Аңдатпа
Мақалада қазіргі заманда қолданылатын web-программалаудың турлері, бір- бірінен ерекшеліктері қарастырылған.
Қазіргі заманда web-технология барлық салаға толық енді деп айтуымызға болады, себебі ол дүниежүзі компьютерлерінің басын қосты. Web-технология көмегімен адамдар бір-бірімен электрондық пошта, электронды хабарландыру, бейне-телеконференциялар, онлайн-курстар, чат, блоктар және т.б. сұқбаттаса алады.
Web-беттер мультимедия технологиясын сүйемелдейді. Өзіне әртүрлі ақпараттарды біріктіреді: мәтін, графика, дыбыс, анимация және бейне. Қолданушыға әдемі рәсімделген, тез жүктелетін және Web-браузерде дұрыс бейнеленетін Web-беттер ұнайды.
Сапалы Web-беттерді құру оңай емес, ол үшін әдемі әрі стильді рәсімдеу үшін дизайнер дағдсы ғана емес, сонымен бірге программалауда тәжірибе қажет. Сайттағы программаның күрделілігі мен көлемі ондағы көптеген факторларға байланысты, олар: құрылым, мақсат, қажетті функциональдылық, сенімділікті қажет етуі және т.б.
Web-программалау тілі екі типті болады - клиенттік және серверлік. Клиенттік программалау тілі клиент жағында орындалады, яғни браузерде, ал серверлік серверде. Мысалы, Сіз өзіңіздің браузеріңізде сайт адресін енгізгенде, сервер сұраныс алады да, оны өңдейді, серверлік программалық код орындалады және браузерге сұранысына жауап қайтарылып, бетше ашылады. Браузерде интернет программалаудың клиенттік тілінде жазылған программалар орындалады, мысалы, форма өрісіне мәліметтерді енгізу дұрыстығын тексеру. Серверлік кодқа қарағанда, бұл программаларды Сіз жүктелген беттің бастапқы кодынан көре аласыз. Клиенттік тілдердің бір артықшылығысерверді жүктемейді. Бірақ бұл оның әлсіз жағыда болып табылады, себебі олар мәліметтерді серверге сақтай алмайды.
Web-программалаудағы ең танымал клиенттік тіл - Javascript, ол 90- жылдардың басында Netscape фирмасымен жасалған. Javascript-та жазылған скриптер, клиент жағында(қолданушының компьютерінде) сол браузерде орындалғандықтан ешқандай қосымша программа, плагиндар және т.б. қажет етпейді, скрипті беттің html-кодына қойсақ, ол кез келген браузерде жұмыс жасай береді. Javascript -қолданушының әр түрлі әрекеттерін қадағалап, оған жауап қайтаратын, веб-беттің мазмұнын оңай басқаруға мүмкіндік беретін қарапайым және ыңғайлы тіл. Бұл тілдің көмегімен HTML - да жазылған статистикалық сайт беттерін «тірілтуге» болады. HTML - бұл программалау тілі емес, ол құжаттарды әрлеу үшін құрылған. Бірақ веб-программистке HTML білмей жұмыс жасау мүмкін емес. Сонымен қатар клиент жағынан Adobe Flash и Flex от Adobe және Silverlight от Microsoft жұмыс жасайды. Сонымен, Javascript HTML-кодтарында оқиғаларды өңдейтін программалар жазуға мүмкіндік береді де, оны интерактивті бет етуге, яғни тұтынушы әрекетіне жауап беретіндей күйге келтіре алады.
Интернет программалаудың серверлік тілдері веб серверде қолданатын технологияға тәуелді. Олар сервердің программалық қамтамасыздануына тығыз әрекет етеді. Веб сервер сұранысты қабылдайды және веб - қосымшаға серверлік тілде жазылған нәтижені береді. Серверлік қосымшалар көбінесе Деректер Қорымен тығыз байланысты. Олар онда қолданушының сұранысына қарай толық ақпаратты немесе таңдалынған кейбір мәліметтерді сақтайды.
Күрделі веб- қосымшаларды жасауда Java және C# қолданылады. Java-да web-қосымшаларды сервлет технологиясы немесе JSPQava Server Page) арқылы жасауға болады, ал С#-та ASP (Active Server Pages) көмегімен. Сонымен қатар серверлік тілдер ретінде Perl, С/С++ қолданылады.
Java. Бұл интернет пен компьютерлік желімен жұмыс жасауға бағытталған программалар жазуға арнайы жасалған тіл. Java тілі арқылы сервер жағында да, клиент жағында да жұмыс жасайтын қосымшалар құруға болады. Javascript-тан айырмашылығы Java-ға html-код енгізілмейді, ол арнайы Java виртуалді машинасында басқаруымен жұмыс жасайды. Сонымен қатар, java-да java-апплеттер, html-кодта шақырылатын кішкентай автономды программалар жасалынады және оның орындалуы браузерде қамтамасызданады.
Flash. ҒІазһтехнологиясы анимацияланған суреттерді құру үшін Macromedia фирмасымен жасалынған. Бұл технология кең таралған. Ал онда салынған Actionscript тілі тек анимация салдарын құрып қана қоймай, әр түрлі программалар жазуда кең қолданыла бастады, әсіресе ойындарда. Actionscript-ғы программа flash технологиясында қолданылады, сонымен қатар қолданушы компьютерінде орындалады.
SSI-SSI - қысқартылған Server Side Include (ағылш.). Бұл тіл емес, директивтардың кішкене жиынтығы. Ең қажетті директивалардың бірі include, бетті қолданушы браузеріне жіберместен бұрын оны ерікті файл мазмұнынһіті-кодына қосады.
Perl. Perl тілі серверлік программалауға арнайы жасалынған, жаппай интернеттің дамуына дейін пайда болған ең ескі тілдердің бірі. Интернеттің таралуынан - perl сайттарға программа жазуға қолданыла бастады. РегІ-көлемді мәтіндер мен файлдарды өңдеуге арналған, интерпретацияланатын тіл болыр табылады. Ол - Practical Extraction and Report І_апдиаде(мәліметтерді практикалық ашу және басылымдарды құру) деген сөздің қысқаша жазылуы. Perl тілінің көмегімен бір немесе бірнеше файлдарды ашу, ақпараттарды өңдеу, нәтижелерін жазу әрекеттерін орындауға болады.РегІ өте тез: бастапқы кодты оқып, лезде оны кейін орындайтын төмендеңгейлі кодқа компляциялайды. Негізінен РегІ-да компляция мен орындалу бөлек қадам болып есептелмейді, себебі олар бірге орындалады. Perl қосылып, бастапқы код оқылып, оны компляциялайды, кейін жұмысты аяқтайды.
PHP. Веб программалауда ең кең таралған серверлік тіл PHP болып табылады. Ол 90-жылдардың ортасында пайда болғанымен, ол жер шары бойынша танымал веб программалау тілдерінің бірі.Онда көптеген веб-сайттар жазылған. Менің ойымша, мұндай танымалдылықтың болуы оның игеру қарапайымдылығы мен тілдің мүмкіндігінің кеңдігінде. Javascript-тағыдай, рһр кодты html-кодымен араластырып жазуға болады,тек кішкене айырмашылықпен, тек бұл код серверде беттің қолданушыға жіберуіне дейін орындалады және браузерге тек скрипттің жұмыс нәтижесі шығады. PHP тілінің қарапайымдылығы мен ыңғайлығына қарамастан ол әмбебап, оның көмегімен оңай программа жазуға, әр түрлі деректер қорымен, графикамен жұмыс және т.б. жасауға болады. JavaScript тіліне қарағанда PHP тілі қолданушының программалық жабдықтамасынан тәуелсіз, сондықтан ол әрқашан орындалады. Программа кодының HTML-кодқа енгізілуі мүмкіндік бар. PHP тілі Интернетте қолданылатын басқа тілдерден, мысалы Perl, осы мүмкіндік арқылы ерекшеленеді. PHP-коды серверде ол Web-браузерге берілмей жатып өңделеді. Нәтижесінде Web-браузер қарапайым HTML-код немесе басқа бір шешім қабылдайтын деңгейде болады. Бұл тілдің синтаксисінің басым бөлігі C, Java және Perl тілдерінен алынған. PHP тілінің бір ерекшелігі - мәліметтер базаларымен бірігуінің жоғары деңгейде болуы. Қазіргі кезде бұл тіл бірсыпыра мәліметтер базаларын сүйемелдей алады, олар: Oracle, Adabas D, Sybase, FiIePro, mSQL, Velocis, MySQL, Informix, Solid, dBase, ODBC, Unix dbm, PostgreSQL.
MySQL. MySQL-бұл программалау тілінің аты емес, сайт жасауда қолданылатын деректер қоры болып табылады. MySQL -шағын көпағынды деректер қорының сервері. MySQL үлкен жылдамдықты, тұрақты және қолдануға жеңіл болып саналады. MySQL ішкі қажеттілік үшін, яғни үлкен көлемдегі деректер қорын өңдеуде, TcX компаниясымен жасалған. Оны сайт жазуда PHP скриптімен бірге қолданады.Егер деректер қорының міндеті тек сақтау мен массив жазбаларындағы мәліметтер іздеу болса, онда жүйе құрылымы мен базаның өзі қарапайым болар еді. Оның күрделі болу себебі кез келген объект тек параметр - үлкендігімен бейнеленбейді, сонымен қатар бөліктер немесе күйлердің бір бірімен байланысы болып табылады.
Қорыта айтқанда, желіге қосылушының саны артқан сайын ақпараттық қажеттілік қоғамның жаһандық ақпараттануына әкеледі. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың негізгі міндеті қолданушыларға массивтағы жинақталған мәліметтерге қолданушылардың қарапайым әрі тез қол жеткізуіне ақпаратты сенімді және толық қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақалада web - технологиясындағы web-беттерді құру үшін қажетті программалар жазылған. Олардың артықшылығы, ерекшеліктері көрсетілген. Қазіргі ақпараттанған заманның талабы бойынша әр азамат Internet технологиясын білу қажет.
Әдебиеттер тізімі
- 1 О. Л. Голицина, Н. В. Максимов, И. И. Попов. Базы данных: Учебное пособие - М: - ФОРУМ: ИНФРА-М, 2006.-352 с.
- Б. Бөрібаев, Г. А. Мадьярова. Web-технологиялар: - Оқулық -Алматы: ЖШС-РПБК «Дәуір», 2011-360 бет
- http://stroy-svoy-sait.narod.ru/
- http://wseweb.ru/