Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жайық өзені суларының ластануы

Аңдатпа

Бұл мақалада Жайық өзенінің жоғарғы және төменгі ағысында кездесетін негізгі ластаушы көздер және олардың әсерінен өзеннің соңғы жылдардағы ластану жағдайы сипатталады. Cy қоймаларына ластаушы заттардың шоғырлануын анықтау арқылы аумақтағы атмосфералық жауын-шашынның ластану күйіне де баға беріледі.

Жайық өзені - Атырауға келетін негізгі су көзі және ауыз сумен, өнеркәсіпті және шаруашылықты сумен қамтамасыз ететін негізгі қайнар көзі.

Халқымыз әсіресе су көздерін қорғауға өте-мөте мән берген. Сондықтан халықтың санитарлық-гигиеналық жағдайы үшін, үлкен балық қорының сақталуы үшін бүл су көзінің үлкен маңызы бар.

Жайық өзенін ластаушы негізгі көздер оның жоғарғы және төменгі ағысында кездеседі. Олар - Магнитогорск металлургия комбинаты, Орск өнеркәсіп торабы (мүнай химиясы, түсті металл өндіру, машина жасау), Орск- Халиловск металлургия комбинаты (Новотроицк қаласы), Жайық өзенінің негізгі саласы - Сакмарадағы Медногорск қаласында мыс өндіру, Орынбор облысының ірі қалаларындағы тұрмыстық қалдықтар.

Ақтөбедегі хром қосылыстары зауыты, Ақтөбе облысының Алға қаласындағы химия комбинаты. Батыс Қазақстан жэне Атырау облысы аумагында Жайық өзеніне қүйылатын ағынсулар жоқ.

Бірақ Батыс Қазақстан облысы, Орынбор жэне Ақтөбе облыстарымен қатар ауылшаруашылық өнімдері қалдықтарымен ластайтын көз болып отыр.

Өте жай ағыста жэне жоғары температурада биогендік элементтердің (фосфор мен азоттың суда ерігіш қосылыстары) көп мөлшерде болуы "гүлдену" деп аталатын құбылысқа экеледі, яғни өзеннің төменгі ағысы эвтрофикацияға үшырайды.

"Гүлдену" кезінде клетка саны мөлшерден тыс 30-100 есе үлкейе алады. Cy балдырлары өлгеннен кейін уланған заттар бөліп шығарады.

Топырақ жамылғысын техногендік бүлдіруге, үңғымалардың апаттық атқылауы жэне мүнай-газ құбырларының ақаулануы, мүнай кэсіпшіліктерінің қашыртқы суларын жэне химреагенттерін ағызып жіберуіне байланысты. Сонымен қатар, өлген клеткалардың қышқылдануына суда еріген барлық оттегі жүмсалады.

Бүл балықтарға оттегі жетіспеушілігіне жэне балықтардың қырылуына экеледі. Оттегі жетіспейтін зонаның (гипоксия) дамуы күкіртсутектің түзілуіне, сөйтіп бүкіл гидробионттардың күкіртсутегімен улануына экеліп соқтырады.

Көп жылғы мэліметтерге сүйенсек, теңізге жақындаған сайын, Жайық өзеніндегі, Елек өзені құйылымынан төмен (Қазақстан мен Ресей шекарасы) судағы ластаушы заттар шоғырлануының азаятынын көреміз.

Ауыр металдар су түбіне шөгеді немесе судағы органикалық заттармен қосылады. Атырау қаласы аумагында оның шоғырлануы негізінен белгіленген мөлшерден (ШРШ) аспайды. Өзенде ағыс арқылы мүнай қалдықтары мен фенолдардан өзін-өзі тазарту үдерісі жүреді [1].

Қазақстан мен Ресейдің шекарасына қарағанда, Жайық өзенінің төменгі ағысында оның шоғырлануы едэуір аз. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында пестицидтерді қолдану азайтылып келеді.

Осының эсерінен Жайыққа пестицидтердің түсуі азайып отыр. Бірақ Жайықтың төменгі ағыстарында өзін-өзі тазалауына қарамастан, ластаушы заттар үнемі кездеседі.

Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігі аумағындағы беткі сулардың 2015 жылы 4 тоқсанындағы жэне 12 ай ішіндегі гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша сапасы.

Судың гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша сапасының негізгі белгілері - балықшаруашылығының су қоймаларына, шаруашылық - ауызсу жэне коммуналдық - тұрмыстық су пайдалануға - арналған ластаушы заттар (ІІТРІІІ) шоғырлану рауалы шегі (1 Кесте).

Құрлық сулардың ластану деңгейі су ластануының кешенді индексі (СЛИ) шамасы бойынша бағаланады, бүл су сапасы өзгеру барысын салыстырып, айқындау үшін пайдаланынады (2 Кесте).

Кесте 1 Жер үсті суларының ластануы, заттардың ШРШ

Аттары

Балық шаруашылығының су қоймаларын пайдалану үшін ПІРШ, мг/л

Шаруашылық - ауыз су және коммуналдық - тұрмыстық су пайдалану үшін ШРШ , мг/л

Қауіптік класы

Хром (3+)

0,005

0,6

3

Хром (6+)

1,02

0,03

3

Темір (жалпы.)

0,5

3

Мырыш (2+)

0,01

1,0

3

Сынап

0,0001

0,0007

1

Кадмий

0,004

0,002

2

Мышьяк

0,05

0,06

2

Бор (3+)

0,012

0,5

2

Мыс (2+)

0,001

2,0

3

обқ5

3 мг Ог/л

3 мг СҺ/л

 

Фенол

0,001

0,001

4

Мұнай өнімдарі

2,05

0,9

4

Фторидтер

0,05 (жиынтық мәнінен жоғары емес 0,75)

1,5

2

Нитриттер

0,08 (0,02 noN)

5,3

2

Нитраттар

40,0 (9,1 no N)

45,0

3

Түзды аммоний

1,5

   

Кесте 2 Судың ластану индекс шамасы бойынша жер үсті суларының сапалық белгілері

Cana класы

Судың сапасына сипаттама

CЛИ шамасы

1

Өте таза

<0,3

2

Таза

0,3 - 1,0

3

Бірқалыпты ластанған

1,0-2,5

4

Ластанған

2,5-4

5

Лас

4-6

6

Өте лас

6-10

7

Қауіпті лас

> 10

Жайық өзені суының сапасы 3 класс «бірқалыпты ластанған» CЛИ- 1,05 болды, Шаған өзені суы 2 класқа (СЛИ - 1,1) сай келді.

Жер үсті суларының сапасына Каспий маңы аймағындағы Жайық, Деркүл, Шаған, Кіші және Үлкен Өзен, Елек өзендеріне бақылау жүргізілген.

Жайық, Шаған, Деркүл және Елек өзендерінің жыл бойы су сапасы 3 класқа, яғни «бірқалыпты ластанған», СЛИ 1,05-1, L

ШРШ-нің фенол бойынша көтерілуі Деркүл және Елек өзендерінде байқалды (ШРШ- 1,15 дейін).

Кіші және Үлкен Өзен өзендерінің су сапасы да 3-класқа -«бірқалыпты ластанған», СЛИ 1, 55 - 2, 0 ШРШ өсуі фенол бойынша байқалды (ШРШ 2,5 дейін).

Ақтөбе облысының Елек өзені суы «лас» су көзі болып саналады. Бор 17,7 ПІРШ және алты валентті хром - 8,3 ШРШ құрды, CЛИ - 4,38 ( 5 класс - «лас») [2].

2014 ж. салыстырғанда Жайық, Шаған, Деркүл, Кіші және Үлкен Өзен өзендерінің су сапасы өзгермеген. Елек өзені үшін су сапасы бір класқа өзгеріп нашарлаған. Төменгі ағысындаЕлек өзенінің су сапасы жақсара түседі.

Атмосфералық жауын-шашынның ластану күйін бағалау үшін шаруашылық - ауызсу және коммуналдық-тұрмыстық су пайдаланатын су қоймаларына ластаушы заттардың шоғырлану рауалы шегінің мәндері пайдаланылды (3 Кесте).

Кесте 3 Атмосфералық жауын-шашынның ластануы, заттардың ШРШ

Аттары

Шаруашылық - ауызсу жэне коммуналдық - тұрмыстық су пайдалану үшін ШРШ, мг/л

Қауіптік класы

Сульф аттар

500

4

Аммоний азоты

5,0

 

Нитриттер

45,0

2

Хлоридтер

300

4

Г идрокарбонаттар

   

Магний

50

 

Натрий

200

2

Кальций

200

 

Калий

300

 

Мыс (2+)

1,0

3

Кадмий

0,001

2

Мышьяк

0,05

2

Қорғасын

0,03

 

Аниондар.

2015 ж 9 ай үшін атмосфералық жауын-шашында сульфаттың концентрациясы рауалы шегінің нормасында қалды. Атмосфералық жауын- шашында сульфат концентрациясының ең жоғары мәні Атырау метеостансасында Атырау облысында - 299, 22 мг/л белгіленді. Атмосфералық жауын-шашында сульфат концентрациясының ең төменгі мәні Батыс Қазақстан облысында Орал МС-да-15, 56 мг/л тіркелді.

Атмосфералық жауын-шашындағы хлоридтердің айлық орташа концентрациясы шекті нормада қалды. Хлоридтің ең жоғары мәні Атырау MC - 195,06 мг/л болды. Хлоридтің ең томен мәні Ақтөбе облысының Новороссийск MC - 10,67 мг/л байқалды.

Атмосфералық жауын-шашындағы нитраттың айлық орташа концентрациясы шекті нормада қалды. Нитрат концентрациясының ең жоғары мәні Атырау метеостансасында - 3,36 мг/л тіркелді. Нитрат концентрациясының ең төменгі мән Атырау облысында Пешной MC-0,16 мг/л.

Гидрокарбонаттың атмосфералық жауын-шашындағы айлық орташа концентрациясы шекті нормада қалды. Гидрокарбонаттың ең жоғары мәні Маңғыстау облысының Форт-Шевченко МС-78,4 мг/л тіркелді. Гидрокарбонаттың ең төменгі мәні Новороссийск MC - 20,22 мг/л болды.

Капшоидар.

Атмосфералық жауын-шашындағы аммонийдің 2015 ж 9 ай ішінде фондық концентрациясы шекті нормада қалды. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі аумағындағы атмосфералық жауын-шашында аммонии концентрациясының ең жоғары мәні Атырау метеостансасында - 3,71 мг/л байқалды.

Атмосфералық жауын-шашындағы аммоний концентрациясының ең төменгі мәні Маңғыстау облысының Форт-Шевченко MC - 0,55 мг/л тіркелді.

Атмосфералық жауын-шашындағы натрийдің айлық орташа концентрациясы шекті нормада қалды. Натрий концентрациясының ең жоғары мәні Атырау метеостансасында - 82,72 мг/л тіркелді.

Атмосфералық жауын-шашында натрий концентрациясының ең төменгі мәні Батыс Қазақстан облысында Орал МС-да - 4,86 мг/л болды.

Атмосфералық жауын-шашындағы калийдің айлық орташа концентрациясы шекті нормада қалды.

Калий концентрациясының ең жоғары мәні Атырау метеостансасында - 8,109 мг/л тіркелді.

Атмосфералық жауын-шашында калий концентрациясының ең төменгі мәні Орал МС-2,31 мг/л болды.

Атмосфералық жауын-шашындағы магнийдің айлық орташа концентрациясы шекті нормада қалды. Магний концентрациясының ең жоғары мәні Атырау метеостансасында - 32,42 мг/л тіркелді.

Атмосфералық жауын-шашында магний концентрациясының ең төменгі мәні Батыс Қазақстан облысында Орал МС-да - 3,47 мг/л болды.

Атмосфералық жауын-шашындағы кальцийдің айлық орташа концентрациясы шекті нормада қалды. Кальций концентрациясының атмосфералық жауын-шашындағы ең жоғары мәні Атырау MC - 82,49 мг/л тіркелді.

Атмосфералық жауын-шашында кальций концентрациясының ең төменгі мәні Орал МС-да - 6,8 мг/л болды.

Иондар жиынтыгы.

2015 ж 9 ай үшін атмосфералық жауын-шашында иондар жиынтыгы рауалы шегінің нормасында қалды.

Иондар жиынтығының атмосфералық жауын-шашындағы ең жоғары мәні Атырау MC - 671,27 мг/л тіркелді.

Ауыр металдар.

2015 ж 9 ай үшін атмосфералық жауын-шашында қорғасынның фондық концентрациясы рауалы шегінің нормасында қалды. Атмосфералық жауын- шашында қорғасын концентрациясының ең жоғары мәні Атырау метеостансасында Атырау облысында - 12,3 мкг/л белгіленді.

Атмосфералық жауын-шашындағы мыстың айлық орташа фондық концентрациясы шекті нормада қалды. Мыстың концентрациясының ең жоғары мәні Форт-Шевченко MC - 38,5 мкг/л тіркелді.

Атмосфералық жауын-шашындағы мышьяктың айлық орташа фондық концентрациясы шекті нормада қалды.

Атмосфералық жауын-шашында кадмийдің түсуі байқалған жоқ.

Меншікті электр өткізгіштігі.

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі аумағында атмосфералық жауын- шашынның меншікті электр өткізгіштігі 114,3 мкСим/см-ден 1264,83 мкСим/см дейінгі аралықта өзгеріп тұрады. Электр өткізгіштігінің ең үлкен мәні Атырау МС-1264,8 мксм/см болып байқалды.

Атмосфералық жауын-шашын қышқылдылығының айлық орташа шамасы тұрақты болды. Қышқылдық шамасының өзгеру диапазоны 6,67-7,17 болды [2].

Уақыт өткен сайын Жайық өзенінің табиғи суының күйі төмендеп, оның мұнай өнімдері, фенол, мыс, марганец, хром, мырышпен ластанғанын, әсіресе агынмен Каспий теңізінің ластануы ұлғайды. Мысалы, Каспий теңізінің тасуы ластану дәрежесін ұлғайтады.

Каспий теңізіндегі экожүйе аса қиын жағдайда және жаға зонасында суда жүзетін құстар, итбалық және бекіре, басқа да балықтардың қырылуы табиғаттың ластану масштабының өсуінен болып отыр. Антропогенді факторлардың эсер етуінен қазіргі кезде Жайық өзені алабында су шаруашылық қызметі қызу жағдай жасауда.

 

Әдебпет:

  1. 1. Нургалиева Г.Ж. Атырау облысы ландшафттарының қазіргі замандық табиғат пайдалану жағдайындағы антропогендік түр өзгертуі: дисс. - Алматы, 2008. - 856.
  2. 2. Годовой отчет по комплексному регулированию использования и охране водных ресурсов Жайык-Каспийского бассейна за 2015 год. - Атырау, 2015.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.