Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өтпелі кезеңдегі солтүстік қазақстан облысындағы аудандық газеттер

Жүмыста Солтүстік Қазақстан облысындағы қазақ тілінде шығатын аудандық газеттің бүгінгі тынысы көсетілген. Аудандық газет редакцияларының құрылымы, материалдық және қаржы жағдайы мен ондағы кадр мәселелеріне шолу жасалды, өнімді өткізу, таралымын артгыру жолдары талданды.

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 32 бүқаралық ақпарат қүралдары бар. Соның 2-уі электронды ақпарат (Қазақстан-Петропавл, MTPK), екі облыстық («Северный Казакстан», «Солтүстік Қазақстан» газеттері), бір қалалық «Қызылжар нұры» газеті мен 15 аудандық тек қана қазақ тілді газет шығып тұрады. Атап айтқанда, Айыртау таңы, Аққайың, Ауыл арайы, Дала дидары, Ақжар хабары, Есіл өңірі, Есіл таңы, Көтерілген тың, Қызылжар, Мағжан жүлдызы, Парыз, Солтүстік жүлдызы, Тайынша таңы, Шұғыла, Ел тынысы. Аудандық газеттердің көбісі орыс тілінде.Ақпарат саясат және бүқаралық ақпарат қүралдарына мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы Көпжасар Көбегенұлының қолындағы мәліметтерге сүйенсек, орыс тілді басылымдардың тиражы жағынан қазақ тілді басылымдардан асып түседі. Мысалы: Айыртау таңы» газетінің тиражы 1800 болса, «Айыртауские зори» газетінің тиражы 52000- ді көрсетеді. «Ауыл арайы» гаезтінің тиражы 1500, ал «Сельская новь» газетінің таралымы 2900. «Тайынша таңы» басылымы 1530 таралыммен шығып тұрса, «Тайыншинский вести» газетінің тиражы одан 4 есеге коп, ягни 6100 данамен тарайды. Бүдан шығаратын қорытынды өңірімізде орыс тілді аудитория басым екендігінде. Ана тілінде шығатындардың біразы бүлардың қосымшасы ретінде жарық көреді. Жоғарыда айтылып өткен облысының саясаты осы болатын. Оқырманнның қатары аздығын жою мақсатында осы қадамға баруға мәжбүр болып отыр. Аудан газеттерінде аудан жаңалықтары мен облыстық газеттерінен көшірме материалдар басылады. «Айыртау таңы» газетінде байқағанымыздай тарихи-этнографиялық материалдар мен эсселер орын алған. Олардың орналасулары кәсіби журналистерді қанағаттандырмайтыны белгілі. Олай болатын себебі тақырыптар жүйелі орналаспайды. Негізінде газеттердің 1 және 2 беттерін жүмыстың соңында толтыру баспасөз шығару процесіндегі қатаң қағида. Неге? Бұл беттер соңғы «свежый», маңызды жаңалықтарды тосады. Олар әкімшіліктен келетін және мәдениет, спорт, әлеуметтік салалардан түсетін соңғы жаңалық болу керек. Сондықтанда күнделікті көріп жүргеніміздей соңғы бет спорт, мәдениет, өнер саласынағы жаңалықтармен қамтылған. Тәжірибе көрсеткендей бұл заңдылық аудандық газеттерде сақтала қоймайды.

Белгілі редактор, публицист Қ.Бекхожин: «қоғамдағы әлеуметтік қүбылыстарды тез байқап, оған үн қосу, қоғамдық пікір туғызу журналистке тән қасиет деп нақты айтқан. Журналист өмір материалдарын зерттеп, оны көпшілік алдына тартқанда түрлі әдістер мен шұрайлы тіл арқылы жеткізсе ғана тартымды болмақ. Оған апарар жол - журналистік шеберлік, бейімділік» [1] десе, қазіргі журналистика алдығындағы өзекті проблемалардың бірі осы болмақ. Сондықтан да аудандық газеттердің шикіліктеріне қатты өкпелеудің де орны болмас. Аудандық басылымдардың редакторларының өзі өзге маман иелері. Мәселен, бір ғана редакцияда бір журналист маман ғана. Немесе өзге маман иелері екенін зерттеу барысында көзімізді жеткіздік. «Парыз» газетінде тарих пәнінің мұғалімі, «Есіл өңірі» газеті редакциясында қазақ тілі мен әдебиетінің маманы т.б. жүмыс істейді. Бұл да болса кадр мәселесінің оң жолға қойылмағандығын көрсетіп қана қоймай газет шығарудағы түрлі мәселелердің шешілуін қиындататынына әкеледі. Сонау 1930 жылдардан бергі кадр мәселесінің оң жолға қойылмағандығын көрсетіп отыр. Сол кезде Ленин аудандық партия комитетінің хатшысы Айрапетян «аудандық газетке сегіз айдан бері редактор таба алмай отырғандығын» облыс партия комитетіне хабарлаған [2]. Сондықтан олар өзі басқарып отырған басылымды уақытылы шығарса болғаны деп те ойлауы мүмкін. Газет дизайыны, мақаланың өзектілігі, тақырыпты әсерлі беру, айдарлар мен қосымша, арнайы бет дегендердің оқырман үшін қаншалықты маңызды екендігін үғынсада, жалғыз адамның қолынан келмейтін шаруа екендігін білсе керек.

2005 жылдан бастап аудандық газеттер қазақ тілінде шығуда алғашқы қадамдарын жасады. Ең алдымен, орыс тіліндегі аудандық газеттердің бір, не екі беттік, кейде тіпті төрт беттік қосымшасы болып «Парыз» (Шал ақын ауданы), «Аққайың» (Аққайың ауданы), «Қызылжар мен қызылжарлықтар» «Қызылжар ауданы), «Есіл таңы» (Есіл таңы), «Есіл өңірі» (Е.Мүсірепов ауданы) деген аттармен жарыққа шығып өзіндік қалыптасу, даму процестерінен өтуде. Бүгінде олар басылым ретінде өз оқырмандарын тауып, бүқаралық ақпарат қүралдарының міндеттері мен мақсаттарын орындап жатыр. Аталмыш газеттерге оқырмандар жазылып, пошта арқылы алып тұрады. Журналист мамандарының тапшылығына қарамастан қазақ тілінде шығуын тоқтатқан емес. Аудандық газеттердің редакцияларында кадрдың тапшылығынан да өзге, яғни техникалық, дизайн, терімші, программист, корректор мамандарының болмауы секілді проблемалар шаш етектен. Сонымен қатар директор, бас редактор, редактор орынбасары, секретариат, фототілші, бөлім редакторларынан құралған ұжым қызметін тек бір ғана журналист атқарады. Оның үстіне журналист қызметін атқарып отырғандар филолог, тарихшы, орыс тілінің маманы екені тағы зерттеу барысында анықталды. Сондықтан да аудандық газеттердің шикіліктеріне қатты өкпелеудің де орны болмас.

Аудандардың біразында қазақ тілінде газет шығарудың ұмтылыстары, сынақ жасаудың амалдарын айттық. Сол кезде орыс тіліндегі газеттердің қосымшасы ретінде 6-8 беттік қазақ тіліндегі материалдар республикалық, облыстық газеттерден көшіріліп ресми дүниелер (үкіметтің бағдарламалары) басылып шықты. Редакция техникалық мүмкіндікті сынап көргендей сыңайда болғаны байқалды. Бірінші шығарылымға оқырман қауымы қуанып қалды. «Бұлар қазақша да шығара алады екен ғой, жарайсыңдар» десті. Ал, осы үрдіс екінші, үшінші рет қайталанғанда оқырман: «Республикалық, облыстық газеттерді алдырамын, енді бұларды аудандық газеттен қайталап оқудың қажеті бар ма?» деп реніш білдіргені ақиқат. Қазақша қосымша беттер аудан өмірінен ештеме жаза алмады.

Осы жайды газет редакторларына айтқанымда олар өз дәлелдерін келтірді. «Мемлекеттік тапсырыспен бастық. Ақша берген әкімдік бізден әкімдіктің саясатын насихаттайтын материалды талап етеді, өйтпегенде ақша беруі бөгеліп қалады»,- дейді олар. Тәртіп тұрғысынан келсек, олардікі де дүрыс сияқты. Дегенмен, газет шығармашылық еңбектің өнімі емес пе? Оның беттерінде әкімдіктің мемлекеттік саясатын шығармашылық тұрғыда халыққа жеткізетін өтімді де тиімді материалдар берілуі керек қой. Ал, әлгіндей өкімнің өкім, нұсқауымен шығарылған ұстаным мемлекеттік саясатты жүргізудің жобасын айқын айғақтайды.

Өмір заңы бойынша талпыныс кезеңі көп созылмай қалыптасу, қатарға қосылу арнасына жалғасады. Біз сөз етіп отырған қазақша газеттер, қосымша беттер бастау бағытында кездесетін қиындықтар кешулерінен тәжірибе жинақтап, өз жолдарын табатыны өз оқырмандарын еншілейтініне сенеміз. Ауыл адамдарының ана тіліндегі аудандық газетті көргісі келетіні кәміл. Олар дәл іргесіндегі редакцияға қалт еткенде кіріп-шығып журналистермен де сырын айтып, кейбір мұңын шағып, ой бөлісіп, пікір алысып жүруді мәртебе, лайықты қарым-қатынас, газет беделі санайды. Кез келген басылымның өрге басуы, не еңіске кетуі оның басында отырған шығармалылық тұлғаға - редакторға тікелей байланысты. Ол шын мәнінде тұлға болса, оң мен солын жіті аңғара алатын дүниетаным иесі ретінде танылса, өзі өмір сүрген орта тіршілігін, жаратылысын жазбай аңғарса, сонымен қатар газет-журнал спецификасын жетік білсе, оның журналистік қабілеті жоғары тұрса, өзіндік қалыптасқан көзқарасы болса, газеттің бағы жанғаны, басылымның ақпараттық кеңістіктен өзіне тиісті орнын алғаны [3]. Алайда кадр мәселесі қаржы мәселесіне тіреліп отырғандықтан корректор мамандар ұстамайдыдағы барлық жұмыс бір ғана редактордың не журналистің міндетіне жүктеледі. Осыдан барып аудандық газеттерде жарық көретін мақалаларда грамматикалық қателер мен стилистикалық кемшіліктерден көзі ашық, көкірегі ояу қауымның көзі сүрінері анық.Бұл да өнімді сүранысқа ие болдыра алмаудағы кемшіліктің бір түрі. Осындай көзге үрып тұрған олқылықтардан кейін қандай да болмасын басылымды қолға алып оқудың өзі екі талай. Тиражды түсіріп алмау, керісінше арттыру үшін әрбір редакция ұжымы өзінше қам-қарекет етуден жалықпау керек. Бұл газеттің болашағы.

2004 жылға дейін облысымызда қазақ тілінде шығатын жалғыз «Солтүстік Қазақстан» болып келді. Ал, 2005 жылдан бастап аудандық газеттер де қазақ тілінде шығуда алғашқы қадамдарын жасады. Ең алдымен, орыс тіліндегі аудандық газеттердің бір, яки екі беттік, кейде тіпті төрт беттік қосымшасы болып «Парыз» (Шал ақын ауданы), «Аққайың» (Аққайың ауданы), «Қызылжар мен қызылжарлықтар» (Қызылжар ауданы), «Есіл таңы»(Есіл ауданы), «Есіл өңірі» (F. Мүсірепов ауданы) деген аттармен шығып біраз тәжірибе жинақтап, шыңдалу жолынан өткен еді. Биылдан бастап олардың кейбірі жеке газет мәртебесін алып, қазақ тілінде оқырманын тапты. Қазір «Қызылжар нұры» (Петропавл қаласы), «Парыз» (Шал ақын ауданы), «Есіл таңы» (Есіл ауданы), «Қызылжар мен қызылжарлықтар» (Қызылжар ауданы) газеттерін оқырмандар жазылым арқылы поштамен алып тұрады.

Аудандық газетгердің бүгінгі ең басты проблемасы басылу сапасы (полиграфиялық жағы) деуіміз қажет. Облыстық баспаханадан шығатын газеттердің басылу сапасы бірсыдырғы жақсы деуге болады. Ал, жергілікті жерде (мини баспаханада компьютермен) басылып жатқан газеттер сыртқы көлемі үлкен дәптердей ғана болған соң, кең көсіліп шыға алмайды.

Нарықтың қатал заңына сәйкес, «өз күніңді өзің көр» деген қатқыл қағида қабақ түкситкенде аудандық газет редакцияларының бәрі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге айналып, жеке меншік иесін тапқан болатын. Олардың бүгінгі иелері : біреуінде - редакция ұжымы болса, екіншісінде - редактордың жеке өзі. «Газет шаруасымен жалғыз жанталасып, арпалысқан адамның да өкпесі орынды. Ол бір қолын - екеу емес, үшеу, төртеу қыла алмай әуре болады. Ол материалдар жазып журналистің, одан кейін оларды макетке түсіріп макетшінің, оны тергізіп, компьютерді білсе, кейде өзі теріп, одан корректор болып - міне, осылай күні бойы, тіпті түнді орталатып редакциядан шықпайды, әбден діңкесі де құриды, жүгіріп те шаршайды. Осындай жағдайда журналист қазақ тіліндегі аудандық газетті сапалы шығарады деп айту, алда газет түзеледі деп үміттену де қиын.» [4].

Бүгінгі таңда еліміз қоғамның нарықтық қатынастарына еніп отыр. Осы орайда БАҚ-та зор өзгерістер дүниеге келуде. Экономикалық баға еркін жолға қойылды, мемлекеттік меншік орнына жекешелендіру орын алды. Осының бәрі рынокқа, нарық жағдайына бастаған қадамдар еді. Сондай-ақ тәуелсіз бүқаралық ақпарат құралдары пайда болды. Бұл журналистикадағы жаңа бағытты танытқандай еді. Тәуелсіздіктің өтпелі кезеңінің де қиыншылықтары мол болғаны сөзсіз. Бірақ, олар жаңа жолға түсу, қиындықтарды жеңу, жаңаша қалыптасу, социализм сарқыншақтарымен қоштасып, нарық қаталдығына ыңғайлану, оны да меңгеру, жүгендеп алу бағытының соқпақтары еді. Енді міне, XXI ғасырға қарай баспасөз де нық жолға ептеп түсіп келеді деп айтуға жарайтын сияқты. Оның бір белгісі сол - облыстық газеттермен бәсекелесіп аудандық газеттер де жиырма бетке дейін шығатын дәрежеге жетті.

Газеттің меншік иелері де өзгерді, енді олар партиялық органдарға бағынбай, ЖІІІС, коммуналдық кәсіпорындар болып құрылды. Келе-келе республикадағы ақпарат құралдарының 80 пайызы жекешелендіріп, 20 пайызы ғана мемлекеттік болып қалды. Соның арқасында бүқаралық ақпарат құралдары цензурадан босап, экономикалық және саяси тұрғыда еркіндікке бет алды. БАҚ өзі тапқан пайдасын өзі көретіндей жағдайға келді. Мұндай өзгерістерді айтып отырған себебіміз - газеттердің сыртқы бейнесі ғана емес, ішкі мазмұны да өзгерді, толықты, игі белгілер біліне бастады. ¥лы өзгерістер ( әрине, қоғамдағы) оң серпіліс әкелгені баспасөз беттерінен айқын танылады [4].

Баспасөз беттеріндегі өзгерістерге ғылыми-техникалық жаңалықтардың жергілікті баспаханалардың қызметіне еркін ене бастауы өте тиімді эсер еткені бесенеден белгілі. Қазір электронды пошта, факс, компьютер, сандық фотоаппарат жэне басқа осы заманғы техника журналистер жүмысына жаңа сипат берді, өйткені нарық бэсекелестігі олардың алдына жаңа талаптар қойды: өз өнімің (яғни хабарларың) жоғары сапалы, өтімді, бэсекеге қабілетті болсын, сонда ғана оқырман сенің газетіңді іздеп жүреді, оның тұрақты оқырманына айналады. Міне, осылай бүгін барлық газеттердің жұмысына жоғары деңгейлі көзқарас тұрғысынан баға берілетін болды.

Бірақ екінші жағынан бастапқы кезде баспасөз шығару оңай да болған жоқ. Оның себебі, баспаханалық қызмет ауқымы қымбатқа түсті. Ондайда қағаз, бояу, техника мен технологиялық жұмыстарға көп шығын жұмсалды. Полиграфиялық процестерді атқару мен басылым өнімдерін ел аймақтарына транспорт арқылы жеткізу мен пошта қызметінің бағасы да өсе түсті. Басқа да коммуникация, электр қуаты тегін емес, бәрімен есептесіп отыруға тура келетін. Оның үстіне журнал истер жалақысы тағы бар.

Міне, осылайша нарықтық қоғам күш алып қалыптасқанша, пайда табу дәрежесі біртіндеп өскенше талай қиындықтар да болмай қойған жоқ. Бұл ретте жаңа заманның рыноктық ахуалын терең түсініп, іскерлікпен жүмыс істеуге бар күш-жігерді жұмсап еңбек етуге тура келді.

 

Әдебиет:

  1. МайкотоваҒ. Қ.Бекхожин-публицист. Алматы, «Қазақ университет!». 2007ж.
  2. Тайшыбай З.С. Ьаспасөз тарихы.
  3. Накорякова К.М.. «Редактирование материалов массовой информаций» M.. 1994; 336.
  4. Б.Мустафин Б. Қазіргі газет жанрлары.2006ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.