Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұнай өнеркәсібін дамытуға улес қосқан қазақ әйелдері

Аңдатпа

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемге мұнай өндіруші мемлекеттер қатарынан кеңінен танымал болды. Қазақ мұнайының кең көлемде өндірілуі XX ғасырдың алғашқы жартысында қарқынды жүргізілді. Оған кеңес үкіметінің экономикалық саясаты, әлемнің дамыған елдерімен экономикалық бәсекелестік негізінде елді индустрияландыру бағытын қолға алуы себеп болды. Жиырмасыншы ғасырдың 20-30 жылдарында және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде мұнай кәсіпшіліктерінің игерілуіне қазақ жұмысшылары, оның ішінде қазақ мұнайшы әйелдері үлкен үлес қосты.

КІРІСПЕ

Қазақстанның экономикалық қуатының қомақты бөлігі мұнай-газ саласына тиесілі. XX ғасырдың 20-30 жылдары мұнай кәсіпшілігінің дамуы кеңес үкіметінің индустриалдық даму бағдарламасына сай жүзеге асырылды. Нарықтық экономика мен кәсіпкерліктің дамуы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында еліміздің түрлі аймақтарында тау-кен өндірісі мен мұнай-газ өндірісінде қолға алына бастаған болатын.

Атырау-Доссор өңіріндегі пайдалы қазбаларды барлаған орыс ғалымдары мен инженерлері Доссор кені жайлы бұл аймақтың мол мұнай қоры бар екендігін атап өтіп, алайда тұщы суы тапшылығы, жол қатынаының қиындығын атап өткен.

1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы №7 ұңғымадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім беріп, Қазақстан мұнайының алғашқы бастауы атақты Қарашүңгіл мұнай фонтаны ресейлік және шетел кәсіпкерлеріның қызығушылығын тудырды. Ембі-Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізіліп, нәтижесінде атақты Нобельдің мұнай өндірістік ұйымы пайда болады. Оған Доссор, Мақат, Ескене өңіріндегі мұнайшылар еңбек етіп, терең бұрғылауды қолға алды. Әсіресе, 1911 жылғы 29 сәуірде Доссордағы №3 ұңғымадағы 225 метр тереңдіктен мұнай фонтанының атқылауы Доссор мұнайының игерілуіне негіз болды. Қарашүңгіл және Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі тарихы басталды.

Мұнайлы Атыраудың үшінші үлкен кен орны Мақат 1915 жылы ашылды. Кен орындарының геологиялық құрылымы, тәсілмен өндірудің тиімділігі жайлы мәліметтің болмауынан біраз уақыт толық деңгейде өндірістік қолға алынған жоқ.

1917 жылғы қазан көтерілісінен кейін қазақстандық мұнай өнеркәсібі дами бастады. Мұнайлы Ембінің алғашқа кәсіпшіліктерінде М.Сартов, М.Жұмағалиев, П.Кочнев, Х.Төрәлиев, Б.Айтмағамбетов, С.Зорбаев, А.Ильясов және басқалары еңбек етті. Кеңес өкіметі алғашқы жылдарынан бастап-ақ Ембі мұнайының толыққанды жұмыс жасауына мүдделілік танытты. Олар 1919 жылы ақ гвардияшылардан Гурьевті азат етпей жатып Доссор, Мақат кәсіпшіліктерінен мұнайды тасымалдау мәселесін кун тәртібіне қойды. 1920 жылы құрылған «Жайық- Ембі» ауданының мұнай кәсіпшілік басқармасы сол жылы 1,5 млн пұт мұнай құйды. 1922 жылы қазанда басқарма «Эмбанефть» тресі деп аталып, қайта құрылды. Бұл трест 1924 жылға дейін Мәскеуде болып, кейін Гурьевке қоныс аударды. 1925 жылы үкіметтің арнаулы қаулысы бойынша Гурьев пен Доссор арасында 93 км табанды темір жол төселді. Кен орындарын игеруді ғылыми тұрғыдан бақылап отыру үшін 1934 «Эмбанефть» тресінде ғылыми-зерттеу лабораториясы құрылады. Мұнайлы Ембінің Доссор, Мақат сияқты көне кен орындарымен қатар 1934 жылы Ескене, 1935 жылы Байшонас, Қосшағыл, 1938 жылы Сағыз, 1939 жылы Құлсары жаңа кеніштер толтыра бастайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Орал-Ембі бассейніндегі Доссордың мұнайын өндірістік көлемде өндіру 1911 жылдан басталғаны мәлім. Алайда, осы кездегі кадрлық әлеуетке талдауға қарағанда, мұнай кәсіпшілігінде әйелдерді алмағанның өзінде қазақ мұнайшыларының өзі қалыптаспаған еді.

1917 жылғы қазан революциясына байланысты өзгерген саяси құрылымға сай бұл үдеріс тоқтап, мұнайшы кадрларының қалыптасуы, қазақтардың жұмысшы мамандықтарын игері үдерісі жүре бастайды.

Ал қазақ мұнайшы әйелдерінің мұнай кәсіпшілігіне тартыла бастауы 1930-шы жылдардан бастау алады. 1930 жылдарға дейін мұнай кәсіпшілігінде әйел еңбегі қолданылған жоқ деуге болады. Себебі 1930-1940 жылдар аралығындағы Атырау облыстық мұрағатындағы «Эмбанефть» тресіне қатысты құжаттарда еңбекшілер тізімінде мұнайшы әйел адамдар мүлде кездеспейді.

1938 жылғы Ескене кәсіпшілігіндегі жылдық есепке қарағанда, стахановшылар қозғалысына аса мән берілгені байқалады. Мысалы, 1938 жылғы қаңтарда - 26; ақпанда - 24; наурызда - жоқ; маусым айында - 6-41 арасындағы стахановшылар тізімі беріледі. Дегенмен олардың арасында бірде-бір мұнайшы әйел есімі кезеспейді. Ал 1940 жылғы стахановшылар тізімінде тек қана Назарова (монтер, 1914 ж.т.) мен Кузнецова (щитовая, 1914 ж.т.) фамилиялары бар [1].

1937 жылы Ембімұнай кәсіпшіліктеріндегі кадрлық әлеует талдауы бойынша білікті кадрлар саны - 510, оның ішінде жергілікті тұрғындар - 281.

1938 жылы «Эмбанефть» тресінің құрамына Доссор, Мақат, Байшонас, Ескене, Төлеген, Нормонданак, Сағыз, Қосшағыл кәсіпшіліктері қарады.

Мұрағат деректеріне қарағанда, кеңес одағындағы индустриалдық дамыту шараларына сай 1930-1940 жылдары мұнай өндірісіне үлкен мән берілді. Оның ішінде Ембі мұнай кәсіпшіліктеріндегі мұнай өндірісі мен барлау жұмыстарына ерекше назар аударылды. Алайда мұнай саласындағы мамандардың жетіспеуі күн тәртібіндегі өзекті сауалға айналды. Осыған орай 1930 жылы ашылған Гурьев мұнай техникумының салаға мамандар дайындаудағы рөлі артты.

Аталған оқу орнының Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі жергілікті мұнайшы кадрларын дайындаудағы қызметі зор болды. Мұрағаттағы деректер бойынша 30- шы жылдары Гурьев мұнай техникумында 5 бөлім болды: механикалық, бұрғылау, эксплуатация, геология, өндірісті кәсіпшілік. Онда, 1936 жылғы дерек бойынша, барлығы 177 студент білім алды. Оның ішінде ерлер 75, оның ішінде қазақ ұлтынан - 53, өзге ұлттар - 6. Техникумда білім алған әйелдер саны барлығы - 40. Оның ішінде, қазақ - 1, өзге ұлт - 2. Осы жылы дайындық бөлімінде 2 топ құрылады. Онда бірінші топта 35, екінші топта 25 студент дайындықта оқыды. Ерлер саны - 28, оның ішінде, қазақтар -15. Ал екі топтағы жалпы әйелдер - 52, қазақ -1 [2].

Ал 1936 жылы Гурьев ФЗО-сын бітірген 56 маманның 6-уы қазақ қызы болды [3, 264].

Ал оқытушылар тізімі бойынша бір ғана қазақ оқытушы У.И.Исмурзин (1896 жылы туған) еңбек етті.

Бұл мәліметтер соғысқа дейінгі кезеңде мұнайшы мамандығына кәсіби тұрғыда дайындалған қазақ қыздары өте аз болғанын дәлелдейді. Көріп отырғанымыздай, 1936 жылы Гурьев мұнай техникумында бір ғана қазақ қызы оқып, геолог мамандығын алған. Ол - кәсіби мұнайшы мамандығын алған алғашқы қазақ қызы Балжан Жұмағалиева.

Осы кездері оқудың қиындығы, студенттердің қиын тұрмысы бірнеше рет техникум жиналыстарында қаралған. Педагогикалық кеңес «Ембімұнай» терсіне хат жолдап, білім алушыларға шәкіртақыларына үстеме қаражат қарау туралы ұсыныстар жасап отырған. Мұрағат деректерінде ол жайында «Большинство родителей студентов-казахов колхозники или рабочие имеющие очень невысокий заработок, в противоположность рабочим центральных мест. Родители студентов не могут помогать. Размеры стипендии подкурса 54 рубля, 1-курса -58, 2-курса 63, 4- курса-73-83 рубля»-деп көрсетеді [4]. Осы шәкіртақының 13 сомы дәптерге, қалам, сияларына, ал 70 сомы күнделікті тамаққа жұмсалуы тиіс. Яғни кей уақытта шәкіртақы көлемі күнделікті тамақтануға да жете бермейтін. Студенттердің күніне тек бір мезгіл тамақтанатынын хабарлап, техникум әкімшілігі трестен көмек сұрайды.

Жалпы, еліміздегі мұнай-газ саласы кадрларының қарқынды қалыптасуы 1930- шы жылдардан басталды. Бұл сол кездегі кеңестік индустрияландыру жұмыстарына байланысты болған-ды. Осыған орай Гурьевте тау-кен техникумын ашу мәселесі күн тәртібіне шығады. 1929 жылы маусымдағы Гурьев округтік партия ұйымының екінші пленумында «Ембімұнайтрес» мекемесін кадрлармен қамту мәселесін күн тәрібіне шығарылады. Желтоқсан айындағы Халық шаруашылығы жоғары кеңесіне Гурьев қаласында мұнай техникумын ашуды қояды [3, 141].

Қазақ мұнайының игерілуіне үлес қосқандар арасында Балғаным Досбаева, Балжан Жұмағалиева, Нәбира Шағырова, Сүйрік Самарханова, Нұржауған Жайлыбаева, Қамқаш Ыбыраева, Маржан Боранбаева, Мәдениет Есенбаева және басқалары бар.

Балғаным Досбаева KCPO Жоғарғы Кеңесіне депутат болған алғашқы қазақ әйелі және парламентке 3 мәрте сайланды [4, 8]. Арнайы білімі болмаса да, Ембіде мұнай өндіру учаскесіне жетекшілік етті.

Атырау облыстық мұрағатында смұнайшы әйелдер туралы мәліметтерге талдау жасалғанда, олардың ішіндегі жпсы бойынша ең үлкені Сүйрік Самарханова екен. Ол Жылыой жерінің Тұрғызба ауылында 1910 жылы дүниеге келген. С.Самарханованың мұнай кәсіпшілігіндегі еңбек жолы 29 жасында Байшонас мұнай кәсіпшілігінде басталды. Ұлы Отан соғысының жылдарында 1942 жылдан Құлсары кәсіпшілігінің құрылыс цехында жалғасты.

1942 жылы Құлсары кәсіпшілігінің мұнайшылары жоспардан тыс 1809 тонна мұнай тапсырады да, жылдық жоспарды 124,1 пайызға орындайды [4, 41], 1941 жылға қарағанда мұнай өнімі 34 пайызға арттады.

Мұнай өнімін көтеруді ғана ойлаған мұнайшылар бірімен-бірі санаспай еңбек етті. «Бәрі де - Жеңіс үшін!» ұранымен еңбек еткен мұнайшылар қатарында Сүйрік Самарханова әрі слесарь, әрі электрик, әрі рационализатор-өнертапқыш ретінде жұмыс жасауға тура келеді. Вахта кезінде тұрып қалған ұңғының «емін» табуға асқан шеберлікпен көзге түсті.

1936 жылы Гурьев мұнай техникумын 19-да бітірген тұңғыш қазақ қызы Балжан Жұмағалиева Ескене мұнай кәсіпшілігіне жұмысқа орналасады. Жас маман жұмысқа орналасқан Ескене кәсіпшілігі Одақтағы үздік кәсіпшіліктердің бірі болатын. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ескене кәсіпшілігі 9 мәрте Одақтың ауыспалы Қызық Туын жеңіп алған үздік еңбек ұжымы қатарында атанды.

Қазақ мұнайының еселеп дамуына үлес қосқан Ескенеде еңбек жолын бастаған қазақ қыздарының тобы қалыптасты. Олардың арасында алғаш рет Одақ көлемінде мұнайшы әйелдерден құралған мұнай өндіру учаскесін құрған, кейін KCPO Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа үш мәрте сайланған Балғаным Доспаева, осы учаскеде еңбек еткен мұнайшы әйелдер қатарында алғаш рет Социалистік Еңбек Epi атағын алған Нәбира Шағырова болса, қазақ қыздары арасында мұнай кәсіпшілі директорлығы қызметін атқарған алғашқы тұлға Балжан Жұмағалиева болған еді.

1941 жылы 8 наурызда әйелдердің мұнай өндіру техникасын меңгеруі жайындағы ақпаратта қазақ мұнайшы қыздары туралы «Балжан Джумагалиева одна из первых девушек-казашек села на скамейку Гурьевского нефтяного техникума. Старательно изучала она геологическую науку. Геологическое дело для нее стало родным. Уже пятый год работает Балжан техником-геологом промысла Иски не», - деп жазылған [5].

Балжанның атасы Досмұхамбет қарт Ойыл өзенінің бойын мекендеген Кіші жүздің Таз руының Күңбас бөлімінің ауқатты адамы болған. Ел ішінде Дос атанып кеткен қарттың шаңырағынан Жұмағали, Оспан, Оразғали, Сейітқали, Нұрғали атты ұлдар тарайды. Қазан төңкерісі болар 1917 жылы қажылыққа Меккеге аттанған қарт кетерінде «мені іздеп әуре болмаңдар, менің сүйегім сол жақта қалар» деген екен. Сөйтіп 1917 жылғы дүрбелеңде жұмыс іздеген Жұмағали күнкөріс қамымен Доссор мұнай кәсіпшілігіне қарай көшкен. Сол жылы Балжан дүниеге келеді. Осылай Жұмағали қарттан басталған мұнайшылар әулеті қалыптасты.

Жұмағалиева Балжан алдымен Доссордағы төрт кластық бастауыш мектепте білім алады, одан кейін ФЗУ-ға оқуға түсіп, темір жонушы мамандығын меңгереді.

1936 жылы Гурьев мұнай техникумында (Гурьевский горно-нефтяной техникум) геология бөлімінде оқып, техник-геолог мамандығын алды. Алғырлығымен көзге түскен ол сол кездегі мектеп пен техникумды орыс тілінде оқыған жалғыз маман қазақ қызы болатын.

Осы жылы ол Измаилов Ғазиз атты Доссор өндірістік тау-кен училищесін бітірген кеңес қызметінде жүрген жігітке тұрмысқа шығады [6, 50-52].

1936-1939 жылдары Ескенеде болған ол Ескене мұнай кәсіпшілігінде коллектор, техин-геолог болды, 1939 жылы «Ембімұнай» тресіне қарайтын Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігіне бұрғылау геологы қызметіне ауысады.

1939-1962 жылдары Сағыз, Доссор, Мақат, мұнай кәсіпшіліктерніде геолог, шебер, бөлім басшысы, директордың орынбасары, 1962 жылы Доссор кәсіпшілігінң директоры қызметтерін атқарды. 1968 жылы Кеңқияқ мұнай кәсіпшілігінде аға геолог, кәсіподақтардың Атырау облыстық кеңесінде нұсқаушы қызметін атқарды.

Мұнай өндірісі саласындағы тұңғыш директор болған Балжан Жұмағалиева абыройлы еңбегі үшін «Құрмет» орденімен, «Еңбектегі үздік шыққаны үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медалдарымен, Қазақ KCP Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Осылайша өмірін мұнай саласынан арнаған ана 2004 жылы 87 жасында өмірден озды.

Қорытынды.

Қазақ мұнайының игерілуіне үлес қосқан тұлғаның Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі кеңестік кезеңдегі еңбектегі ерен ерлігі арнайы зерттеулер арнасына айналары сөзсіз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. AOMM, 146-қ; тізім-1, 124- іс.
  2. AOMM, 146-қ; тізім-1, 21- іс.
  3. Бердіғожин Л. Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі: кадрлық әлеуеті. Алматы: Өлке. - 2012.-368 б.
  4. Мұнайшы арулар еңбегі - ерлік ескерткіші (1945-2005). -Алматы, 2005, -234 б.
  5. 4 AOMM, 146-қ; тізім-1, 124- іс, 21- пп
  6. AOMM, 146-қ; тізім-1, 124- іс, 21- пп.
  7. Муньянова С. Нарқыз. Мұнайшы арулар еңбегі - ерлік ескерткіші. Атырау. - 2005, 49-51 бб.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.