Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақын-жыраулар шығармаларындағы замана бедері

Аңдатпа

Мақалада Ноғайлы дәуіріндегі қазақтың төл әдебиетінің жаңа белесі қазақ, қарақалпақ және ноғай халықтары бірге өмір сүрген кезеңдегі жыраулық поэзияның алтын дәуірі арқылы аңғартылады. Осы дәуірге тән жыраулар поэзиясының қазақ әдебиетінде кең арнамен дамығандығы, бауырлас үш халықтың төл шығармалары деген атаудан гөрі ортақ туындылары ретінде қарастырылатындығы сөз етіледі. Үш халық құраған «ноғайлы цикліндегі» әдебиетте үшеуінің де еншісі бар. Жыраулардың туындылары әдебиетіміздің жемісі болып табылады, өршіл де асқақ сезімге толы туындыларынан ерлік пен елдік рухын, көркем сөздің құдіретін тануға арналды.

Біздің көптеген аңыздарымыз бен тарихи өлеңдеріміздің, тіпті бір алуан эпостық лиро-эпикалық жырларымыздың «ноғайлы дәуірі» деп аталатын тұста туып қалыптасқаны мәлім. Осындай туыстық белгілерді екі ел әдебиетіне бірдей ортақ Шәлгез, Қазтуған, Доспамбет жырларынан да айқын аңғарамыз. Бұл туралы Шоқан Уәлиханов: «Ноғай деген ат жартылай отырықшы елдерден бөліп алу үшін айтылған аты еді.

Ноғайды да, өзбекті де – бәрін де ноғай деп атаған. Бірге жасап өмір кешкен ноғай мен қазақ ордасын Жәнібек билеген кезең қазақ жырларында алтын дәуір тұрғысында саналады», [1,276] – деп көрсетеді. Сондай-ақ ақын Сәкен Сейфуллин өзінің қазақ әдебиетінің тарихына қатысты айтылған ой-пікірлерінде былай деп келтіреді: «Ертедегі батырлар әңгіме-жырлары қазақ атанған елдің ноғайлы болған дәуірінен, немесе «ноғайлы» атын әлі тастамай жүрген дәуірінен қалған әдебиет нұсқалары» [2,455].

Мысалы, Қазтуған жырларында оның ақындық ерлігі мен шырқау биігін көрсетер тұс – қазақтың ноғайлы дәуіріндегі төл әдебиетінің жаңа белесінің бір қырын аңғартатын:

Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, Мұсылман мен кәуірдің Арасын өтіп бұзып дінді ашқан Сүйінішұлы Қазтуған, – деген жолдар арқылы нақтылы дәлелденеді.

Бұл – ноғайлы дәуіріндегі жеке жыраулардың, батырлардың сөз үлгісі ретінде туған ерлік, батырлық жырлардың алғашқы нұсқасы болып табылады.

Соңғы жылдары қазақпен етене бауырлас, түбі де, тілі де бір ноғай, қарақалпақ халықтары әдебиеттанушы ғалымдарының зерттеулерінде Қазтуған жырау өз ұлтының өкілі, туған әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлға ретінде бағаланып, дәріптеліп келеді.

Бұл орайда Қазтуғанның «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауының ноғайлар арасына кең тараған нұсқалары «Ноғай жырлары» (Астрахан, 1912), «Шолпан» (Черкесск, 1969) жинақтарында жарияланып, «Ноғайлар» атты көлемді ғылыми зерттеуде ноғай әдебиетінің көрнекті өкілі ретінде жырау шығармашылығы арнайы сөз болады. Сол сияқты, қарақалпақ ғалымы К. Мәмбетов өз зерттеуінде Қазтуған жырауды қарақалпақ әдебиетінің ірі өкілі ретінде қарастырады.

Қазтуған – ноғайлы дәуірінен тілі де, ділі де, ұлттық салт-дәстүрлері де бір болып келген қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарына ортақ тұлға. Сол себепті де Қазтуған бауырлас осы үш ұлттың төл әдебиетінің бастауында тұрған ортақ ақын- жырау ретінде бағаланады.

XV ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі – Шәлгездің (Шалкиіз) шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған. Қолда бар деректерге қарағанда Шәлгез шығармаларының алғаш қағаз бетіне түсуі XIX ғасырдың екінші жартысы. Бұған дәлел – жырау өлеңдерінің 1874 жылы жазылған «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» дейтін көне дәптерде кездесуі.

Бұл дәптерде қазақ, ноғай әдебиетінің көне дәуіріне қатысты көптеген жыраулар мұрасы (Доспамбет, Қазтуған, Шәлгез, т.б.) мен «Орақ», «Мамай», «Әділ сұлтан» сияқты жырлар бар. Ноғай, құмық ауыз әдебиетін тұңғыш жинап бастырушы құмық ақыны Могомед Османов (1840-1904) құрастырып жариялаған «Ноғай уа құмық шиғырлары» (Санкт-Петербург, 1883) деген жинақтың ноғай, құмық жырлары бөліміндегі көптеген өлеңдер Үпі (Уфа) дәптеріндегі шығармаларға өте сәйкес келеді. М. Османов жинағындағы өлеңдер мен қолжазба дәптердегі жырлардың ұқсастығы ғылым үшін мәнді деректер берері хақ. Дәптердегі жазуларға қарағанда жырларды көшіруші Дәулетмырза да, дәптер иесі Ибрагим Шейхали болуы мүмкін. Қалай болғанда да осы дәптердегі мұралар - қазақ, ноғай әдебиетінің көне дәуірінен көптеген мәлімет беретін қымбат қазына. Аталған дәптерде Шәлгездің «Арық хан…», «Қатынасы биік күлләрден», «Боз үстінә от яккан», «Әжікам сен Мансұрұлы Токусан», «Ғизмәт иям би Темір», «Менің иям би Темірдің тұсында» деп басталатын алты өлеңі бар. Бір ғасыр бұрын қағаз бетіне түскен бұл мәтіндерде сол дәуірдің жазу стилі кейінгі басылымдарға қарағанда мол сақталған. Алайда, мәтінде елеулі алшақтық жоқтың қасы.

Шәлгездің «Аспанды бұлт құрсайды», «Қарабас құспен шалдырып» деп басталатын көлемді толғаулары алғаш рет 1875 жылы «Записки Оренбургского отдела Императорского Русского географического общества» жинағында жарық көрді. Бұл жинақта би Темірге айтқан екі толғауы («Аспанды бұлт құрсайды», «Қарабас құспен шалдырып») біртұтас, жалғас жарияланған. Араб әрпіндегі қазақша мәтіні мен орысша мәтіні қатар, салыстырыла берілген. Аталмыш толғаулардың күні бүгінге дейінгі басылымдарының ішіндегі ең толық нұсқасы - осы жинақтағы мәтіндер. Аталған жинақтағы Шәлгез толғауларының И.Н. Распопов аударған орысша мәтіндері 1885 жылы екінші рет басылады, кейбір кітаптар мен мерзімді баспасөз беттерінде жариялана бастайды.

Шәлгез жыраудың өнегелік мәні зор өміршең толғаулары Ы. Алтынсарин хрестоматиясынан да елеулі орын алғанын көреміз. Ол Шәлгездің «Би Темірге айтқаны» («Аспанды бұлт құрсайды») толғауын ағартушылық мақсатына орай өзінше тақырып қойып, «Тобылғының берігі», «Бостаны барды теректің», «Айдынға шүйсең тарлан шүй», «Бар күшіңді сынамай», «Жақсы да келер бұ көпке» деп басталатын шумақтарын қысқартып, кейбір шумақтарын ғана жариялаған.

Қазақ халқының өз атымен өмір сүруі XV ғасырдың орта шені десек, осы кезден басталатын қазақтың төл әдебиетіне өзіндік үлес қосқан, сол замандағы әлеуметтік іс-шаралардың бел ортасында болып, ерлігімен де, өрлігімен де, хас батырлығымен де, өр рухты жырларымен де ел құрметіне бөленген көрнекті ақын- жыраудың бірі - Доспамбет жырау.

Доспамбет - тарихи тұлға. Ноғайлының атақты биі Мамайдың заманында, яғни XVI ғасырдың орта тұсында Азов теңізі түбінде өз алдына жеке ел болған Азаулы ноғайлыларының басшысы, ел қорғаны, қол бастаған батыры немесе Азаулының Аймадет ер Доспамбет ағасы. Жырау өз есіміне Аймадет деген сөзді қосып айтады. Бұл жөнінде қарақалпақ ғалымы К. Мәмбетов Аймадет пен Доспамбетті екі батыр деп қарастырады, ноғай әдебиетінде Доспамбет Азаулы деген сөз тіркесімен ғана шектеледі. Аймадет пен Доспамбеттің бір адам екендігі туралы М. Мағауин: «Бұл оның руының не тайпасының аты болса керек... Ноғай тайпалары кейде өздерінің билерінің немесе мекен еткен жерлерінің атымен де атала береді екен. Әрине, ондай тайпалардың біраз уақыт өткен соң есімін өзгертуіне тура келеді. «Аймадет» те сондай атаулардың бірі болуға тиіс» [3, 265] деп, дәлелді пікір айтады. Қазақта да ру атымен қосақталып айтылатын Албан Асан, Әбубәкір Кердері т.б. ақындар біршама. Сондықтан да Аймадет Доспамбеттің бір кісі екенінде дау жоқ.

Жыраудың бүгінге жеткен мұрасы аз ғана - бар-жоғы 160 жолдың көлеміндей. Осы жыр үзінділеріне қарап, оның шығармаларының тікелей жорық үстінде, ұрыс майданында туғандығына көзіміз жетеді. Себебі, оның қазір қолда бар шағын толғауларында жырау өмірімен қоштасар алдындағы адам кейпінде өткен дәуренінің мән-мағынасы туралы терең тебіреніп ой қозғайды.

Жаралы жауынгер-жыраудың көркем бейнеленген шұрайлы тіл арқылы өткен өмірімен қимай қоштасуы, ішкі қайғы мен өкініштің ақтарылып шыққан зарлы мұңы, кейінгі ұрпаққа арнай сөйлеген жыр-аманаты елес береді. Солай болғанмен де, оның жырларындағы басты қазық – ақынның туған жеріне, еліне деген ыстық махаббаты, ынта-сезімі. Бұл қасиетті ұғым жолында туған жерін жаудан қорғау – жырау үшін басты азаматтық парыз. Сол себепті де ол жауынгерлік жорық жолдарын тебірене еске алып, жырға қосады.

Жырау жырлары тарихтың талай аласапыран оқиғаларының арасында жоғалып кетпей, бізге келіп жетті. Оның толғаулары рухани бастаулардың көзі бола отырып, шығармашылығы мен күрескерлігі үндес XVIII ғасырдағы әдебиеттің ірі өкілі Ақтамберді мен XIX ғасырдағы өршіл рухты ақын Махамбет поэзиясына және одан кейінгі әдебиеттің дамуына игі әсерін тигізді.

Жырау шығармаларының кеңінен тарап, дәстүрін дамытқан ортасы – қазақ ортасы. Доспамбет есімінің қазақ жыраулар поэзиясының көшбасшылары қатарында аталуы да осыған саяды. Қай шығарма болсын өз алдына жеке пайда болмайды, оны орта тудырады. Доспамбет шығармалары ноғай топырағында туып, қазақ ортасында дамыды. Сондықтан да жырау туындылары бүкіл әдебиетіміздің жемісі болып табылады, халықтың рухани күш-қуаты мен мәдени қарым-қабілетінің артуына орай кейінгі ұрпақ бұл өршіл де асқақ сезімге толы жыр жолдарынан біздің адамгершілік қайнар көзіміздің бастаулары мен ерлік рухын, көркем сөз құдіретін таниды.

Жыраулық поэзия туралы айтқанда ноғайлы дәуіріндегі әдебиет мұралары біржақты қаралып, оның ірі өкілдерін қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының әрқайсысына еншілеп келді. Ал, шын мәнінде, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жырларын «төрде басы, төскейде малы бір болған», түбі бір туысқан, тілі етене жақын осы халықтардың төл шығармалары дегеннен гөрі ортақ туындылар деп таныған жөн. Мұның өзіндік сыры бар: Еділ мен Жайық арасын ноғайлар мен «қара бөріктілер» (қарақалпақтар), осы өңір мен оған жапсарлас Сарыарқаны қазақтар жайлап, аралас-құралас отырған бауырлас үш халықтың әдебиеті бір арнадан тарады да, XV-XVI ғасырларда бұл халықтардың ара жігі соншалықты ашылған жоқ. Үш халық ішінде бәріне ортақ ру аттарының кездесуі де осы туыстық төркінінен деуге болады. Сол себепті де ауылы аралас, қойы қоралас, тілі бір, тіпті әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бір халық арасында Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет аттары бірдей таралып, қазақ, қарақалпақ, ноғайға ортақ тұлғалар болып танылған.

Қазақ, қарақалпақ және ноғай халықтары бірге өмір сүрген кез жыраулық поэзияның алтын дәуірі болғаны белгілі. Сондықтан да бөле-жаратын ештеңе жоқ екенін айта келіп, «бұл сипаттас біраз сөз үлгілеріне қазақ, қарақалпақ және ноғай т.б. халықтардың ортақ еншілігі бар мұра ретінде қарау керек» [4,85 ] – деген Қ. Өмірәлиев пікірін атап өтуге болады.

Қорыта айтқанда,үш халық құраған «ноғайлы цикліндегі» әдебиетте үшеуінің де еншісі бар, осы дәуірге тән жыраулар поэзиясы қазақ әдебиетінде кең арнамен дамыды да, ата қоныс жер үшін, атамекен ел үшін «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» қан төгіп, «ақтабан шұбырынды» заманын бастан кешкен халқымыз өлең-жыр өзегін кейінгі ұрпаққа аман-есен жеткізді.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Уәлиханов Ш. Шығармалары. 1-том. Алматы., 2010. – 276.
  2. Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті.Шығармалар жинағы. 6-том.Алматы: Қазмемкөркемәдеббас.,1964. – 455.
  3. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.) 3-кітап. Алматы., 1992. – 265.
  4. Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. Алматы: Қаз ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1976. – 85.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.