Атырау облысының шөлді жерлерінде өсетін өсімдіктердің қалпына келу үдерістерінің сукцессиялық заңдылықтары

Аңдатпа

Бұл мақалада Атырау облысынның шөлді жерлерінде өсетін өсімдіктерге сыртқы орта факторларының, ауытқымалы ауа райының, жауын-шашынның мол тусуі өсімдік жамылғысына қаншалықты эсер ететіні қаралған. Шөлді жерлердегі өсімдіктерге салыстырмалы түрде зерттеулер жүргізулер, олардың өсу деңгейлері сонымен қатар шөлді аймақтардың қазіргі уақытта жай-жапсары туралы мәліметтер қарастырылды. Кең тараған тұқымдастардың таралу көрсекіштері пайызбен жазылды. Ксерфиттердің өзін бірнеше топқа бөліп, оларға жататын өсімдіктер көрсетілді. Тұзды шөлге төзімді топ- галофиттер туралы толық мәлімет жиналды. Оларды тұз жинағыш, тұз бөліп шығаратын,тұз сіңіретін галофит деп жіктеп, әрқайсысының ерекшеліктері жазылды. Галофиттердің анатомиялық, морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктері анықталды. Гэлофиттердің анатомо - морфологиялық құрылысындағы ксерофиттерден айырмашылықтары көрсетілді. 

КІРІСПЕ

Атырау облысының аумағы шөл және шөлейт зонасында орналасқан. Шөл зонасының климаты құрғақ, жауын - шашын мөлшері өте аз болады. Жазы өте ыстық, қысы суық болады. Осындай шөлді аймақта қуаңшылық жағдайына барынша төзімді, көбінесе жапырақтарын түк басатын өсімдіктер тобы - ксерофиттер өседі. Бұндай өсімдіктердің көктемдегі топырақ ылғалдылығы мол кезде өсу процестері қарқынды болады да, көктемнің соңында гүлдеп, жазда даму қарқындылығы баяулайды. Күзгі жауын - шашын басталысымен ксерофиттер тіршілік процесін тағы да жеделдендіріп, түйін тастап, даму циклін аяқтайды. Тек кейбір аса қуаңшылық, өте ыстық жағдайларда ғана өсімдіктер өздерінің даму процесін толық аяқтай алмай қалады. Ксерофиттердің ерекшелігі жапырақтары ұсақ, органдарының сыртында әртүрлі түктері болады. Солар арқылы әртүрлі ауа температурасының ауытқуларынан, ыстықтан қорғана алады. Кейбір өкілдері өте ыстық кезеңде өсуін тоқтатады.

Атырау облысы шөл және шөлейт зонасында орналасқанымен солтустігінде дала зонасының белгілері байқалады. Көктемнің алғашқы кезеңдерінде эфемерлер өскен аймақта жазда шөлді дала зонасының өсімдіктер жамылғысының негізін құрайтын жартылай бұта тектес өсімдіктермен қатар, сораңдар аралас астық тұқымдастың турлері өседі [1].

НЕПЗП БӨЛІМ

Облыс жері шөлейт зонаның табиғи ылғалы жеткіліксіз және топырағы тұзды аймағының құрамына кіреді. Өсімдік флорасындағы түрлер бір - біріне қолайлы жағдай туғызып өседі. Бір жерде таралған бірнеше түрлер бірігіп өсіп, өсімдіктердің бірлестігін құрайды. Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне байланысты жер асты суларының да деңгейі көтеріледі. Бұрынғы шабындық жерлер псаммофильді далаларға айналған және құрғақшылықтың көбеюіне байланысты ксерофитті флора басым бола бастаған. Атырау облысында өсімдіктердің 88 тұқымдасының 371 туысының 945 түрі өсетіні анықталған. Бұл аймақ флорасының негізгі түрлеріне бай 10 тұқымдас жасайды. Оларға күрделі гүлділер, алабота, астық, бұршақ, шаршы гүлділер, қалампыр, таран, сабынкөк, ерінгүлділер, айлауық гүлділер тұқымдастары жатады. Қалған тұқымдастарда аз ғана түр кездеседі. Жылдық жауын - шашын 200 мм-де аспайды, ал кейбір аудандарында 75 мм-ге дейін болады. Жауын-шашынның максимумы көктемде жауады, минимумы жазға тура келеді. Жазда ауаның температурасы көлеңкеде 40°С, ал кейде одан да артады. Құмдарда температура жазда 45 - 50 0C - ға дейін көтеріледі. Бұл буланудың көп болуына себепші болады. Ұсақ қазан шұңқырлар, ойыстар көктемде қар суымен толады да, жазда кеуіп қалады. Олардың түбінде тұз қабыршақтар пайда болып, ешқандай өсімдіктер өспеуге себепші болады. Қысы суық, аяз - 30°-қа дейін жетеді. Жылдық және тәуліктік температура амплитудасы әжептәуір болады. [2]. Шөл зонасының ауасы құрғақ, жауын-шашыны аз болғандықтан өзендері болмайды. Шөлді басқа жерден басталатын өзендер кесіп өтеді. Ол өзендер шөл арқылы ағатындықтан, су шығыны көп болады ды сағасына жете алмайды. Осыған байланысты шөлде ыза су мен артезиан суының маңызы зор. Ыза сулар көбінесе тұзды және кермек болады. Шөл зонасының топырақ жамылғысы солтүстігінде қоңыр топырақ болады. Оның жоғарғы гумусті горизонтының қалыңдығы 30 - 35 см және беткі қабатының құрамында 2,5% - ға дейін шірінді болады. Сырттан қарағанда облыстың өсімдіктер дүниесі өте жұтаң болғанымен олардың ішінде 140 - тан астамы бағалы өсімдіктер болып есептеледі. Техникалық құндылығы жоғары, тағамдық, дәрілік, әсемдік маңызы бар, каучукті, майлы, илікті, жемшөпті, улы және инсектидті өсімдіктер кездеседі. Облыс аумағында Нарын, Тайсойған, Бүйрек құмдары бар. Бұл жерлердегі өсімдіктер дүниесі алуан түрлі болады. Өсімдіктері ылғалдылықтың белгілі дәрежеде болмауынан әркелкі таралады. Көбінесе, астық, бұршақ тұқымдастарының өкілдері өседі [3].Қазақстанда құмды шөлдер көп кездеседі. Ол шөл зонасы аймағының үштен бір бөлігін алады. Олардың ең ірілеріне: Қызылқұм, Арал бойындағы Қарақұм, Мойынқұм, Каспий маңы ойпатындағы Нарын, Тайсойған, Бүйрек құмдары жатады. Бұл құмдар мыңдаған жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің орнында пайда болып, кейін желдің әсерінен олардан шағылдар, қырқалар, төбелер түзілген. Қазір олардың көбі үстіне өсімдік өсіп, бекіген. Құмға су жақсы сіңеді және одан да аз буланады. Әдетте, құмның тек беткі қабаты ғана құрғақ болады, оның астыңғы қабаттары әр уақытта ылғалды келеді. Құмдарда көктемде селеу, өлең шөп, құмның боз жусаны, құм бетегесі, еркек шөп, құмның жабайы сұлысы, қоңырбас, құм түймедағы, құмаршық өседі. Жазда барлық шөл өсімдіктері қурап кетеді. Шөл өсімдіктерінің ерекшеліктерінің бірі - олар табиғат жағдайына қарай бейімделген. Құмды шөлдерде құм қарағаны, теріскен сияқты бұталар да өседі. Бұл бұталар онша биік болмайды және жапырақтары да аз болады. Шөлдерде ағаш тектес өсімдіктерден ақ және қара сексеуіл өседі. Ақ сексеуіл құмды жерде, қара сексеуіл сортаң топырақты жерде өседі. Сазды шөлдер құмды шөлдер сияқты кең тараған. Олар құмды шөлдердің арасында немесе оларға жапсарлас жатады. Ең ірі сазды шөл Үстірт пен Бетпақдалада кездеседі. Үстірттің ойпаң жерлерін тұзды көлдер, сор, сортаң, тақырлар алып жатыр. Ол жерлерде өсімдіктер дүниесі өте кедей болады. Қөбінесе, алабота тұқымдасының аласа бойлы көпжылдық шөптесін өкілдері өседі.Тозаң топырақты, шөл даланың топырақ диаметірі 0,05 - 0,001 мм-ден аспайтын тозаң бөлшектерінен құралған. Мұндай майда тозаңдар бір-бірімен қатты тығыздалып басылып жатады да тозаң аралық қуыстар өте кішкентай болғандықтан су өткізгіштік қасиеті өте нашар болады. Сондықтан жауын, қар-суы, топырақтың терең қабаттарына сіңбейді де мундай топырақтың 1 - 1,5 м ге дейінгі терең жер қабаттары көбінесе құрғақ болады. Топырақтың жоғарғы қабатында жинақталған ылғалдың көбісі жаз айларында, күннің қызуынан тез буланып босқа ысырап болады да, топырақ қабатарында өсімдікке қажетті мөлшерде өсімдік қабылдай алатындай су мөлшері өте азайып су тапшылығына ұшыраған өсімдік әүелі солып, одан әрі бірте-бірте қурай бастайды. Осындай тіршілікке қолайсыз қуаңшылық жағдайларға бейімделген өсімдіктерді ксерофиттер деп атайды. Құмды шөл - даланың айырмашылығы, құм бөлшектері тозаңдармен салыстырғанда анағұрлым ірі болғандықтан (диаметірі 3 - 0,5мм) бір - бірімен нығыздалып орналаспайды, бөлшек аралық қуыстары мол орналасады. Сондықтан жауын - шашынның, еріген қар- сулары суға өте тез сіңеді. Құмда майда тозаң болмағандықтан капилляр жүйесі нашар болады да, сіңген су күн қызған кезде өте баяу жоғарыға көтеріледі. Сондықтан құмға сіңген су босқа ысырап болмайды, жылдан - жылға құм қабаттарында жақсы жиналып сақталады. Демек құм жауын - шашын жинақтаушы болып есептеледі. [4] Құмды жерлерде өсімдік жапырақтары жайқалып өсетіндері, одан ылғалды жақсы көретін өлең шөп, қамыс, бидайық сияқты шөптер, сонымен қатар тал сияқты бұта және ағаш өсетіні де осыған байланысты болады. Құмның өсімдіктерінің өсу жағдайларына қолайсыз жағдайлары да бар: ол құмның қатты жел болған кезде сусып, өсімдік тамырлары ашылып, сабақтарын басып қалады. Осыған байланысты құмда өсетін өсімдіктердің де ерекше қасиеттері бар. Құмды шөл далада өсетін өсімдіктерді псаммофиттер деп атайды. Кең тараған тұқымдастардың өкілдері шөлді аймақтағы жайылымдық жерлерді қамтиды. Шөл өсімдігі - эремофиттің спецификалық эколого-физиологиялық ерекшеліктері туралы айтуға болады. Ол ерекшеліктер әрине ыстық және құрғақ климатқа, қарқынды инсоляцияға, желге, субстрат ерекшеліктеріне байланысты болады.Қиыршықты шөл-дала өсімдік өсуіне ең қолайсыз орта. Оның себебі топырақта қиыршықты тастардың өте көп кездесуінен топырақтың су сиымдылығы өте төмендеп су қоры өте аз жиналады. Сондықтан да қиыршықты шөл-далада өсімдік өте сирек өседі, өссе де аласа болып келеді, жер бауырлап өседі. Қиыршықты шел далада өсетін өсімдіктерді хасенофиттер деп атайды [5].

1 кесте - Шөл аймағында жас және қарқынды дамып келе жатқан тұқымдастар

Тұқымдас

Түрлер саны %

А.В.Прозоровский бойынша %

Е.П.Коровин бойынша %

Алабұталар (Chenopodiaceae)

126

9,5

256

16,0

Астрала р (Asteraceae)

250

14.7

160

12.0

Бұршақта p(Fabaceae)

167

9.8

148

9.0

Крестгүлділер (Cruciferae)

123

7,5

96

6,0

Лалагүлдер(ІЛіасеае)

68

4.0

72

4.5

Қоңырбастар (Poaceae)

-

63

4,0

Қорғасыншөптер (PIumbaginaceae)

12 0.8

Zl 1.7

Шатыршагүлдер (Apiaceae)

76

4,5

46

3,0

Кестеде көрсетілгендей шөл зонасының негізін алабота тұқымдасының өкілдері құрайды. Түрлерінің көптігі жағынан екінші орынды күрделігүлділер тұқымдасының өкілдері алады. Бұлардың ішінде көбірек кездесетіні жусанның түрлері болып табылады. Бұршақ тұқымдастастардан жалаң мия, жоңышқа, түйе жоңышқа кең тараған. Крестгүлділердің өкілдерінің көпшілігін ерте көктемде өсетін эфемерлер құрайды. Қоңырбастар немесе астық тұқымдастардың кейбіреулері көпжылдық болса, кейбіреулері ерте көктемде өсетін эфемерлер. Көпжылдық өкілдеріне еркекшөп, айғыр қияқ,селеу, ажырық, бидайық жатса, эфемерлерге баданалы қоңырбас, мортық, қызылот т.б. жатады. Қорғасын шөп тұқымдасының Гмелин кермегі, каспий кермегі, шалабұталы кермек,шөл кермегі деген төрт түрі ғана кездеседі [6].

Егерде де кейбір тұқымдастардың арақатынасын аймақтар бойынша салыстыратын болсақ, төмендегі айырмашылықтарды байқауға болады.

Далалық, шөлейт және шөл аймақтарда табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану ондағы бағалы шөп түрлерін сақгауға және өнімін көтеріуге нәтижесінде эр гектардан алынатын мал өнімдерін (ет, жүн) екі есеге дейін көтеруге болатыны анықталады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік - шығыс аймақтарында тозып кеткен жайылымдар орнына изень, еркек шөп, тарлау т.б. шөптер сеуіп екпе жайылымдар жасау экономикалық жағынан да және экологиялық жағынан да өте тиімді болатыны көптеген зерттеу жұмыстарында дәлелденеді.[7].

Жалпы, топырақтың бұзылып құмға айналуы бірнеше себептерге байланысты. Бұлар - орманның шектен тыс оталуы, далалық аймақтардағы жердің айдалуы, ауыл шаруашылығының ауыр техникаға көшуі, т.с.с. Дегенмен олқылықтардың орнын толтыруға әбден болады. Топырақтың табиғаттың басқа бөліктерінен ерекше бір ғажайып қасиеті - топырақ бірқатар микроорганизмдердің, көп клеткалы организмдердің қатысуымен өзігінен тазаланып, қалпына келе алады. Тек жер топырағын бүгін ғана пайдаланып, оның берерін сарқып алмай, 91

экологиялық бұзылудан сақтап, келешек ұрпаққа құнарлы күйінде жеткізуге ұмтылсақ болғаны. Қазірігі кезде аймаққа тән топырақ жамылғысының шөлге айналуы мен тозуына септігін тигізуші негізгі табиғат факторлары мыналар: жазық рельефінің басым болуы, климат аридтілігі деңгейінің жоғарылығы, жазға-күзгі қуаңшылық кезеңінің ұзақтығы, желінің қаттылығы және қуаң желдің үнемі қайталанып тұруы, топырақтың карбонаттылығы, құрылымсыздығы және кең тараған шөлейт топырағының шаңды - құмды түйіршікті құрамы. Жүйесіз шаруашылық қолданысы және жайылымдарының тым тапталып кетуі салдарынан тілімденген өсімдік жамылғысы жерге жақын ауа қабатымен топырақтың альбедосы мен температурасын көтерсе, ауа мен топырақ ылғалдылығын кемітеді, желдің жылдамдығын арттырады және топырақтың үгілуіне әкеліп соғады. Міне, осы табиғат факторлары техногендік және жайылымдық зиянды құбылыстарымен қосыла келе топырақ жамылғысының үдей тозу бағытының алғы шарты болды, олардың дендеуі бірде - бір рет адам өміріне қауіпті экологиялық жағдайларды туғызуы мүмкін .[8]. Мұнай өндіруші аудандағы топырақтың антропогендік тозуы мұнай-газ құбырлары мен коммуникациялар бойында, барлау және геофизикалық бұрғылау учаскелерінде кең таралған, ол топырақ жамылғысын техногендік бүлдіруге, скважиналардың апаттық атқылауы және мұнай-газ құбырларының ақаулануы, мұнай кәсіпшіліктерінің қашыртқы суларын және химреагенттерін ағызып жіберуіне байланысты. Экологиялық жағдай кей жерде топырақ радиоактивтік ластануымен күрлделене түседі. Қоршаған ортаға байланысты топырақтың экологиялық ластануы жалпы алғанда жер жүзінің барлық елді - мекендерінің территориясын қамтиды.ал олардың экологиялық мәселелері бірдей. Қазіргі ғылыми-техникалық үндеу заманында адам қоғамының барлық тірлігі саналы қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта аламыз,ол тек өз пайдамыз үшін ғана жасалып жатыр.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қортындылай келе шөл және шөлейт зонсының таралу аймағы, зонаға тән ерекшеліктер қамтылды. Осы зонаға тән топырақ жабындысы туралы толық мәлімет жиналды. Осындай топырақтарда өсетін құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер, тұзды топыраққа төзімді өсімдіктер, құмды шөлге төзімді өсімдіктер топтары жіктеліп, олардың биологиялық ерекшеліктері, өсіп тұрған ортасына сай өзгерістері анықталып жазылды. Шөлді аймақтағы өсімдіктердің ботаникалық құрамы анықталды. Кең тараған тұқымдастардың таралу көрсекіштері пайызбен жазылды. Ксерфиттердің өзін бірнеше топқа бөліп, оларға жататын өсімдіктер көрсетілді. Тұзды шөлге төзімді топ- галофиттер туралы толық мәлімет жиналды. Оларды тұз жинағыш, тұз бөліп шығаратындұз сіңіретін галофит деп жіктеп, әрқайсысының ерекшеліктері жазылды. Галофиттердің анатомиялық, морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктері анықталды. Галофиттердің анатомо - морфологиялық құрылысындағы ксерофиттерден айырмашылықтары көрсетілді. Құмды шөлде өсетін псаммофиттер тобы туралы жазылды. Сусы малы құмды шөлді жерге әсерлеріне байланысты өкілдерінің анатомиялық, морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктері анықталды. Олай болса, тұзды шөлді аймақтарда да кез келген мәдени өсімдіктердің жаңа төзімді сорттарын шығарып, оларды өсіріп, мол өнім жинауға қол жеткізейік.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Атырау энциклопедиясы. Алматы, Атамұра
  2. Шайхмежденова У.Ғ., Утешқалиева А.М. Атырау аймағы флорасы.
  3. Бекмухамедов Э.Л.Дөреханов А. А Кормовые растения Казахстана. Алматы, 2005.
  4. Богданова А.Г.,Григорьева Н.М., Егорова В.Н. Ценопопуляции пустынных растений (развитие и взаимоотношения). M., Наука, 1977.
  5. Быков Б.А. Геоботаника. Алма-ата, 1978.
  6. Быков Б.А. Основные экосистемы пустынь Средней Азии и Казахстана. Алматы,1981.
  7. Горленко М.В. Краткий курс иммунитета растений к инфекционным болезням. М.:Высшаяшкола,1972.
  8. Генкель П.А. Физиология жаро - и засухоустойчивости растений. M.: Наука,1982.
Жыл: 2016
Қала: Атырау
Категория: Экология