Андатпа
Бұл макалада қазақша күреспен айналысатын спортшылардыц жаттыгу үрдісіне қосымша жаттығулар енгізу арқылы олардың дене дайындығының деңгейін арттыру мәселесі қарастырылған. Спортшылардыц дене дайындығын дұрыс қалыптастыруға және жетілдіруге арналған арнайы жаттыгулардың тиімділігі анықталды.
Қазақ халқының ұлттық спорты - халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы. Үлттық спорттық өнеріміздің ішіндегі күрделі түрлерінің бірі қазақша күрес болып саналады. Мұнда жан- жақты дайындығы мол, күшті, төзімді, қайратты, епті палуан болмай жеңіске жету мүмкүн емес. Сондықтан да палуанның жан-жақты дайындығы - оның тактикалық, техникалық, физикалық және психологиялық дайындықтарының жиынтығынан тұрады [ 1 ].
Қазақтың ұлттық спорты 1920-1930 жылдар аралығында қазіргі заманға сай бір жүйеге келтіріліп, олардың түрлері бойынша арнайы спорт жарыстары өткізіле бастады. Оған жергілікті жерлердегі ауыл, аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылған үйірмелер мен секциялар негіз болды [2]. Осы спорт түрімен айналысатын палуандардың табиғи күшін әрі қарай дамыту үшін әрдайым дене дайындығын жетілдіру керек. Ол үшін арнайы жаттығулар жүйесі мен әдістері белгіленеді. Осы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу барысында қазақ күресімен айналысушылардың дене дайындығын жетілдіру мәселесі қарастырылды. Қазақша күреспен айналысатын спортшылардың жаттығу үрдісіне қосымша арнайы жаттығулар кешенін енгізу арқылы олардың дене дайындығының деңгейі анықталды [3].
Ғылыми-зерттеу жұмыстары Петропавл қаласындағы «Күрестен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілді. Зерттеуге қатысушы жас өспірім балалар 2 топқа бөлінді: 5 бала бақылау тобын, 5 - эксперимент тобын құрды. Бақылау тобындағы спортшы балалардың дене дайындығы дәстүрлі әдіспен ғана жүргізіліп, эксперимент тобындағы балалардың дене дайындығын жеделдету мақсатымен дәстүрлі әдістерге қосымша арнайы жаттығулар кешені қолданылды. Бүл кешен келесі жаттығулардан құрылды:
- 30 кг зіл темірді кеудеге көтеру;
- Секіртпеден секіру;
- Екі аяқты алға созып-көтеріп аспаға тартылу.
Бақылау және эксперимент тобындағы спортшылардың дене дайындықтарының деңгейін салыстыру мақсатымен келесі сынамалар (тестілер) қолданылды:
- Ойлы-қырлы жерлермен 3 шақырым қашықтыққа жүгіру (кросс) - уақытқа (мин);
- Аспада тартылу (саны);
- Қолмен жерден көтерілу (мин/саны);
- Денені жерден көтеру (30 секунд ішінде).
- Күрес сайысы - бақылау және эксперимент тобындағы спортшылардың арасында өткізілді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жұргізу барысында бақылау және эксперимент тобындағы спортшылардың дене дайындықтарының деңгейі эксперименттің бастапқы және аяқталу кезеңдерінде анықталып, салыстырмалы сипаттама берілді. Бұл сынамасының нәтижесі 1 Суретте бейнеленген.
«Ойлы-қырлы жерлермен 3 шақырым қашықтыққа жүгіру (кросс)» сынамасы күресшілердің дене дайындығының жылдамдық сапасын тексеру мақсатымен қолданылды.
Бақылау және эксперимент топтарындағы күресшілердің «аспада тартылу» сынамасының нәтижесі 2 Суретте бейнеленген.
«Аспада тартылу» сынамасының нәтижесінде бақылау тобындағы күресшілердің көрсеткіші эксперименттің соңында 40%-ға, ал эксперимет тобындағылардың көрсеткіші 47%-ға артқандығын байқалады. Сонымен бұл сынамада эксперимент тобындағы күресшілердің нәтижесі бақылау тобымен салыстырғанда 7%-ға артық болып шықгы.
Күреспен айналысатын спортшылардың дене дайындығын бағалауда «Қолмен жерден көтерілу (мин/саны)» сынамасының маңызы өте зор. Бақылау және эксперимент топтарындағы күресшілердің «Қолмен жерден көтерілу (мин/саны)» сынамасының нәтижесі 3 Суретте бейнеленген.
Суретте «қолмен жерден көтерілу (мин/саны)» сынамасының нәтижесінде бақылау тобындағы күресшілердің көрсеткіші 18%-ға, ал эксперимет тобындағылардың көрсеткіші 33%-ға артқандығы көрінеді. Осы сынаманың нәтижелері бойынша екі топтың күресшілерінде де оң динамика байқалады. Дегенмен эксперимент тобындағы күресшілерінің нәтижесі бақылау тобыннан 15%-ға жоғары болып шықты.
Қазақша күреспен айналысатындардың дене дайындығын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі - денені жерден көтеру саны. Бақылау және эксперимент топтарындағы күресшілердің «денені жерден көтеру 30 (сек ішінде)» сынамасының нәтижелерін 4 Суреттен көруге болады.
Қазақша күреспен айналысатын спортшылардың
дене дайындығының сипаттамасы
«Денені жерден көтеру (30 сек ішінде)» сынамасының нәтижесінде бақылау тобындағы күресшілердің көрсеткіші 13%-ға, ал эксперимет тобындағылардың көрсеткіші 26%-ға артты, яғни, экмперимент тобындағылардың көрсеткіші бақылау тобындағылардың көрсеткішінен екі есе жоғары болып шықты.
Күресшілердің дене дайындығын салыстыру мақсатымен екі топтың арасында эксперименттің бастапқы және аяқталу кезеңдерінде күрес сайысы өткізілді. Экперименттің бастапқы кезіндегі екі топтың арасындағы күрес сайысының нәтижесі 1 Кестеде көрсетілген.
Экпериметгің бастапқы кезіндегі сайыста бақылау тобындағы күресшілер басымдық көрсетті, яғни, 5 кездесудің үшеуінде осы топ күресшілері жеңіске жетті. Бұл топтың осы сайыстағы жеңісі 60%-ды құрады.
B |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
I |
A+ |
||||
2 |
В+ |
||||
3 |
A+ |
||||
4 |
A+ |
||||
5 |
B+ |
Кесте 1 Экперименттің бастапқы кезіндегі күрес сайысының нәтижесі
Түсініктеме: A - бақылау тобы; B - эксперимент тобы; (+) - жеңіс.
Эксперименттің аяқталу кезіндегі күрес сайысының нәтижесі 2 Кестеде берілген. Бұл кестеден эксперименттің соңында өткізілген күрес сайысының нәтижесі эксперимент тобынындағы күресшілердің пайдасына шешілгенін байқаймыз. Эксперимент тобындағы күресшілер 5 кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп, 80% нәтижеге қол жеткізді.
A B |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
I |
B+ |
||||
2 |
B+ |
||||
3 |
B+ |
||||
4 |
A+ |
||||
5 |
B+ |
Кесте 2 Эксперименттің соңғы кезеңіндегі күрес сайысының нәтижесі
Түсініктеме: A - бақылау тобы; B - эксперимент тобы; (+) - жеңіс.
Сонымен ғылыми-зерттеу жүмысының барысында жүргізілген эксперименттің нәтижесінде қазақша күреспен айналысушылардың дене дайындығын жетілдіру мақсатымен қолданылған арнайы жаттығулардың
ТИ1МД1Л1П дәлелденді.
Әдебпет:
- Мухитдинов Е. Қазақша күрсс. Алматы: Қазақстан. 1994. - 175 б.
- Есмағанбетов 3. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Караганды. 2005. - 190 бет.
- Тілеуғалиев Ю. Адамбекеов Қ. Қасымбеков С. Дене тәрбиесі. Алматы: «Ата мура».