Аңдатпа
Бүгінде біз өзімізді жоғары деңгейде дамыған өркениетті қоғамның бақытты азаматтарымыз деп білеміз. Сонымен бірге, адамзат қоғамының дамуы барысында мемлекеттер арасындағы түсініспеушілік, бәсекелестік, аумақтық пікірталастар, үстемдік жасауға ұмтылыс секілді жағдайлар үлттық, конфессиялық жауласуға апарып соқтырып, оның соңы негізсіз қоқан-лоққыға, тіпті әскери қақтығыстарға да апарып соғып жатады.
Қазақ халқы сан ғасырлардан бері бейбітшілік сүйгіш ынтымақшылдығымен және шыдамдылығымен ерекшеленіп келе жатыр. Бөтеннің жеріне көз алартқан емеспіз және көрші мемлекеттермен жауласқан емеспіз. Керісінше, біздің жеріміздің үлан-байтақ кеңдігі мен байлығы үнемі сыртқы дұшпандарымыздың қызығушылығын тудырып отырды және халқымызды өзінің еркіндік-бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресуге мәжбүр етті.
Kipicne
Бүгінде біз өзімізді жоғары деңгейде дамыған өркениетті қоғамның бақытты азаматтарымыз деп білеміз. Сонымен бірге, адамзат қоғамының дамуы барысында мемлекеттер арасындағы түсініспеушілік, бәсекелестік, аумақтық пікірталастар, үстемдік жасауға ұмтылыс секілді жағдайлар ұлттық, конфессиялық жауласуға апарып соқтырып, оның соңы негізсіз қоқан-лоққыға, тіпті әскери қақтығыстарға да апарып соғып жатады.
Қазақ халқы сан ғасырлардан бері бейбітшілік сүйгіш ынтымақшылдығымен және шыдамдылығымен ерекшеленіп келе жатыр. Бөтеннің жеріне көз алартқан емеспіз және көрші мемлекеттермен жауласқан емеспіз. Керісінше, біздің жеріміздің ұлан-байтақ кеңдігі мен байлығы үнемі сыртқы дұшпандарымыздың қызығушылығын тудырып отырды және халқымызды өзінің еркіндік-бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресуге мәжбүр етті.
XX ғасырдың қазаққа берген үлкен сыйы - ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздік. Кеңестік бүғаудан босап, өз қолымыз өзімізге жеткен күн де туды. Тәуелсіздік біздің халқымыз үшін қасиетті ұғым. Ғасырлар бойы патшалы Ресей мен кейін оның саясатын жалғастырған кеңестік бодандық езгіде болған халық қана оның қалай келген, қаншалықты баға жетпес құндылық екенін түсіне алады. Келесі жылы сол қасиетті Тәуелсіздігімізге 30 жыл толғалы отыр. Осы уақытта Қазақстан Республикасы мол табыстарға қол жеткізе алды. Әлем кеңістігінде танылып, саяси жағынан тұрақты, әлеуметтік-экономикасы дамыған, мәдени, ғылыми, біліми руханиятымен алыс-жақын жұртшылықты мойындата білген мемлекетке айналды.
Десек те, еліміздің саяси тұрақтылығы, халқымыздың арасындағы толеранттық, даму стратегиямыздың дұрыстығы біреулердің шамына тиіп, әсіресе, шекаралас, тағдырлас, ғасырлар бойы бауырлас дос болып келе жатқан көршіміз Ресей саясаткерлері (Никонов В., Федоров В., Жириновский В.) тарапынан бүгінгі күні айтылып жатқан пікірлердің әдейі арандатушылыққа апарар арам пиғылдары емес пе деген көңілге кірбің келтіреді екен. Жоғарыда айтылғанғандар қарапайым қарабайыр адамдар емес, мемлекеттің тағдырына араласып отырған білдей партиялардың мүшелері, Дума депутаттары, ғалымдар. Ресей Федерациясының осындай деңгейдегі саясаткер тұлғалары Қазақстанның территориялық тұтастығына нұқсан келтіретіндей мәлімдеме жасаса, басқалары не демек?
Мәселен, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты, т.ғ.д., профессор В. Никонов Ресейлік бірінші каналда берген сүхбатында: «Казахстан просто не существовало, Северный Казахстан вообще не был заселен. Они существовали гораздо южнее. И собственно, территории Казахстана - это большой подарок со стороны России и Советского Союза», - деп мәлімдеме жасаган.
Ал «Единая Россия» партиясының мүшесі В. Федоровтың айтқандары бүдан да сорақы. Қазақстан Республикасының ресми органы Сыртқы істер министрлігінің қарсылық нотасын құлаққа да ілмей, аяққа таптап, В. Никоновтың мәлімдемесін құптай, әрі қолдай келе: «... Россия должна потребоватать, раз вы не признаете подарком, тогда отдайте. Потому что вы взяли не законно... Казахстан - арендованная у Советского Союза территория», - деп, отқа май құйып, бүл мәселені одан сайын өршітіп жатыр. Қазақстан билігіндегі белді тұлғаларға айтқандары тіпті ақылға сыймайды, құрмет пен сыйластықтан жүрдай қарабайыр пенденің айтқан сандырағы іспеттес.
Әрине, мүндай мәлімдемелердің саяси астарының бар екендігін де жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, Қазақстан олар пайымдағандай, кеше ғана Ресейдің «сыйға тартқан» жерлерінің негізінде құрыла салған мемлекет емес, үш мың жылдық мемлекеттік тарихы бар, оның негізін құрайтын территориясы, ұлттық этникалық құрамы қалыптасқан біртұтас организм екенін біздің ойымызша дәлелдеудің де қажеті жоқ.
Дегенмен, мақалада еліміздің маңызды стратегиялық аймағы болып табылатын Солтүстік Қазақстан жері мүлдем қоныстанбаған деген пікірге қарсы бірқатар ғылыми пайымдар келтіргенді жөн көрдік.
Материалдар мен әдістер
Қызылжар өңірі батыл да батыр, қайсар, ақын Қожабергеннің, Сегіз серінің, Құлеке мен Құлсарының, Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Мағжан, Сәбит, Ғабит, Смағұл және басқа да рухы биік дарынды да кемеңгер бабаларымыздың рухы дарыған қасиетті жер. Бұл жерде олардың арғы бабалары өмір сүрді, атамекенін көзінің қарашығындай қорғады, жаумен арпалысты. Бұл қазақтың ежелден бері қоныстанып келе жатқан ата қонысы. Сондықтан Ресейдің кейбір саясаткер, ғалымдарының «Солтүстік Қазақстан жері мүлдем қоныстанылмаған, Ресейдің Қазастанға сыйы», деген құйтұрқы мәлімдеме пікірлеріне қарсы, Н. Аристов, А. Андреев, Г. Миллер сынды белгілі орыс ғалымдарының ғылыми зерттеулеріндегі тұжырымды қорытындыларын келтіргіміз келіп отыр.
Бұған дейін жарық көрген еңбектерді саралай отырсақ, ежелгі және ортағасырлық кезеңдегі өлкедегі этникалық процестер жайлы мәліметтер жан-жақты келтірілгенімен, кейінгі ортағасырлардағы, нақтырақ айтсақ, монгол шапқыншылығынан кейінгі бүл өңірде қоныстанған және өмір сүрген қазақ халқының негізін салуға тікелей атсалысқан ру-тайпалар жайында мәліметтер бұлыңғырланып кетеді. Қазақ хандығы кезеңіндегі дәстүрлі қазақ қоғамының қалыптасуымен потестарлы көшпелі жүйе негізінде өмір сүрген бүл өңірдегі жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайы, қоғамдық-саяси құрылымы, тұрмыс- тіршілігі, мәдени дамуы, жалпы этникалық және этногенез мәселелері жайында тарихы тым жүпыны жазылған.
Солтүстік Қазақстан аймағында адамдардың ізі сонау тас ғасырынан пайда болып, энелит дәуірінде тіпті, Ботай деген атпен ғылымға белгілі мәдениеттің болғандығын белгілі археолог галым В. Зайберт дэлелдеген («Ботайская культура», «Атбасарская культура» книги-альбома «Ботай - у истоков степной цивилизации» т.б.). Ботай мәдениеті б.з.д. V-IV ғасырларда өмір сүре отырып, ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Бұл археологиялық ескерткіш Солтүстік Қазақстан жерін қоныстанған ру-тайпалардың жылқы малый қолға үйретіп, дөңгелекті арбаларды ойлап тапқан арғы ата-бабаларымыз екенін дәлелдейді [1, 54 6.].
Сақтардың және басқа тайпалардың орналасуын арнайы зерттеген қазақ ғалымдарының ішінен Ә. Марғұлан, М.Қ. Қадырбаев, К.А. Ақышев сынды археологияның майталмандары б.з.б. VII-IV ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы бірқатар тайпалар мен тайпалық топтарды былайша орналастырады: «оңтүстікте бүлар тиграхауда-сақтар, грек деректемелеріндегі массагеттер солар және дахтар (дайлар); батыста савроматтар (ежелгі аорстар), орталық және солтүстік аудандарда - исседондар, солтүстік-шығыста - аримаспылар мекендеген», - деген тұжырым жасайды [2, 86 б.].
Ғалымдардың бүл ғылыми тұжырымынан шығатын негізгі қағида қазақ халқының негізін қалаған ру-тайпалар сонау ежелгі дәуірлерден Қазақстан жерінде өмір сүріп, кейінгі арғын, үйсін, қаңлы, қыпшақ, дулатт.б. арғы ата-бабалары болып табылады. Байқап отырғанымыздай, мұндай үдерістен Қазақстанның солтүстік өңірі де ада болған жоқ. Зерттеушілердің пайымдауынша бүлардың бәрі ру-тайпалық бөлімшелер ретінде тілі жағынан туыс және мәдениеті жағынан жақын сақ және кейінгі түркітілдес тайпалардың заңды мүрагерлері, этникалық-мәдени бірегейлігін жалғастырушы қыпшақ, арғын, керей, уақ тайпалары болған.
Биылғы жылы Қазақстан Президент! Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданың 750 жылдығын біздің тарихымызға, мәдениетімізге назарын аудару түрғысынан атап өту керектігін және бүл мемекеттің Қазақ хандығының қалыптасуындағы маңызды тарихи өзектілігін ұмытпауымыз керектігін атап өткен еді. Осыған орай, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің А. Плешаков бастаған тарихшы-археолог ғалымдары Павлодар мемлекеттік университетінің «Margulan centre» орталығының Т. Смағұлов бастаған ғалымдарымен бірлесе отырып Солтүстік Қазақстанның Уәлиханов ауданындағы Береке ауылының маңындағы «Қызылоба» деген жерде Алтын Орда хандары мен ханшалары және басқа да ақсүйектері жерленген обаны зерттеуді бастады. Ғалымдардың пайымдауынша, XIV-XVI ғасырларда өмір сүрген Жошы династиясының әулетінің өкілдерінің мавзолейлері деп болжайды. Сонымен қатар, жерлеу орнынан көптеген қүнды жәдігерлер табылған. Бүл қүнды ескерткіш, солтүстік аймақтың ерте және кейінгі ортағасырлардағы тарихын толықтырып, қоғам дамуының ілгері жылжығандығын дәлелдейді.
Нәтижелер, талқылау
Монгол шапқыншылығынан кейін Сібір хандығының құрамында болып, оның этникалық құрамы негізінен көптеген қазақ ұлтының негізін құраған тайпалардан түрғанын ескере отырып, Сібір хандығының тарихы Қазақстан тарихының құрамдас бір бөлігі екендігіне еш күмән келтіруге болмайды.
Мәселен, бүл туралы талай ғылыми еңбектер жазған Орта Жүздің ру-тайпалық құрамын зерттеуші галым М.С. Мүқанов Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір жеріне алғаш керей тайпаларының қоныстануын XIII ғасырдың басындағы тарихи оқиғалармен байланыстырады [3, 200 с.].
Бұл мәселені тілге тиек еткен көбіне Ресей ғалымдары, соның ішінде жаңа кезеңнің көрнекті зерттеушілерінің бірі Н.А. Аристов Монголия жерінен Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарына арғын, найман, керей, меркіт тайпаларының жаппай қоныстануын былай сипаттайды: «...Шыңғыс хан әскерінен жеңіліс тапқаннан кейін, Моңғолияның түркітілдес тайпалары өздері тұрған жерінен жағрафиялық бағытта батысқа қарай ығыса бастады: алдында наймандар, меркіттер, соңында керейлер. Бұл жағдай аталмыш тайпалардың қырғыз-қазақ даласына таралуына ықпалын тигізді» [4, 182 с.].
Осы мәселеде ойымыз дәлелді болу үшін бірқатар орыс жылнамаларындағы деректерді салыстырмалы түрде қарауды жөн көрдік. Мәселен, XVII ғасырдың басында құрастырылған «Строгановтың сібір жылнамасы» атты деректік материал бертін жазылғанымен, өткен кезеңнің оқиғалары жайында құнды мәліметтер береді. Бұл жылнамада керейдің билеушісі Ван ханның (Тогурыл - Ибраева А.) Шыңғыс ханның қудалауынан ығысып, қазіргі Ресейдің Түмен қаласының жеріне орныққаны туралы мынадай нақты мәлімет келтіріледі: «...Шыңғыс, Ван ханның ұлы Тайбүғаны жібер, қай жерде тұрғысы келеді, сол жерде тұрақтасын. Ол Тұра өзенінің бойына келіп, қала тұрғызды, оны Чимгий деп атады, қазір ол жерде Түмен деп аталатын христиан қаласы орналасқан», - деп атап көрсетеді [5, 592 с.].
Осыған ұқсас мәліметтер 1836 жылы Сібір метрополитінің дьякы Савва Есипов құрастырған «Есиповтың Сібір жылнамасында» кездеседі. Дегенмен, аталмыш жазба деректе алдыңғысымен салыстырғанда бір ерекшелік байқадық. Онда Көшімнің «Қазақ Ордасынан» шыққандығы былай сипатталады: «...Қазақ ордасының даласынан Көшім хан көп әскерімен келді». Үзіндіден қазақтардың бүл өңірмен тек байланыс жасап қана қоймай, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірдің оңтүстіктігінде өмір сүргендігін дәлелдейді. Бұл пікірлер Ресей зерттеушілерінің еңбектерінде де ғылыми негізде пайымдалған.
Қазақ жүздерінің Ресей империясының құрамына қосылумен өлкені жан-жақты зерттеу мақсатында экспедициялар ұйымдастырылғаны белгілі. Соның бірі Сібір жеріне жасақталған академиялық экспедициясының (1733-1743 жж.) мүшесі болған атақты орыс зерттеуші Г.Ф. Миллерді (1705-1783 жж.) атап өтуге болады. Бірнеше жылға созылған экспедицияның тарихи, археологиялық, этнографиялық зерттеу жүмыстарының нәтижесінде ғалымның қаламынан 1750 жылы «Сібір тарихы» атты еңбегі жарық көрді. Бүгін сол еңбекті парақтай отырсақ, осы өңір туралы тіпті кейінгі авторлар қозғамаған мәселелер келтірілгендігіне көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан бүл еңбекті іргелі зерттеулердің қатарына жатқызамыз. Автор оны жазу барысында мұрағат деректеріндегі ресми құжаттарды пайдалана отырып, бүл өңірдің тарихына қатысты маңызды мәліметтер келтіреді. Г.Ф. Миллердің осы еңбегін кейін С.В. Бахрушин, А.И. Андреев, Э.А. Масанов сияқты зерттеуші ғалымдар оны жоғары бағалап, тіл маманы, этнограф, тарихшы деп атап өткен болатын.
Сібір тарихын зерттеген Г.Ф. Миллер осы өңірді мекендеген жергілікті халықтар туралы қүнды ақпарат келтіреді. Осы мәліметтерді зерделей келе, Батыс Сібірде ең ірі этникалық-саяси құрылымдардың бірі Орта Ертіс, Тобыл, Есіл мен Typa аумағындағы түркі тілді тайпалардың бірлестігінің болғандығын, онда керейлердің басты рөл атқарғандығын мәлімдейді. Бұл бірлестіктің қалыптасу кезеңін автор деректерге және халық аңыздарына сүйене отырып XIII ғасырға жатқызады. Автордың пікірінше, олардың бәрі Typa өзеніне қазақ даласынан келгені туралы, оның Батыс Сібір жерін иеленгені және оның Чинги-Тура немесе Чимги- Typa қаласын (Түмен қаласы) салғанын хабарлайды. Ол жерде Тайбұғаның үрпақтары сол жерді иемденіп, ал Тайбұға тұқымынан соңғы билеуші Сейтақ (Сейд- Axxteo Ибраева А.) болғанын атап өтеді [6, с. 190-191].
Осыған орай, Г. Миллер өзінің «Сібір тарихы» атты туындысында Сібірдің оңтүстік батыс және Солтүстік Қазақстан жерлерін билеген Тайбүға әулеті туралы үш бірдей мәлімет бере отырып, Тайбүғаны Қазақ Ордасының ханы Мамықтың немесе Ван ханның (Тогурыл - Ибраева А.) ұлы деп көрсетеді. Жергілікті халықтар қазіргі қазақ ұлтының құрамындағы қыпшақ, найман, арғын, керей т.б. ру-тайпалары болғаны жайында қажетті деректер келтірілген.
Ойымыз дәлелді болу үшін деректерді жеке-жеке бергенді жөн көрдік. Мәселен, бірінші мәліметте: «Есіл өзенінің Ертіске құятын саласында, көп жылдан бері Ноғай хандары тегінен шыққан бір татар князі мекендеген делінген, оның есімі Ван хан. Ол Ертіс, Тобыл өзендеріндегі аймақтарды мекендеген жергілікті халықтармен бірге, Туре татарлары осы Ван ханға бағынған. Бірде Ван ханға бағынған тайпаларының бір өкілі Чинги есімді, бас көтеріп, өзінің басшысы ол ханды өлтіріп, өзі осы жергілікті халықтарға хан атанады. Ал өлтірілген ханның кәмелетке толмаған ұлы Тайбүға қашып кұтылып, қаңғып жүріп, көптеген жерлерден пана іздейді. Күндердің күнінде Чинги Тайбұғаның мекендеген жерін біліп қойып, оны өзіне шақырып, қамқор болатына уәде беріп, өзіне қаратып алғаны айтылады. Кейін Чинги Тайбүғаға Typ өзенінің маңынан жер беріп, сол маңда қала салып, сол қаланың атын Чинги Typa (қазіргі Түмен қаласы) деп қойғаны туралы айтылады» [6, 184 с.].
Кітапта келтірілген екінші мәлімет бойынша, автор Ремезовтің жылнамасына сүйеніп былай дейді: «Есіл өзенінің Ертіске құятын саласында Oh-Com (Ван хан, Тугурыл - Ибраева А.) атты ханның билік құрғаны, мекендеген жердің атауы «Кизыль-яр» бұл жердің орталығы Қызыл-Тура қаласы болды және орталық ордасы міндетін атқарды, сонымен қатар, Oh-Com (Ван хан, Тугурыл - Ибраева А.) ханның Ертішақ есімді мұрагері болғаны айтылады. Ертіс өзенін осы Ертісшақтың есімімен байланыстырады. Ертісшаққа Түмен ханы Шыңғыс шапқыншылық жасап, Ертісшақты жеңгені көрсетіледі, кейін Есіл өзенінде Саргачиктің билегені жэне кейбір есіл татарлары өздерін саргачиктер деп атап жүргені туралы айтылады. Бұл аңызда белгілі тарихшы ғалым Мүрат Әбдіров өзінің «Хан Кучум известный неизвестный» атты еңбегінде Саргачикті «Сары-Қасқа-хан» деп көрсетеді.
Үшінші мэліметте: «Моңғол ханы Шыңғыс Бұхараны бағындырғаннан кейін Есіл, Ертіс, Тобыл, Typ өзендерінің жерлерін, Қазақ ордасы немесе Қырғыз-қайсақ ордасының ханы Мамық ханның ұлы Тайбұға сұлтанға сенім артып, осы жерлерді басқаруға бергені жэне кейін бұл аймақтарда Тайбұғаның ұрпақтары билегені туралы айтылады [6, 186 с.].
Г.Ф. Миллер бұл аңыздарды жіктеп, сараптама жасағаннан кейін үшінші аңызға келіп тоқталып, былай дейді: «Мүмкін, Oh-Com (Ван хан, Түгүрыл - Ибраева А.) жэне Ертішақ Шыңғыс хан кезінде бірі Сібірді, бірі Ертісті билеген болу керек. Шыңғыс ханның эскерін жіберіп олардың жерін басып алғаннан кейін, ол жерде қалмай билікті Тайбұғаның тізгініне қалдырып кеткен болу керек» [6, 186 с.]. Автордың бұл пікірінен шығатын қорытынды, қазіргі кезде Батыс Сібір жэне Қазақстанның солтүстік аймағында керейдің Тайбұға эулеті ертеден билік жүргізгенін байқаймыз.
Белгілі тарихшы ғалым Аманжол Күзембайұлының «Қазақ жэне Сібір хандықтарының этно-саяси байланыстары» атты мақаласында осы мэселе қатысты мынадай кызықты мэліметтер келтірілген: «Бүгінде қазақ халқының құрамындағы қалың ел керей жүрты деректерге қарағанда Сібір жеріне XIII ғасырдың алғашқы ширегінде сонау Мүңғұлия жерінен қоныс аударған сияқты. Сібір түркілерінің тарихына арнап «Тобольские губернские ведомости» газетіне мақала жазған Н. Абрамов деген зерттеуші Сібір керейлерін Ван ханның ұрпағы ретінде көрсетеді. Ібір-Сібір үлысының негізін қалаған жоғарыдағы Әбіл ханның немересі Тайбұға екендігіне дәлел жетерлік», - деп жазған [7, 13-16 бб.].
Тайбүға әулетінен кейін бүл өңірде Көшімнің билік құрғаны туралы біршама мәліметтерді ғалымдар ғылыми айналымға енгізіп отыр. Бұл кезеңде қазақ-орыс қатынастарының шиеленісе бастағандығы да байқалады. Г. Миллердің «История Сибири» еңбегінде XVI ғасырдың тарихи оқиғалары тізбектеліп, Көшім хандығын Мәскеу мемлекетінің орыс казактары арқылы жаулап алушылық жорықтар жасап, отарлау саясатын жүзеге асыру тарихы анық баяндалған.
Орта ғасырлық Орта Жүз ру-тайпаларының этникалық және этно-саяси мәселелерін зерттеуші ғалым М.С. Мұқановтың пікірінше: «Сібірдің Ресейге қосылуына себеп болған XVII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығына орай Орта Жүз қазақтарының солтүстік-шығыс және солтүстік жерлер территориялары біраз өзгеріп, Typ, Тобыл, Ом жерлерінде көшіп жүрген қазақтың керей тайпасы оңтүстік Сібірге және Солтүстік Қазақстан жерлеріне ығысуға мәжбүр болды», - деп атап көрсетеді [8, 88 с.]. Қазақтардың ата-бабалары Батыс Сібір алқабын ертеден мекендегені туралы кейбір Ресей ғалымдары да жазып жүр, соның ішінде түркітілдес халықтардың этнографиясы мен тарихын зерттеп жүрген тарихшы, ғалым Н.А. Томилов былай жазады: «...Сібірде алғашқы қазақ тайпалары қашан пайда болды? - деген сүраққа ... Ертісте қазақтар мен өзбектермен бірге келуіне себеп болған 1394- 1395 жылдардағы мүсылман әскерлерінің арасындағы діни соғыс. Әбілқайыр ханның тұсында (Көшпелі өзбек хандығы) Қазақтар сібір татарлары қоныстанған аймаққа жайғасты. Әбілқайыр Тобылда, Чимги-Турада (Түмен) өзінің бүл аймаққа билігін жүргізді...», - деген қызықты мәліметтер келтірген [9, 464 б.].
Академик М. Қозыбаевтың пікірінше, патшалы Ресейдің қазақ жерлерін отарлау саясаты XVI ғасырлардан бастау алған. Өйткені этникалық жағынан қазақ халқының негізін қалаған ру-тайпалардан құралған Батыс Сібір хандығы патшалы Ресей тарапынан XVI ғасырдың екінші жартысында жауланды. Бұл көзқарасты белгілі тарихшы ғалым, профессор Ж.Қ. Қасымбаев та өз еңбектерінде келтірген болатын. Мәселен, «XVIII ғасырлардағы Семей, Өскемен, Железинск сияқты әскери бекіністердің салынуын Ресей үкіметінің сонау XVI ғасырдан бастап қазақ жерлеріне үлкен қызығушылықпен қарауының және әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуымен байланысты терең себептерге негізделгенін...» атап көрсетеді.
Қорытынды
Түйіндей келе, аздаған зерттеуіміздің нәтижесінен шығатын қорытынды, қазақтың ру-тайпалары және олардың ата-бабалары Қазақстанның солтүстік аймағын сонау ежелден мекен етіп, кейінгілері (керей, уақ, меркіт) Батыс Сібірдің оңтүстік бөлігін кем дегенде XIII ғасырдан қоныстанғанын аңғарамыз. Мұндай құнды мәліметтер бүгінгі күнге дейін жеткен еңбектерден, деректерден алынып отыр.
Жоғарыда келтірілген мәлімдемелері арқылы Ресей саясаткерлері нені меңзеп отырғаны беймәлім. Десе де, Қазақстанның жері - біздің ата-бабамыздың ежелден қоныстанған мекені және бізге, болашақ үрпаққа табыстаған аманаты. Оның территориялық тұтастығына ешкім нұқсан келтіре алмайды!
ӘДЕБИЕТТЕР TBIMI
- Қазақ мәдениеті. - Алматы: Аруна, 2005.
- Қазақстан тарихы. Коне заманнан бүгінге дейін. - Алматы: Атамұра, 1996. - Т. 1.
- Муканов М.С. Этнический состав и расселение казахов Среднего Жуза. - Алма-Ата: Наука, 1974.
- Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. - СПб, 1897.
- Андреев А. Строгановы. Энциклопедическое издание. - M., 2000.
- Миллер Г.Ф. История Сибири. Т. 1. - M.: Восточная литература, 1999.
- Күзембайұлы A., Әбіл Е. Сібірдегі керейлер мемлекеті // Қазақ тарихы. - № 6.-2015.
- Муканов М.С. Этнический состав и расселение казахов Среднего Жуза. - Алма-Ата: Наука, 1974.
- Кабульдинов З.Е. Об автохтонном казахском населении Северного Казахстана и Западной Сибири // История борьбы за независимость в Северном Казахстане: Мат-лы междунар. науч-практ. конф. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.