Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тіліндегі диалектизмдерді зерттеу мeн зерделеудің маңызы туралы

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстанның түрлі аймақтарындағы жергілікті тіл ерекшеліктері, яғни диалектілердің зерттеу мен зерттелуінің қазақ тіліндегі зерттелуінің маңызы туралы айтылады.

КІРІСПЕ

Халық тілінен, түрлі көркем шығармалар тілінен сан-салалы сөз орамдарын, диалектілік сөздерді яғни жергілікті тіл ерекшеліктерін жинап, бір ізге түсірудің маңызы зор. Аймақтық тіліміздегі диалектілік тілдік ерекшеліктер ол халық тілінің байлығы, оның бөлінбес бір қазыналы тілдік тарихи-мәдени мұрасы болып табылады. Осы диалектілік ерекшелікердің тілдегі қызметі мен оның тілдік табиғатын жете түсіну, оны жан-жақты зерттеу бүгінгі ұлттық тіліміздің дамып, жетілген тұсында жан-жақты толық қарастыру тілде өзекті болып табылады. Тілдегі жергілікті тіл ерекшеліктерін барынша жиып-теріп, зерттеу оларды тұлғалық және мағыналық жағынан саралап, лингвистикалық тұрғыда тілдік табиғатын, ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерделеп, сараптап, лексика-семантикалық, тақырыптық, мағыналық т.б. түрлі жақтарынан жіктеп, қарастыру бұл уақыт талабы.

Ақын-жазушылар тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу арқылы сол аймаққа тән тек тілдің өткенін, түп тамырын ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетінің тереңін, тіл тұңғиығын, халықтың жергілікті тілдік табиғатының, сөз байлығының, сөз құнарының тереңін білуге болады. Диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер жергілікті халық өмірінің тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен таным, көзқарастарына тікелей байланысты. Олар арқылы халық тілінің мол тілдік мұралары қалыптасып, дамып, қажетінше жалпыхалықтық тілдің мол тілдік қорына эсер етіп, оларды байытып отырады. Тілімізде айшықты көрініс тауып, жергілікті жерге қатысты халықтың бүткіл рухани-мәдени өмірінен, өмір сүру салты мен әдет- ғұрпынан, тұрмыс-тіршілігінен т.б. мол нақты мәліметтер беретін диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер материалдар, бірліктер арқылы көрініс табады. Қазақ тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктері яғни диалектілерді зерттеу мен зерделеудің маңызы зор. Себебі ол біздің тіліміздің тарихы, тілдік байлығымыз, тіліміздің бір бөлшегі болып табылады.

Қазақ тілінің аймақтық, жергілікті тіліндегі көптеген сөздерді танып-білуде, оларды өз кәдемізге жаратуда, халқымыздың төл тіл байлығын байытуда тіл білімінің сүбелі бір саласы - диалектология ғылымының алатын орны ерекше деп айтуға болады. Әдеби асыл да, құнарлы көркем тілімізді байытып, қорландыруда тіліміздегі жергілікті тіл ерекшеліктері болып табылатын диалектизмдер бар. Қандай да тілдің болмасын өзінің жергілікті тіл ерекшеліктерінен бастап, тілдің ең жетілген, сұрыпталған жоғарғы түрі жалпыхалықтық әдеби тілге дейін дамып, нормаланып, қалыптасып отырады. Тілдегі көптеген жергілікті тіл ерекшеліктері, сан түрлі сөздері арқылы сол халықтың яғни ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін, болмысын, танымын, тарихын жалпы бәрін-бірін көруге болады. Қазақ тіліндегі жергілікті диалектілерді барынша зерттеп, зерделеудің қазіргі қазақ тіл білімі үшін үлкен мән-маңызы зор. Себебі тіл халық тарихы, мұрасы, оның өткені мен бүгіні, тіл біздің рухани мол құндылықтарымыздың басты белгісі болып табылады. Тіл халықтың айнасы десе де болады...

НЕПЗП БӨЛІМ

Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді зерттеу, экспедициялардың ұйымдастырылуы XX ғасырдың 30-жылдары ғана қолға алынғанмен, қазақ тілінде жергілікті ерекшеліктердің кездесетіндігі туралы одан әлдеқайда бұрын айтылған. Миссионерлік пиғылмен болса да, қазақ тілінің орыс жұртшылығына таныстырыла бастауы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталатыны белгілі. Сол кездердегі еңбектерден-ақ қазақ тілінде жергілікті ерекшеліктер бар деген тұжырымды анық байқауға болады. Мысалы, түрколог ғалым, Н.Ильминский «Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбегінде «...для человека, живущего в Оренбурге, вовсе невозможно познакомиться с киргизским наречием по книгам... Изучение его можно только среди киргизов», - деп жазады [1].

Мұндай пікір түрколог ғалым, П.М.Мелиоранский еңбектерінде де кездеседі. Зерттеуші былай деп жазады: «Оренбургская губерния представляет из себя весьма интересное поле наблюдения для тюрколога, так как в ее смешанном татарско- башкирско-киргизском населении можно знакомиться не только с этими тремя наречиями, но местами и с различными переходными говорами. Язык киргизов Оренбургской губернии несколько иной, чем язык их сородичей в степях Западной Сибири» [2].

Ендеше қазақ тілінде жергілікті тіл ерекшеліктері кездесетіні туралы пікірдің тарихы өте ертеден басталатынын көреміз. Халықтың ауызекі тіліндегі өзгешеліктер туралы XX ғасырдың басында да жан-жақты сөз болған.

Жалпы алғанда, XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының ағартушылық саласында тынбай ізденіп, ғылымның қай саласында болмасын, батыл қадамдар жасағаны тарихтан белгілі. Алайда жазудың түрлілігіне, материалдың тапшылығына байланысты ол кезең әлі толық зерттеу нысанына айнала алмай келеді. XX ғасырдың басындағы қазақ тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктері туралы пікірлерге мүмкіндігінше шолу жасалып, мәлімет, деректер негізделе отырып бұл кезеңде бірқатар батыл тұжырымдар айтылғанына көз жеткізуге болады. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері туралы пікір Қошке Кемеңгерұлының «Қазақша-орысша тілмаш туралы түсініс», Ж.Аймауытовтың «Тіл туралы», «Әдебиет тілі мен емле» т.с.с. мақалаларда сөз болады. Аталған мақаласында Қошке Кемеңгерұлы «Қазақша-орысша тілмашта» бірқатар, көптеген түсініксіз сөздердің кездесетінін, себебі сөздік құрастырушылардың көпшілігі Ақмоладан болғандықган, сөздікте бірқатар Ақмоланың жергілікті сөздері кіріп кеткенін ескертеді [3].

Ғалымның осы сөздерінен-ақ қазақ тілінде жергілікті тіл ерекшеліктері кездесетінін мақұлдағанын байқауға болады.

Бұл орайда, әсіресе Жүсіпбек Аймауытұлының мақалаларына назар аударарлық. «Тіл туралы» деген мақаласында: «Қазақтың әр елінде, әр гүбірнесінде өздері ғана қолданатын, өзге елдер білмейтін тілдер бар. Мұны ғылым тілінде жергілікті тіл(провинциализм) деп атайды» [4].

Жүсіпбек Аймауытұлы қазақ тілінде жергілікті тіл ерекшеліктері яғни диалектизмдер бар екенін, оның қандай сипатта екенін айтып қана қоймай, сонымен қатар оның әдеби тілге (өз сөзімен айтқанда, «әдебиет тілі») қатысын, пайдасы мен залалын ашып көрсетеді. Атап айтқанда, жергілікті сөздердің әдеби тілге кері әсерін, біріншіден, бір ойды, бір нәрсені әр түрлі етіп айту көпшілікке түсініксіз болатынын, екіншіден, сөздің тұрақсыз, құбылмалы болуы сауаттандыру, хат таныту ісінде бірқатар кедергі болатынын айтады.

Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби тілге: «Ол тіл қара халықтың сөйлеп жүрген тілінен өзгеше, ойдан шығарылған, көктен түскен тіл емес, сол қара халықтың сөйлеп жүрген тіліндегі ең қолайлысы, қонымдысы, таңдамасы, пернелісі болуы керек», - деп анықтама бере келіп, жергілікті сөздерді әдеби тілге қатысына қарай: 1) пайдалы сөздер, 2) зиянды сөздер, 3) даулы сөздер деп бөліп, жіктейді. Даулы сөздердің қатарына ғалым көрім, оспадар сияқты сөздерді келтіре отырып, оны бір жақта жағымды, екінші бір жақта яғни аймақта жағымсыз мәнде қолданылатындығын айтып, ондай сөздерді түрік, парсы, араб тілдерінің мамандары зерттеп, түбірін, әуелде қай мәнде қолданылатындығын анықтау керектігін айтады. Әдеби тілге зиянды сөздер ретінде Ж.Аймауытұлы /геу/л-көңіл, /7мха//-піскен, буоатана-бұралқы, sapap-залал-зиян, күнімейін-кун\ бойы-күн ұзын-күн ұзаққа-күн ұзайын, абьдауо-әбійір-абырой т.с.с. лексикалық, фонетикалық вариант сөздерді жатқызып, бір сөздің осылайша әр түрлі болып жазылуына тілімізге келер пайда жоқ екенін айта келіп, оның ішінен біріншіден, әуелгі шыққан түбіріне жақынын, екіншіден, көбірек айтылатынын, үшіншіден, тіл заңына сәйкес өзгерген түрін, төртіншіден, жазуға жеңілін таңдап алу қажеттігін айтады. Ал әдеби тілдің өркендеуіне, баюына жәрдем ететін пайдалы сөздер ретінде ғалым басқыш - баспалдақ - тепкішек, тағдыр - пешене, кереге - дуал - қабырға, шалбар - сым, сыпайы - сыпа - кірпияз т.с.с. сөздерді атайды. Бұл сөздер өзара мәндес, синонимдес болғанмен, әрқайсысы әр түрлі түбірден шыққанын айта келіп, оларды да қалай болса солай қолданбай, сұрыптап қолдану қажеттігін айтады.

Жүсіпбек Аймауытұлы қазақ тілінде бұрыннан бар сөздің орнына басқа тілден енген сөзді алуға болмайтынын, ол тілімізді байытпайтынын, керісінше, шұбарландыратынын, аздыратынын айтады.

Жалпы тіліміздегі диалектілер мен говорлар диалектология мәселелерін қарастырып, шешу үшін ғана зерттелмейді. Жергілікті тіл ерекшеліктерін, диалектілерді, ондағы тіл ерекшеліктерін танып білудің тілдің өткенін, тарихын зерттеуде, ұлт тілінің сөз байлығын меңгеруде оның теориялық та, тәжірибелік те мән-маңызы зор.

Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасу процесін, әдеби тілдің даму заңдылықтарын жете толық түсіну үшін, қазіргі тілдегі жеке категориялардың тарихын зерттеу қажет. Ал бұған керекті тілдік материал-дар бұрынғы заманнан қалған тарихи жазба ескерткіштерде, көне нұсқаларда, туыстас түркі тілдерінде және осы күнгі халық тілінің өзінде, оның жергілікті диалектілері мен говорларында жатыр. Жалпы қазақ тілінің, ондағы диалектілер мен говорлардың даму жолы біркелкі емес. Осыған байланысты халық тілінің жергілікті ерекшеліктерінде қазіргі кезде әдеби тілде жоқ, әлдеқашан жойылып кеткен көне тілдік белгілер сақталып қалған. Олардан қазақ тіліндегі көптеген тілдік категориялардың тарихына, өткеніне қатысты материалдар табуға болады. Осы жерде бір ескерер жай, осылардың дені түркі тілдерінің көне ескерткіштері мен нұсқаларындағы тіл құбылыстарымен үндесіп келеді. Бұлар тіл тарихына тікелей қатысты десек те болады, мұның өзі тілдің өткен тарихын, оның тарихи фонетикасын, грамматикасын және лексикологиясын жасау жұмысын едәуір жеңілдетеді.

Мысалы, кей еңбектерде дыбысы, қазақ тіліндегі в, ф, ц, щ дыбыстары сияқты, орыс тілінің әсерінен пайда болған деп айтылады. Қазіргі әдеби тіліміздің нормасы жағынан осылай болғанмен, қазақ тілінің жалпы дыбыс жүйесі даму жағынан көз жіберсек, ч дыбысы түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде бұрыннан бар. Тарихи жазба нұсқаларға қарағанда оның көне түркі тілдерінде кең тарағаны көрінеді. V-VIII ғасырларда орхон-енисей жазуларында - чур (титул - оғлан чур), чаб (даңқ), чығай (кедей), көңлунчә (көңілінше), XI ғасырдағы М.Қашғаридің белгілі Түркі тілдерінің сөздігінде чадан (шаян), чечек (шешек), черіг (шерік), куч (күш) т.б. сөздерді кездестіруге болады. Ч дыбысы қазіргі көптеген түркі тілдерінде де (қырғыз, түрікмен, өзбек, ұйғыр, азербайжан т.б.) жиі қолданылады. Ал қазақ тілінде бұл дыбыс Маңғыстау түбегінде және оңтүстік-шығыс аудандардағы жергілікті халық тілінде кездеседі. Көбіне сөздің басында, кейде ортасында мұрын жолды сонор дыбыстардан соң қолданылып, әдеби тілдегі ш дыбысы орнына қолданылып айтылады: чикі, чана, чығу, чыдау, енчі, қамчы, сонча, келгенче т.б. Әрине, қазіргі түркі тілдерінде, сол сияқты қазақ тілінің жергілікті говорларында бұл дыбыстың қолдану, айтылу дәрежесі бірдей емес [5, 6].

Сөйтіп, ч қазіргі әдеби тіліміздегі ш дыбысымен қатар жарыса қолданылып, көне түркі заманынан келе жатқан дыбыс екенін көруге болады.

Тілдегі диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктерді зерделеп, зерттеу арқылы қазақ тілінің басқа түркі тілдерімен туыстығын, жақындығын көрсететін нақты деректердің көлемі кеңейеді. Оған тағы да мынадай мысалдарды келтіруге болады: Кей батыс говорларында кездесетін алажақ (алашақ, алатын), бережақ (берешек, беретін) формалары немесе әдеби тілде т айтылатын жерде д айтылуы (то\\\з-деңіз, т\зе.-дізе, тьрт-дөрт т.б), г айтылатын жерде к айтылуы (үзеңгі-/?е///г4 үгіт-уяут-, жауынгер-жзуь//ул'ед> т.б.) - қазақ тілінде сақталып қалған оғуз тілдерінің (қазіргі түрікмен, азербайжан т.б. тілдердің) негізгі белгілері болып табылады. Ал бұл тілдік формалардың тарихы көне VII-VIII ғасырларда жатыр. Бұл айтылған мысалдар қазіргі тілдегі диалектілік аз сақталған қазақ тілі сияқты тіл үшін оның өткен тарихын зерттеуде бірден-бір нақты тілдік материалдар болып табылады. Бұдан да басқа мұндай тілдік категорияларды, мысалдарды тілден молынан кездестіруге болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Тіліміздегі диалектілерді, жергілікті ерекшеліктерді, зерттеп, толықтай қарастыру қазақ тілі үшін аса маңызды, олар қазақ тілі сөздіктерін, оның диалектологиялық картасын, атласын жасауға, халық тілінің байлығын жинап, тілімізді байытуға үлкен эсер етеді. Халық тілінің жергілікті тілдік ерекшеліктерін түбегейлі, молынан жиыстырып, зерттеп, зерделеу аса қажет екені айтпаса да түсінікті. Себебі ол біздің мол рухани мұрамыз, бай тілдік қазынамыз болып табылады. Қазақ тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерін яғни диалектизмдерді зерттеп, қарастыру бұл біздің тіліміз үшін аса қажет [7].(әдебиеттің беті көрсетілмеген) Себебі қазіргі қазақ тілін халық тілімен, тіл тарихымен, тілдің өткені мен бүгінгісін байланыстырмайынша тіл табиғаты мен оның ерекшелігін, зерттелуін толық ашу мүмкін емес. Бұл шағын мақаламызда қазақ диалектологиясының зерттелуін, ондағы пікірлерді, зерттеулерді толық қамтуды мақсат етпедім. Аз да болса қазақ диалектологиясының зерттелуінен тың тілдік деректер келтіріп, топшылаулар жасап, көне тілдік деректерден мысалдар арқылы мақаламыздың негізгі тақырыбын ашуды көздедік. Негізгі мақсатымыз - қазақ диалектологиясының бастау көзінде тұрған зерттеуші-лердің пікірін, ондағы әлі де ескеруге тұрарлық тұстардың көп екендігіне назар аудару. Диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер бұл жергілікті халықтың жергілікті тіл ерекшелігіндегі сан алуан сөздері, сөз тіркестері болып табылады ол өз халқымыздың төл тіл байлығы, ұрпаққа қалдырар бай тілдік мұрамыз. Диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер жергілікті халық өмірінің тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен таным, көзқарастарына тікелей қатысты, байланысты болады. Диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер арқылы халық яғни ұлт тілінің сол аймаққа тән мол тілдік бірліктері, тілдік мұралары қалыптасып, дамып, қажетінше жалпыхалықтық тілдің мол тілдік қорына эсер етіп, оларды өзінше байытып, толықтырып отырады. Диалектизмдердің ішінде өзіндік мағыналық түрлері де атап айтқанда, диалектілік тұрақты сөз тіркестері, идиомалар, диалектизмдер сияқты түрлері де болады. Тілімізде әдеби тілден бөлек, жергілікті тіл ерекшеліктеріне қатысты көкейге қонымды, көркем орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері де халық тілінде көп-ақ. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді, тіркестерді халық өз ішінде, өз жергілікті жерінде орынды пайдаланады. Халық тілінен түрлі көркем шығармалар тілінен сол сан-салалы сөз орамдарын, жергілікті тіл ерекшеліктерін жинап, бір ізге түсірудің маңызы зор болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ильминский Н. Материалы к изучению киргизско наречия. Казан, 1861. 5 с.
  2. Мелиоранский П.М. Записки Восточного отделения императорского русского археологического общества, Т.11. Спб, 1899. 361-с.
  3. Кемеңгерұлы Қ. «Қазақша-орысша тілмаш туралы түсініс» // Еңбекші қазақ, 1926.
  4. Аймауытұлы Ж. Тіл туралы // Еңбекші қазақ, 1926 ж., 9-наурыз.
  5. Омарбеков С. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы, 1965.( 35-46 бб.)
  6. Аймауытұлы Ж. Әдебиет тілі мен емле // Еңбекші қазақ, 1926,12 мамыр.
  7. Мұхамбетов Ж. Қазақ диалектологиясы. (Оқу құралы). Алматы. ҚазҰУ: Қазақ университет! баспасы. 2008.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.