Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан аймақтарын индустриалды дамыту: инновациялық технологиями енгізу

Аңдатпа

Инновацияға бағытталған экономикаға көшудің басты алғышарттары адам капиталының дамуына жэне инновация деңгейінің артуына, іскерлік ортаның жаңаруы мен нарықтағы жоғары деңгейлі бәсекеге қабілеттілікке әкелетін өзгерістер екені дәлелденген. Ғылыми - технологиялық жаһанданудың негізгі бағыттары мемлекетаралық ақпараттық алмасуды қамтамасыз ететін технологияларды игеру; технологиялық және әлеуметтік инновацияларды интеграциялайтын жаһандық метатехнологияларды жасап шығару, санаткерлік ресурстардың халықаралық мобильдігін жеделдету; әлемдік ғылыми-технологиялық дамуда ішінара халықаралық реттеу тетіктерін қалыптастыру; әр түрлі мемлекеттердің санаткерлік ресурстарын жинақтайтын интернет-технологиялар мен компанияларды дамыту; әлемдік деңгейде ғылыми-технологиялық кешенді реттеу барысында трансұлттық корпорациялар мен мемлекеттік құрылымдардың өзара әрекеттесуін жүзеге асыру болып табылады.

Индустриалдық дамыған мемлекеттерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.

Ғылыми - технологиялық жаһанданудың негізгі бағыттары мемлекетаралық ақпараттық алмасуды қамтамасыз ететін технологияларды игеру; технологиялық және әлеуметтік инновацияларды интеграциялайтын жаһандық метатехнологияларды жасап шығару, санаткерлік ресурстардың халықаралық мобильдігін жеделдету; әлемдік ғылыми-технологиялық дамуда ішінара халықаралық реттеу тетіктерін қалыптастыру; эр түрлі мемлекеттердің санаткерлік ресурстарын жинақтайтын интернет-технологиялар мен компанияларды дамыту; әлемдік деңгейде ғылыми-технологиялық кешенді реттеу барысында трансұлттық корпорациялар мен мемлекеттік құрылымдардың өзара әрекеттесуін жүзеге асыру болып табылады. Эрине, нновациялық әлеуетті дамыту мен сақтаудың қажетті, басты талабы ғылым екені мәлім. Бұл ретте инновациялық қызметті жүзеге асырудағы маңызды элемент ғылыми өнімнің коммерциялануы болып табылады. Ғылыми қызмет жаңа техникалық жобаларда, технологияларда, тәжірибелік- конструторлық жұмыстарда жүзеге асырылады. Бұл құрылымдарға технопарктер, инновациялық-технологиялық орталықтар, бизнес инкубаторлары, санаткерлік меншік шағын инновациялық кәсіпорындар, өнімді лицензияландыру мен сертификаттауды қамтамасыз ететін құрылымдар, консалтинг, маркетингтік зерттеу қызметтері жатады. Инновация дамуының басты реттеушісі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, жаңа құқықтық құжаттарды қабылдау болып табылады [1, 8-6].

Елімізде сондай-ақ технологиялық парктер желісі жұмыс істей бастады, венчурлық қорлар құрылып, олар тәуекелшілігі жоғары жобаларды іске асыра бастады, горизонталды жазықтықты қамтитын кластерлер жүйесі жасалды. Салық кодексінің, инновациялық қызметті қолдау заңының жаңа нұсқасы қабылданды.

Осылайша бүгінгі таңда Стратегияның заңнамалық негіздерді, даму институттарын, тиімді жобалар мен кәсіби мамандарды дайындауды қалыптастырудан тұратын бірінші кезеңі аяқталып, ғылым мен техниканың әлемдік жетістіктерін қолдану, ғылыми-инновациялық инфрақұрылымдар мен инновацияны қаржыландыру жүйесін қалыптастыру негізінде экономика ошактарын құруға бағытталған екінші кезеңі басталды деуге болады. Дегенмен, 2008 жылы елімізде инновациялық қызмет деңгейі 4,8 % -ды, ғылыми сыйымдылық деңгейі 0,21%-ды құрады. Бұл көрсеткішткіштер өнеркәсіптік инновациялық қызметтің белсенділігінің, ғылыми сыйымдылық деңгейінің төмендгін көрсетеді. Мысалы, соңғы көрсеткіш технологиясы дамыған елдерде 2,5-3%-ға тең. Бұндай артта қалушылықты жеңу үшін мемлекеттік инновациялық саясатқа инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесін, қазақстандық экономиканың әлеуметтік-экономикалық және ғылыми- техникалық ерекшеліктерін, оның инновациялық әлеуетін терең талдауға негізделген кешенді және жүйелі сипат беру қажет [2, 12-6].

Қазіргі кезеңде әлемдік экономикалық жүйенің қарқынды дамуы ғылымды қажетсінетін өнімдер мен оны өндіретін технологияларды тиімді құру және пайдалануға байланысты. Ол үшін негізделген ғылыми-зерттеулер жүргізу қажет және олардың нәтижелерін шұғыл түрде өндіріске енгізу үлкен жетістік. Сонымен, ғылымда жаңа технологиялық бағыттар пайда болады. Осылардың бәрін дұрыс бағытқа салу, тиімді пайдаланып нақтылы нәтижеге жету үшін арнайы инфрақұрылым қажет.

Инновациялық инфрақұрылым - экономикалық принцип негізінде шаруашылық субъектілерінің инновациялық процестерін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық - экономикалық институттар кешені.

Инновациялық инфрақұрылым - ғылыми идеяның өндірісте қолдау тауып, нақты өнім, қызмет, жұмыс түрінде көрініс табуына дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын іс-шаралардың жүруіне ыңғайлы жағдай жасайтын, қажетті жұмыстар мен қызметтерді орындайтын ұйымдар жиынтығынан тұрады.

Инновациялық инфрақұрылымның экономикалық маңызы елдің экономикалық даму стратегиясын айқындаумен, қосылған құны жоғары өнімдер өндірумен, шағын инновациялық кәсіпкерлікті жандандырумен және басқалармен анықталады.

Бәсекеге қабілеттілік мәселелерін шешу үшін Қазақстанда көп деңгейлі инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы қарастырылған. Оған мыналар жатады: - білім-инновациялық кешендер - жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, оқытатын компаниялар. Бұлардың бәрі білікті кадрлар дайындау мен жаңа ой-пікірлер ұсынады;

  • бизнес-технологиялық кешендер - жаңа ғылыми пікірлерді өндіріске енгізу мен жаңа тауарларды әзірлеумен айналысады;
  • қолдаушы кешендер.

Бүгінгі таңда Қазақстанның инновациялық дамудағы проблемаларының бірі - ғылыми-зерттеулердің аяқталмауы, олардың өндірістен оқшаулануы болып отыр. Жасалған қолданбалы жұмыстар коммерцияланбағандықтан, өндіріске енгізуде жалғасын таппауда. Қазақстанның 2015 жылға арналған технологиялық бағдарламасында айтылғандай, республикадағы өндірістік кәсіпорындар ғылыми- зерттеу және конструкторлық-тәжірибе жұмыстарымен дербес айналысуға ұмытылмайды және ҒЗТКЖ өнімдерін сатып алуға акша салуға тырыспайды, салыстырмалы түрде бұл тиісті өндірісті жаңғыртумен айналысатын кәсіпорындарға да тән [3,44-6].

Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейлері соңғы 2008-2011 жылдары 4% деңгейінен аспай отыр, бұл EO елдеріне қарағанда едәуір темен. Салыстырар болсақ: АҚШ-тағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі - 50%, Түркияда - 33%, Венгрияда - 47%, Эстонияда — 36%, ал Ресейде — 9,1%-ды құрап отыр. Отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің объективті себептері, ең алдымен, ондағы негізгі құралдардың тозуы Статистикалық деректерге сүйенсек, зерттеулер мен әзірлемелерге қажетті негізгі құралдардың тозуы 2008-2011 жылдары — 31%- ды, ал жаңару коэффициентінің дәрежесі — 11%-ды құраған. Ал, кейбір жеке салаларда олардың үлесі 50%-ға жеткен. Тағы бір себеп - кәсіпорындардың нарық қажеттілігін толық білмеуі және нарыққа сай өнімдер шығара алмауы. Мұның мәні - отандык кәсіпорындардың нарықты зерттеуге бөлінетін қаражаттарының мардымсыздығымен байланысты [4, 67-74 бб].

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін көтеруді тежейтін негізгі факторларға:

  • инвестициялау мен несие берудің қолайсыз шарттары;
  • тапсырыс берушілердін төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі;
  • жаңалықтар құныңың жоғары болуы;
  • меншікті қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі;
  • мемлекет тарапынан қаржылық қолдаудың жеткіліксіз болуы жатады.

Елде дамыған кәсіпкерлік сектор мен қоғамның инновацияларды қабылдау мәдениеті болған жағдайда ғана ұлттық инновациялық жүйе тиімді болып, жоғары кіріс әкелетіні туралы шетелдердің тәжірибесінен тұжырым жасауға болады. Жаңа ғылыми басылымдарға, бұйымдарға, технологияларға, қызметтерге, кадрлар біліктілігіне, басқару әдістеріне шоғырландырылған инновация экономикалық дамыған елдердің бәрінде де бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда инновациялық белсенділік деңгейі 4,3%-ды құрайды, ал Германияда бұл көрсеткіш - 80%-ды, АҚШ-та, Швецияда, Францияда - шамамен 50%-ды, Ресейде - 9,1%-ды құрайды.

Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуына байланысты күшейіп келе жатқан бәсеке, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі ниеті дамудың келешектегі жолы - инновациялық экономикаға жеделдетіп өтуді айқындап берді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттілік туралы 2011 - 2012 жылдарға арналған жаһандық есебіне сәйкес инновациялылықтың және инновацияларды бизнесте пайдаланудың біріктірілген факторы бойынша Қазақстан Бангладеш (113), Монголия (112), Мали (116) сияқты елдердің арасында 114 орынды иеленген.

Бұл ретте соңғы жылдары Қазақстанның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстарға жұмсаған шығыстары орта есеппен жалпы ішкі өнімнің 0,21 %-ын құрады, ал бұл көрсеткіш Финляндияда елдегі жалпы ішкі өнімнің 3,49 %- ын, Кореяда - 3,64 %-ын, АҚШ-та - 2,6 %-ын, Қытайда - 1,44 %-ын, Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы (ЭДЫҰ) елдерінде орта есеппен - 2,24 %-ын құрайды.

Тұтастай алғанда, бүгінгі күні Қазақстандағы инновациялық қызметтің қомақты бөлігін мемлекет тікелей ынталандырады және ғылыми-зерттеу жұмыстарының көпшілігі мемлекеттік зертханаларда жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2010 жылы ғылыми- зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардағы жеке сектордың үлесі 36,6 %-ды ғана құрады, ал Жапонияда (78,5 %), Қытайда (73,3 %) және АҚШ-та (72,6 %) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының қомақты бөлігін жеке сектор жүзеге асырады.

Атырау облысы бойынша инновациялық белсенді кәсіпорынның саны 2010 жылы 9 бірлікті (2006 жылы - 22 бірлік, 2009 жылы - 8 бірлік), 2013 жылы 16 бірлікті құрап отыр. Белсенділік деңгейі 2,9 %-дан, 3,7 %-ға дейін артты. Инновациялық технологияға жұмсалатын шығын 4,7 есеге артып, 422,6 млн.тг құрады.

Алайда инновациялық өнім өсіміне қарамастан республика бойынша темен деңгейде. Ал меншіктік инновациялық өнім өндірісімен ешкім айналыспайды. Кәсіпорында ғылыми - зерттеу, жобалық- конструкторлық бөлімшелер саны 10 бірліктен 15 бірлікке дейін артты.

2014 жыл қорытындысы бойынша Республика шегінде аймақта 13 зерттеулер және жұмыстар сатылды. 19 зерттеу жұмыстары алынды, оның ішіне 2-уі шетелден.

Ғылыми техникалық жұмыстар көлемі 3,3 млрд.тгнемесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 25 % артты.

Атырау Бизнес - инкубаторы қызмет көрсетеді. Мұнда 25 жоба өз қызметін жүзеге асырып отыр.

Атырау облысының ғылыми - потенциалы 5 ғылыми зерттеу институттарымен ұсынылады және 2 базалық ЖОО бар.

  1. Атырау мұнай және газ институты;
  2. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университет!;
  3. «КазМұнайгаз» ғылыми - зерттеу жобалық институты;
  4. Атырау облысының геотехникалық орталығы;
  5. Балық шаруашылығының ғылыми - өндірістік орталығы (Атырау филиалы);
  6. Ауылшаруашылығы Оңтүстік - Батыс ғылыми -өндірістік орталығы (Атырау филиалы);
  7. КазНИГРИ Атырау филиалы.

Индустриализация картасы бойынша 45 млрд.тг. 23 жоба жузеге асырып отыр. Жаңа 1,9 мың жұмыс орны пайда болады.

Бүгінгі күнде Атырау облысы бойынша қоржынымызда құны 30 млрд, теңге болатын 37 жоба бар. Олардың екеуі жүзеге асырылып, 14-і орындалып жатыр, ал қалған 21 қаралып жатыр.

Құрылыс индустриясының жіктегішіне сәйкес 2011 жылы 5,2 млрд, теңге сомасына металл емес минералды өнім шығарылды немесе НКИ 95,8 % құрады.

Саланың дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелерінің ішінде аса маңыздылары мекемелердің негізгі қорларын жаңартуға және жаңа технологияларды дамытуды инвестициялауға мүмкіндік бермейтін жоғарғы энергия жұмсағыштың пайдалылығының төмендігі, жұмысшы және инженер кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері.

Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту жөніндегі салалық бағдарламанын іске асыру шеңберінде қолданыстағы өндірістерді жетілдіру және ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған жаңа өндірістерді салу жоспарлануда.

Қазіргі күні облыстың жеңіл өнеркәсібінде кәсіпорындардың 90 %-дан астамы шағын және орта бизнес субектілері, сонымен бірге сала кәсіпорындарының 90%- ына жуығы жұмыс қуаты 20-30 %-ды құрайтын ескірген жабдықтармен қамтылған.

Қойылған мақсаттарға сәйкес 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның индустриаландыру картасын әзірленуде, оған өңірлердің ресурстық базасымен және инфрақұрылымның дамуымен бірге өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру схемасы қосылады.

Жақын келешекте ғылым және инновацияны дамыту саласында өңірлік қолдаудың негізгі бағыттары:

  • жоғары технологиялар өнімдерінің экспортына бағдарланған, ғылымды қажет ететін, қор жинақтаушы және экологиялық таза өндірістерді әзірлеуге бағытталған зерттеулерді дамыту;
  • ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың тетіктерін жетілдіруге жәрдемдесу болып табылады.

Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриалды - инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар - даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді [5].

Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы KCPO құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күшімен анықталады. Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс түрлері бойынша аяқтаушы циклдың жоқтығына, өндірістің негізінен ескірген техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған және жекелеген дамушы елдердің деңгейінен артта қалуына алып келді және осы ретте технологиялық әртектілігімен сипатталынады. Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы ретінде сипаттауға болады.

Қазақстандық ғалымдар қазіргі күнде еліміздің технологиялық дамуының екі жолын көрсетеді. Оның біріншісі шетелден алдыңғы қатардағы технологиялар мен ноу-хауды алу, ал екіншісі - өзіндік ғылыми-технологиялық қуаттарды дамыту.

Көрсетілген міндеттер инновациялық жобаларды басқару тетіктері, венчурлық, лизингтік және франчайзингтік компаниялардың инновациялық іс- әрекеттерін жетілдіру жұмыстарына ұсыныстар айқындалды.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан -2030» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. - 2014 жыл.-12 желтоқсан. //http:www.akorda.kz.
  2. «2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық- инновациялық даму Стратегиясы».
  3. Абдреймова А.Н. Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық даму жолындағы жобалық менеджменттің алатын орны.- Астана, 2010 ж.- Б.44
  4. Шамрай Ю.Инновации и повышение конкурентоссобности национальной экономики: современный подход Проблемы теории и практики управления. 2009. - №2.-С.67-74.
  5. Қазақстан Республикасы Статистика агентігінің өнеркәсіп көрсеткіштері. // http:stat.kz/digital/Pages/drfault.aspx

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.