Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Батыс қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік-демографиялық және мәдениетке тигізген әсері ( xix f. ii жартысы - xx f. басы)

Аңдатпа

Мақалада Батыс Қазақстан жәрмеңкелерінің сауда тарихы. Аймақта әлеуметтік топтардың құрылуы,олардың өңірдегі мәдениетке тигізген әсері туралы атылады.

XIX ғасырдың 80-90-шы жылдарында аймақтағы сауда-саттық процесінің жетіліп арқылы жәрмеңкелер жүйесінің қалыптасып дамуы, өсімкорлык-сауда капиталынын жаппай тарауына жол ашты. Өсімқорлар капиталы көшпелілердің мал- мүлкін арзан бағамен алып, қайтадан өздеріне өңделген тауар етіп үстеме бағамен сатуға негіз жасады. Сөйтіп, аймақтағы қазақтар арасында өсімқорлық капиталына жол ашылды. Алғашқы жылдары өсімқорлық сауда капиталы өз пайдасын арттыру үшін ауылда әлі бұзыла қоймаған дәстүрлі этникалық қатынастарды кеңінен пайдаланған. Болыстар мен билеушілер халықтан түсетін салық пен түрлі алым- төлемдерді көп жағдайда өсімқордан жоғары пайызбен қарызға алып, қаражат белгіленген кездетөлеп отырды.

Қазақ қоғамының материалдық жағынан қуатты топтары мен жергілікті әкімшілік өкілдері де өсімқорлықты ықыласпен өз пайдасына жарата білді. Қазақ байлары мен саудагерлері орыс және Орта Азия көпестерінен мол қарыз алып, сол ақшалар арқылы ауыл тұрғындары есебінен өсімқорлық қаракеттер жасауға ұмтылды. Аймақ тұрғындарының өсімқорлық әрекеттері әсіресе, өсімқорды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы бабы тұрғылықты халыққа қолданылмайтыны жөніндегі жазылмаған ереже 1883 жылғы 24-ші мамырдағы патша өкімінен кейін күш алды. Сол құжат негізінде Ресей мен Орта Азия көпестері өсімқорлық ұмтылысын шектей келе, бұл саладағы харакетін тұрақты әдетке айналдырып, пайда көздеген бағыттағы шараларын қазақтардың қолымен іске асыруға ұмтылған. Бұл үшін олар бірінші кезекте қазақ байлары мен ру басыларын топтастырды, әсіресе ауыл және болыс старшындарын және басқа ауқаттыларды қатарына тартқан. Өсімқорлықтан сауда капиталының қазақ халқы үшін кейде жан түршігерлік болғаны сондай, борыш үшін халықты мал-мүлкін ғана емес, сонымен бірге, балдарын да тартып алатын болған. Бұл туралы да мәліметтер мұрағат қорларында кездеседі [1, 56 б.]. Көпестер үшін тиімді эквивалентті емес сауда өсімқорлық капиталдың жинақталу негізгі көздерінің бірі болған.

Жәремеңкелік сауда мен сауда-саттық қатынастарының дамып жетілуі каожылык несиенін жана турлеоіне жол ашты. Өлкеде тауар айналымы өскен сайын өсімқорлықпен қатар, XIX ғасырдың аяғында банктер мен басқа да несиелік мекемелерінен алынатын несие түрлері ұлғайып олардың саны 1917 жылға дейін өсіп келген. 1876 жылы Орал қаласында аймақтағы тұңғыш ірі жәрмеңкелер мен өнеркәсіп орындарын қаржыландыратын қалалық мемлекеттік банкінің бөлімшесі ашылған. Банкілерден алғашқы несие алатындар қатарын сауда буржуазиясы мен материалдық қоры мол саудагерлерлер құраған

Өз кезегінде аймақтағы жәрмеңкелердің саны өсіп, жетілуі саудамен айналысатын аонаулы әлеуметтік топты қалыптастырып, оларды жіктеген. Бұл топ XX ғ. ғылыми әдебиетінде сауда буржуазиясы деген атаумен белгілі. Оған Ресей және шетелдермен ұлғая түскен сауда, сондай-ақ ішкі рыноктың өсуі де біршама ықпал еткен. Көпестердің дені де осы елдерден шыққан адамдар болды. Олардың арасынан өлкеде сауда капиталының маңдай алды өкілдері қалыптасқан.

Ipi көпестердің сауда операциялары тек бір ғана қала мен елді мекен деңгейімен шектеліп қоймаған. Алғашқы кезде болашақ көпестер қалалар мен елді мекендерде өз жәрмеңкелерінің алаңдарын айқындап, Ресейдің өнеркәсіп тауарларын бағалы шикізат пен малға айырбастады, ал біраз ауқыт өткен соң олар тауарды аймақтың шалғай жерлеріне үстеме бағамен сатудың тәсілін игерген. Мысалы, көпестер В. және Д. Деевтердің, А. мен Д. Путиловтардың, С. Оглотковтың, Р. Хайруллин, А. Суханбердин, С. Ибатуллиннің сол жылдары Орал, Ырғыз, Темір, Ойыл мен Ақтөбеде және басқа сауда орындарында астық және өнеркәсіп тауарларын сататын 62 дүкені болған [2, 48-61 пп.].

Қазақтардан шыққан кәсіпқой саудагерлердің едәуір тобы базарлардағы, жәрмеңкелердегі, айырбас сарайларындағы сауда келісімдерінде бітістірушілео міндетін атқарған. Олар қазақ және басқа ұлт саудагерлерінің бір-бірінің тілін білмейтіндігін және тауардың бағасынан бейхабар екендігін пайдаланып көлденен пайдаға батқан. Өздерінің делдалдық қызметі үшін көп көлемде үстеме ақы алу мақсатын ұстанған. Өз тауарларын өткізу кезінде сатып алушылардың мұндай делдалдықтан құтылуына мүлдем мүмкіндігі болмаған, өйткені аймақтағы базарлар мен айырбас сарайларында делдалдар барлық бедел мен пайда көзін өз қолында ұстауға әрдайым жұмыстанған. Мысалы, XIX ғасырдың 90-шы жылдарында аймақтағы шағын ғана қалалардың бірі болған Ырғызда - 70, Торғайда - 32, Қостанайда - 37 адам делдалдықпен айналысып, олардың тек қана 58 /42,3 пайызы/ қазақтар болған [3, 108-122 бб.].

Қазақ АКСР-і территориясы бойынша 1926 жылғы санақ кезінде 1923 жылғы бойынша жасалған қалалық қоныс тізімінен 40180 тұрғыны бар 12 қалалық қоныс алынып тасталды. Атап айтсақ, батыс аймақ бойынша Ақтөбе губерниясынан Ақбұлақ, Ырғыз және Ойыл, Орал губерниясынан - Ново-Казанка, Степной және Таловка қалалық қоныстары. Керісінше, 1926 жылы 1923 жылғы тізімде жоқ 15574 тұрғыны бар 6 елді мекен қалалық қоныс ретінде саналды. Олар: Батыс Қазақстан бойынша Ақтөбе губерниясында - Торғай, Орал губерниясында - Доссор және Адай уезінде - Форт-Александровск болды [4, 123-127 бб.].

1926 жылғы санақ қорытындыларын талдамас бұрын, аймақтағы әкімшілік- аймақтық бөлініске тоқталсақ. 1920-1930 жылдары Қазақстан бойынша төрт әкімшілік-аймақтық құрылым енгізілді. Олардың әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары мен ұқсастықтары және атқаратын кезеңдік қызметтері болғаны аталған. Кеңестік өкімет орнағаннан кейін, 1920 жылы 26-шы тамызда алдымен губерниялық бөлініс енгізілді. Губерниялық бөлініс 1928 жылдың 17- ші қаңтарына дейін өмір сүрді [4]. Осы әкімшілік- аймақтық бөлініске сәйкес санақ қарсаңында аймақта Адай уезі, Ақтөбе, Бөкей және Орал губернияларында 12 қалалық қоныс болды. Олар: Ақтөбе, Темір, Ембі (Жем), Торғай, Шалқар, Орал, Калмыков, Орда, Гурьев, Доссор, Жымпиты, Форт-Александровск. 1926 жылы осы қалалық қоныстардың барлығында санақ жүргізіліп, 1914-1918 жылдардағы және 1920-жылдардың бірінші жартысындағы саяси оқиғалардан кейінгі қалалардағы этнодемографиялық өзгерістер анықталды.

Батые аймақтағы қалалар саны республикадағы қалалардың жалпы санының 24 %-ын құрады. Бұл салыстырмалы түрдегі жоғарғы көрсеткіш және батыс аймақтың жоғарғы деңгейдегі қалалардың іріленуінен құрылған өлке екендігін көрсетеді.

Жекелеген қалалар бойынша Ақтөбе губерниясында Ақтөбе қаласының халқы губерниядағы жалпы қала халқының 58,8 пайызын құраған. Халқының көптігі жағынан екінші кезектегі Шалқар қаласы халқының аймақтық халық құрамындағы үлесі - 19,0 пайыз. Губерниядағы қалған қалалар халқының саны жалпы қалалықтардың 22,1 пайызын құраған. Ақтөбе губерниясының қала халқына қатысты мәліметтерден XX ғасырдың басында Орынбор-Ташкент темір жолының құрылысы барысында негізі қаланып, 1925 жылы 6-шы наурызда қалалық қонысқа айналдырылған [5, 20-31 бб.]. Шалқар қаласының халық саны жедел қарқынмен өскені анық байқалады.

Орал губерниясында халқының саны бойынша аймақтағы ең ірі қала Орал қаласы болып онда тұратын халық губерниядағы жалпы қала халқы үлесінің - 60,3 пайызын құраған. Ал, Батыс аймағын мекендеген жалпы қалалықтар саны бойынша Орал қаласы халқының үлесі - 37,2 пайызға жеткен. Губерниядағы халқының санының көптігі жағынан екінші ірі қала - Гурьев қаласы болған. Гурьев қаласы халқының үлесі - 19,9 пайыз. Губерниядағы халықтарының саны бір мыңнан бес мыңға дейін жететін қалған қалалар халқының үлесі - 19,8 пайызды құраған. Аймақтағы мұндай қалалар әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері және комуналды-тұрмыстық қалыптасуы жағынан ауылдық елді мекендерден көп айырмашылықтары болмаған.

Адай уезіндегі жалғыз қалалық қоныс Форт-Александровскінің 1926 жылы қалалық қоныстар тізіміне енгізілгендігін жоғарыда айтқанбыз. Қазір бұл қалалық қоныс Маңғыстау облысына қарасты Форт-Шевченко деп аталады. Жыныстық құрамы жағынан аймақтағы қала халқында әйелдер үлесінің басымдығы байқалған. Олар ерлерге қарағанда 1967 адамға көп немесе жалпы қала халқының 51,0 %-ын құраған. Кестеден көрінетіндей, әйелдер үлесінің басымдығы Орал губерниясындағы қала халқының есебінен орын алған. Мұндағы әйелдер үлесі халықтың 51,9 %-ын құраған. Бұл көрсеткіш ерлер санының азамат соғысы жылдарында азаюымен тікелей байланысты. Ол кезеңдердегі жекелеген қалалар бойынша ерлер мен әйелдердің үлес салмағы пайыздық көрсеткішпен төмендегідей болған: Ақтөбе - 49,4 % және 50,5 %; Темір - 51,6 % және 48,4 %; Ембі (Жем) - 49,3 % және 50,7 %; Торғай - 54,0 % және 46,0 %; Шалқар - 50,5 % және 45,5 %; Орал - 46,9 % және 53,1 %; Калмыков - 45,1 % және 54,9 %; Орда - 52,8 % және 47,2 %; Гурьев - 48,4 % және 51,6 %; Доссор - 52,2 % және 47,8 %; Жымпиты - 51,5 % және 48,5 % және Форт-Александровск - 54,6 % және 45,4 %.

Аймақтағы жәрмеңкелік сауданың етек алу процесі XX ғасырдың басында патшалық Ресей жүргізген демографиялық және ұлт саясатының аясында болып, бірінші дүниежүзілік және азамат соғыстары ұлт аймақтарын үлкен этнодемографиялық өзгерістерге әкелгенін де көреміз. Осындай өзгерістерден Батыс Қазақстан аймағындағы қала халқының ұлттық құрамы да тыс қалмады. Мысалы, 1926 жылғы халық санағы бойынша Батыс Қазақстандағы қала халқының ұлттық құрамын тіркеменің 26-шы кестесінде [205,180-194 бб.] көрсетілген.

Кестеден көріп отырғанымыздай, қала халқындағы негізгі ұлт ол кезеңдерде орыстар болған. Олар 62555 адамды немесе жалпы қала халқының 63,9 %-ын құраған. Орыс ұлтының өкілдері негізінен Орал қаласында шоғырланған. Ондағы орыстар қалалардағы жалпы орыс ұлты өкілдерінің 49,7 %-ын құрады. Орал қаласынан кейін орыс ұлты Ақтөбе (18,0 %) және Гурьев (14,2 %) қалаларында көп шоғырланған. Бұл үш қаладағы орыс ұлтының саны қалалардағы барлық орыстардың 82,0 %-ын құраған. Екінші кезекте қаладағы саны жағынан басым ұлт - қазақтар болды. Олар жалпы қала халқының 15,7 %-ын құрады. Қазақтар, әсіресе, Орда, Гурьев, Доссор, Форт-Александровск және Темір сияқты қалалар мен қала үлгісіндегі елді мекендерде көбірек шоғырланды. Қазірдің өзінде де, бұл жерлерде сол шоғырлану құбылысы сақталып, Атырау және Маңғыстау өңірлері қазақтар басым қоныстанған аймақ ретінде саналып отыр. Ал Орал, Ақтөбе сияқты ірі қалаларда зерттелген мерзім ішінде қазақтар үлесінің аз болуы, патша өкіметінің мұндай қалаларға бұрын тек ғана православиелік элементтерді қоныстандыруға бағытталған саясатына тікелей байланысты болды. Қала халқы құрамындағы саны жағынан басымдылық көрсеткен үшінші ұлт, 10222 адамды немесе жалпы қала халқының 10,4 % - ын құраған татарлар болды. Татарлар Батыс аймағы қалаларына жаппай тараған, әрі жыныстық құрамы жағынан біркелкі дамып отырған бірден-бір болды. Бұл ұлт өкілдері қалаларда негізінен сауда-саттықпен айналысып, сол арқылы өздерінің өмір сүру деңгейлерін жоғары дәреже жеткізген. Қала халқындағы татарлардың жартысы (51,9 %) ол заманда негізінен екі қалада - Ақтөбе және Оралда шоғырланды. Ұлттық құрамда үлес салмағы салыстырмалы түрде жоғары көрінген келесі ұлт - украиндықтар болды. Олар аймақтағы қала халқының 7,1 %- ын құрап, негізінен Ақтөбе қаласында орналасты (74,7 %). Украиндықтардың үлесі Темір қаласы халқының құрамында басым (9,9 %) шықты. Кестеде саны жағынан алтыншы орын иеленген неміс ұлты аталмыш кезеңде аймақтағы қала халқының 0,3 %-ын құрады. Саны жағынан әжептәуір аз немістер негізінен Орал қаласында шоғырланды және олар осы қаладағы халықтың 64,0 пайызын құрады.

Кестеде аймақтағы жәрмеңкелік сауданың дамуы барысын және қалалардың өсуіне (урбанизациялану) байланысты ұлттардың да өсу тенденциясы байқалады. Жалпы алғанда, жоғарыдағы мәліметтер 1926 жылғы халық санағы Батыс Қазақстан аймағындағы қала халқында үш негізгі ұлт - орыс, қазақ және татарлардың саны басым болғанын анық дәлелдейді.

Жоғарыда аталған қала халқындағы негізгі ұлттардың жыныстық құрамы әркелкі еді. Мысалы, қала халқындағы саны жағынан бірінші ұлт - орыстарда ерлерге қарағанда әйелдер саны басым болды. Пайыздық үлес салмағы бойынша олардың ара-салмағы - 46,6 % және 53,4 % болды. Соның ішінде орыс әйелдері үлесінің басымдығы жоғарыда аталған барлық қалалар мен ірі елді мекендерге тән көрініс. Осыны Орал қаласының тұрғындары құрамынан анық байқалады. Орал қаласындағы әйелдер үлесі 54,5 %-ды немесе аймақтың қалаларындағы осы ұлттың әйел өкілдерінің 50,8 %-ын құрады. Орыстарға мұндай жыныстық артықшылықтардың тән болуы бұл ұлттың барлық саяси науқандарда алдыңғы қатарда жүруінде еді.

Екінші орын алған ұлт - қазақтарда керісінше ерлер үлесі басым боп шығып, ол жалпы қалалықтардың 57,5 %-ын құрады. Қазақтарда да ерлер санының басымдығы сол кездегі аймақтың барлық қалаларында байқалды. Жекелеген қалалар бойынша ерлердің айқын басымдығы Ақтөбе, Орал, Орда және Гурьев қалалары тұрғындарының құрамынан көрінді. Қазақтардың жыныстық құрамындағы әйелдерден гөрі ерлер саны басым болуы ерлердің қала өміріндегі кәсібі қызметі тікелей қатысты еді.

Қала халқы құрамындағы саны жағынан үшінші ұлт - татарларда әйелдер үлесі басым болды (52,1 %) және бұл үлес қалалардың басым көпшілігінде байқалды. Дегенмен, жоғарыда атап өткеніміздей бұл ұлтқа жыныстық құрамы жағынан біркелкі даму тән. Көпшілікті құраған келесі ұлт - украиндықтарда ерлер үлесі басым болғанымен (50,5 % - 49,5 %), бұл басымдылық басқа ұлттардағы ерлер санымен салыстырғанда аса салмақты болмаған. Бұл ұлт та жыныстық құрамы жағынан қалалар жағдайында біркелкі дамыды [6,178-179 бб.].

Жәрмеңкелер аймақ тұрғындары өнерінің орталығына айналып олардың мәдениетінің толысыуына мұрындық болған. Тек ғана Қазақстанның батыс бөлегінде - Кіші жүзде - Ішкі Бөкей Ордасындағы (Жәңгір хан жәрмеңкесі) былай қойғанда, Оралда, Гурьевте, Ырғыз (Жармола), Темір (Қарақамыс), Көкжар (Ойыл) Ақтөбе жәрмеңкелері пайда болды. Бұл жәрмеңкелер Қазақстандағы ірі сауда орындары ғана емес қазақ өнерінің дамуьна өзіндік үлес қосқан өнер ордалары да болды.

Жәрмеңкелер сол тұста өмір сүрген ақын, жыраулардың шығармашылығының дамуьша үлкен эсер етті, сонымен бірге қарапайым халықтың рухани сұранысын өтеуде де ерекше орын алды. Жәрмеңкелерді өз шығармашылығының өзегіне айналдыра білген ақын кердері Әбубәкір. Ол Орынбор, Троицкі қалаларында мектеп, медреселерде оқып, Тұзтөбе, Орал, Ақтөбе, Орск (Жаманқала), Орынбор маңындағы елді мекендерде бала оқытады, біраз уақыт ел әкімдерінің қасында жүріп, тілмаш-хатшы қызметтер атқарады. Сол жылдары Кердері Әбубәкір Орынбор, Орск (Жаманқала), Орал, Актөбе, Темір (Қарақамыс), Көкжар (Ойыл) жәрмеңкелеріндегі бай саудагерлермен танысып, жәрмеңкелердің халық аңсап күткен қонағы болып танылған.

Сонымен, XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың басындағы елдің әкономикасында өзіндік терең із қалдырған жәрмеңкелік сауданың бүгінгі өмір үшін үлкен сабақтары бар екендігіне, оның тарихи заңдылық арқылы дәуірден дәуірге жалғаса түсуіне, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінің тәжірибелерін зерттеу, еліміздің өткенін біліп - үйренудің, мемлекетіміз бен еліміз және болашақ үшін зор маңызы бола беретініне кәміл сенеміз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Всесоюзная перепись населения 1926, VIII т. Казахская АССР. Киргизская АССР. Народность, родной язык, возраст, грамотность.- M., 1928.
  2. Ордабаева Л. Қазақстандағы жәрмеңкелік сауда тарихынан (1840-1914 жж.)
  3. Кердері Ә. «Қазағым». Алматы, 1993.
  4. Кенжалиев И., Дәрібаев X. Қос ішек. Алматы, 1990.
  5. Сборник статистических данных о движении населения, скота и уражаев по KCCP с 1880-1922 гг. Оренбург, 1922.
  6. Сдыков М.Н. История населения Западного Казахстана. Алматы, 2004.- 406 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.