Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоңышқа мeн қылтықсыз арпабас аралас шөптерімен бордақылаудағы торпақтарды азықтандыру

Аңдатпа

Еліміздің көптегён аймақтарында бұршақ-астық тұқымдас шөптерді араластыра себу кеңінен қолданылады, мұның өзі таза егістікпен салыстырғанда жоғары өнім мен протеин шытымын арттыруды қамтамасыз етеді. Ақуыздар тірі ағзалардың өміршеңдігін қүрылымдық және функционалдық негізі болып табылады. Олар осу, даму және ағзада зат алмасу процесстерінің жақсы жүруін қамтамасыз етеді. Орманды далалық аймақта жоңышқа мен қылтықсыз арпабасты араластыра себуге болады.

Тәжірибеде шөптерді араластыра өсіргенде жиі-жиі сәтсіздіктерге кездесеміз: шөптер қоспасының өнімі таза егістік өнімінен асып түспейді. ал жоңышқа мен арпабас қоспасы орманды далалық аймақта тіршілігінің бірінші жылында шөптілікте жоңышқа басым болады: екінші жылында - арпабас болмаған кеңістікте ғана жоңышқа кездеседі. Азот тыңайтқышын енгізгенде астық түқымдас компоненттің өнім артады да, жоңышқа өнімі азаяды.

Солтүстік Қазақстанда көпжылдық шөптерді таза күйінде де және қоспа ретінде де себеді. Мысалы: жоңышқа мен эспарцетті, қылтықсыз арпабасты бидайық пен қосып себсе өнімділігі 2 есе артады. Барлық өсімдіктер қоспасы жеке себкеннен өнімділігі әрқашанда жоғары болады. Әр бір гектардан өсімдіктерді қосып себкенде 5-6 ц шөп артық алынады. ең жақсы өнім беретін қосындылар мыналар: жоңышқа мен қылтықсыз арпабас қоспалары. Еліміздің көптегён аймақтарында бұршақ-астық тұқымдас шөптерді араластыра себу кеңінен қолданылады, мүның өзі таза егістікпен салыстырғанда жоғары өнім мен протеин шығымын арттыруды қамтамасыз етеді. Орманды далалық аймақта жоңышқа мен қылтықсыз арпабасты араластыра себуге болады.

Д.Н.Прянишников көрсеткендей, ақуыз проблемасы негізінен бұршақ тұқымдас өсімдіктердің есебінен шешілуге тиіс. Мәселе мынада: дәнді бұршақ дақылдары жоғары қоректілігімен бірге бір азықтық өлшемде 160-тан 250-г-ға дейін сіңімді протеин қалыптастырады. Біздің елімізде өсімдік ақуыз мәселесі (проблемасы) өте өткір тұр. Қазіргі кезеңде жануарлар үшін мал азығының бір азықтық өлшемінде 85-86 г-нан ғана сіңімді протеин бар, ал ол 105-110 г-нан кем болмауға тиіс. Протеиннің жетімсіздігі мал азығының айтарлықтай көп шығынына жетелейді және малдың өнімділігін арттыруға басты кедергілердің бірі болып табылады [1].

Ақуыздар - аминқышқылдарынан құралған жоғары молекулалы, құрамында азоты бар органикалық заттар. Ақуыздар тірі ағзалардың өміршеңдігін қүрылымдық және функционалдық негізі болып табылады. Олар осу, даму және ағзада зат алмасу процесстерінің жақсы жүруін қамтамасыз етеді. ҚР өкіметі мал шаруашылығын өсімдік ақуызы мен толық қамтамасыз ету қажеттілігін алға тартып отыр. Ол үшін асбұршақ, ноқат, майбұршақ және жоғары ақуызды басқа дақылдар егістігін барынша арттырған дұрыс.

Кезінде бірге бір азықтық өлшемде 160-тан 250-г-ға дейін сіңімді протеин қалыптастырады. Еліміздің көптегён аймақтарында бұршақ-астық тұқымдас шөптерді араластыра себу кеңінен қолданылады, мұның өзі таза егістікпен салыстырғанда жоғары өнім мен протеин шығымын арттыруды қамтамасыз етеді. Орманды далалық аймақта жоңышқа мен қылтықсыз арпабасты, далалық аймақта жоңышқа мен еркекшөпті араластыра себуге болады.

Барлық агротехникалық шаралардың ішінде аса маңыздылары: компоненттерді дұрыс таңдап алу, олардың қолайлы қатынасын анықтау, сонымен қатар тұқымның себу нормасы мен оның кеңістіктегі орналасуы болып табылады.

Тағы бір есте сақтайтын жайт: егін көгі неғұрлым жиі болса, алғашқы жылы- ақ соғұрлым көп өсімдіктер солып қалады, ал екінші жылы ересек өсімдіктер саны себу нормасына қарамай өздігінен реттеледі де өсімдіктер санындағы айырмашылық жойылады. Сондықтан қосарланған қоспа шөптерде әр құрамдастың себу нормасын таза күйіндегіге қарағанда 25-30%, ал үш шөптің қоспасында 45-50% кемітеді.

Астық тұқымдас шөптермен қаныққан табиғи және қолдан жасалған шалғындықтарда бүршақ түқымдас қүрамдастардың жойылып кету себептері саналуан: топырақтың физикалық-химиялық қасиеттері, қоректік заттар мен ылғал үшін күрес, тамыр жүйесінің бөліп шығаратын зиянды қосылыстары, көктемгі өсіп-өнуінің әркелкілігі, азот, фосфор, калийдің әр түрлі дәрежеде сіңірілуі, жапырақ аппаратының бойға су жинау сәйкессіздігі т.б. мұның бәрі сайып келгенде бүршақ-астық тұқымдас аралас шөптер өнімінің төмендеуіне әкеліп соғады.

Бүршақ түқымдас қүрамдастың үзақ уақыт сақталып, толық дамуын қамтамасыз ететін бұршақ-астық тұқымдас шөптердің төзімді қоспасын жасау үшін оларды бір қатарға бірге сеппей, керісінше жеке-жеке бір қатардан, таспадан, жолақтан кейін сепкен жөн.

Қазақстанда астық түқымдас және бүршақ түқымдас көпжылдық шөптерді, әсіресе егістік жоңышқа мен қылтықсыз арпабасты, жолақаралық егістіктерде орналастыру тиімді екендігі анықталды. Жекелей таспалы (арпабас пен жоңышқаның үш қатарлы) және жекелей жолақты (6 қатарлы) нұсқаларында бүршақ түқымдастар астық түқымдастармен түншықтырылмайды, соның нәтижесінде азықтық массаның өнімі 14-15%, ал протеиннің мөлшері 23-38% өседі.

Қазақстанның құрғақ далалық аймағында суарылмайтын жерлерде шөптерді қоспа түрінде өсіру аса тиімді емес, себебі астық түқымдас егістігінің өнімінен олардың өнімі томен болады. Мал азығындағы протеин мөлшері де көбеймейді, себебі бүршақ түқымдас шөптердің астық түқымдасқа қарағанда бәсекелестік қабілеті нашар, сондықтан шөптіліктен тез ығыстырылады.

Шөптерді араластыра өсіру ылғалы жоғары аймақтарда немесе суармалы жерлерде ғана мүмкін. Ең жақсы себу әдісі қайталанып отыратын қатарлар болып табылады: екі қатар бүршақ тұқымдастан кейін бір-екі қатар астық түқымдас орналастырылады.

Жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөптерінің химиялық құрамы, % келесі Кесте 1-де келтірілген.

Кесте І.Жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөптерінің химиялық құрамы, %

Азықтың атауы

Үлгі алған күні

Азыққа сипаттам а

Үлгі алынған орны

Химиялық құрамы, %

су

проте ин

ақуыз

май

жас ұны

Қ

аэз

күл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Жоңышқа мен қылтықсы з арпабас аралас шөптері

28 VI

Жоңышқа 16 %, қылтықс ыз арпабас 84%

Сол.Қаза қстан мал және өсімдік шаруаиіы . ҒЗИ-ы

15

13,6

 

2,4

21,2

41,0

6,8

Жоғарыдағы кесте 1-де көрінгендей, жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөптерінің химиялық құрамына тоқталсақ, онда үлгі алынған мерзімі маусым айының 28 жүлдызында, азыққа сипаттама берсек, онда жоңышқа 16 %, қылтықсыз арпабас 84 % суарылатын, үлгі алынған орны Солтүстік Қсгзақстап мал және өсімдік шаруашылыгы гылыми-зерттеу институты судың мөлшері - 15,0 пайыз болса, ал протеин мөлшері - 13,6 пайызды көрсетті. Ақуыз мөлшері - 0 пайыз болса, ал май мөлшері - 2,64пайыз болды. Жасүнық мөлшері - 21,2 пайыз болса, ал АЭЗ мөлшері - 41,0 пайыз болды. Күл мөлшері - 6,8 пайыз болғаны анықталды.

Тана-торпақтардың азықтандыру мөлшері салмақ қосуына қарай анықталады. 1 жасқа дейінгі мүйізді ірі қара мал төліне 1 кг қосымша салмақ қосуына - 6-7 а.ө., 660-840 г қорытылатын протеин керек болса, 1-2 жасында - 8-9 а.ө., 800-900 г қорытылатын протеин қажет. Етке жас малды бордақылау тиімді болып табылады [2]. Мұның мәнісі - жас мал денесінде азот (протеин) балансының оң болуынан салмақ қосымы, незізінен, бұлшық ет құрамындағы ақуыз түзілу есебінен, ал денесінде азот (протеин) балансының теңдігі сақталатын сақа мал салмақ қосымы май құрамындағы көміртек балансының есебінен жүретіндігінде, 1 кг бұлшық ет түзілуіне одан энергетикалық қуатгылығы жоғары 1 кг май түзілуінен аз энергия (азық) шығыны жүмсалатындығында. Жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөптерінің қорытылу коэффициент! келесі Кесте 2-де келтірілген.

Кесте 2 Жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөптерінің қорытылу коэффициент! %

Дақыл

Қорытылу коэффициент!

100 кг азықтың құрамында, кг

протеин

ақуыз

май

жасұнық

АЭЗ

Натхралдық ылғалда

 

кор.

протеин

кор.

ақуыз

а.өлш

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөптері

66

 

48

48

66

9.0

-

59.2

Жоғарыдағы кесте 2-де көрінгендей, жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөптерінің қорытылу коэффициентіне тоқталсақ, онда үлгі алынған мерзімі маусым айының 28 жұлдызында, азыққа сипаттама берсек, онда жоңышқа 16 %, қылтықсыз арпабас 84 % суарылатын, үлгі алынған орны үлгі алынған орны Солтүстік Қазакртаи мал және өсімдік иіаруаіиылыгы гылыми-зерттеу институты протеин мөлшері - 66 пайызды көрсетті. Ақуыз мөлшері - 0 пайыз болса, ал май мөлшері - 48 пайыз болды. Жасүнық мөлшері - 48 пайыз болса, ал АЭЗ мөлшері - 66 пайыз болды. 100 кг азықтың құрамында, кг натуралдық ылғалдықта қорытылу протеині 9,0 болса, ал қорытылу ақуыз мөлшері 0 болса, ал азықтық өлшемі 59,2 болғаны белгілі болып анықталды.

Астық дақылдарына қарағанда асбүршақта, жоңышқада, сиыржоңышқада, бұршақ дақылдарында минералды заттар, оның ішінде кальций өте көп. Өсімдіктер мал азығының минералды заттар құрамы, көбінесе, малазықтық дақылдарды өсіріп-өңдеуде топыраққа минералды заттарды (тыңайтқыш) енгізуге байланысты. Калий, фосфор т.б. заттар топыраққа енгізілген жағдайда, олардың құрамы жайылымдық шөптерде, пішен сияқты малазықтарында жоғары болатындығы көптеген тәжірибелермен анықталған.

Жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөп құрамында кальций мен фосфор мөлшері төмендегі келесі Кесте 3-де келтірілген [3].

Кесте 3 Жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөп құрамында кальций мен фосфор мелшері

Азықтың атауы

Үлгі алынған мерзімі

Азыққа сипатгама

Үлгі алынған орны

Cy %

1 кг азық қүрамында, г

кальци й

фосфор

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөбі

Шілдс

Жоңышқа 50%. қылтықсыз арпабас 50%

Солт. Қазақ. мал және ө.ш. ҒЗИ-ы

74,3

3,10

0,62

Жоғарыдағы кесте 3-де көрінгендей, азықтың атауы жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөбі, үлгі алынған мерзімі шілде айы болып есептелсе, ал азыққа сипаттама берсек, онда, жоңышқа 50 %, қылтықсыз арпабас 50 %, үлгі алынған орны Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты болып есептеліп, 1 кг азық құрамында судың мөлшері 74,3 пайыз болса, ал кальцийдің мөлшері 3,10 г болса, ал фосфордың мөлшері 0,62 г болғаны белгілі болып, анықталды.

100 кг азықтың құрамында, кг натуралық ылғалда қорытылатын протеин мөлшері - 0,6 томен болса, қорытылатын ақуыз мөлшері - 0,2 жоғары болды, ал азық өлшемі 5,6 томен деңгейде болғаны анықталды. Жазғы уақытта өндірілген еттің өзіндік құнын арзандату үшін мүйізді ірі қара мал бордақылауда құнарлылығы жоғары болумен қатар арзан бағалы жайылым отымен қатар жас жүгері паясы, беде, жоңышқа, бұршақ, сүлы, күздік қара бидай және басқа да көк азықтарды кеңінен пайдаланады. Қазақстанның солтүстік аймақтарында жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөптерін мал азығына пайдалану үшін егіп-өсіру сирек. Сол себепті «Тілеу» шаруа қожалығы тана-торпақтарын өсіру фермасында жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөптерімен азықтандыру тиімділігі бойынша ғылыми-өндірістік тәжірибе жұмысы жүргізілді. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының алға қойылған мақсаты: Жануарларды мал азықтық жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөптерімен азықтандыру тиімділігі нәтижесінде олардың өнімділігі деңгейіне әсерін мұхият зерделеп, анықтау.

Ғылыми жаңалығы; Еліміздің солтүстік өңірінде қазақтың ақ бас сиыр тұқымдарының тана-торпақтарын мал азықтық жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөптерімен азықтандырудың нәтижесінде бордақылаудағы тана-торпақтар тәулігіне 1000 г қосымша салмақ қосып, қарқынды түрде жедел бордақыланған етті тұқымдардың сойыс шығымы 56-59 % болып, 16-18-айлықтарында тірідей салмағы 420-470 кг-ға дейін деңгейге жетуі және эр 1 кг тәуліктік салмақ қосуына - 7,5-8,0 а.ө. жұмсалғаны болып табылады.

Шағын ірі қара мал өсіру тәжірибе фермасында арнайы орнатылған «Вольгар - 5» шөп ұсақтатқыш машинасы бар. Шағын ірі қара мал өсіру тәжірибе фермасында арнайы орнатылған «Вольгар - 5» шөп ұсақтатқыш машинасымен мал азықтық жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөптерін ұсақтап, ұсақталған мал азықтық жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөптерінің ұсағын басқа да бұршақ тұқымдастар пішенін, күнжара мен шрот, кебек пен ащытқылар т.б. құрама азық қоспаларымен араластырылып, даяр болған азықтың аралас қоспасымен бордақылаудағы торпақтар азықтандырылады. [4].

Оларды жоғарылату үшін тірідей салмағы 300 кг-ға жеткен бүқашықтарды қысқа - 4 айлық мерзімде - қарқынды жедел бордақылап, 16-18 айлықтарында тірідей салмағы 400-420 кг-ға жеткенше орташа тәуліктік салмақ қосуы 1000 г- нан асатындай етіп жалпы қоректілігі - 7,5-8,0 а.ө., қорыт. протеині- 650-750 г, ас тұзы - 40 г, кальцийі - 43 г, фосфоры - 23 г, каротині - 60 мг құнарлы мәзір азықтарымен азықтандырады [5]. Жергілікті жердің табиғи өзгешіліктеріне мен азықтық ерекшеліктеріне әбден бейімделген. Жазда ыстыққа, қыста аязға өте төзімді.

Қыс мерзімінде мал азықтық жоңышқа мен қылтықсыз арпабас аралас шөптерінің ұнын басқа да қүрама азық қоспаларымен араластырылғаннан кейін, даяр болған азық қоспасымен азықтандыру [6] нәтижесінде жергілікті жердің табиғи өзгешеліктері мен ерекшеліктеріне әбден бейімделген, бір рет өндірістік (циклде) айналымда, табиғи жайылымда тез арада жетіліп, бүлшық ет талшықтарының арасына май жинап, өте дәмді ет беріп, бордақылаудағы торпақтар тәулігіне 800-1000 г қосымша салмақ қосып эр 1 кг салмақ қосуға - 7,5- 8,0 а.ө. шығындалып, қарқынды түрде жедел бордақыланған етті тұқымдардың сойыс шығымы 63-65 % болып, жас мүйізді ірі қара мал 130-150 күнде тірідей салмағын - 50-60 % арттырып, 16-18-айлықтарында тірідей салмағы 420-470 кг-ға дейін деңгейге жетуі қазақтың ақ бас тұқымының етін өткізуден «Тілеу» шаруа қожалығы сол кездегі ақшамен мол табысқа кенелуі болып табылады.

 

Әдебиет:

  1. Бақтыбаев М.С. Мал азықтық піөптерді өңдеу және мал шаруашылығы үшін жоғары сапалы азық // «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы» - Оқу қүралы - Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ. 2010.-149 б.
  2. Қ.Ш.Нұрғазы Ipi қара шаруашылығы//Мал шаруашылығы Оқулық - Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2012.
  3. Можаев Н.И., Әрінов Қ.К., Нұрғалиев А.Н., Можаев А.Н.Аралас шөптер себу // Өсімдік шаруашылығы ( Оқулық) Ақмола.« Жаңа Арқа », 1993 ж, - 360 бет.
  4. М.С. Бақтыбаев Ipi қараны азықтандыру // ДӘРІСТЕР КУРСЫ «Мал шаруашылығының негіздері» Оқу - әдістемелік қүралы. - Петропавл: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ. 2009. - 140 б.
  5. М.С. Бақтыбаев Ауылшаруашылық малдарды қалыпты азықтандырудың негізі // Мал шаруашылығының негіздері: Оқу - әдістемелік құралы. - Петропавл: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2012.-100 б.
  6. Н.Омартқожаұлы С. Әбдірахманов Малды азықтандыру және суару//Мал азықтандыруды ұйымдастыру және бақылау: Оқу құралы. - Алматы:»Бастау», 2016.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.