Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Зияткерлік және шығармашылық ұйымдардағы кадрларды жалдау, іріктеу және орналастыру жүйесі

Аңдатпа

Бұл мақалада зияткерлік және шығармашылық ұйымдардағы кадрларды жалдау, іріктеу және орналасу үрдісі қарастырылған. Шығармашылық ұйымдағы қызметкерді басқаруға және зияткерлік еңбек қызметкерінің құндылығына айрықша мән берілген.

КІРІСПЕ

Зияткерлік және шығармашылық ұйымдардағы қызметкерлерді басқару ерекшеліктерін айтпастан бұрын негізгі түсініктерді анықтап алу қажет. Зияткерлік және шығармашылық ұйымдары ретінде негізгі қызметі тауарлар мен қызметтер өндірісі немесе сауда емес, қандай да бір зияткерлік өнімді құру болып табылатын компанияларды түсінеміз. Бұл ғылым, мәдениет, өнер немесе БАҚ саласында қызмет ететін компаниялар.

Басқа компаниялармен салыстырғанда бұл ұйымдардағы қызметкерлерлі басқару қағидалары мен рәсімдері бірқатар ерекшеліктерге ие. Бірінші кезекте бұл ерекшелік осы және басқа компаниялардың ұйымдық құрылымының айырмашылығына негізделген.

Жұмысшылардың ұйымдық тобы ретінде шығармашылық ұжым бірқатар өзгеше белгілерге ие:

  • ұжымның барлық шығармашылығы тікелей әрбір қатысушының шығармашылық қызметінің белсенділігі мен жетістігіне тікелей тәуелді;
  • екелікті талап ететін шығармашылыққа құрылған ұжым шығармашылығының екіжақтылығы біруақытта ұжымның бірлігіне қызмет етеді;
  • шығармашылық ұжымның көшбасшылығы формальды және формальды емес көшбасшының қызметін қатар алып жүреді [1].

Зияткерлік өнімді өндіретін ұйымды басқару құрылымының сипатты ерекшеліктерінің бірі болып қызмет саласында жұмыс істейтін өндірістік, саудалық фирмалар немесе компаниялармен салыстырғанда оның төменгі иерархиясы табылады. Қызметкерлер арасында бағыныштылық байланысы өзгеруі мүмкін. Мысал ретінде бірнеше бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын келтіруге болады, мысалы бір емес бірнеше өнімдерді өндіретін баспа үйлері. Бұл жерде бір және сол адам бір баспада редактор ролінде бола отырып, бағынышты қызметкерлерге ие болуы мүмкін, ал екінші баспада жеке жарияланымның авторы болып, басқа редакторға бағынуы мүмкін. Бұл жерде осы екі редакторда өздерінің мақалаларын бір-бірінің баспасында жариялайтын болса, бағыныштылық қиылыспалы болуы мүмкін. Иерархиялығы оның дәстүрлі түсінігінде бұзылған болып саналғанымен, шығармашылық компаниялар үшін мәселе болып саналмайды.

НЕПЗІ БӨЛІМ

Газет редакциясының қызметінде қызметкерлерді басқару, жекелеп алғанда қызметкрелердің санын анықтау кадрларды іріктеу, жалдау және орналастыру, өндіріс және сол қызметкердің қызығушылығын есепке ала отырып, жұмыспен қамтамасыз ету, қызметкерлерді алға жылжыту, нәтиже бойынша еңбек үшін сыйақы жүйесі және еңбекті ынталандыру жүйесінсіз мүмкін емес.

«Прикаспийская коммуна» газеті редакциясының ұйымдық құрылымының қызметкерлері жұмысқа жалдану бойынша іріктеуден өтеді. Редакция кадрларды тарту үшін келесі артықшылықтарды анықтады: адамдарға қызметтік өсу келешегін ұсыну мүмкіндігі, негізгі құрамды сақтау және ұйымды жақсы білімді үміткерлермен бос орынды тез толтыру, кадрлардың жұмыстан кетуін төмендету.

Ұйымда қызметкерлерді жинаудың белсенді және енжар әдістері пайдаланылады.

Белсенді әдістер, әдетте еңбек нарығында жұмысшы күшіне, соның ішінде біліктілігіне сұраныс оны ұсынудан артып кеткен жағдайда пайдаланылады. Бәрінен бұрын - бұл персоналды сол орынға қарай ыңғайлау, яғни басқаша айтқанда әлеуетті қызметкері ретінде қызығушылық тудыратындармен ұйымның байланысы.

Қызметкерді жинаудың енжар әдісі еңбек нарығында жұмысшы күшін ұсыну сұраныстан артып кеткен жағдайда қолданылады. Қызметкерлерді тартудың енжар әдістерінің бірі ретінде бос орын лауазымы, білім деңгейі, үміткерлерге қойылатын талаптар, еңбекақы төлеу ережесі, бұқаралық ақпарат құралдарының ішкі және сыртқы мәліметтері туралы хабарландыру орналастыру табылады [2].

Кейін анықталған жұмыс орнында немесе лауазымда міндеттерін орындау үшін оның жарамдылығын бекіту мақсатында қызметкердің психологиялық және кәсіби сапасын білу үшін қызметкерлерді іріктеу үрдісі жүргізіледі. Қызметкерлерді іріктеу біліктілігіне, мамандығына сәйкестігі, жеке қасиеттері, қызмет сипатына, ұйым және өзінің қызығушылығына қабілеттілігін есепке ала отырып, сәйкес келетін үміткерлердің жиынтығынан жүргізіледі.

Газет редакциясына қызметкерлерді іріктеу технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:

  • алдын-ала сұхбат;
  • арыз және сауалнама бланкісін толтыру;
  • тестілеу;
  • диагностикалық сұхбат;
  • қызметтік хат бойынша ұсыныстарды тексеру;
  • дәрігерлік тексерістен өту;
  • соңғы шешімді қабылдау.

Басқаларының алдында бір үміткерге қатысты артықшылықты негізгі және нақтыланған шешімнің қабылдануы ойлап тапқан бағалау жүйесін пайдалануға көмектеседі.

Үміткерлерді іріктеу іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен немесе ұйымның резервіне қосылуымен адамды жұмысқа қабылдаумен, кей жағдайда сәйкес келетін үміткер табылмаған жағдайда барлық үміткерлерден бас тартумен аяқталады.

Лауазымы бойынша жаңа қабылданған қызметкер үшін еңбек міндеттерін орындауда оның құқығының, міндеттері мен жауапкершілігінің жиынтығын сипаттайтын дәл өкілеттілігі анықталады.

Қызметкердің құндылығы өндірістік, сауда ұйымдары мен қызмет саласы компанияларындағы сияқты анықталады. Зияткерлік еңбек қызметкері келесі ретінде қабылданады:

  • «іскерлік белсенділік орталығы», ол белгілі бір шамада адамдарды айналасына ұйымдастыра білетін және белсенді шығармашылық орта қалыптастыратын менеджердің жұмысына ұқсас жұмыстарды орындайды (яғни жан- жақтылық дәрежесі анықталады);
  • компанияда анықталған лауазымға ие және белгілі бір міндеттерді орындаушы адам;
  • шығармашылық әлеуетке және осы ұйымдағы жұмыс үшін зияткерлік мүмкіндікке ие адам;
  • компанияның қосылған құнын құратын адам;
  • инновациялық белсенділік көзі, идеяны ойлап табушы және оны орындаушы.

ҚОРЫТЫНДЫ

Осылайша, «Прикаспийская коммуна» газетінің редакциясына кадрларды таңдау үрдісін талдай отырып, келесілерді айтып кетуге болады: бірізділікке салынған кадрлық саясат, лауазымға үміткерлерді қатаң таңдау кәсіпорынның мықты ұйымдық құрылымын құрды, себебі барлық қызметкерлер ұйымның сәйкесті талаптарына ие, білікті, осы лауазымға үміткер қызметкерге барлық сипаттары тән. Бұл газет редакциясы дамуының прогрессивтілігін және табыстылығын анықтайды.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Гуревич С.М. Экономика отечественных СМИ, M., 2009. Раздел IV "Основы медиаменеджмента", глава 22 "Управление редакционным коллективом", глава 23 "Экономические основы труда журналиста"
  2. Веснин, В. Р. Управление персоналом. Теория и практика: учебник /В.Р. Веснин. - M.: TK Велби, Изд-во Проспект, 2011. - 688 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.