Андатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мобильдік байланыс технологияларын дамыту мәселелері, сондай-ақ болашақтың жаңа буын желілері NGN технологияларын енгізу мысалында қарастырылды.
Мобильдік трафиктің көлемі жылдан жылға экспонциалды түрде өсіп келеді. Тұтынушылар аудио, видео, трансляцияларды, онлайн ойындарды және қарапайым беттерді қарау деректерін көптеп қолданады. Cisco Systems деректеріне сүйенсек әлемдік мобильдік трафик 2012 және 2016 жылдар аралығы бойынша 13 есе өсті [1 с. 45]. Трафиктің өсуі баяулау белгісін белгісін көрсетпейді. Қазақстандағы байланыс және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына бағытталған, өткізіліп жатқан іс-шараларына қарамастан, бір кешен шешілмеген сұрақтар тұр, оларды келесі негізгі мәселелер бойынша жүйелеуге болады. Анықталған мәселелерді үш топқа бөлуге болады:
Телекоммуникация желілерінің техникалық өзара әрекеттесуі:
- телекоммуникация желілерінің 100% сандық болуы шартында ғана халықаралық/қалааралық байланыс операторлары барлық Қазақстан желілеріне нақты, іс жүзінде сәтті қосыла алады.
Б) Оператораралық өзара әрекеттесуінің экономикалық сұрақтары:
- қазіргі уақытқа дейін операторлар арсында трафикке қосылу және өткізіп алу мәселелері бойынша өзара есептесу сүрағы шешілмеген. Сәйкесінше әдіс- тәсілдер өңдеу сатысында тұр.
- Абоненттерге қызмет корсету бойынша келісім-шарттық қатынастар:
- оператор мен абонент арасында болатын, төлемдерді қабылдау тәртібін реттеу және келісім шартты қайта қарасытыру қажет;
- абоненттерге көрсетілген қызмет үшін дүрыс шотты ұсыну мақсатында операторларға трафикті есептеудің биллингтік жүйесін қолдану қажет.
Көрсетілген мәселелерді шешуге арналған маңызды іс-шаралар болып табылады:
- алдагы телекоммуникация желілерін жаңғырту (сандық деңгейді көтеру мақсатында);
- реттеуші әдісі бойынша трафикке қосылу және өткізіп алу тарифті есептеуді құрастыру және бекіту;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 909 қаулысымен бекітілген біліктілік талаптарына қоғамдық телекоммуникация желісіне сәйкестігін анықтау мақсатында, қалааралық және халықаралық телекоммуникация қызметтерінің операторларының қолданылатын құқықтарын тексерулер сәйкес ұйымдастыру.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ұялы байланыс өзінің дамуының жаңа сатысына кіргені ақиқат болып тұр. Қазақстанның үлкен операторлық компаниялары жалпы үлттық үялы байланыс желілерін белсенді салып жатыр. Көрсетілетін қызметтер шындығында бүқаралық болып кетті, ал жаңа технологияларды енгізу және қызмет спектрін кеңейту операторлық компаниялардың табысты әрекетінің факторы болып табылады.
Бастапқыда әртүрлі түрдегі ақпаратты жіберу үшін жеке (ведомстволық) байланыс желілері салынатын: телефон желісі, телеграф желісі, деректерді жіберу желісі және т. б. XX ғасырдың екінші жартысында барлық ведомстволық байланыс желілерін бір желіге біріктіру деген ой пайда болды. Осылайша ISDN (сандық желі қызметінің интеграциясымен) желілерінің концепциясы құрылды. ISDN-желісін біріктіретін желі жалпы пайдаланылатын телефондық желі болып табылады.
XX ғасырдың соңында әртүрлі себептің кесірінен (ISDN-кондыргысыныц қымбаттылығы, 1Р-желілерінің екпінді дамуы, жаңа қызметтер мен қосымшалардың пайда болуы) ISDN ғаламдық желісін құрастыру ойы сәтсіздікке үшырады[2 с.67-68]. ISDN желілерінің концепциясының орнына желілердің концепциясының келесі буыны келді - NGN (келесі/жаңа буын желілері) (1 сурет). ISDN желісіне қарағанда, NGN желісі деректерді жіберу желісіндегі IP хаттамасының базасына сүйенеді.
Қарапайым анықтамаға сәйкес, NGN желісі - бұл ашық, стандартты пакеттік инфрақүрылым, ол қолда бар қызметтер мен қосымшалардың барлық гаммасын тиімді қолдауға қабілетті, керекті масштабталулық пен икемділікті қамтамасыз ететін, функционалдылық пен өткізу қабілетінін жаңа талаптарына эсер етуіне мүмкіндік береді [3 с. 6-7]. Қазақстанда жаңа буын желілерін енгізген, яғни үшінші жэне төртінші буын желілерін.
¥ялы байланыс жүйесінің жаңа буыны іс жүзінде әрбір он жыл сайын дами бастады, 1970 жылы бірінші буын аналогты ұялы желілерін дамыту (1G), ал 1980 жылы цифрлық беру желілерін (2G) көшу оған дэлел. Даму басынан бастап нақты іске асыруға (мысалы, IG желілер 1984 жылдары, 2G желісі - 1991 жылылдары ғана енгізілді) жеткілікті уақыт өтті. 1990 жылдары 3G стандарты эзірлене бастады, ол бірнеше қатынау коды бөлу (CDMA) эдісіне негізделген; Ол 2000 жылы ғана айналымға енгізілді. ¥ялы байланыстың үшінші буыныны пакеттік деректерге негізделген. 3G үшінші буын желілері сантиметрлік және дециметрлік диапазондар шекарасында жұмыс істейді, ереже бойынша 2 ГГц диапазон төңірегінде, деректерді 3,6 Мбит/с жылдамдығымен жібереді. Олар видеотелефондық байланысты, мобильдік телефонда фильмдер мен эрүрлі контентті көруге мүмкіндік береді. 4G буын желілері ІР-хаттамасы негізін 2000 жылдарда құрастырыла бастады және көптеген мемлекеттерде 2010 жылдан бастап енгізіле бастады. Төртінші буынға болашақтың технологияларын жатқызу қабылданған, ол деректерді жоғары жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді, яғни 100 Мбит/с асатын - қозғалыста (жоғары мобилбділікпен) және 1 Гбит/с - стационарлық абонент (томен мобильділікпен) (2 сурет).
5 G болашақ байланыс стандарты интернет-қосылыстарын көптеген заттарда үстай алады, ақылды автокөліктер мен басқа да техникада. Жаңа байланыс стандарты 2020 жылдарға қарай пайда болады деп болжайды (3 сурет). Бірақ та бүгінгі күні де сэйкес сипаттамалар бойынша белсенді эзірлеу жүріп жатыр.
Қазірден белгілі 5G жаңа форматы 4Ө-ден үлкен айырмашылық болады. Ең алдымен планшеттер мен ұялы телефондардың деректердің алмасу жылдамдығын үлғайту сөзі жүріп жатыр, сондай-ақ басқа да көптеген құрылғылар, олардың әрқайсысында өзінің талабы бар. Осыған байланысты тәуекелді ғылыми зерттеулерді өткізу мен болашақтың коммуникация күрылғыларының жоғары жылдамдықтыларын құрастыру, болашақтық орбитальді-жиіліктік ресурстарға өту мүмкіндігі және де солардың жаңа жолдарын іздеу тапсырмасы өзекті болып TVtl
Қортындылай келе, 2016 жылғы ақпараттық технологияларды дамыту жөнінде Әлемдік экономикалық форумның (ӘЭФ) жыл сайынғы есебінде, онда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану дәрежесі бойынша мемлекеттердің рейтингі көрсетілген, инфрақүрылымды дамыту көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасы 139 мемлекеттің ішінде 39 орынға ие болып отыр, ал өткен жылы 40 орынды алған, бүл заманауи байланыс қүралдарын жақсы пайдаланып жатқанын және мемлекеттің АКТ саласын дамыту мәселесіне жақсы назар аударатынын айтады [4]. Бірақ та алдағы табысты даму үшін және әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына Қазақстанның кіруі үшін саланың дамуына инвестициялар көлемін арттыру және мемлекеттің сауатты реттеуші саясатын жүргізу керек.
Әдебиет:
- Спортак Марк. Компьютерные сети и сетевые технологии; Пер. с англ. / Марк Спортак, Френк Паппас и др. - СПб.: ООО «Диа-СофтЮП». 2005.
- Зима. В. Безопасность глобальных сетевых технологий / В.Зима. А. Молдовян. Н. Молдовян - СПб.: BHV, 2000. - 320 с.
- Гольдштейн Б.C Сети связи пост-NGN/ Гольдштейн Б.C.. Кучерявый А.Е. , СПб.: БХВ- Петербург, 2013. - 160 с.
- Nalionalbusiness [Электронды ресурс]. - Режим доступа: http://nb.kz/17874/