Аңдатпа
Мақаланың нақты мақсаты - ұлттық компанияларда жобаларды басқарудың ықпалдастық жүйесіндегі экономикалық әсерін анықтау және Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында жобаларды басқарудың ықпалдастық жүйесінің тәжірибелік әрекетін енгізуді ұсынуға арналған. Заманауи дамып отырған кәсіпорынның алдына тәуекелдері басқарудың дайын технологиясын енгізу қажет пе, жоқ оларды өз бетінше жасау қажет па деген таңдау туындайтын кез болады.
Барлық факторларды ескеру мүмкін емес, әрі кез келген жүйе, түптеп келгенде жұмыс істей береді және өзіне тиісті міндеттерді атқарады. Алайда қызметтің тұрақты дамуы шарттары, кәсіпорынның басқару жүйесінің сапасының және өзектілігінің үнемі бақыланып отыруын қажет етеді. Жүйені енгізу немесе жақсарту бойынша мәселелер материалдық болсын, адами болсын ресурстарды талап етеді.
Жобаларды басқару қазіргі кездегі тиімді қызмет етудің әдістемесі ретінде инвестициялық және инновациялық қызметті белсенді жүзеге асыратын әлемнің барлық белгілі компаниялары мойынсұнған тәжірибе болып табылады. Сыртқы факторлардың әсері және әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жобаларды басқарудың белсенді түрде дамуына өз әсерін тигізді. Жобаларды басқарудың жетістігі мен негізгі артықшылығы оның үш сипаты, материалдық ресурстардың шектеулігі, адами ресурстар және жүзеге асыру уақытында ресурстардың шектеулілігі, адами ресурстар және жүзеге асыру уақытында жинақталған. Жобаларды басқарудың әдістемесі инновациялық және инвестициялық қызметті жүргізуде үйлесімдірек болып келгенімен, шағын және орта бизнес тәжірибесіндегі кейстер жобаларды басқарудың әдістемесінің бұл сала субъектілеріне пайдалануда да икемділігіне сілтеп, жақсы нәтижелерді көрсетеді [1, 8 6].
Жобаларды басқарудың мәні жобаны сапалы орындау, және жүзеге асыру үшін материалдық қаржыларды, адами ресурстарын және уақытты шығындаудың тиімді арақатынасында жатыр.
Заманауи дамып отырған кәсіпорынның алдына тәуекелдері басқарудың дайын технологиясын енгізу қажет пе, жоқ оларды өз бетінше жасау қажет па деген таңдау туындайтын кез болады. Барлық факторларды ескеру мүмкін емес, әрі кез келген жүйе, түптеп келгенде жұмыс істей береді және өзіне тиісті міндеттерді атқарады. Алайда қызметтің тұрақты дамуы шарттары, кәсіпорынның басқару жүйесінің сапасының және өзектілігінің үнемі бақыланып отыруын қажет етеді. Жүйені енгізу немесе жақсарту бойынша мәселелер материалдық болсын, адами болсын ресурстарды талап етеді. Кәсіпорынның жұмыс қаншалықты жақсы жұмыс істеседе, бизнес үдерісі жолға қойылсада, кәміл жетілген, әрі тиімді жүйені енгізуге деген қажеттілік туындайды.
Кәсіпкерлерге тән мәселелер ретінде, өз идеяларын жүзеге асыруда көбіне өзінің «тәжірибесін» немесе ішкі түйсігін (бәлкім басқа адамдардың кеңесін)басшылыққа алатыннын жатқызуға болады. Талдау және жоспарлау саласындағы білімнің жеткіліктігіне және қолжетімділіне қарамастан, кәсіпкерлер дайын тұрған негізге тәсілдемелерге аз жүгінеді. Жоспарлаудың (жобалаудың) болмауы кәсіпорында тәуекелдердің және оның зиянды ықпалының туындауының негізгі факторы немесе көзі болып табылады.
Ендігі кезекте жоба түсінігіне назар аударайық. Стандартты анықтама бойынша жоба дегеніміз - «алдын ала» белгіленген бір нәтижеге /мақсатқа қол жеткізуге бағытталған, басталу және аяқталу уақыты бар бірегей қызмет. Бұл жерде әр түрлі жағдайлардажоба келесі нысандардаболады:
- Материалдық - өнім, ғимарат және т.б;
- Сезілмейтін - қызмет, іс-шаралар және т.б;
- Жорамалдағы немесе ойдағы - идеялар, құжат ретінде.
Ол нысандарға қол жеткізу үшін негізгі келесі қағидаттар орын алады:ресурстар бойынша, мерзімдер бойынша шектеулер, сондай-ақ сапаға және тәуекелдің мүмкін болар деңгейіне қойылатын талаптар табылады.
АҚШ жобалық менеджмент институтының стандарты бойынша жоба дегеніміз- бірегей өнім, қызмет, немесе нәтижелерді жасауға арналған уақытша кәсіпорын.
Жобаларды басқару-әдістер, құралдар мен басқаруды қолдана отырып,жобаның мерзіміне, бюджетіне және нәтижесіне қойылған талаптарды орындау барысында бір бірімен байланысты шараларды жүзеге асырунәтижесіндеалдын ала қойылған мақсаттарға жету үшін ресурстарды (адами және материалдық) басқаруға бағытталған білікті қызмет.
Жобаларды басқару - жобаға қойылған, талаптарды қанағаттандыруға бағытталған білім, дағды, құралдар мен әдістердің тәжірибедегі көрінісі.
Жобаны басқару Германияның DIN 69901 ұлттық стандарты бойынша - жобаны жүзеге асыруда басқару міндеттерінің, ұйымдастырудың, әдістердің және құралдардың біртұтастығы.
Жобаларды басқару-шектеулі шарттар аясында жобаларды оперативті басқарумен байланысты ұйымдастырушылық қызмет
Жоғарыдағы анықтамаларды тұжырымдай келе, жобаларды басқару-жалпы жобалар аясында бірнеше тараптардың міндеттемелерімен туындайтын, белгілі бір шарттардың негізінде орындалатын, әдістер мен құралдарды тиімді басқару арқылы жүзеге асырылатын қарым қатынас деп қорытуға болады.
Жобаларды басқарудың бұндай күрделі анықтамасын кәсіпкерлер түсінуіне жеңіл нұсқада келесідей түрлендіріп, тұжырымдауға болады:
Жобаларды басқару-бизнес идеяларды жүзеге асырудың аса тиімді тәсілі.
Aca тиімді деген сипаттамамен біз кәсіпкерлердің қызмет ету кезіндегі мүмкін болатын барлық параметрлерді қамтимыз. Оның ішіне, кәсіпкердің қаржылық күтімі, тәуекелдердің жоқтығы және беделі де кіріп кетеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, жобаларды басқаружайлы сөз қозғағанда, біз тікелей басқарудың методологиясын, тұжырымдамасын талқылаймыз. Жобаларды басқару кәсіпорынның мүмкіндіктері мен кемелдену деңгейіне қарай икемдеуге болады. Жобалық басқаруды икемдеу басқару формаларын, құрылымын және тәсілдерін ұйымдастыру жолымен жүргізіледі. Деректер өз бетінше өңделеді және қандай да бір мемлекеттік қадағалаушы органға жеке есептілікті қажет етпейді. Немесе, барлық операциялар үдерістік басқаруда.
Жоба түсініктеріне тұжырымдама жасасақ, жобаға тән келесідей сипатамаларды (нышандарды) жинақтауға болады [2, 81 б]:
- Жоба белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Жоба белгілі бір мақсат не меже алға қойылғанда ғана басталады. Жобаның жүру барысында да сол меже мен мақсат негізгі бағыт болады. Жобаның аяқталғанын жобаның командасының ұстанған мақсатына не межеге жеткенімен немесе қойылған мақсатқа жете алмай немесе жетудің қажеттігі жойылғанынан білуге болады. Ол жобаның нәтижелілік сипатына ие кендігін көрсетеді.
- Жобаның нәтижесінің бірегейлігі. Жоба нәтижелілік сипатымен қоса нәтижесінің, өнімінің немесе қызметінің бірегейлігімен ерекшеленеді. Оның ерекшелігі идеяның және жобаны жүзеге асырудың бірегейлігінде жатыр.
- Жоба уақытпен шектелген.Яғни, кез келген жобаның нақты басталар уақыты мен нақты аяқталар уақыты бар. Бұл уақыт аралығы жоаның көздеген мақсаты мен нәтижелерінің ерекшеліктеріне қарай, қысқа болуы да мүмкін, орта, сондай ақ, ұзақ мерзімді болуы да мүмкін.
- Жобаның дәйектілігі. Жобаны жасау мен жүзеге асырудың кезең кезеңмен жүргізіліп отыруы. Erep, дәйектілік шарты сақталмаса, жобаның дұрыс орындалмауына, нәтиженің сапасының нашарлауына немесе мүлде жобаның тоқтап қалуына әкеледі.
Тәуекелдері басқару, жалпы тәуекел тәрізді, турлі тараптардан және турлі деңгейлерде қарастырылады. Көп деңгейлілікті ескере отырып, үдерістік және ағымдағы тәуекелдері біріздеу шеңберінде жобалық тәсіл қолданылатынын атап өту керек. Жобалық басқару методологиясы тәуекелдері басқару қағидаттарына толығымен сәйкес келеді, әсіресе,жобаның «табыстылық үшбұрышы» жобаның ресурстары, уақыты және сапасы тәуекелдері төмендетудің базалық параметрлерінен құрылатынынескеру керек.
Жобаның тәуекелдерін басқару бастамалау сатысында туындайтынын, бірақ аяқталмайтынын, әрі қарай ШОБ жобаларына тән болатын басқарудың жобадан кейінгі режиміне ауысатынын атап өткен жөн.
Жобалардың тәуекелдерін басқару жобаның түпкі мақсатына қол жеткізуде тиімділікті арттыру мақсатында, жобаны жүзеге асыру кезінде тәуекелдері қарастырамыз, бағалаймыз және басқарамыз дегенді білдіреді. Осыған байланысты жобаны басқарудың екі негізгі үдерістері арасында ықпалдастық одақ пайда болады: жобаны басқару және жобаның тәуекелдерін басқару [3, 201-204 66].
Әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының Президент!-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. // http://www.akorda.kz.
- Мазур И.И. Управление проектами учеб.пособие. Под общ.ред. Мазур И.И. и Шапиро В.Д.-бе изд., стер.-М.:«ОМЕГА-Л»,2014.-960с.
- Садвакасов С.Ж. Жесткие методы культурной интеграции // Сборник материалов Второго Международного Форума «Управление проектами в Центральной Азии. Инновационные технологии». - Алматы : КазНТУ; СПМ PK, 2012.- С.201-204.