«1с: кәсіпорын» ортасында ақпараттық жүйелерді программалау (бағдарлау) ерекшеліктері

Аңдатпа

Бұл мақалада автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді программалау ерекшеліктері баяндалады. Программалау ортасы ретінде «1С: Кәсіпорын» платформалық жуйесі таңдалып, оның конфигурациялық негізі және IC программалау тілінің қолданылу әдістемесі мысалдар арқылы сипатталған.

КІРІСПЕ

XXI ғасыр - компьютерлік технологиялардың даму заманы, себебі ақпарат заманауи және жалпы қоғамның өмір сүруінің басты факторларының бірі. Жыл санап ақпараттың көлемі артып келеді, сонымен қатар ақпараттың керектерін қалдырып, өңдеп және сол үрдістерге аз уақыт жұмсау қажеттілігі туды. Бұл үрдістердің барлығын тек компьютерлік құрылғылар жүзеге асыра алады. Қазіргі кезде «1С:Кәсіпорын» жүйесі көкейкесті платформа болып табылады.

«1С: Кәсіпорын» жүйесі кәсіпорынның ұйымдастыру және экономикалық іс - әрекеттерін автоматизациялайтын әмбебап жүйе. Кәсіпорынның жұмыс істеу түрлері көп болғандықтан, «1С: Кәсіпорын» жүйесі сол жұмыс істеу ортасына байланысты икемделе алады. Конфигурацияланылу функциясы термині белгілі бір кәсіпорынның әр түрлі шаруашылық әрекеттерін және белгіленген есептерді шешеді [1]. «1С: Кәсіпорын» жүйесі жай өзгертілмейтін файлдардан құралдардан программа емес, әр түрлі программалық жабдықтардан құралған программисттер мен пайдаланушылар қолданатын кешенді шешім. Логикалық түрде программаны екі бөлікке белуге болады: платформа және конфигурация. Конфигурациялау барысында құжат (документ), деректер (реквизит), журнал документов, анықтама (справочник), регистр сияқты қолданбалы объектілер жүргізіледі. Конфигурациялау барысында платформаның максималды визуалды түзетулері қолданылады, ал қолданбалы объектілер арасындағы байланыстар модульдерде код түрінде жазылады. «1С: Кәсіпорын» жүйесі деректер қорын басқарудың реляциялық моделі болып табылады. «1С: Кәсіпорын» концепциялықталдауы анықтағандай, FoxPro, C++ Builder, Delphi сияқты кең таралған құрастыру жүйелерінен басты артықшылығы кәсіпорынның эр түрлі шаруашылық операцияларын автоматизациялауға бағытталғандығы.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

«1С: Кәсіпорын» жүйесін таңдауға негіздемелер:біріншіден, «1С: Кәсіпорын» Қазақстанда сонымен қатар ТМДелдері арасында кәсіпорынның жұмысын автоматизациялау құралы ретінде толығымен ендірілді. Бұл жүйені көптеген кәсіпорын қолданады, және жұмысқа қабылдау кезінде офистік программалармен қатар білу қажет [2]. «1С: Кәсіпорын» бір технологиялық платформада және бірдей қағидамен жасалған қосымша мақсатты құрайтын өзіндік жүйе. Платформа конфи гура цияға жұмыс қамтамассыз етеді конфи гурацияға өзгеріс енгізеді немесе өзіндік конфигурация жасауға мүмкіндік туғызады. Жүйеде бір ғана платформа (1С Предприятие 8.0) және көптеген конфигурация кездеседі. Кәсіпорынның өзекті қажеттіліктеріне сай келетін және алда кәсіпорынның өсуіне немесе автоматизацияның шешуші мәселелерінің кеңеюіне байланысты пайда болатын жағдайларына сай, басқарушы керекті шешімді қабылдай алады.

IC тілі Бейсик тілімен өте ұқсас. IC бағдарламасында барлық кілттік сөздерді орыс тілінде жазуға болады.

IC тілінің құрылымына тоқталайық:

  1. Процедура Рассчитать Налог (Сотрудник, Некая Дата) Конец Процедуры / Жай процедура. Конец Процедуры сөзінен кейін ешқандай белгі керек емес, өйткені обұл оператор емес ал операторлық жақша.
  2. Функция Рассчитать Налог (Сотрудник, Некая Дата) Возврат Налог; Конец Функции / Бұл функция эр уақытга жауапты қайтару керек.
  3. Если Оклад > 10000 Тогда Результат - "Нормально"; Иначе Результат =

"Плохо";КонецЕсли; / Жай шарт. Конец Если сөзінен кейін нукте мен үтір болу керек, өйткені осылай Если операторы аяқталады.

  1. Результат = ? (Оклад > 10000, "Нормально","Плохо"); / Қысқартылған Если.
  2. Если Оклад > 10000 Тогда Результат = "Нормально"; Иначе Если Оклад >

5000 Тогда Результат = "Средне";Иначе Результат = "Плохо";КонецЕсли; /

Көптік шарт. Erep бірінші шарт орындалмаса, онда екінші шарт тексеріледі. Erep де екінші шарт орындалмаса, онда үшіншісі тексеріледі. Erep де шарттардың біреуі де орындалмаса, онда Иначе блогы орындалады.

  1. Если (Оклад > 10000) И (КодКатегории = 2) Тогда Конец Если; / Жақшалар болу керек.

IC терт түрлі режимде жұмыс жасай алады:

Предприятие - ақпараттық базаны пайдалану режимі. Бұл режимде кәдімгі қолданушылар жұмыс жасайды, берілгендерді енгізеді, есептерді басып шығарады, т.б. Бұл режимде конфигурация құрылымын өзгертуге болмайды.

Конфигуратор - жұмыс жүргізу режимі (программалау). Бұл режимде программистер жұмыс жасайды, жаңа анықтамалықтар, есептер құрады, бағдарламалық модульдер жазады. Бұл режимде ақпараттық базаға берілгендерді енгізуге болмайды.

Монитор - берілген уақытта ақпараттық базамен жұмыс жасап отырған қолданушыларды қарап отыру режимі. Ақпараттық базамен жасалатын барлық операциялар тіркеу Журналына тіркеледі. Монитор режимінде нақты объекте нақты қолданушылардың жасап жатқан барлық операцияларының протоколын алуға болады, сонымен қатар фильтрдің басқа да шарттарын қоюға болады.

Отладчик - программистерге арналған режим, олардың программада бір жұмыстары орындалмай жатса. Осы жерде программаның қадам бойынша қалай орындалатынын қарауға болады. Бұл жағдайда программа Предприятие режимінде жүргізіледі.

Жүйеде келесідей анықтамалар түрі құрылды:

Қызметкерлер (Сотрудники) - бұл анықтама құрылыс дүкеніндегі жұмыс істейтін қызметкерлер туралы ақпаратты сақтау үшін құрылды. Анықтамада қызметкердің аты-жөнін, туған жылын, жұмыс істеу істемеу белгісін сақтауға болады. Анықтама құрылымы келесі кестеде көрсетілген:

Реквизиттер

Типі

Сипаттамасы

Дата рождения

Дата

Қызметкердің туған жылы күні

Работающий

Булево

Дүкенде жұмыс істеу белгісі

1 кесте - Қызметкерлер анықтамасының құрылымы

Конфигуратор режимі өндірушілер мен мәліметтер базасының жетекшілері қолданады. Міне осы режимде құрылған немесе жаңа құрылған конфигурацияны модификациялау үшін құрал саймандарды пайдаланады. Өзіндік конфигурацияны құру үшін және құрылған конфигурацияны өзгерту үшін жүйе конфигуратор режимінде жұмыс істейді [3].

64

Конфигуратор іске қосылып жиі жұмыс жасайтын конфигурация ағашы ашылады [4].

Сурет 3 - Конфи гураторды іске қосу терезесі

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл конфигурацияның анықтамалықтар, құжаттар, есептер және т.б. сияқты объекттері берілген. Қандай да бір тармақгы ашу үшін қосу таңбашасын екі рет басу керек немесе оның атауын екі рет басу керек.

Конструкторлар программистерге белгілі бір іс-әрекет жасауда көмек үшін берілген. Конструктор жасайтын барлық ісгерді қолмен жасауға, бірақ конструктормен тезірек орындау ыңғайлы. Осылайша конфигурация негізінде жүйені құруға болады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Сергей Кашаев. IC : Предприятие 8. Учимся программировать на примерах, издательство: БХВ-Петербург, 2008.
  2. Таттибаев, К.М. 1С:Бухгалтерия с МСФО для Казахстана: учеб.- практическое пособие /- Алматы: Экономика, 2009.- 105 с.
  3. Яворский В., Амиров А. Экономическая информатика и информационные системы (лабораторный практикум) [текст] учебное пособие 2-е издание /Астана Фолиант, 2012.-208с.
  4. Қайдаш И.H., Королева Н.В. Бизнес пен басқарудағы ақпараттық жүйелер [Мәтін] Оқу құралы/Алматы, Бастау, 2012.-2886.
Жыл: 2016
Қала: Атырау