Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Батыс қазақстан өңіріндегі «қырымның қырық батыры» жырын жырлаған жыршылар

Аңдатпа

Мақалада Батыс Қазақстан өлкесіндегі «Қырымның қырық батыры» жырының жырлану сипаты баяндалады. Сонымен бірге жырды дамыта жырлап кейінге жеткізген жыршылардың әдеби мұрасына қарастырылады.

КІРІСПЕ

Біздің, рухани асыл қазынамыз «Қырымның қырық батыры» жырларында XIV- XVIII ғасыр оқиғалары елес береді. Кейде одан бұрынғы дәуірлерде өмір сурген батырлар да аталады. Бұған қарағанда, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Н.Сауранбаевтың «Қырық батыр» жырларын қазақтың халық болып қалыптасуы дәуірімен байланысгы» [2, 20] деп қарауында үлкен мән бар деп есептейміз. Әдебиет зерттеушісі Ә.Қоңыратбаев: «XVIII ғасырда жоңғар соғысы басталғанда қазақ жыраулары бұрын-соңғы оқиғаларды жалғап, ескі сюжеттерді жаңаша жырлай бастады. Эрине, «Қырық батыры» құрамындағы жырлар әр дәуірде туған. Ел, халық тағдырын сынаған елеулі оқиғалар кезінде жыраулар сол жырларды қайта жаңғыртып, өткен дәуір батырларын өнеге ретінде жырлаған» [2, 20] деп білдірген пікірінде аталмыш жырды ел басына күн туған заманда халықтың рухын көтеру мақсатында патриоттық сипатта жырланғанын да байқаймыз.

НЕПЗП БӨЛІМ

Жалпы, «Қырымның қырық батыры» жырларында ноғай, қазақ батырларының қалмақ, қызылбас, ындыс-қалмақтар басқыншылығынан елін, жерін қорғауы, өз елдерінің тәуелсіздігі үшін жанқиярлық ерлік күрестері суреттеледі. Бұл жырлардың қалыптасуына XVI-XVIII ғасырлардағы жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқының ерлік күресі ерекше эсер еткендігі айқын аңғарамыз, Демек, «Қырық батыр» жырларының туу, қалыптасуы процесі көп ғасырға созылған. Әр дәуір оқиғасы әсерімен дамыта, жаңғырта жырлау дәстүрі ғасырдан ғасырға ұласқан, бұл дәстүрлер әр дәуірде де айтулы жырау, жыршылар туғызып отырған. Сол жыраулардың кейінге жеткен жыршарының бірі - Мұрын Сеңгірбекұлы.

Негізгі «Қырымның қырық батыр» жырларындағы басты ұстанымы, бұл халықтың әлеуметтік - тарихи жағдайлары, ондағы батырлар, әйелдер бейнесі, хандар мен билердің образ, жау кескіні тұлпарлар мен географиялық орта суреттері, әдет-ғұрыпқа қатысы жол-жора, салт-сипаттар, жан-дүние сезімдерін суреттеу, өзге туыстас халықтардың батырлық жырларымен арақатынасы, ықпал-әсерлері басты сарында жырланатыны аян. Бул орайда Мұрын жыршы жырлау дәстүрінде шеберлік қырын ғана көрсетіп қоймай, жоғарыдағы өнегелі істерді де басты назарда ұстады.

Ерлік, елдікті жырлау халық арманын көксеген айтулы ақын-жыраулардың азаматтық, кісілік міндеті саналады. Халқының қамын ойлап, ақыл таразысына салып, алдағыны болжап, көпті көрген көне абыз күңіренеді. Ел басына күн туганда садағы мен қобызын ерінің басына яки қарына іліп, отты сөзі мен өткір қаруын бірдей жұмсап, жырау қол бастайды, хан мен уәзірдің бет ажарына қарамай, өз шешімін кесіп айтады, аталы сөзге жұрты ұйып, ақыл-кеңес алады. Жырау мен ақын елдік пен ерлікке үндер, елдің еңсесін көтерер жырлар толғайды. Бұл орайда Еділ, Жайық бойы, Каспий жағалауы, Сыр өңірі, Үстірт үстінде болған көне тайпалардың тоғысулары, монғолдар мен қалмақтарға қарсы күрес, Алтын Орданың ыдырауы, Ақтабан-шұбырынды оқиғасы, Исатай-Махамбет, Сырым, Ерназар, Бекет, Иса-Досан бұрқаныстары - елден елге, атадан балаға ұласып, аңызға айналып, Атырау елдеріне кеңтараған оқиғалар еді [2, 8].

Батыс өңірі ғана емес, қазақтың эпикалық дәстүрінде өзіндік орны бар Мұрын жырау Маңғыстау түбегінің Бозашы аймағында дүниеге келген, батыс өлкедегі жайлаған адай еліндегі, көрші қоныс тепкен түрікпен Қарақоспақ елдерінде аты шығып, даңқы жайылған ақындардан, жыраулардан, жыршылардан көп тағылым алған. Әсіресе, Нұрым жыраудан «Қырымның қырық батырын» үйреніп, ел арасына кең таратқан. Мұрын жыршы ғана емес, өз жанынан тың тақырыпта өлең шығарып айтатын суырып салма ақын. Оның үлкен қасиеті - желілі жырларды ұзақ уақыт бойы талмай айтқан және уақиғаны шашыратпай, мазмұнын жинақылап, жүйелі, логикалық тұрғыдан бұзбай шебер орындаған. «Мұрынның жыршылығы мен жыраулығы қатар келісімін тапқан, өнердің бір-біріне ұқсас екі басын тең ұстайтын телегей адам еді» - деп жазды ол туралы Қ.Сыдиықов [3, 9].

Мұрын жырау заманы жыраулық, ақындық, күйшілік, жыршылық, дастаншылдық дәстүрлер, әдеби орта, көркемдік-фольклорлық үрдістер кемелденіп, толысқан ғажайып шақ еді. Маңғыстау өңірінде, Атырау аймағында Каспий жағалауы елдерінде Абыл, Үкі, Марабай, Қуан, Шынияз, Сүгір, Есенбақ, Қайырлы, Қубала, Нұрым, Қалнияз, Ақтан, Бала Ораз, Сабыр жырау, Ізімшайыр, Жібек қыз, Жиембет жырау, Ығылман, Қашқынбай тәрізді жезтаңдай ақын-жыраулардың, мәселен, Мәтжан, Сейіт билердің дуадай, дұғадай лебіздері, Ecip, Құлшар, Арал күйлері, бауырлас қарақалпақ елінің Қарыз (Қораз) сияқты дүлдүл жыраулардың игі-шарапаты Мұрын жырауды өнер, ой-парасат биігіне самғатты. Бұл орайда, Мұрын жыраудың аузынан 40 000 жолдан астамын хатқа түсірген М.Хакімжанованың «Мұрын жырау туралы есімде қалғандардан қосымша» деген бағалы естелігінде мәдени-тарихи деректер келтірілген. Атап айтқанда, жыршы Нұрым жыраудан тоғыз батырдың жырын не бәрі алты айдың ішінде үйренген. Ұстазы қалайша орындағанын, үнінің келісімін, сөз саптау мәнерін жыр толғаудағы екпін қарқынын қатаң сүзгіден өткізген. Сонан соң Қашаған ақынның мектебінен бес жыл бойы дәріс алған тәжірибе-тәлімін болмысына дарытқан, сыр, жыр, тіл, рух байлығын десте- дестесімен көкірегіне қондырған, жүрегіне ұялатқан. Оза шапқан Қашаған, Мұрат ақындардан жиырма сегіз жырды жаттап, тереңнен толғап, мақал-сарындарын құлпырта жеткізіп, сөзді меруерттей тізіп, айқын, тамылжыта айтуға жеткілікті дағдыланған. Қашаған Мұрынға: «Домбыраның үнін өз даусыңмен жетектеп отырсаң, сонда ғана тыңдаушың сүйсініп, құмартып, ұйып тыңдайды» деп, ғибратты кеңес айтады.

Мұрат ақынның өнегесі де өзгеше болды. Ол кісі әрі етікші, әрі орақшы болған. Ic істеп отырғанда белорақпен шөп шапқанда жырдың шығу тарихын түсінікті етіп баяндайды да, өзі толғап, соңынан ілестіріп отырады екен. «Қырық батыр» цикліндегі және жеке батырлар жырының бірегейіне тоқталатын болсақ, Қашаған, Мұрат, Мұрын сияқты көрнекті ақын, жыраулардың қай-қайсы да Нұрым Шыршығұлұлының өнегесінен үлгі алған.

Шамырқанса - көңіл көгі нажағайдай шатырлап, тебіренсе - телегей теңіздің бұрқап, ақ жаңбырдай ақтарылған, «Атыраудың ақиығы» атанған ақын, жыраулардың бірі - Нұрым ақын Қазақстанның батыс аймағындағы батырлар жырын дамыта толғаған дәстүрлі әдеби ортаның ірі өкілі.

Нұрым Шыршығұлұлы - «Ақтабан шұбырынды жылдары қазақтардың Еділ мен Жайыққа дейін барғаны аян. XVIII ғасырдың екінші жартысында қоныс тарымшылығы мен хан тәртібіне төзе алмаған Кіші жүз руларының бірсыпырасы Сыр бойына, Каспий теңізінің шығыс жағалауларына қоныс аудара бастайды. Каспий шығысына - Маңғыстауға өткендердің көбі Кіші жүздің Адай рулары еді. Әйтсе де, Адай руларының біраз бөлімі Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Жайық өзендерінің бойын және Тайсойған құмын мекендеп қалады. Кейінірек Жайық пен Еділ арасына өтеді. Нұрым жырау 1831 жылы Тайсойған жерінде дүниеге келіп, 1908 жылы дүние салған. Тайсойған құмын жайлаған Адайдың Жаманадай, оның Мырза деген руынан шыққан.

Нұрым ақын елді ойран етіп жау шапқан алмағайып, аласапыран кезді сураттегенде өз мекенінен ажырап бара жатқан адамдай бағзы бейбіт кезді сағына, тебірене, әрі қапалы көңілмен ашына жырлаған. XIX ғасырдың бас кезінде Хиуа хандығы Маңғыстау қазақтарына ерекше озбырлық көрсеткені тарихтан белгілі. Сан рет қырғын соғыстар болды. Бұл оқиғалар халық әдебиетіне өз сәулесін түсірмей кеткен жоқ. Нұрым ақын осы оқиғаларды суреттей келе, «Тоғыз ауыл», «Балуанияз», Қожа Ғафурұлының «Шапқын», Қалнияздың «Ер Қармыс», Ақтанның «Қармыс, Төлеп» деген секілді ерлік дастандарын жырлады.

Қазақ әдебиеті тарихында өмір туралы толғанбаған ақын кемде-кем. Солардың бірі мен бірегейі Қашаған Күржіманұлы. Қашаған ақын өлеңдерінің басты тақырыптың бірі - бұқара өкілдерінің адамгершілігін жырлау.

Қашаған шығармаларын өмір бойына жырлап өткен үздік жыршы Шадман Үсембаев - Қашағанның немере інісі. Туып өскен жері Маңғыстау түбегі. Шадман інісі, Қашағанның жырларының көбін жатқа білген. Олардың біразын хатқа түсіртіп, Академия қорына табыс еткен. Қашаған мұрасының кейінге жеткені отызға тарта өлең, бес айтыс, үш жыр-дастан.

Ақын шығармаларында халықтың келешегіне сеніп, басынан өткен сан түрлі тарихи кезеңді жырлап, елдік пе ерлікті жыр етті. Сол себептен, Қашаған жөнінде Ілияс Жансүгіров: «Қашаған - жүйрік жырау, елдің тілі» - деп ерекше бағалаған.

Қазақ халқының суырып салма ақыны, төкпе жырау атанған Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданында, Қарабау деген жерде дүниеге келген.

Мұрат жыршының толғауларында - өткен тарихымызды терең бейнелеулерінде халықтың ауыр тұрмысы, өзге жұрттан келген зардап, елдің зары естілді. Мұрат халық жырларын. Әсіресе, «Қырымның қырық батырын» елге таратушы болған. Сондай шәкірттенінің бірі Мұрын жырау еді. Демек, Мұраттың ұстаздық мектебі де болған. «Мұрын жырауға, - деп жазады өз зерттеуінде Бауыржан Омарұлы, - Мұрат он төрт батырдың жырын үйреткен» [1,35]. (Сілтемелердің реттік санының орны ауысып кеткен)

Мұрат Мөңкеұлы - Батыс Қазақстан өлкесінің аса көрнекті ақындарының бірі. Оның шығармашылығы Қазақ елінің тарихымен тығыз байланысты. Оған кейінге жеткен әдеби мұрасы куә. Патша үкіметінің жүргізген отарлау саясатын, қазақ халқының бақытсыздық заманын көкірегін кернеген зарымен қазіргі заманға жеткізген ақын.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, «Қырымның қырық батыры» жырын батыс Қазақстан өлкесінде жырлаған жыршылар - Мұрын Сеңгірбекұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Қашаған Күржіманұлы және Мұрат Мөңкеұлы сынды жыр дүлдүлдерінің жырлау дәстүріндегі ерекшеліктері өте жоғары дәрежеде болды. Себебі, бұл әдебиет өкілдері сан-салалы жырды тек кейінге жеткізушілер ғана емес, өз заманындағы тарихи жағдайлармен байланыстыра кең тынысты жыр үлгілерін дамытқан деген пікірдеміз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Батыс Қазақстан өлкесінің суырыпсалма ақындары мен жыраулары. Алматы: «Арыс», 2009
  2. Сыдиықов Қ. Қырымның қырық батыры. Алматы: «Арыс», 2005.
  3. Сыдиықов Қ. Ақын-жыраулар. Алматы: «Ғылым». 1974.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.