлік іспен хабарсыз азаматтар айналыса бастады. Олар үшін туризм жеңіл пайда көзі болып көрінді. 1990 жылы II- жартысында туристік нарықта бәсекелестік күшейді. Қазақстандық туристік фирмалар қызметтер құнымен де, қызмет көрсету деңгейі бойынша да шетелдік фирмалар мен бәсекелестікке төтеп бере алмады. Отандық фирмалар өзінің мүмкіндіктері туралы тұтынушыларына нақты ақпарат бере алмады. Қазіргі уақытта туризмнің Қазақстанда дамуы келесі факторлар әсерінен артта қалып келеді: экономикалық тұрақсыздық, салықтың көп болуы, кадрлардың кәсіби деңгейінің темен болуы. Бірақ мамандардың болжауы бойынша біздің елдің туристер үшін белгілі мемлекеттер қатарына кіру мүмкіндігі бар. Туристік бизнестің жұмысын жақсарту ұшін бұл сала ақша көп бөлінуі керек, кәсіби дайындығы жоғары кадрлар оқыту, кәсіпкерлерді бұл нарықта бәсекелестікке төтеп беруді үйрету, мемлекет тарапынан тиімді көмек беруді ұйымдастыру. Туристік бизнес қызметті жеткізіп берушілер мен тұтынушылардың турфирмалармен олардың бәсекелестерінің және бизнес бойынша серіктестердің арасындағы күрделі қарым- қатынас жүйесін құрайды [3].

Турфирма нарықта жұмыс жасауы келесілерден құралады: нарықты таңдау, туристік өнім жасап шығару, көрсетілетін қызметтердің көлемін анықтау, баға қалыптастыруды жақсарту, жарнамалық іс әрекетті дамыту, ғылыми зерттеулер жүргізу, инвестиция тарту, басқа фирмалармен арасындағы мемлекеттік органдармен қарым қатынас. Біріккен ұлттар ұйымы 1954 жылы туризмді адамның физикалық денсаулығын дамытуға бағытталған белсенді демалыс деген анықтама берді. 1980 жылы Филиппинде Маниль декларациясы қабылданып, онда туризм бұл халықтар өмірінде маңызды орын алатын, оған әлеуметтік, мәдени, ағарту, экономикалық эсер ететін іс әрекет деп түсіндірілді. 1981 жылы Дүниежүзілік туристік ұйым Мадридте Бүкіләлемдік туризм конференциясы өтіп, туризм бұл танымдық мақсатта өткізетін спорттық нышаны бар саяхат деп көрсетілді. 1993 жылы Біріккен ұлттар ұйымы статистикалық ұйымы: туризм бұл демалу, іскерлік мақсаттармен, 1 жылдан аспайтын уақыт аралығында тұрғылықты өмір сүру ортасынан жырақта саяхаттауы деп айтылды. Туристік өнімді жасау экономикалық әртүрлі секторларына эсер ететін күрделі кешенді жүйе. 1990 жылға дейін көптеген мемлекеттер туризмді қоғамның экономикалық даму процесстеріне қарамай, жоспарсыз дамытты. Нәтиже көрсеткендей туризмді бақылаусыз дамыту, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік қиындықтарға алып келді. Қазіргі әлемде, әлемдік нарықта туризмді жалғыз табыс көзі танып отырған елдер күннен күнге көбейіп келеді. Әртүрлі мемлекеттердің экономикалық дамуы әртүрлі [4].

ҚОРЫТЫНДЫ

Туризмді жоспарлау бойынша халықаралық сарапшы белгілі американдық маман Эдвард Инскип туризмді жоспарлауға анықтама беріп, оның мақсаттары мен міндеттерін атап көрсетті. Туризмді жоспарлау туралы алғаш рет Үкіметаралық туризм конференциясы ГААГА декларациясы қабылданды. ГААГА декларациясы бойынша туризм елдердің даму жоспарындағы ауылшарушылық, жеңіл өнеркәсіп, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру сияқты салалармен қатар қойылсын деді. Сондықтан туризм экономиканың саласы ретінде мемлекеттің көңіл бөлуін талап ететіндігін атап көрсетті. Туризмді ұлттық, аймақтық, жергілікті деңгейде жоспарлау жүзеге асырылады. Ұлттық және аймақтық деңгейде жоспарлау (ұзақ мерзімде стратегиялық деңгейде туризмді жоспарлау) мемлекеттік, республикалық, аймақтық, облыстық туизмді дамыту стратегиясы, дамудың заңды негіздері, жарнамалық -ақпараттық жүйе, білім беру жүйесінде бірыңғай бірлікті құру, туризм сферасындағы кадрларды кәсіби дайындау және қайта дайындау.Туризмді жоспарлау ұлттық туристік саясатты қалыптастырумен басталады. Туризмді ұлттық деңгейде жоспарлау келесілерді қарастырады:

  1. Туристік аймақтардың дамуы мен туристік объектілерді анықтайтын материалды базаны стратегиялық жоспарлау;
  2. Денсаулықту қорғау, кадрларды дайындау, қауіпсіздік бойынша ұлттық стандарттарды қалыптастыру.

Туризмді жергілікті деңгейде жоспарлау туристік объект, курорттар, рекреациялық территория, туризмнің қалалық, мәдени, ғылыми масштабта іс қызметтер жиынтығымен айналысады. Туризмді жергілікті деңгейде жоспарлау: - ландшафтық кескіндеу, архитетуралық жоспар, рекреациялық территорияның зоналарға белу;

  • жергілікті нормативті-құқықтық актілерді қалыптастыру;
  • жергілікті туристік инфрақұрылымды жоспарлау (электрмен, жылумен қамтамасыз ету);
  • жергілікті тұрғындарға туристік объектілердің қол жететіндіктей ету;
  • жергілікті тұрғындар үшін де, туристер үшін де рекреациялық және тұрмыстық қыземттермен қамту;
  • жергілікті туризм индустриясы үшін кадрларды дайындау жэне қайта дайындауды қамту;
  • туристік дамуды қаржыландыру;
  • туристік бағдарламалармен объектілерді жылжыту мен жарнамалау; - салық салу сұрақтары;

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Александрова А.Ю. Международный туризм: Учеб.пособие для вузов.- M., 2002.-470 с.
  2. Балабанов И.Т. Балабанов А.И. Экономика туризма: Учебное пособие -M.: Финансы и статистика, 2001.-306 с.
  3. Боголюбов Б.С. Экономика туризма: учеб, пособие для студентов высш.учеб, заведений.- 3-е изд. стер.-M.: Издательский центр «Академия», 2005.-311 с.
  4. Бухалков М.И. Внутрифирменное планирование: Учебник.-2-е изд, испр. И доп. -M., 2001. 400 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.