Аңдатпа
Тоталитарлық жүйенің нәтижесінде қазақ даласына көптеген ұлттар қоныстандырылды. Мақала сол жер аударылған халықтардың ішіндегі шешен ұлтының орналастырылған аймақтардағы жергілікті халықпен байланысы, шаруашылыққа араласуы туралы.
Қазақ жерінде ғасырлар бойы түрлі ұлттардың бірге тұруы тарихта болған сан алуан оқиғалармен байланысты. Қазақстанның қазіргі ерекшелігінің бірі еліміздің құрамындағы этностық көп турлілігінде. Бұл қазақстандықтарға басқа халықтармен құнды мәдени жетістіктерді алмасуға мүмкіндік беретін бүкіл қоғамның орасан зор байлығы, ортақ жетістігі екені белгілі.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Балтық жағалауы, Батые Украина, Батые Белоруссия, Бессарабиядан күштеп көшіріп-қоныстандыру қолға алынды. Erep соғысқа дейін бұл әрекет мемлекет қауіпсіздігін күшейту қажеттігімен түсіндірілсе, соғыс кезінде ұлттық-аумақтық автономиялары бар тұтас халықтар қуғын-сүргінге ұшырады. Халықтар депортацияға ұшырады. Бас кезінде олардың кейбіреулерінің немесе көпшілік бөлігінің өз Отанын сатқандығы атап өтілді, артынан аталған халықтарды тұтастай шығыс өңірлерге көшіру туралы шешім қабылданды. Қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқар және т.б. Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым өңірінен халықтар көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды. Басқаша айтқанда, олардан ұлттық мемлекеттілігі тартып алынды.
Күштеп қоныс аударылған ұлттар мен этностар Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. республикаларға бөлініп-бөлініп орналастырылды. Туған жерінен, елінен айрылған әртүрлі ұлттар қалай болғанда да келген жеріне, ортаға бейімделуге мәжбүр болды. Тек бірнеше жылдардан кейін ғана құқықтық шектеулері алынып, өз атамекендеріне оралуға мүмкіндік туды. Осы аралықта олардың этнос ретінде мәдениетіне, тіліне, салт-дәстүріне, экономикалық дамуына және ұлттық құрамының жетілулеріне қиянат келтіріліп, бірлігіне орасан зор нұқсан келді. Дегенмен, адамзаттың әділет күресі мен жарқын өмірге ұмтылысының нәтижесінде, заман ағымының әрі қарай аяқ басуы, олардың еріксіз келген орында шегерілмей, атамекендеріне оралуы немесе тұрақтап қалған жерлерінде, олардың осы елдің азаматтары ретінде қайта қалыптасуына септігін тигізді. Қазақстан жеріне күштеп қоныс аударылған ұлттар мен этностар халық шаруашылығының әр саласында ауыр да, өте қиын жұмыстарды атқарып, еңбек етті. Әртүрлі ұлт өкілдері: корей, неміс, шешен, ингуш, түрік, қалмақ, қарашай халықтарының көпшілігі т.б., ауыл шаруашылығының әртүрлі саласында, өнеркәсіп орындарында, құрылыста, мәдени-ағарту мекемелерінде еңбек етіп, алдыңғы қатардан табылды. Олардың арасынан шыққан танымал өнер қайраткерлері, ғылымға үлесін қосқан көрнекті ғалымдар, жазушылар, республиканың озат педагогтары, мәдениет, қоғам қайраткерлері де аз емес.
КСРО-ның шешімі бойынша қазақ жеріне тұрғылықты тұрғын ретінде арнайы арнайы көшірілгендер келген болатын. 1943 жылы күзде қарашайлар 11711 отбасы, оларда 45529 адам. 1944 жылы көктемде шешендер мен ингуштар 89901 отбасы 405192 адам, балқарлар 4660 отбасы 21150 адам, қалмақтар 648 отбасы 2336 адам, Қырымнан келгендер 1268 отбасы 4376 адам. 1944 жылдың күзі 1944 жылы Грузин ССРынан 6296 отбасы 28073 адам, барлығы 114484 отбасы 506656 адам. Артынан қосымша эшелондар мен қамаудан шығарылғандардың барлығы 23997 адам келді. 7976 сәби дүниеге келді [1].
1944 жылы ақпан айында бір - ақ күннің ішінде ингуштар мен шешендер Қазақстанға көшірілді. Tay халықтары тез арада жиналып, дүние-мүліктерінен тек қолға ғана ұстап кеткендерін алып жөнелген, қалған заттары өртеніп, күл болып қала берді. Грозный қаласы үлкен өртті аймаққа айналды. Жергілікті жердегі халықтың тарихы, халықтың осы аймақта бар болғанының куәларының бәрі жойылып кетті. Көше аттары мен елді мекендердің аттары өзгертілді. Ингуштар мен шешендер туралы баспаханалар мен тарихи әдебиеттерде еске түсіруге тиым салынған болатын.
КСРО-ның ішкі істер жөніндегі халық комиссары Л.Берияның жолдас И.В.Сталин, жолдас В.М.Молотовқа Солтүстік Кавказ тұрғындарының Қазақ және Қырғыз ССР-ына тұрақты мекен жайға көшіру туралы хабарламасын ұсынды. Бұл құжатта Қазақ және Қырғыз ССРына Солтүстік Кавказдан 602193 адам, олардан шешендер мен ингуштар 496490 адам, қарачай 68327, балқарлар 37406 адам. Көшірілгендердің көп бөлігі Қазақ жеріне қоныстандырылды, жалпы саны 477809 [2].
1944 жылы 7 наурыздағы KCPO Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен Шешен- ингуш АКСР-і жойылды. Барлық ауданның аттары өзгертілді. Шешен-ингуш AKCP- інің орнына Грозный облысы құрылды. Облысқа дейін барлық жергілікті халықтың 58%-ын құраған шешен мен ингуш халқы осылайша туған жерлерінен қол үзді. Грозный облысына ондаған мың орыстар мен аварлар, осетиндер, украиндар әкелінді.
Вагондардағы адамдар тиеліп болып, есігі жабылған мезетте вагон ішінде айқай-шу басталды. Ерлер дауыстап құранның сүрелерін оқып, балалар ішетін су сұрап жылап жатты. Вагондар есігі бірнеше күн жабулы күйінде тұрды. Тыныс алатын ауа өте лас болған. Адамдардың еркін тыныс алуына еш мүмкіндік болмады. Вагонның ішіндегі адамдар сыртындағылар бей хабар болған сан алуан оқиғаларға куә болды. Мысалы сәбилердің дүниеге келуі мен адамдардың көз алдарындағы өлімі. Закан бекетінде адамдар өте тығыз орналастырылған болса, Қазалы бекетіне келгенде вагон іші кеңейе бастағандай. Соңғы күш-жігерлері бойларында қалған балалар жүгіріп ойнай бастады. Вагоннан ешбір тірі адам түспегенін ескеретін болсақ, сонша адамның қайтыс болғанын байқатады. Адамдар арасында аштық, іш ауруы, қышыма аурулары көбейіп кетті. Бекеттерде тоқтаған мезгілдерде жергілікті халық тас, тезек, рельстің сынықтарын, ағаш, томарлар лақтырып өз наразылықтарын білдіріп жатты. Вагон ішіндегі адамдар бастарын далаға шығаруға қорқатын. Айқай - шу анық естіліп жататын. Олар: «Отан сатқындарына өлім!», «Қарғыс атқыр шешендер шығыңдар!», - деп шу көтеріп, кейбіреулері вагонды өртеп жібергісі де келген. Әрине бұл қылықтың бәрінің артында тұрған, халықты осындай іс-әрекетке итермелеген жергілікті басшылар болатын. Аштық пен ауру қысып тұрған соң, бұл қылықтарына қарамастан вагоннан жерге түсіп, жеуге жарамды нәрсе іздейтін. Аштық пен ауру адамдарды қатты қиналтып жіберген еді [3].
Соғыс жылдары жағдайдың болмауына байланысты көшіріліп әкелген Солтүстік Кавказдықтардың көпшілігі темір жол бекеттерінде, вагондарда тұруларына тура келді. Қарапайым гигиенеалық талаптарға сай келмейтін, сыз әрі суық бос жатқан орындарға қоныстандырылды.
Жаңа салыну керектігі - 12 750 үй, қалпына келтіріп немесе жөндейтіні 11 000 үй. Жоспар бойынша 12 750 үй болса, орындалғаны 15 3656 үй, жоспар бойынша 11 000 үй болса орындалғаны 15 307 үй [4].
Одақтың қоры уй салу үшін құрылыс материалдарын бөлді. Қолға тиген құрылыс материалдары: ағаш 13200 шаршы метр немесе бөлінген қордың 13%- і, шеге 97251 кг - 37%, әйнек 33763 шаршы метр немесе 29%, шойын 815 тонна немесе 30%. Қазақстанда құрылыс жұмыстары мен жөндеу жұмыстары үшін жергілікті жердегі қордан ағаш - 96589 шаршы метр, саман тас - Tl 474 400 дана, кірпіш тас - 9 342 900 дана, қамыс 87 275 шаршы метр, тас 5909 шаршы метр. Құрылыс материалдарын дайындау жоспардан көп орындалды.
Осындай жасалған жұмыстардың нәтижесінде арнайы жер аударылғандардың тұрмыс үйлерінің жайы темен гідегідей болды:
1945 жыл 1 қаңтар |
1946 жыл 1 маусым |
||
1 |
Тұрғын үйлерінде күрделі жөндеу |
47653 |
92639 |
жұмысын немесе ауыстыруды керек етпейтін тұрғындар мен жанұялардың саны, сонымен қатар: • Бос тұрған үйлерді меншікті |
7346 |
15915 |
|
еткендері • Сатылып алынғандары |
8446 |
24756 |
|
• Белек салынғандары |
3715 |
18906 |
|
• Совхоз үйлері, мекемелер мен құрылыстар |
28146 |
33062 |
|
2 |
Тұрақты мекен жайы жоқтар, жарамсыз үйлерде тұрып жатқандар |
64327 |
19341 |
Құрылыс материалдары жеткіліксіз болған аймақтарда, жергілікті халықтан тұрмыс үйлері сатып алдынды. Құрылыс үйлерін салуды қаржыландыру екі жолмен шешілді. Алғашқысы Сельхозбанктің үкімет шешімімен ұзақ мерзімге берілген несиесі, келесі жолы жер аударылғандардың өздерінің есебінен немесе өндірістік өнеркәсіптердің қаржыландыруы арқылы жүрді. Тұрғын үй құрылысымен қамтамасыз ету үшін қаржыландыру Қазақстан үкіметімен бекіткен 1946 жылы жоспар бойынша несие көлемі 65950 мың рубль. Сельхозбанктің қазақ жеріндегі бөлімі 5 000 рубль несие алу үшін жер аударылғандардан мынадай құжаттар талап етті: колхоз, совхоз немесе мекемеден алған несиені төлей алатындығы жөніндегі кепілдік міндеттемесі, исполкомның несие беру жөніндегі шешімі сынды анықтамалар талап етті. Екі жыл жарым уақыт ішінде тұрғын үй құрылысын салу іс- шарасы бойынша 115 млн рубль несие берілді. Аталған соммадан 77030 мың рубль ақша игерілді. Құрылыс жұмыстарының шығындары Сельхозбанк бөлген несие мен өндірістік орындар бөлген қаржы есебінен жабылды. Ол 22800 мың рубльды құрады. Сонымен екі жыл жарым уақыт ішінде құрылыс жұмыстарына кеткен қаржының есебі 121 830 мың рубльды құрады [5].
Сонымен қатар көптеген адамдар баспанасыз далада қалды. Адамдар жер төлелер қазып алып өмір сүре бастады. Кейбір жер аударылғандар алғашқы қысын қыстап шығып, жаңа орында қиыншылықтың бастапқы сатысын бастарынан кешіріп жатты. Кейін саман тастан салынған үйлер, жер үстіне пәтерлер салына бастады. Көп жағдайда олар үйлерінің іші-сыртын майлап орнатып алып жатты. Киім- кишектің болмауына байланысты, жер аударылған халық аяқ киімді жасауды үйрене бастады. Сиыр малының сирағының терісін сыпырып алып, оны кептіріп, тесіктер ойып, одан жіп өткізіп аяқтарына байлап, табанына ұлтарақтың орнына қамыс төсеп жасалған аяқ киімді екі немесе үш жыл қыс киіп тоздыратын болған. Киетін киімнің де болмауына байланысты адамдар қарапайым қаптан киім жасап алатын болған. Қолы мен басы шығып тұру үшін тесік тесілген қапты киюлеріне мұқтаж болды. Сабынның орнына жуынып, киімдерін жуу үшін құмды пайдаланатын болған.
Осындай қиын жағдайларға қарамастан жер аударылғандар ұлттық тұрмыстарының ерекшеліктерін сақтап қалуға тырысты. Шешендер мен ингуштар арасында дәстүрлі билерін билеу аптасына бір рет болса да қайталанатын болған. Кешке қарай жастар да, қарттарда жиналып бас қосып өздерінің ұлттық әндерін шырқап, баян тартып туған елі мен жеріне деген сағыныштарын жеткізетін болған. Осы мезгілде халық арасында жиі шырқалған әндер «Калинка» мен «Катюша» әндерін орыс тілінде де тамылжытып орындайтын болған [6].
1946 жылдың шілде айында Министрлер үйі, Қырғыз CCP Министрлер Кеңесінің Өнер ісі жөніндегі басқармасынан Хамидовтың KCPO ның Министрлер Кеңесінің төрағасы жолдас И.В. Сталинге жазған хатында өз ұсыныстарын білдірген. Хатта қырғыз және қазақ жерінде балқарлар, қарашайлар, ингуштар мен шешендердің көп бөлігінің тұратындығы туралы жазылған. Соған байланысты қозғалмалы театрландырылған ансамбль ұйымдастыру туралы ұсыныс жасалған. Теа-ансамбль құру үшін көп уақыттың қажет емес екендігі туралы айтылған. Жер аударылғандар үшін бұл ансамбль мәдени және тәрбиелік мәні жоғары болатындығы жазылған. Кавказ теа-ансамбліне жұмысқа 3 халық әртісі мен 6 еңбегі сіңген әртісті, басқа да көрнекі әртістерді шақыру ұсынысы айтылған. Бұл әртістердің көпшілігі Москва театр институтын тәмамдаған. Теа-ансамбль құрамындағылардың жас шамасы 20-30 жас аралығында болмақ. Теа-ансамбльдің репертуарына көрнекті орыс драматургтарының, бауырлас республикалардың, классикалық, ұлттық пьесаларын ана тіліне аударып көрсетіп, сонымен қатар концерттік бағдарламалар, ән, би, музыка, көркем сөз оқылатындығы туралы айтылды [0].
Еңбекке қабілетті көптеген шешендер алғашқы күннен-ақ өндірісте қызмет ете бастады. Көптеген жұмысшылар берілген мөлшерден көп еңбек етті. Қарағанды облысының Оскаров ауданының «Комсомольский» колхозында Х.Алдаманов, А.Юсупов, С.Батукаев, А.Яхиканов сынды азаматтар еңбектері еленіп, ақшалай және құнды сыйлықтармен марапатталды. «Октябрьский» колхозында 6 адам да марапатқа ие болды. Олар: Хамес Хамидов, Шумисат Сиданов, Трухан Одаев, Мустафа Обоев, Паша Самаев. Олар 500 ден 600 еңбек күндерін өтеген болатын. 435 адам колхоздарда марапатқа ие болған болатын. Жер аударылғандар өздерін өнерәсіпте де жақсы көрсете бастады. Жезқазғандағы марганец рудасындағы жұмыста жүрген төрт жұмысшыны мөлшерді артық орындағандары үшін аталып жатты. Олар: М.Кусова, Э.Шебиханов,К.Кулаева, К.Темирсуиновтар болатын. Осы және басқа да жер аударылғандардың орташа айлық жұмыс мөлшері 100-150 %, ал орташа еңбекақысы 756-1661 рубльды құрады.
Арнайы жер аударылғандарды жаңа мамандықтар бойынша оқыта бастады. 1947 жылы Қарағанды облысында 75 тракторшы, 7 көлік жүргізушісін дайындап шығарды. Осы жылы арнайы жер аударылған мекемелерге дайындалып, қызметке қосылса, 335 адам жаңа мамандықтың иесі болды [7].
Қазақстанға жер аударылған барлық ұлттардың басынан өткен қиыншылықтары мен ауыртпалықтары бауырмал қазақ халқының көмек көрсеткендігі жайлы жазылған естелік кітаптар аз емес. Ұлты шешен Сетамин Ахметұлы бүгінде Атырау қаласында тұрады. Сетамин Ахметұлы Атырау облысындағы «Вайнах» шешен-ингуш ұлттық-мәдени орталығының төрағасы. II дәрежелі «Достық» орденінің иегері. Шешен ұлтының жер аудару кезінде көрген қиындығын, ауру мен өлімдері жайлы ата-анасының әңгімесінен біледі. Қазақстанда дүниеге келсе де жергілікті халықпен бірге өмір сүріп, қазақ халқының тарапынан еш қыспақ пен келекені өмір бойы көрмегендігін айтып берді.
«Шешендер үшін 1944 жылды 23 ақпаны қаралы күн. Бұл кезде елімізде кеңес әскерінің күнін тойлап жатса, шешендерді таңмен ұйқысынан оятып, жер аударды. Осы жылдың қысы өте қатты суық болды. Жастарды үйінен далаға әскерлер қуып шығып, қарттарды төсектерінде жатқан күйде өлтіріп кетті. Тізеден келетін қарға омбыққан, жартылай киінген адамдарды бекетерге қарай жөнелтіп жатты. Вагонға 60-70 адамнан тиеп жолға аттандырып жіберді, темір жол бекеттеріне тоқтаған мезгілде, вагон ішінде өлгендердің мүрдесін жол бойы лақтырып тастап отырды. Жер аударылған шешендердің 80 пайызы Қазақстанға, 20 пайызы қырғыз даласына жіберілді. Түгелдей ұлтты қырып тастауға арналған саясат жергілікті халықтың бауырмалдылығы арқасында жүзеге аспай қалды. Қазір біз өстік, өндік, құдайға шүкіршілік етеміз, санымыз көбейді. «Адам жегіштер келіпті жоламаңдар!»,- деп халықты шешендерден үркітіп қойыпты, адамдардың тоңып қалғанын көрген қарттар адамгершілік танытып оларды өздеріне тартты. Кішкетай жер төлелері екі бөлмелі болса, соның бір бөлмесін босатып, қолдарынан келгенше жәрдем берді. «Олар адам жемейді екен, олар бес уақыт намаз оқиды екен»,- деген сөздер айтылып, бізге деген көзқарас өзгерді. Мүмкін біздің дініміз ортақ мұсылман болғандықтан ба, әйтеуір қолдау көрсетті. Жергілікті халықпен сіңісіп, араласып, құдандалы болып, тілімізді үйреніп алдық. Менің өмірлік жолдасым, жарымның ұлты қазақ. Ондай отбасылар саны аз емес. Шешенстанға елге оралған қариялардың арасында әлі де қазақ тілінде сайрап тұрған шешендер көп. Ол қарттар қазақтарға өте риза, қазақтар десе бүйректері бұрып тұратыны анық. Сіздің бабаларыңыз өздері аш болса да соңғы асымен бөлісіп, балаларының аузынан жырып беріп, күн кешкенін ешқашан ұмытпайды, ұрпақтарға қазақтардың бауырмалдылығы жайлы үнемі айтып отырады» [8].
Шешендер мен ингуштар басқа да жұмысшылар сияқты әр салада еңбек етті. Құрылыс жұмыстары, мал бағу, егін егу, өнеркәсіп, мұнай және металургия яғни еңбек күші керек жердің барлығында қызмет етті.
1957 жылы жер аударылған халықтардың елдеріне қайтуына, ұлттық- мемлекеттік құрылымдарының қалпына келтірілуіне байланысты KCPO Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлықтары мен KCPO үкіметінің қаулы-қарарларына қарамастан олардың негізгі бөлігі осында түпкілікті қалып қойды. Тек Кавказ түріктері, немістер мен Қырым татарларына еліне қайтуға жағдай жасалған жоқ. Бүгінде олардың бәрі Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматтары. Өмірдің осынша қиын сынағы мен қойылған шектеулерін шыдаған адамдардың ұрпағы қазір қазақ жерінде өмір сүруде. Соның нәтижесінде еліміз көп ұлтты мемлекет болды. Бүгінгі таңда еліміз егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанымызға жиырма жыл толған сәтте елімізде көп деген ұлт өкілдері ынтымақ пен бірлікте өмір сүруде.
Әдебиеттер тізімі
- Бугай Н.Ф. Проблемы репрессий и реабилитации граждан: история и историография (XX в. - начало XXI вв.). - M.: Гриф и К, 2012. - 480 с.
- Гуреаич А.Я. Теория формации и реальность истории // Вопросы философии. 1990. № 11;105-106 бет.
- М.Джургаев.,О.Джургаев «Круги ада» -Грозный 1989.- 4-17 бет
- Орымбаев А.Т. Депортация чеченского и ингушского народов в Казахстан в годы Великой Отечественной войны и их положение в послевоенные годы. Астана: Парасат Әлемі, 2006. -84 с.
- «От депортации к интеграции» Международный фонд гуманитарный помощи «НУР» Алматы 2004, 256 бет
- Ториев М. 23 ақпан жер аударылған шешендер мен ингуштар күні. Эхо Кавказа, 2011.
- Ермекбаев Ж.А. Чеченцы и ингуши в Казахстане. Алматы, 2009 -508 б.
- Экспедиция материалдарынан. Акаев Сетамин Ахметовичпен сұхбат. - Атырау, 2012, тамыз - 16.