Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Имуноферменттік анализ арқылы гепатитті анықтау

Аңдатпа

Мақалада имуноферменттік сараптама дегеніміз не және онымен жұмыс жүргізудің артықшылығы мен тиімділігі қарастырылған. Сонымен қатар ИФА әдісі арқылы гепатитті анықтау жолдары баяндалған.

КІРІСПЕ

Денсаулық - адам өмірінде басты құндылық. Erep адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндектерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей, ұзақ өмір сүрген болар. Дегенмен, бүгінгі таңдағы алаңдататын ең басты мәселе - қоршаған ортаның ластануы, осыған қоса дұрыс күтімнің, жеке бас тазалығының болуы. Осының салдарынан көп тарайтын аурудың бірі - сары ауру. Вирустық гепатиттер — бұл адам өміріне қауіпті кең таралған аурулар тобы, олар өзара бір-бірінен ажыратылады, әртүрлі вирустардың салдарынан туындайды, бірақ аталған аурудың бір ұқсастығы бар - ол бұл аурудың, ең алдымен, адамның бауырын зақымдап, оның қабынуына алып келеді. Сондықтан виустық гепатиттер «сары ауру» деген бір ғана атаумен аталады. Сары ауру эпидемиясы б.з. V ғасырда-ақ белгілі болған. Оны Гиппократ ашқан, бірақ оның қоздырушысы өткен ғасырдың ортасында ғана ашылды. Сондай-ақ қазіргі заманғы медицинада гепаттит атауы өзіндік ауруды ғана емес, сондай-ақ бүкіл ағзаны зақымдайтын патологиялық үрдісті білдіре алатынын атап айтқан жөн. Ал қазіргі таңда бұл ауруды анықтауда имуноферменттік анализ (ИФА) әдісі қолданылады [1].

НЕПЗП БӨЛІМ

Имуноферменттік сараптама - «антиген- антидене» реакциясына егізделген лабораториялық зерттеу. Бұл лабораториялық әдістің мәні - арнайы антиденелердің бар немесе жоқ екенін, олардың санын анықтауға көмектесетін биохимиялық реаккция көмегімен спецификалық антиденелерді анықтау.

Имуноферменттік сараптама бүгінгі күні лабораториялық диагностиканың ең керекті негізгісі болып табылады. Бұл сараптама адам организімінде ауру пайда болғандағы имунитетін қадағалайды. Иммундық сараптама дегеніміз бұл - ВИЧ- қоздырғышы, цитомегаловирус, гепатиттің түрлерін, герпес, токсоплазмоз, трихомониаз және басқа да инфекцияның алуан түрін табуға мүмкіндік беретін өте сезімтал, дәл, спецификалық әдіс [2].

ИФА - лабораториясында қолданылатын имуноферменттік сараптама диагностика қоюға және зерттеудәл нәтижелі болуына қызмететеді.

Зерттеудің материалы ретінде пациенттің шынтақ қан тамырынан ашқарын кезінде қан сарысуын алады. ИФА әдісі қандағы түрлі инфекциялар қоздырғыштарын табуға бағытталған. Инфекциялық қоздырғышқа қарсы адам организмі антидене шығарады, оларды әректтесу және байланыстыру (инфекция қоздырғыштың антигенімен) арқылы анықталады. Қоздырғышты енгізу кезінде адам иммундық жүйесінің нәтижесінде қанда иммуноглобулиндер (әр түрлі кластарға жататын) пайда болады. Осы имуноглобулиндер адам организмінде антиденелердің бар жоғын анықтауға көмектеседі. Кей жағдайда имуноферменттік сараптама жалған реакция көрсетуі мүмкін. Бұның себебі кейбір иммуноглобулиндер қандағы антиденені көрсетеді де, қоздырғышты көрсетпейді. Дегенмен қазіргі заманғы спецификалық тест жүйелері диагностика дәлдігін 100% көрсете алады.

Кез - келген жағдайда имуноферменттік анализ жылдамдығы, ыңғайлылығы нәтижені есептеудің автоматтандырылғанының арқасында потологиялық процесті қадағалап отыруға мүмкіндік береді. ИФА-ның басқа адістермен салыстырғандағы артықшылықтары:

  • 90%- дық жоғары көрсеткіш;
  • ИФА-ны жүргізудегі керекті ингридиенттерді сақтаудағы ұзақ мерзімдік; (жыл немесе оданда жоғары)
  • Реакцияны жүргізудің жылдамдығы, дәлдігі;
  • Зерттелетін материалдың аз мөлшері;
  • реакция жүргізудің барлық этаптарының автоматтандырылуы;
  • Диагностика құралдарының арзан бағасы;
  • Инфекцияны бастапқы кезде табу мүмкіндігі;
  • Халықтық зерттеуге жарамдылығы;
  • Инфекциялық ауруды зерттеуде ауру диагностикасын қадағалау жеңілдігі;[3]

Осы тұрғыда толығырақ білу мақсатында Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Кизатова Нұрия Төлемісқызы апаймен сұхбаттасқан болатынмын.

Сұхбат барысында: Вирустық гепатит қазіргі таңда Атырау облысы бойынша алып қарайтын болсақ, бұрынғыдан азайып келе жатыр. Бұған себеп: халыққа профилактикалық екпе шаралары жақсы жүргізіліп жатыр. Бала туғаннан кейін 12 сағат ішінді гепатит А-ға екпе салынады. Одан кейін 2-4 айында алғашқы шаралары жүргізіледі. Бала 2 жасқа келгенде арасына алты ай салып, гепатит В-ға егу жүргізіледі. Қазіргі кезде гипатит A жоқтың қасы. Тек шалдығатын адамдар егілмеген үлкен адамдар 14 жастан жоғары немесе қандайда бір себептермен егілмей қалған адамдар ауырады. 2001 жылы гепатит А-ға қарсы егу үнемі үздіксіз жүргізіліп келе жатыр.

ИФА аппаратымен жұмыс жүргізу үшін алдымен науқастың қанының сарысуын аладыда, имуноферменттік анализ арқылы анықтайды. Гепатит А-ға қарсы антиденені айырады. Мысалы, гипатиттің бар жоғын анықтау үшін, anti-HAV шпинад А-ның маркеріне қарсы дене антителаны анықтап аламыз. Anti-HAV имуноглобулин M имуноглобулин J маркері анықталады. Erep тексеріліп жатқан сарысуда имуноглобулин M анықталатын болса, сол науқаста қазір вирустық гипатит А-ның жедел түрі жүріп жатыр деп есептелінеді. Науқас сап-сары болмауыда мүмкін. Ал егер Имуноглобулин M теріс керісінше anti-HAV имуноглобулин J анықталатын болса, онда ол бұрын ауырып кетті немесе егу жұмысынан кейінгі қалыптасқан иммунитет болуы мүмкін.

Гепатит С-ның маркерінде анықтап аламыз. Оның ішінде anti-HCB имуноглобулин M анықтаймыз. Erep табылатын болса науқаста жедел түрі жүріп жатыр деген сөз. Ал егер созылмалы түрі болатын болса, anti-HAV имуноглобулин J пайда болады.

Гепатит В-ға қарсы HPS антиген ол вирустың сыртқы қабығы соның антигені анықталыды. Оған қарсы антитела HPS пайда болатын болса, ол бұрын ауырып кетті немесе анти HPS. Erep HPS антиген анықталатын болса, онда науқаста жедел түрі ме, созылмалы түрі ме анықтап айту қиын. Erep адамда ешқандай шағым жоқ болсада, HPS анықталатын болса, онда оны міндетті түрде тексеру қажет. Erep науқаста жедел түрі анықталатын болса, антиген өзі ИФА әдісі арқылы анықталмайды. Оған қарсы денені ғана анықтаймыз. Антикор имуноглбулин M анықталатын болса онда науқаста жедел түрі жүріп жатыр дегенді білдіреді. Ал егер имуноглобулин J анықталса ауырып кеткенін білдіреді.

HPI антигенінін анықтау шаралары да жүргізіледі. Ол жедел және созылмалы гепатиттерде болады. Оның антигені анықталатын болса ол адамның қаны өте лас вируста көбею прцесі жүріп жатыр дегенді білдіреді.

Гепатит дельта- анықтау шаралары да жүргізіледі. Ол яғни дельта дегеніміз, өзі жеке кездеспейді. Ол ақау бар ген гипатит В мен ауыратын адам болса, оны қосымша қанында гепатит дельта бар жоғын анықтау жұмысы жүргізіледі. Ол инфекция тудырады бірақ бір өзі ауру тудыра алмайды.

An жалпы элем бойынша кездесетін вирустық гепатиттің түрі көп. Біз анықтай алмайтын түрлері де кездеседі мысалы: титиви, F және т.с.с. Гепатитке қарсы жергілікті санитарлық - гигиеналық жағдайларды жақсартуға бағытталған шаралар жүргізілуі керек. Ең тиімді әдіс вакцинация. A,E гепатит ауыз арқылы асқазан - ішек жолы арқылы жұғады. А,С, дельта қан арқылы жұғатын гипатит болып есептеледі. Науқас адамның қанын құйып жібергеннен, инені екі рет пайдаланғаннан, қан дұрыс залалсыздандылмағанда, анадан балаға жұғу арқылы таралып жатады. ИФА мен жұмыс жүргізу келіседей этаптардан тұрады:

Инкубация

Планшетті пленкамен желімдеп термостатпен инкубация жасау керек. (ЗОминут)

Шаю әдісі

Инкубация аяқталғанда пленканы алып дезинфеккиялық ерітіндісі бар ыдысқа орналастыру керек. Шаю құрылғысының көмегімен планшет ұяшықтарын 5рет асперациямен кезектестіре отырып шаю керек және тез арада әрбір стриптің ұяшықтарын толтырып отыру керек. Шаюдың әр алдында ұяшыққа 400мкл дан кем емес сұйықтық енгізу керек. Ұяшықтарды толтыру мен босату аралықтары 30 секунттан кем болмауы керек.

Коньюгат енгізу

Планшет ұяшықтарына ЮОмкл каньюгат енгізеді. Оны енгізу үшін пластикалық ванналары және набордың құрамындағы наконечниктерді қолдану керек.

Инкубация

Планшетті желімді пленкамен жауып термостатта ЗОминут 37°С температурада инкубация жасау қажет.

Шаю әдісі

Инкубация аяқталғанда планшетті жоғарыда көрсетілгендей шаю қажет.

ТМБ енгізу

Барлық ұяшықтарға ЮОмкл ерітінді енгізу тетраметилбензидинді енгізу үшін пластикалық ванналарда және набор құрамындағы наконечниктерді қолдану керек. Планшетті жарықтан қорғалған жерде 18-25 oC температурада 25 минут ұстау керек.

Стоп - реагент енгізу

Барлық ұяшықтарға ЮОмкл стоп- реагенті ТМБ ерітіндісін енгізгендей етіп енгізу қажет.

Қорытындыны қабылдау.

Ұяшықтардағы ерітінділерді спектрофото толқындық режимде толқынның негізгі ұзындығы 450нм және салыстырмалы толқынның 620-655нм диапозонында немесе толқынның бір ұзындығы 450нм өлшеу қажет. Бұл жұмыстың қорытынды компьютер арқылы алынады.

Гепатит вирусы дүние жүзінде кең тараған инфекциялардың бірі. Бірақ та тарауы да әр жерде біркелкі емес. Сырқат көбінесе балалар арасында тарайды. Ересектер арасында көбінесес 15-29 жастағылар ауырады. ВГА-ға маусымдық тән. Көбінесе ауру - сырқаттың деңгейі күз - қыс кезінде жоғарылайды. Мектептегі балалар арасында көбінесе қыркүйек - қазан, 3-6 жастағы балаларда қараша - желтоқсан айларында, ал 3 жасқа дейінгі балалар арасында жыл басы бірен - саран оқиғалар түрінде кездеседі. ВГА жедел циклдық түрде өтетін қысқа уақытта интоксикациямен бауыр әркеттерінің бұзылу әркетімен байқалатын фекальді - оральді жолмен тарайтын вирусты инфекция. Балалар инфекциясы болып есептелінеді, ауырғандардың ішінде балалар 80%-ға жетеді. Семей аймағында сырқаттану көрсеткіші 100 мың халыққа 200-400 аралығында.Таралуы өте кең типті инфекциялық ауру. Инфекция көзі болып, әр түрлі клиникалық түрімен ауыратындар табылады.[4] Ауырған адамдардан вирус сыртқы ортаға нәжіспен бөлінеді. Инкубациялық кезеңнің аяғынан бастап сырқаттың басталуына 7-10 күн қалғанда. Вирус сарғаю кезеңінің алғашқы күндерінде 1 аптаға дейін нәжіспен сыртқа бөлінеді. Берілу механизмі 95% жағдайда фекальді - оральді.Тарау жолдары.Тұрмыстық қатынас, алиментарлық, су арқылы, 5% жағдайда парентеральді, жыныстық жол арқылы тарауы мүмкін. Ана сүтінде вирус табылмаған. Жалпы планцентадан өте алмайды. Патогенезі.ВГА-ң вирусы ас қорыту жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді. Көбеюі ащы ішектің эпителийлерінде жасушаларымен мезинтеральді лимфа түйіндерінде өтеді. Одан әрі вирус қанға түсіп, гепатоциттерге жетіп, көбейіп, инкубациялық кезеңнің аяғында вирус қайтадан қанға түседі. Қайта гепатоцитттерге енеді, жасуша ішінің метаболитикалық процестердің бұзылуына әкеліп соқтырады. Лизосомальде мембрананың өтімділігі себебінен белсенді гидролазалар сыртқа шығып, жасушаны аутолизге ұшыратып, гепатоциттердің цитолизіне және некробиозына себепкер болады. Зат алмасу процестері бұзылып, иммунологиялық процестер (өзгерістер) пайда болады. Қабынудың салдарынан цитолитикалық, мезенхимальдық қабыну холистатикалық синдром пайда болады.Клиникасы төмендегі кезеңдерге бөлінеді:1. Инкубациялық;2. Сарғаю алдындағы;3. Сарғаю;4. Реконволистенция (жазылу).Инкубациялық кезеңі 7-50 күнге дейін созылады. Орташа ұзақтығы 35 күн. Сарғаю алдындағы кезең белгілер жинағы былай реттелінеді.1. гриб тәріздес немесе катаральді (көбінесе ВГА-ға тән);2. Диспепсиялық;3. Астеновегетативті;4. Артралгиялық;5. Аралас.Сарғаю алдындағы кезең 2-3 күннен 2-3 аптаға дейін созылуға тиіс. Орташа 5-7 күн. Сырқат жедел басталады, температурасы 38-390С, әлсіздік, енжарлық, ұйқысыздық, бас айналу, тәбетінінң төмендеуі, 2-3 күні жүрек айну, құсу, кейде эпигастрий аймағында ауырсыну, жайсыздықты сезінеді. Сарғаю пайда болғаннан 2-3 күн бұрын зәрдің қою түске айналуы байқалады. Содан кейін ғана склералар сарғайып, көзге түсетін сарғаю кезеңі басталады. Сарғаю пайда бола салысымен интоксикация белгілері жойылады немесе олардың интенсивтілігі азаяды. Tepi қабатының және склераның сарғаюының жылдам арада жоғарыдайды. Бірақ та интенсивтілігі шамалы мөлшерде болады. Сарғаю кезеңнің аяғында немесе басында бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы байқалады. Зәрі одан сайын қоңырланып, нәжісі бозғылт түсті болады. Ұзақтығы 2-4 аптаға созылады [5].

Диагностикасына тоқталсақ: І.вирусологиялық; 2. Серологиялық.

Иммуноглобулин M тобына жататын антиденелер процесінің жедел екенін көрсетеді. Бұл антиденелерді ИФА әдісімен анықтайды. 3. биохимиялық реакциялар. Одар бауырдың функциясының жағдайын көрсетеді. Оларға ACT, АЛТ ферменттерінің белсенділігі зақымдануынан 2-3 аптадаған кейін және сарғаю пайда болған кезде ең жоғарғы көрсеткішке жетеді. 4. Қанның жалпы анализі. Лейкоппения, лимфацитоз, ЭТМ-ң жоғарылау байқалады. Асқынулары.Өте сирек жағдайларда өт жолдарында холециститтер, холангиттер, дискенезиялар, сонымен қатар екіншілік инфекцияның дамуы (пневмония, т.б.) мүмкін. ВГА-да жедел бауыр энцефалопатия өте сирек жағдайларда дамиды.Емі.Ауырлығына байланысты жүргізіледі. Жеңіл түрлерінде үйде емделуге болады, егер эпидемиологиялық қауіптілігі болмаса. Орташа ауыр және ауыр түрлерінде ауруханада емделуі тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сақтық шаралары үшін мы на іс-әрекетті қаперде ұстаған жөн:

  1. Медициналық мекемелерге және косметологиялық қызметке жүгінген кезде сақтау мерзімі өтпеген, герметикалық орамадағы, бір рет қолданатын медициналық және косметологиялық құралдардың қолданылуына, медициналық персоналдың міндетті түрде резеңке қолғапты пайдаланып, қолдарының залаласыздандырылуына;
  2. жеке бас гигиенасын сақтауға арналған заттарды жеке пайдаланып, оның талаптарын қатаң сақтауға;
  3. кездейсоқ жыныстық қатынастардан сақ болуға;
  4. нашақорлар арасында инелер мен шприцтерді жеке пайдалануға;
  5. Екпені уақытында салдырту.

Санитариялық ережелерді сақтамай дайындаған тағам өнімдері, сондай-ақ вирусты гепатит ауру адамдар дайындап, таратқан тағамдар да осы ауруға ұшыратады. Сары ауру адам организмін бүтіндей зақымдайды. Бірақ өзгерістер бауырда өтеді. Алғашқы үш аптада аурудың ещқандай белгілері білінбейді. Мұны жасырын инкубациялық кезең деп атайды. Зақымданған адамның асқа тәбеті нашарлайды, ішінің оң жағы және төс етегі тұсы ауырады, ішектің бұзылғандығы байқалады. Дәл осы кезеңде дәрігерге қаралу өте маңызды, дәрігер зерттеу тәсілдерінің көмегімен диагнозды дұрыс қойып, ем береді және режим диета белгілейді, асқынудың алдын алады. Инкубациялық кезеңнен соң дененің сарғаюы басталады. Алайда аурудың сарғаймайтын формасы да кездеседі, аурудың мұндай түрі айналадағы адамдарға қауіпті. Erep ауырған адам дер кезінде емделмесе, үш аптадан соң дене сарғаюлары кетіп, денсаулығы қалыптасып кетеді. Құдықтарды таза ұстау қажет. Оларға жақын жерде кәріз жүйелері, қоқыс үйінділері, мал суаттары жақын болмауы қажет. Ауыз су құдығының түбі мен қабырғасын лайдан қоқыстардан тазалап, оқтын-оқтын хлорды әк тәрісімен зарарсыздандыру керек. Әрбір нысандарда дәретханалары мен қоқыс жәшіктері болуға тиісті. Вирусты гепатит тағам өнімдері арқылы да берілетін болғандықтан асқана, кафе, азық-түлік дүкендерінде санитария ережелері ұқыпты түрде орындалуы тиіс. Жеміс пен көкөністерді қайнаған су мен жуу керек. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен мектептерде балалар санының артық болмауын және одарда тазалықтың сақталуын қадағалап отырған абзал.[6] Балалар әрдайым медициналық тексеруден өтуі тиісті. Сапалы сумен, тамақпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етулері қажет. Aypy шыққан үйлерде, мектептерде, балабақшаларда, т.б. нысандарда қорытынды дизенфекция 3% хлорлы дәрімен міндетті түрде өткізілуі қажет. 35 күн бойына ауру мен қарым-қатынаста болған адамдарға медициналық бақылау орнатылады күдікті адамдар оқшаулануға тиісті.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. - Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283Х
  2. Егоров A. M., Осипов А. П., Дзантиев Б. Б., Гаврилова Е. М. Теория и практика иммуноферментного анализа. 1991, Москва: Высшая школа
  3. М. Исамбаев, А. Сүлейменов «Медециналық анықтама» АлматыО.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. "Ғасыр-Ш", 2005 жыл.
  4. М. Исамбаев, А. Сүлейменов «Медециналық анықтама» Алматы
  5. Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы
  6. http://lreferat.kz/bioloQiva

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.