Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасы банк жуйесінің дамуы , құқықтық жағдайы, банк жүйесін басқаруды жүзеге асыратын жоғарғы деңгей субъектілерінің құзыреттілігін анықтау, банк қызметінің алуан түрі қызметінің аспектіері туралы айтылған.
КІРІСПЕ
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірінің күрделенуі, адамдардың құқықтары, еркіндіктері және міндеттерінің кепілдіктері, құқық тәртібі мен тәртіптілікті нығайту құқықтық реттеу рөлін көтеруге септігін тигізеді.
Қазіргі таңда Қазақстан банк секторы маңызды орын алатын демократияның дамуы жағдайында экономикалық және құқықтық жүйелердің қарқынды өркендеуі кезеңін бастан кешуде. банк қызметі құқықтық реттеу қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етудің негізгі шарттары мен факторларының бірі болып табылады, өйткені банк жүйесі мемлекеттің қаржы жүйесі элементтерінің бірі саналады. Банк секторындағы дағдарыс жалпы алғанда, елдің бүкіл экономикасының тоқырауына жеткізуі мүмкін, сол себепті қоғамдық өмірдің бұл саласы соған парапар құқықтық реттеуге мұқтаж. Банк қызметін кәсіпкерлік қызметтің бір түрі деп сипаттауға болады, себебі оның мақсаттарының негізгісі пайда табу болып есептеледі.
НЕПЗП БӨЛІМ
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң KCPO Мембанкінің Республикалық еңсесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінің Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады [1].
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер «Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы», «Вестник Национального Банка Казахстана» атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
Қазақстан егемендікке ие болған кезде, Мемлекеттік банк базасында нарықтық экономикасы дамыған елдерде қабылданған тұжыры мда мала р негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік банкі құрылды. Банкілік реформаның екінші кезеңінің барысында банкілердің құрылымы қайта құрылып қана қойған жоқ, сонымен қатар банк қызметін жүзеге асыруда терең өзгерістер орын алып, оның жаңа әдістері мен нысандары бекітілді. Нәтижесінде, Қазақстанда іс жүзінде екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты: бірінші деңгей - Қазақстан Республикасының орталық банкі, екінші деңгей - коммерциялық банктер және жекелеген несиелік операцияларды жүргізетін өзге де несиелік мекемелер.
Екі деңгейлі банк жүйесінің ұйымдық-құқықтық ресімделуі ҚазКСР-нің 1990 жылғы 7 желтоқсандағы «Қаз КСР-ғы банктер және біліктілік қызмет туралы» заңның қабылдануымен жүзеге асты. Банк жүйесін ары қарайғы жетілдіру және қайта құру 1993 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы», 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы Банктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын ҚР-сы Президентінің 1995 жылғы 15 ақпанындағы № 2044 «Қазақстандағы банк жүйесі 1995 жылғы реформалаудың Бағдарламасын бекіту туралы» қаулысын, ҚР Президентінің заң күші бар 1995жылғы 30 наурыздағы «ҚР Ұлттық банкі туралы» Жарлығын, 1995 жылғы 31 қыркүйектегі 176
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банкілік қызметі туралы» заңын қабылдауымен жалғасты (Қазақстан Республикасы Президентінің №1270 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы» Жарлығы 31 желтоқсан, 2003 жыл). Банк жүйесін реформалау үрдісі әлі аяқтала қойған жоқ және жалғасын табуда. Оған дәлел, 2001 жылғы 25 сәуірде № 3178-2 Қазақстан Республикасының «Қазақстанның Даму Банкі туралы» заңының, 2003 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің №1270 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы» Жарлығының, 2003 жылғы 4 шілдедегі № 474 Қазақстан Республикасының «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» заңының, 2004 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттік басқармасының № 197«Банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келісім беру және банктің есеп айырысу - касса бөлімдерін ашу, жабу ережесін және банктік, ірі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесін бекіту туралы» қаулысының және т.б- бірқатар заң актілерінің қабылдануы болды [2].
Кезекте банкілік заңнаманы сипаттап өтсек. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі ұлттық банкілік заңнаманы, біріншіден, сол нарықтық экономиканың мұқтаждықтарымен, екіншіден, оны қалыптастырудың, осы саладағы құқықтық реттеудің бай тәжірибесін жинақтаған шетелдік мемлекеттердің негізгі қағидаларымен сәйкестендіру қажеттігін шарттандырады. Қазақстанның және шет елдердің банкілік заңнамаларын үйлестіру қазақстандық және шетелдік банктердің арасындағы үнемі дамып отырған байланыстардан туындап отыр. Банкілік заңнама әртүрлі иерархиялық деңгейдегі нормативтік актілердің шоғырын білдіреді және бірқатар ерекшеліктерге ие болады.
Сондай ерекшеліктердің біріншісі, оның сала аралық сипаты, өйткені банк заңнамасы түрлі құқық салаларының нормаларын қамтиды. Олардың арасында ерекше орынға конституциялық, әкімшілік және азаматтық құқық нормалары ие. Мұнымен қатар банкілік қызметтің өзінің көп қырлылығына орай, қылмыстық, азаматтық іс-жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және басқада құқық салаларының нормаларын қамтитың нормативтік актілерді де банкілік заңнамаға жатқызуға болады.
Әкімшілік құқықтық нормаларының рөлін елемеу үлкен ағаттық болар еді. Негізгі банкілік заңдар мен көптеген заң актілерінде қамтылған дәл осы нормалар тұтастай банкілік жүйені басқаруды қамтамасыз етуге арналған. Осы әкімшілік нормалардың негізгі міндеттеріне:
Біріншіден, банк жүйесін басқаруды жүзеге асыратын жоғарғы деңгей субъектілерінің құзыреттілігін анықтау;
Екіншіден, төменгі деңгейдегі, банк операцияларын жүзеге асыратын банктер мен басқа да қаржылық институттардың сенімділігін қамтамасыз ететін құқықтық құралдарды белгілеу (лицензиялау негізін және тәртібін бекітетін нормалар және т.б.).
Үшіншіден, банк жүйесі төменгі деңгейінің субъектілері қызметінің заңдылығы мен негізділігін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру жатады [3]. Банкілік заңнаманың келесі бір ерекшелігі - банк қызметінің ең алуан түрлі аспектілері мен мәселелерін реттейтін нормативтік актілердің көптігі. Мұндай жағдай ең алдымен, несие-банкілік қызмет саласында туындайтын қоғамдық қатынастардың заң актілерімен толық қамтыла алмауы салдарынан туып отыр. Бұл толымсыздық пайда болған ақтандақтарды заңға сәйкес (негізгі ведомстволық) нормативтік актілермен толықтырылуына әкеліп соқтырмай қоймайды.
Алайда негізгі мәселелерді заңдық реттеудің толымсыздығы ғана емес, тіпті жекелеген жағдайларда заң шығарушының осы қатынастарды құқықтық реттеудің маңызды мәселелерін шешуді атқарушы билік қарамағына беруі де осы саладағы жағдайды шиеленістіріп отыр. Erep банк жүйесінің төменгі деңгейінің субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қозғайтын нормативтік актілерді шығару құқығының заңның өзімен, олар үшін іс жүзінде жоғары тұрған орган болып табылатын басқару органына берілгенін ескерсек, онда бұл органның - банк операцияларын жүзеге асыратын коммерциялық банктер және басқа несиелік мекемелер сияқты нарық институттарына өзіне тікелей бағынатын ұйым ретінде қарау мүмкіндігін болжау қиын емес [4].
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған. Кодекс кредиторларын құқын қорғауды күшейтудегі принциптік ерекшеліктерден тұрады: құқықты бұзған емес, құқығы бар тарап қорғалады. Екінші ерекшелігі кодекс нормасы және олардың бұзылған нормаларымен коллизиясы мүмкін арақатынасты көрсетеді. Тағы бір ерекшелігі кодекс нормалары және басқа заң не нормативті құқық актілеріне енгізілген нормаларымен олардың коллизиясы мүмкін арақатынастар. Банк заңдылығы Азаматтық кодекстен, заң күші бар Қазақстан Республики президентінің жарлықтары "Ұлттық банк туралы" "Қазақстан Республикасы банктер және банк қызметі туралы" және басқа актілерден тұрады.
Біздің республикамыздың банк жүйесінің қалыптасу проблемасына толығырақ тоқталайық. Қаржы нарығының (ақша нарығы) қызмет атқаруынын ажырамас құрамдас бөлігі меншік иелерінің жинақ салымдары болып табылады: заңды және жеке тұлғалар және дамыған банк жүйесі. Басқа қаржы делдалдарымен қатар банктер тұрғындар жинақ қаражаттары, оларды ұтымды пайдалану әдістерін табатын қарыз алушы фирмалар және кәсіпорындарға бағыттайды.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарық шаруашылығы жағдайында көптеген жинақ салымдары жеке тұлғалармен жүргізіледі де, ал шығындар негізінен кәсіпорындармен жүзеге асырылады. Капитал өндіріс қорлары бір саладан екіншісіне ауыса алмайды. Меншік иелері жинақтарынын қарыз алушыларға тікелей ауысуы тіке және жанама қаржыландыру әдісімен жүзеге асырылады. Тіке қаржыландыру бұл фирманың ақша қаражаттарын алып орнына инвестициялық жүзеге асыру үшін осы фирма меншігіне үлестік қатысу құқын беру, мүліктерін иелену, билік ету және баскару құқын жаңа ережелер дайындау. Банктер тұрғындарға сыйақы сомаларын төлеу арқылы инвестициялық, зейнетақы және сақтандыру шоттарын ашу жіне дивидиенттер мен проценттерді капиталға айналдыру үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы қызметтік кен спектрін ұсыну да, банктердегі тұрғындардың жинақ салымының ұлғайғанына ықпал жасайды.
Банк жүйесінің тұрақтылығын сақтау және кредит механизмін жетілдіру мақсатында мынандай проблемалар шешуі қажет: банк өтемділігін қолдау және клиенттер талабын неғұрлым тиімді қанағаттандыру үшін банк активтерін және қызымет көрсетуді барынша этаптандыру, ірі жобалар мен бағдарламаларды кредиттеуді немесе консиорционалды несие беру жөніндегі шарт негізінен басқа банктермен бірлесіп несие беруде тәжірибеге енгізген жөн.
Банк кірісін және табысын ұлғайту, олардан тұрақтылығымен ең алдымен өнімсіз ұтымсыз шығындарды азайту есебінен, ал сонымен бірге әкімшілік басқару персоналын ұстау шығындарын және шығындарды кұрт қысқарту есебінен қамтамасыз ету.
Жоғарыдағы көрсетілгендермен қатар, клиенттер көрсетілетін банк операцияларының дәстүрлі емес түрлері «трасталық», «лизинг», «фактоинг», «инженеринг» және кеңес беру қызыметтерінің санын ұлғайту қажет.
Дамыған елдердің коммерциялық банктерінің кірістерін 60% жуығы валюталық процентті, фьюгер операциялары, мәміле сияқты қаржы туындыларын қолданудан баланстан тыс операциялардан түскен түсім есебінен қалыптасатынын атап өткен жөн. Мұндай мәмілелер әсіресе банк тәуекелділігін басқаруда маңызды орын алады. Бұл көрсетілген операцияларды енгізу және дамыту техникалық жағынан қиындық тудырмайды, өйткені қазірдің өзінде барлық дерлік ірі коммерциялық банктер СВИФТ және РЕЙТЕР сияқты қаржылық коммуникациялық жүйе қызыметін пайдаланады. Сондықтан отандық банк жүйесіне көрсетілген банк құрлымдарының игеру және енгізу банк жүйесінің жуық арадағы негізгі міндеттерінің бірі болмақ.
Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығына, жеке меншікті алғандағы меншіктің барлық нысандарының теңдігіне, кәсіпкерліктің еркіндігіне негізделген құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның негізін қалауға бағытталған экономикалық реформа жүргізілу үстінде [5].
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанның банк жүйесінің жеке банк заңнамасының дамуы барысында туындаған проблемалар бірқатар себептермен шарттандырылған, оның ішінде елдегі саяси, әлеуметтік және экономикалық қайта құрулардың қарама-қайшы үрдісі, отандық банк жүйесі мен оның құқықтық қамтамасыз етілуінің жеткілікті негізделген, қисынды тексерілген, жалпымен танылған тұжырымдамасының жоқтығы, білікті банк кадрларының күрт жетіспеушілігі және нарықтық экономикаға бара-бар несиелік-банктік жүйені құрудың және құқықтық реттеудің осы заманғы отандық тәжірибенің жоқтығы бар.
Батыстағы банк жүйелері мен олардың құқықтық негіздері ғасырлар бойы қалыптасса, Қазақстанда және Ресейде бұл үрдіс тым жылдам жүріп, алайда банк ісінің дәстүрлері жоғалған, өзіндік тәжірибе ұмытылған, ал еліміз үшін бүгінгі таңда қандай банктік жүйе және қандай банк заңнамасы қажет екендігін ортақ (бірдей) түсіну жоқ болған жағдайдағы қарқынды өсіп жатқан инновациялар ағымын басқару аса қиын. Нәтижесінде банк жүйесінің құрылымы да, банк қызметін реттейтін заңнама да қалыптасып үлгермей-ақ, ескіріп кетеді және өз кезегінде экономикалық реформа барысын тежей түседі.
Әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы: Жеті жарғы, 1995.-8 б.
- «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы. Егемен Қазақстан. №- 143 (28612-2014 ж.
- Қазақстан Республикасының Банк құқығы.- Алматы, Жеті жарғы, 2006-26 б.
- ҚР-сы Президентінің № 1720 «ҚР - ң мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру туралы» жарлығы-№-132 (14562)-2014 ж.
- Кушербаев Б.П. «Банктер және несие алушылар қарым - қатынастарын
реттеу»-Қарағанды, 2002.-32 б.