Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Махамбет жырларындағы ауыстыру, ал масты ру, мегзеулер

Аңдатпа

Мақалада Махамбет жырларында ауыстыру, алмастыру, мегзеу сияқты құбылтудың турлері молырақ ұшырасып, ақын жырларының құдіретті кушін, идеясының соншама тереңдігін білдіретіндігі көрсетілген. Махамбет ақын тілінің көркемдік қуатын арттыруға қызмет ететін құбылту түрлері ақын жырларында өте көп. Сонымен қатар нақты мысалдармен өрнектелген құбылтудың турлері Махамбет жырларының көркемдігін арттыратындығына көз жеткіземіз.

КІРІСПЕ

«Әдеби тілдегі ең басты құбылтулардың бірі - ауыстыру, яки метафора - сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту», - дейді ғалым З.Қабдолов [1]. Ақын Махамбеттің жырларында аталмыш метафоралардың түрлері мол кездеседі.

НЕПЗП БӨЛІМ

XIX-XX ғасыр ақындарының жырларына үңіле зерттеп қарағанда, ақын- жыраулардың ауыстыруды көп қолданғандығын байқадық, демек, ауыстыру жыраулардың ең жиі қолданатын құбылтуларының бірі екенін білдік.

Құбылтудың бұл түрі Махамбет жырларында мол кездесті. Ақын жырларынан метафоралардың тізбегін жасауға болады. Ақын жырларынан мысалдар келтірейік. Үзінділер ала отырып, төкпе метафораларының галереясын жасаймыз.

At - жігіттің майданы,

Қылыш - жанның дәрмені,
Өлім - хақтың пәрмені...

Еменнің түбі - сары бал,
Еріскен көңіл - бәрі бал...

Исатай деген ағам бар,
Ақ кіреуке жағам бар...

Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын,
Шамырқансам, шатынап сынар болатпын.

Мен - ақ сұңқардан туған құмаймын

Бір сұңқарға жұбаймын...

Түбін қазған мен - бэйтерек,
Толқуменен құлаймын.
Мен тауда ойнаған қарт марал...

Хан емессің - қасқырсың...
Хан емессің - ылаңсың,
Қара шұбар жылансың.

Xa н емессің, аярсың,
Айыр құйрық шаянсың...

Мен бір шарға ұстаған
қара балта едім,
Шабуымды таппай кетілдім,
қайрасаң тағы жетілдім...
Мен - ақ сұңқар құстың сойы едім...

Шамдансам жығар асаумын, Шамырқансам сынар болатпын. Қылыштай қиғыр алмас ем, Шарға шауып мұқалдым... [2] Махамбеттің жырларынан теріліп алынған мұншама метафоралар тізбегі - әуелі Maxaмбет жыраудың, содан соң бүкіл қазақ поэзиясының ең қымбат байлығы десе болар. Әрбіреуі саф алтындай ауыстырулар бірінен-бірі өтіп көздің жауын алады.

Ақынның өте бай метафоралары Исатай батырға арналған «Тарланым» атты толғауында әсем келтірілген. Мұндағы метафора-ауыстырулар жыраулық дүниесіндегі інжу-маржандар десе болады.

Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсам қолым жетер ме?
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным, көп болды-ау,
Саған да менің арманым.
Кермиығым, кербезім!
Керіскідей шандозым!
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым!

Хиудай базарлым!

Сонымен, ауыстыру яғни метафора ақын тілінің көркемдік қуатын арттыруға қызмет ететіндігін байқадық. Ақындар оларды жырларында кез-келген жерде қолдана бермейді. Текұтырлы, қажетті жерде жарық еткізіп, ғажап эсер туғызады.

Құбылтудың алмастыру (метонимия) және мегзеу (синекдоха) түрлері қазақ тілінің басты белгілерінің бірі. Ақын - жыраулар бұл құбылтуларды дәл метафора, теңеу, эпитет сияқты поэзияның жан-тәніндей қолданады [3].

Алмастыру мен мегзеудің табиғаттары бір-біріне жақын болғанмен, белгілі дәрежеде айырмашылықтары бар. Алмастыру белгілі бір зат не құбылысты басқа бір шектес немесе құбылыспен алмастырса, ал мегзеу белгіні бір зат не құбылыстың сэл бір бөлшегін атап, сол бүтінді көзге елестету болып табылады. Махамбет поэзиясынан құбылтудың осы екі категориясының мол кездесетінін көреміз. Мысалдар келтірейік.

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай...

Өзегі талып ет жемей...

Ep төсектен безінбей...

Жабы да н туған жаман ат

Шаба алмайды бөжектеп...

Жақсыменен дос болсаң

Айырылмас күні қос болсаң...

Xac жақсының баласы
Арада тұрып сөйлемес.
Жауым таба қылар деп.

Қас үлектен туған қатепті

Қара нар керек біздің бұл іске.

Момындардың басы дау ...

Дұшпанының қанына
Ақ алмасын суарды-ай ...

Бұл алмастырудың бәрі Махамбет жырау жырларының көркемдігі мен рухани күшін арттырған. Алмастыру Махамбет жырларында ауыстыру сияқты көп екенін көреміз.

Мегзеу (синекдоха) бөлшек арқылы бүтіннің көзге елестеуі болатыны белгілі. Махамбет шығармаларында мынадай мегзеулер бар:

Алақандай На рында

Басушы едім құлаштай.

Жәбір беріп, жала етсең,

Былғанған басым ласқа-ай...

Көрмес, келмес деп едім, Өз еркіммен бетіңді-ай...

Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде
Жер қайысқан қол едік...

Қайнаған қара бұлттай

Қарсы біткен жүрегім...

Атаңа нәлет Жәңгір хан
Көзінен тізіп жіберді-ау
Орынбор деген қалаға-ай!

Ақын жырларынан алынған бұл үзінділердегі «басым», «бетіңді», «қол едік», «жүрегім», «көзінен» деген мегзеулердің шеберлікпен қолданғандығы сондай - ешқандай түсіндірусіз -ақ адамның дене мүшелерінің бір-бір бөлшегі болса да, бүтін адам ретінде ұғылады. «Басым», бетің, жүрегім деген сөздер бір-бір жеке адамды көзге елестетсе, «қол едік», «көзінен тізіп» деген тіркестерден көп сарбаз, көп адам деген ұғымдарды түсінеміз.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе айтарымыз, Махамбет жырларында ауыстыру, алмастыру, мегзеу сияқты құбылтудың түрлері молырақ ұшырасып, ақын жырларының құдіретті күшін, идеясының соншама тереңдігін білдіреді. Сонымен қатар жырлардың көркемдігін арттырады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қабдолов 3. Сөз өнері.- Алматы: Санат, 2002.
  2. «Алқаласа әлеумет» жинақ. - Алматы: «Жазушы» баспасы, 1991.
  3. «Махамбет Өтемісұлы жырлары». Алматы: «Арыс» баспасы, 2001.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.