Құрманғазы ауданының «азғыр» полигонымен шекаралас ауылдарында ауыр металдардың топырақтағы құрамының салыстырмалы анализі

Аңдатпа

Бул мақалада Азғыр полигонның іргелес орналасқан Азғыр, Балқұдық, Ұштаған ауылдарына және бақылау учаскісі ретінде Ганюшкино ауылында зерттеудің әртурлі кезеңінде (2000, 2005 және 2010 жылдары) топырақтағы ауыр металдардың (мыс, мырыш, марганец, кобальт, мыс және қорғасын) құрамының салыстырмалы сараптамасы жургізілген. Барлық аймақтарда, бақылау учасісінен басқа көптеген металдар көрсеткіштердің жоғары қурамы байқалады, тек кадмий мен қорғасынның құрамы ерекшелік болып саналады, олардың құрамы көптеген жағдайда шекті-рауалды мөлшерден аспайтыны байқалған.

KCPO кезінде Қазақстан аумағы әскери өндірістік кешен объектілерінің сынақ орны ретінде пайдаланылғаны белгілі. Егемендікке қол жеткізген тұста мемлекет 4 ірі сынақ полигонын иемденіп, посткеңестік кеңістіктегі ядролық жарылыс саны ең көп болған ел деп танылды. Әлемдік деңгейдегі 1996 жылға дейін жасалған ядролық сынақтар көрсеткіші келесідей: Қазақстан - 560, АҚШ - 1030, Ресей - 214, Украина - 2, Өзбекстан - 2, Түрікменстан - 1, Қытай - 45, Алжир - 17, Аустралия - 12, Үндістан - 6 [1]. Келтірілген мәліметтен Қазақстан территориясына тиген ядролық зардап көлемін елестету аса қиынға соқпайды. Осы орайда 20 жыл бұрын жабылған, десе де көп жылдық ядролық жарылыстар салдарынан экологияға жағымсыз әсерін әлі де жоймай келетін Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты «Азғыр» полигонының жағдайы ерекше назар аудартады.

Қарастырылып отырған аймақтың «Галит» объектісінде (Капусгин-Яр және Азғыр полигон кешені) 1966-1979 жж. аралығында Жалпыкеңестік эксперименталды физика ғылыми зерттеу институты (Арзамас-16) жэне KCPO Қорғаныс министрлігі мен Минатомпром мамандары басшылығымен 165-1500 м тереңдік шамасында 17 ядролық жарылыс (A-I - A-V, A-VII, A-IX, A-X, A-XI) ұйымдастырылды. Орта есеппен жарылған ядролық құрылғылар қуаттылығы 10-нан 25 кг тротилды құрады. Жарылыс салдарынан жердің тұзды қалың қабатында жалпы көлемі 1,2 млн мқұрайтын 9 жерасты қуыстары қалыптасты [2]. Бір кездері улы радиоактивті заттардың сақталуы мақсатында жасалған аталмыш жерасты қуыстарының барлығы дерлік (9-нан 5-і) қазіргі таңда сумен (радиоактивті қышқылдармен) шайылған. Өз кезегінде бұл шайылу топырақтағы ауыр металдар мөлшеріне зор ықпал етеді. Сондықтан да улы заттармен байытылған қышқылдар топырақ құрамына таралып кету қаупі «Азғыр» экологиялық мәселесін одан әрі өзекті ете түседі.

«Азғыр» полигонындағы топырақ құрамын зерттеудің келесі бір өзекті тұсы 1949 жылдан 1990 жылдары аралығында аталмыш аймақта әскери техниканы сынақтан өткізу шаралары жүзеге асырылды. Алғашқы баллистикалық зымырандарды іске қосу және кейіннен орта қашықтықтағы зымырандарды (CC- 20) жою жұмыстары салдарынан ауаға 30 мың т астам аса улы заттардың таралуына әкеліп соқты. Әскери сынақтардың улы қалдықтары - гептил, радиоактивті металлолом, т.б. ядролық жарылыстар нәтижесінде қалыптасқан жерасты тұзды қуыстарға көмілуі полигон орнындағы ауыр металдар мөлшерлерінің ШРК қатысты тұрақсыздығын айқындай түседі.

Берілген жұмыс «Азғыр» ядролық полигонындағы топырағының құрамындағы ауыр металдар құрамын анықтауға арналған жүргізілген зерттеулерге талдау жасайды: 2000 ж. М.С. Есенаманованың «Ашық сақтау қоймасы мен полигондар аймағында радиоактивті қалдықтармен қоршаған ортаның ластануын төмендету тәсілін өндеу» атты диссертациялық жұмысындағы нәтижелер [3]; 2004-2005 жылдары Н.Б. Кожахметовтың ««Азғыр» ядролық полигон аймағында топырақтың радионуклидтер, ауыр металдармен ластану және олардың халық денсаулығына әсерінің гигиеналық бағалау» атты еңбегіндегі көрсеткіштер [4] және 2010 ж. С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетімен жүргізілген ««Азғыр» полигоны аймағындағы халықтың денсаулығы мен қоршаған орта объектілердің сапасын кешенді гигиеналық бағалау» жұмысының нәтижелері [5].

Жалпы ауыр металдар мөлшері таулы аймақган шөлді зоналарға қарай ығысқан сайын азаятыны белгілі. Бұл үдеріс Құрманғазы ауданына тән. Алайда ауыр металдар топырақтағы гумус құрамына тәуелді келеді: қарашірінді сапасы азайған сайын ауыр металдар көрсеткіші сәйкесінше арта түседі. Жүргізілген зерттеу нәтижесі берілген аумақ топырағында гумустың темен мөлшерлемесін көрсетті: қызғылт топырақта - 1,1-ден 2,8 мг/кг (0,72±0,2) (Кесте 1, сурет 1).

Кесте 1 - Құрмаңғазы ауданның «Азғыр» полигоны аумағының шекаралас ауылдарындағы топырағындағы ауыр металдар мөлшері (2000, 2005, 2010 ж.ж.)

Метал дар

Мөлшері, мг/кг

ШРМ /Кларк

Азғыр ауылын ан (2000 ж.)

Азғыр ауылы нан (2005 ж.)

2010 ж. жүргізілген зерттеулер

A-I аумағы (Азғыр ауылынан 1,5 км СБ)

A-IX аумағы (Ұштаған ауылынан 40 км СШ)

Балқұдық ауылы (A-I аумағынан 26 км СБ)

Ганюшки HO (ауылдан 200 км)

Cu

3/20

30

21,1

52,5

16,5

25,4

<2,5

Zn

23/50

102

80,7

37,5

62,2

65

10

Mn

6,8/850

18

45

108,3

210

196,7

66,6

Co

5/8

30

72,5

15

25,8

52

<5

Cd

0,5/0,5

0,5

2,9

<0,5

<0,5

<0,5

<0,5

Pb

32/10

15

50

6,5

12,6

24,8

15,4

Келтірілген кесте мен суретте «Азғыр» аумағының батыс және оңтүстік-батыс бағытында ауыр металдар мөлшерінің орташа деңгейі жоғары екені айқын көрінеді [3,4,5].

Мыстың орташа мөлшері 2,5-нан 52,5 мг/кг аралығында, ШРК-мен салыстырғанда бұл көрсеткіштер бірнеше есе асатыны байқалады, соның ішінде Азғыр ауданында барлық жылдары бұл көрсеткіш 7-17 есе асатынын көруге болады. Тек бақылау учаскісі Ганюшкино ауылында бұл көрсеткіш ШРМ-нан аспайды.

Мырыштың орташа мөлшері 10-102 мг/кг аралығында байқалған, бұл ШРМ- нан тек Ганюшкино ауылында (бақылау учаскісі) аспайтыны байқалады, ал басқа ауылдарда бұл көрсеткіш 1,63-тен 2,8-ге дейін асатыны байқалды, ал 2000 ж. мырыштың мөлшері 4,4 есе артқаны байқалған.

Марганец - тамақтану орталығында мөлшеріне қауіпті өсімдіктер үшін ауыспалы микроэлемент және өсімдіктерде жағымды және жағымсыз эсер тигізу мүмкін. Темен мөлшерде марганец өсімдіктер үшін пайдалы, ал артықшылық мөлшерде - қауіпті.

Зерттелген ортада марганецтің орташа мөлшері ШРМ-мен салыстырғанда темен екендігі байқалады, бірақ жылдар өткен сайын осы мөлшер жоғарылаған, мысалы 2000 ж. марганецтің құрамы 18 мг/кг болса, 2010 ж. бұл 66,6-210 мг/кг жеткен.

Топырақтың типіне байланысты марганецтің құрамы ауытқуы мүмкін: қызыл құмда 15,5±2,0 мг/кг, сұр түсті жерінде 22,0 ± 1,8 мг/кг, далалық 6,1 ± 0,6 мг/кг, сары түсті жерде 4,7 ± 3,8 мг/кг, құмда 6,8 ± 0,7 мг/кг. Осы көрсеткіштермен салыстыру кезінде жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер құмды аудан үшін жоғары (Ганюшкино ауылында 10-нан, Ұштаған ауылында 35-ке дейін артық) деп есептеуге болады.

Кобальттің орташа мөлшері 5-72,5 мг/кг аралығында, ШРМ-мен салыстырсақ оның мөлшері 3-14,5 есе артатыны байқалады, соның ішінде ең көп мөлшері Азғыр ауылында 2005 ж. байқалады. Ал Ганюшкино ауылында кобальттің құрамы ШРМ-нан аспайды.

Кадмийдің құрамы 0,5-пен 2,9 мг/кг байқалады. Барлық жағдайда бұл көрсеткіштер ШРМ-нан аспайды, тек 2005 ж. Азғыр ауылында 5,8 есе асады.

Қорғасынның орташа мөлшері 6,5-35 мг/кг аралығында. ШРМ көрсеткіштермен салыстырған кезінде көптеген жағдайда оның мөлшері аспайтыны байқалады, тек 2005 ж. зерттеуі бойынша Азғыр ауылында оның мөлшері 1,55 есе артқаны байқалған.

Қауіптілік деңгейі бойынша қарастырсақ, салыстырмалы ШРМ-нан ауыр металдардың арттыруы ең жоғары көрсеткіштер марганецтің орташа мөлшеріне тәуелді, олардың мөлшері 10-35 есе артқан, одан кейін мыстың көрсеткіші (7-17 есе), келесі кобальт мөлшері (3-14,5 есе), соңғысы мырыш (1,63-4,4 есе). Ал екі ауыр металдардың құрамы (кадмий мен қорғасынның) көптеген жағдайда ШРМ көрсеткіштерден артпағаны байқалды, тек 2005 ж. Азғыр ауылында жүргізілген зерттеулерде аздап артқаны байқалады.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Жоғарыда жасалынған зерттеулердің Азғыр полигонның шекаралас ауылдарындағы 2000-2005-2010 ж.ж. топырақта алты ауыр металдардың құрамы бойынша салыстырмалы сараптама жүргізілді. Осы зерттеу нәтижесінде терт ауыр металдардың орташа мөлшері ШРМ көрсеткіштен артқаны байқалды, олар мыс, мырыш, марганец және кобальт, ал екі металдардың орташа мөлшері ШРМ-нан аспаған (кадмий мен қорғасын), тек 2005 ж. аз мөлшерде асқан.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. А.И. Поляков, А.Ш. Гайтинов Радиоэкологические исследования в зоне действия ракетно-ядерного полигона «Капустин Яр» и ядерного полигона «Азгир» Материалы 1 Международного конгресса «Экологическая методология возрождения человека и планеты Земля», Алматы, 21 - 25 апреля 1997.
  2. Кривохатский А.Г. Основные характеристики радиоционной обстановки после завершения серии подземных взрывов в интересах народного хозяйства на сольном месторождении - «Азгыр (Казахстан)». М. - ЦНИИ-атоминфом. - 1992.
  3. М.С. Есенаманова «Ашық сақтау қоймасы мен полигондар аймағында радиоактивті қалдықтармен қоршаған ортаның ластануын төмендету тәсілін өндеу» техника ғылымдарының кандидаттың ғылыми дәрежесіне диссертация, Алматы, 2003.
  4. Н.Б. Кожахметов ««Азғыр» ядролық полигон аймағында топырақтың радионуклидтер, ауыр металдармен ластану және олардың халық денсаулығына әсерінің гигиеналық бағалау» медицина ғылымдарының кандидаттың ғылыми дәрежесіне диссертация, Алматы, 2007.
  5. С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетімен жүргізілген ««Азғыр» полигоны аймағындағы халықтың денсаулығы мен қоршаған орта объектілердің сапасын кешенді гигиеналық бағалау» есеп, Алматы, 2011.
Жыл: 2016
Қала: Атырау
Категория: Экология