Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Батыс қазақстанда балық шаруашылығының дамуы: әкімшілік шаралар мeн нәтижелері (xx ғ.басы)

Аңдатпа

Мақалада кеңес кезеңінде азық -түлік мәселелерін шешу, оның ішінде балық шаруашылығын дамыту мақсатында қабылданған әкімшілік шараларды жузеге асыру жұмыстары туралы баяндалады.

Мақалада көрсетілген фактілер мемлекет көлемінде қабылданған қаулылар мен шешімдердің батыс Қазақстандағы балық шаруашылығын ұйымдастырудағы маңызын анықтауға мумкіндік береді.

Балық шаруашылығын дамытудағы күрделі мәселелерді құрылымдық өзгерістер мен тағайындаулар арқылы шешу әдістері талданады. Осы мақсатта оңтайлы шешімдерді қабылдау және оны іске асыру әдістері анықталады.

КІРІСПЕ

1918 жылы 9 желтоқсанда В.И.Ленин Жоғарғы Халық Шаруашылық Советі мен Азық-тулік Халық Комиссариаты балық өнеркәсібі басшылық ететін «Главрыба» басқармасын құру туралы қаулыға қол қойды. Сол жылы 15 желтоқсанда Москвада Бүкілодақтық бірінші балықшылар съезі өткізілді. Съезд елімізде балық өнеркәсібін дамытуға басты қадам жасап, Азық-түлік Халық Комиссариаты жанынан облыстық басқармалар құруды белгіледі.

Қаулыдан кейін Атырауда өз алдына жеке облыстық балық басқармасы (областрыбы) құрылды. Бірақ материалдық-техникалық жағынан орталықтан көп көмегі қажет етуіне байланысты таратылып, Астраханьдағы Вольга-Каспий олыстық басқармасына оның бір ауданы ретінде қарап сол арқылы Москва қаласындағы Главрыбқа бағынды.

Кеңес үкіметі Волга-Каспий балық басқармасына басшылықты күшейту мақсатында 1919 жылы Халық Комиссиалар Советі мен Республика Қорғаныс Советінің Төтенше өкілі етіп Иван Петрович Бабкинді, 1920 жылы 4 ақпанында балық кәсіпшіліктері мен аң аулау жұмысын ұйымдастыруға өкіл етіп К.И.Ордынский - Шварцты жіберді. Олардың басшылығымен 1920 жылы 14 ақпан Атырауда Жайық- Эмба аудандық балық және итбалық кәсіпшілігі ұйымдастырылды. Балық басқармасы құрамында 2845 мүшесі бар 16 балықшы бірлестігін ұйымдастырып, оның төрағалығына П.Д.Батов жолдас тағайындалды. Жайық-Каспий бассейіні 5 балық кәсіпшілігіне бөлінді.

НЕПЗП БӨЛІМ

Атырау балық басқармасы уезд көлеміндегі барлық өндіріс кәсіпшіліктерінің, оның мүлкі мен аулау құралдарының, өндіріс кәсіпшіліктерінің, оның мүлкі мен аулау құралдарының, өндіріс кемелерінің, тұздың және балық товарлары қалдықтарының нақтылы есебін алып, 1918 жылғы 28 маусымдағы РСФСР Халық Комиссарлары Советі Декретіне сәйкес 1920 жылы 15 наурызда оларды мемлекет меншігі деп жарияланды. Атырау қаласында бұрын капиталистер қолында болған 8 пароход, 7 баржа, 10 моторлы қайық, 525 түрлі кеме ыдыстар, 11058 ау құралдары, 1814 шана

және басқа құрал-жабдықтар балық басқармасы қарамағына берілді.Мұнан басқа 90375 пұт балық пен 175475 пұттұз конфискеленді. Қысқа мерзім ішінде Қарабатан, Индер, Ескене, Монданақ сияқты жергілікті көлдерден Атырауға түйе арбамен тұз тасылды, балықшылар бірлестігі ұйымдастыр.

Атырау партия уйымдары мен жергілікті кеңестердің қоғамдық ұйымдардың пәрменді түсінік, ұйымдастыру жұмыстары нәтижесінде, азамат соғысынан кейінгі алғашқы балық аулау маусымына 4080 мүшесі бар 24 балықшы бірлестігі қатынасып, олар 704 қайық пен кеме, 1814 шана, 10442 ау құралдарымен қамтамасыз етілді. Бұған қоса Атырау балық басқармасы балық аулаудың, оны өндіріске өткізу мен дайындаудың және балықшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төлеудің уақытша ережесін бекітіп, бассейннің балық байлығын тиімді пайдалану мақсатында аулау мерзімдерін белгіледі.

Жазғытұрымғы маусым барысында Жайық өзені мен Каспий теңізі жағалауынан 235451 пұт балық ауланып, 7128 пұт жоғарғы сапалы қызыл балық пен 392 пұт қара уылдырық дайындалды. Күзде ауланған балықты қосқанда Жайық- Каспий бассейні 1920 жылы Отанға 429.292 пұт балық өткізілді. Дегенмен бұл мемлекет, балық кәсіпшілігі басшыларын мүлдем қанағаттандырмады. Өйткені, соғысқа дейінгі ауланған балық мөлшерінің небәрі 21,4 пайызы болатын. Әсіресе ауланған балықты ысырапсыз жеткізу жұмысы нашар жүргізілді. Cy қатынасы үшін пайдаланатын отын қорының тапшылығынан Астраханнан құрал-жабдық жеткізу, немесе онда балық апару мүмкін болмады. Сондықтан партия, кеңес органдары, балық басқармасы, кәсіп одақ ұйымдары жергілікті күшті тиімді пайдалануға күш салды.

1921 жылы 31 қарашада Астрахань қаласында Азық-түлік Халық Комиссарының орынбасары Н.П.Брюханов, Қырғыз Республикасы Орталық Атқару Комитеті төрағасы С.Мендешев, Главрыба бастығы А.П.Потяев, Төтенше өкіл И.П.Бабкин, Қалмақ АССР-нан Амур-Санан, Волга-Каспий областрыбы председателі М.Г.Неряхин, Бөкей өлкесінен Бергалиев және басқа адамдар қатынасқан үлкен кеңес өтті. Кеңес Каспий өңірі балығын Отан игілігіне игеруде көлік, жұмыс күшінің жетпей отырғанын баса көрсетіп, «30.000 қырғыз жігіттері, 10000 қалмақ жігіттері мобилизациялансын» деген қаулы алды. Бұл есеп бойынша Атырау 4 мың еңбекке жарамды адамды мобилизациялауға тиіс болды.

Жергілікті жерлердің инициативасын жоғары бағалай отырып, Еңбек және Қорғаныс Советі (СТО) сол жылғы 29 желтоқсандағы қаулысында барлық мемлекеттік мекемелер Главрыбының ау құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етудегі талабын соғыстан кейінгі кезектегі мәселе ретінде қарап, үш күн ішінде қанағаттандыратын болсын деп көрсетілген.

Стахановшылар қозғалысын қаладағы Микоян атындағы колхоз балықшылары бірінші болып қолдап кетті. Стахановшылар қозғалысы көмегімен колхоз 1935 жылдың жоспарын артығымен орындап 1 миллион 30 мың сомның табысын келтірді. Келесі жылы микояндықтармен қоса жылдық тапсырманы артығыммен "Коллективный труд", "Алғабас", "Еңбекші таң", "Тұңғыш" балықшы колхоздары орындап шықты. Стахановшылар қатары көбейіп, 1936 жылы Атырау балық комбинатында 380-ге, балық аулау қайрандарында 212-ге барды. Балықшы стахановшылар екінші бесжылдық жоспарды орындау жолында Атырау мұнайшыларымен социалистік жарысқа тусті. Екінші бесжылдықтың аяғында Жайық- Каспий бойындағы балықшылар саны 17,334-ке жетті.

Үкімет балықшылардың ерен еңбегін жоғары бағалап, бір топ озық балық өнеркәсібі қызметкерлерін орден, медальдармен марапаттады. Олардың ішінде атыраулықтарда болды. Атырау консерві комбинатының директоры Б.П. Титов, қара уылдырық жасаудың шебері Жаңабыр Сарбупиев, балықшылар У.Мұқанова, П.М. Астанин т.б. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталды.

1936 жылы Москвада өткізілген Бүкілодақтық балықшылар съезіне Атыраудан 26 адам қатынасты. Атыраудағы балық өнеркәсібін онан әрі дамыту жайлы Кремльде 13 желтоқсанда әдейі қаралды. Оған KCPO Азық-түлік Халық комиссары А.И.Микоян, Межрыбак-союз төрағасы Гончаров, Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Мирзоян, Қазақстан Халық Комиссарлар Советі председателі Исаев, Главрыбы бастығы Андрианов, Атырау округтық партия комитеті хатшысы Таран және басқа балық шаруашылығының мамандары қатынасты. Кеңес Жайық бойынан 3 жаңа жүзбелі балық заводын, 50 балық қабылдайтын пункт, 4 плашкоут салуға қаржы бөлді.

Осының бәрі Атырау балықшыларының екінші бесжылдық жоспарды ойдағыдай орындап шығуына мүмкіндіктер берді.

Балық өнеркәсібінің техникамен жабдықталуы, маман жұмысшылар қатары өсуі, стахановшылар қозғалысына кеңінен жол беру, балық сапасының артуы, үкіметтің балықты қымбат бағамен кабылдап алуы, осының бәрі Атырау балықшылары тұрмысын өте-мөте жақсартты.

Erep 1921 жылы бір балықшының айлық жалақысы 11 сомнан аспаса, 1924 жылы ол 26 сомға, 1926 жылы 46 сом 87 тиынға жетті. Ал екінші бесжылдық кезінде, әсіресе, 1935 жылы Кеңес үкіметінің балықшылардың мемлекетке өткізетін балығын екі есе қымбат бағамен қабылдағанда, балықшы табысы бұрын сонды болып көрмеген дәрежеге барды. Мәселен, 1935 жылы қарапайым колхозшы-балықшының маусымдық табысы орта есеппен 2 мың сомға барды. Ал балықшы-стахановшылар 8-10 мың сомға дейін тапты. Бұл сол кездегі ақша құнына қарағанда ең жоғарғы табыс еді. Балық қабылдаушы Әлібеков, Жұмашевтардың айлық ақысының өзі мың сомнан асса, комбинат жұмысшысы Хвостникованың күндік табысы 13 сомға жетті. Құрамында 8 балықшы бар "Вперед" жоспарды 371 пайызға орындап 22 мың сом табыс тауып шықты. Мұндай фактіні бұл кезеңде Атырау балықшылары арасынан мыңдап кездестіруге болады.

Атырау балықшыларының жақсы табысы, сәнді тұрмысы білімге деген құштарлығын күшейтті.

Партия, кеңес ұйымдары жергілікті кадрлар даярлауға ерекше мән беріп, 1931 жылы 1- маусымда цех мастерлерін дайындайтын курс ашып, балық өнеркәсібінде 5-10 жыл жұмыс жасаған тәжірибелі 36 ұлт кадрын қабылдады. Бірақ курс балықшылардың өскелең талабын толық қанағаттандырмады. Сондықтан 1933 жылы Атырау балық комбинаты жанынан ФЗУ мектебін ашты. Екінші бесжылдықта ФЗУ мектебін 143 маман бітіріп шықты. Алайда, арнаулы орта білім беріп, инженер- техника кадрлары дайындайтын оқу орны жоқ болатын. Москва, Ленинград, Астрахань қалаларынан оқу бітіріп келген балық мамандары өте тапшылық жасады.

Осының бәрін ескере отырып Атырау аудандық партия комитеті қалада балық техникумын ашуға шешім алды. 1932 жылы 72 студенті бар, балық техникумы ашылды. 1937 жылы техникум жаңа тұрғызылған сәулетті екі қатарлы үйге көшірілді. Техникумның оқытушысы құрамы толықтай толтырылды. 1936-1937 оқу жылында техникум озінің алғашқы қарылғаштарын ұшырды.

Мұнан басқа Атырау балық комбинаты жанынан 1936 жылы балық өнеркәсібі үшін колхоз төрағаларын, бухгалтерлер, бригадирлер, мәдениет қызметкерлерін дайындайтын оқу комбинаты ашылды. Оған оқуға Атыраудан, Қарақалпақстаннан, Балқаштан, Аралдан, Астрахань округіндегі қазақ колхоздарының кадрлары алынды. Комбинат басшылығы 250 орындық екі қатарлы жаңа үй салып берді. Мұнан басқа оқу үйі жанынан жатақхана, асхана, оқытушылар үшін екі тұрғын үй тұрғызылды. 27

Атырау оқу комбинатын екі жыл ішінде (1936-1937) 45 колхоз төрағасы, 60 ay бригадирі, 30 бухгалтер, 40 мәдениет қызметкері бітіріп шықты.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сөйтіп социалистік құрылыс кезеңінде Жайық-Каспий балық бассейні байлығы молынан меңгеріліп, еліміз оның жоғары сапалы жүз мыңдаған тонна балығын алды. Шын, балық аулауда біркелкілік болмады. Бір жыл балық көп ауланса, екінші жылы аз ауланды. Оған басты себеп революцияға дейін балықтың жоспарсыз, тағылықпен аулануы бір болса, экономикалық ресурстармен, техника, маман кадрларға тағы байланысты болды. Сонымен бірге табиғат құбылысы да көп эсер етті. Мысалы, су аз келіп Жайық кемеріне келмеген жылдары балық аулау маусымды қысқартып, осының салдарынан науқан өтіп, балық аз ауланды. Жел теңізге қарсы тұрған уақытта да өзенге балық аз кірді. Сондай-ақ теңізде болып тұратын шторомдар балық аулауға көп зиянын тигізді. Мәселен, 1927 жылы Каспий теңізі жағалауында қыс ерте түсіп, шәуіш мұздар қатып, оның арты шторомға ұласқан да балықшылар апатқа ұшырап ығып кетті. Кеңес үкіметінің алдын ала жүргізген қамдары 5579 балықшы мен 400 кеме, қайықтарды, ау құралдарын апаттан аман алып қалды.

Уылдырық шашатын балықтардың көп аулануы, көл, өзектерде шабақтардың (малек) көп қалып, өлуі балық санын азайтуға соқтырды. Cy құрамының химиялық, қалдықтармен ластануы да балық сапсын жойды.

Міне, осылардың бәрі Жайық-Каспий бассейнінде балықты біркелкі аулатпады. Мұндай себептерге қарамастан Атырау балықшылары Отан алдында алған міндеттемелерін ойдағыдай орындап социализмнің ірге тасын қалауға шексіз үлес қосты.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. "Коммунист" № 16, ноябрь, 1957. стр.93-94.
  2. Марксизм-ленинизм институты қазақ филиалының партархиві, қ.139, т.1, і.620, л.52; "Красный Урал", №257, 1 декабрь, 1922.
  3. Исторический очерк развития рыболовства на р.Урал и прилегающем морском участке Гурьевского района. Гурьев, 1938.
  4. Қазақ CCP Орталық мемлекеттік архиві, Қ.Р-284, т.1, д.З, б.10; қ.285, т.1,і. 26, 6.1
  5. Астрахань облысының мемлекеттік архиві, қ.1379, т.18, і.113, 6.20.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.