Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ повестершдеп эпитеттің стильдік қызметі

Андатпа

Мақала коркем эдебиетге. оның ішінде прозалық шыгармаларда актив қолданылатын троптардың бірі - эпитеттің стильдік қызметін қарастыруға арналады. Авторлар эпитеттің жасалу жолдарына. түрлсріне жан-жақты тоқталады. Тіл білімінде және одсбиеттануда эпитетке берілген анықтамалар келтіріледі. Көркем мәтіннен жиналған эпитсттік қолданыстар жүйеленіп талданады. Бүл мысалдар арқылы эпитеттің көркем шығарма тілінде маңызды стильдік қызметімен қатар ана тіліміздің баюына, толысуына өз үлесін қосатыны анықталады.

Тілді көріктеу құралдарының бірі - эпитет. Эпитеттің құрылымдық, лексика-семантикалық, структуралық ерекшеліктері тіл білімінде зерттелген. Мәселен, орыс тіл білімінде А.Зеленецкийдің, Л.Тимофеевтің, В.Сорокиннің, Д.Розентальдың, ал қазақ тіл білімінде А.Байтұрсыновтың, Қ.Жүмалиевтің, З.Қабдоловтың, Р.Сыздықованың эпитет мәселесін зерттеген еңбектері бар.

«Эпитет - адамның, заттың, құбылыстың бір белгісін: сырын, сипатын, қасиетін атап көрсететін сөз, бірақ осы қызметте келетін жай анықтауыш сөзден эпитеттің айырмасы бар. Жай анықтауыш заттың, құбылыстың адамның өзіне тән қалыпты сынын (белгісін, қасиетін, түрін, түсін т.б.) білдірсе, эпитет өзі атайтын белгіні бейнелеп (образдап) көрсетеді, өйткені бүл белгі сол заттың, адамның құбылыстың табиғи, қалыпты белгісі емес» - дей келе эпиттеттерді тұрақты, тұрақсыз, метафоралық, синкреттік деп бөледі [1, 24 б.]. Эпитет - заттың не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Эпитет ұғымға, нәрсеге бейнелілік, нақтылық сипат береді. Академик М.Серғалиев эпитет туралы: «Эпитет көркем туындыларда эстетикалық қызмет атқарады, сөздің тартымдылығын, сүлулығын, әсерін арттырып, тыңдармандар мен оқырмандардың жылы қабылдануына мүмкіндік жасайды» [2, 228 б.] деп тұжырымдайды. Зерттеуші Г.Мұхаметқалиева эпитетке былай анықтама береді: «Эпитет дегеніміз - екі немесе одан да көп компоненттен тұратын, өзара қабыса байланысқан, көркем, бейнелі, образды сөз тіркесі» [3, 18 б.].

Эпитет Д.Исабеков повестерінде төмендегі жолдармен жасалады:

Сын есім мен зат есім: Пәлі, сонда біз халық тәрбиесін көрмей, сол халық үшін күреспей, әшейін, сол халықтың алақанында не мойнында отырып қана күн көрген ерке масылдар боп шықтық па? («Мазасыз күндер», 63-6.); Мұның түбі - жала, ал төркіні - ескі көзқарас, қажетсіз күдік екенін білемісіз? («Өкпек жолаушы», 497-6.). Бәлкім сонда, темір тәртіп мекендеген, салқынқандылық салтанат құрған мынау үйге бір өзгеріс еніп, көңілсіз өмірге күлкі араласар («Гауһар тас», 171-6.). Ол дауысымтына бергенде Балакүлдің: «Өй, үялшақ, келіп таныспай ма екен-ей қайта», - деп соңғы жағын күлкі көмген ашық үнін естіп қалдым («Гауһар тас», 175-6.).

«Сөздің немесе тілдің көркемдігі» дегенде, ең алдымен, оның әсерлілігін ұғамыз. Әсерлі сөйлеу, яғни көркем тілмен сөйлеу, өз ойын өзгеге шама- шарқынша айқын түсіндіру - тек өнер адамдарына ғана емес, мәдениеттімін деген бар қауымға міндет, әрі қажет.

Суретті бейнелі, көркем ойлау арқылы бір нәрсенің тікелей өзін емес оған үқсас өзге затқа не қүбылысқа балап, мағынасын, мазмүнын тереңдете, әсерін күшейту дейтін болсақ, онда бүл көркемдеу қүралы болған эпитетті әр түрлі етіп қиыстыру шығармада үлкен шеберлікті талап етеді.

Эпитет заттың яки құбылыстың ерекшелігін сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз.

3.Ахметов: «Эпитет (сипаттама) - заттың, не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Эпитет ұғымға, нәрсеге бейнелілік, нақтылық сипат береді. Мысалы, кеш деген сөз жалпы ұғымды, тәуліктің бір кезін, уақыт мезгілін білдіреді. Ал қысқы кеш, не қоңыр кеш десек, ол көзге елестетерліктей нақтылы бейне. Көптеген эпитеттерде ұлттық бояу-бедер болады» деген [4, 376 б.].

Ал Зейнолла Қабдолов: «Айқындау, ягни эпитет - заттың, қүбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын. Әрине, бүрын-соңды сан мәртебе қолданылып, ығыр болған эпитеттерді қайталай берудің керегі жоқ», - деген пікір айтады [5, 121 б.].

Д.Әлкебаеваның еңбегінде эпитет туралы төмендегідей анықтама берілген: «Эпитет сөз алдына келіп анықтауыш болады. Анықтауыш атқаратын мүше көбінесе бейнелі сөздің қызметін атқарады» [6, 92 б.].

Эпитет қай стильде кездессе де екі мақсатта қолданылады. Біріншісі - анықталған мүше ретінде, екіншісі, көркемдік бейнелі мағынада қолданылады. Анықталатын мүше ретінде келетін эпитет ресми құжат тілінде жиі қолданылады. Бұл сын есім немесе сын есім ретінде есімшенің орнына қолданылатын сөздер тобы болып келеді.

Д.Исабеков, О.Бөкей повестеріндегі эпитеттердің қолданысы:

... Жыртық-жыртық бүлттардың ойығынан ауық-ауық ай сығалап, қорғасын бұлттың ар жағына лып етіп қайта еніп кетеді. Мырзаның заты адам ғой, таңдырынан тек азап пен тәлкек көріп, жаны қиналған сәттерінде бұл пенде құдайына да тілін тигізіп алмаушы ма еді, етекте бөлек отыратын кедей ауылынан келген бір пұшық әйел шырқырап тұрған баланы көргенде өзін-өзі ұстай алмай «о, қу қүдай, о қу құдай» деп еңіреп жіберді. Көз жастары күректегі топыраққа тамып, іштей тынып жүрген өзге де әйелдер бар екен, «дауыс салуға болмайды» деген қатал үкімді бір сәтке естен шыңарып, әлгі әйелден соң әле-шала «қош, пақыр, қош!» деп бір үн шығарып алды да, опасыз тіршіліктегі бейшара пендешілік естеріне түсіп, еріндерін тістеп-тістеп қойды. Қызын көргенде шешесі өзін-өзі үстай алмай,ботақаным-м» - деп тұрмақ боп ұмтыла беріп еді, күйеуі оған жеп жіберердей оқты көзімен ата қарап: «отыр омалып!» дегенде зәрлі дауыс оны төбесінен басып, бөстегіне қайтадан сылқ еткізді. Тоқтат, қара бет! - деді орнынан атып тұрып («Тіршілік», 363-6.).

...Ендеше әкемнің басы, анау қысықтау келген өткір көз... осы көз баяғыда бір... тым ертеректе менің бала кезімде болар, жұмыла жаздап,мәңгіге жарық дүниемен қоштаса жаздап,шиеттей бала-шағасының көз жасы сақтап қалған еді той; осы көз ол шақта әлдеқайда отты, әлдеқайда ойлы, ұшқын атқан жастықтың, өмірге деген іңкәрлікті жалынына толы болатын.

Қысық көзі жылт-жылт етіп, қабағын көтерген сайын ғаламат жарқылды от тұтанып қалғандай болады.

Біз анамның әкеме деген ұлы сүйіспеншілігімен дүниеге келдік, әкеме арқаланып, мәре-сәре ғұмыр кештік, әлемдегі ең сұмдық сөз - жетім-жесір деп ешкім табаламады («Қайдасың, қасқа құлыным», 75-6.).

Бұл үзіндідегі эпитеттер - авторлық эпитеттер. Жыртық-жыртық деген эпитетті қолдануда оқырманның көз алдына аспан аясында бұлттың бір жерде шоғырланбай түйір-түйір болып әр келкі таралуы келеді, ал қорғасын деген эпитет арқылы қалың, ауыр деген мағына үстемеленіп тұр. Біздіңше, кейіпкердің ауыр ойға шомылып, ол ойлардың шашыраңқы екендігін, қыздың әкесінің бір шешімге, бір тұжырымға келе алмай қиналған сәтін суреттеу үшін қолданылған.

Эпитеттің бейнелілік, суреттілік қасиетін ескерген ғалым Х.Кәрімовтің айтуынша, эпитет анықтауыштан экспрессивтік-эмоционалдық функциясы және бағалауыштық қызметімен ерекшеленеді [7, 15 б.]. Зәрлі дауыс, авторлық эпитет екі дерексіз ұғым құбылыс атауы болып, семантикалық жағынан үйлеспейтін тіркестер мағыналық үйлесімін тауып тұр. Ащы дауыс, қатты дауыс, қоңыр дауыс деген сөздер өзінің шаблонды стандартты тіркесімен қолданысқа түскен. Автор зәрлі сөзін дауысты бейнелеп сипаттау үшін жұмсаған. Ал қара бет эпитеті ауыспалы мәнде қолданылған. Ауызекі сөйлеу стиліне жатады. Эпитетті қолдана отырып адам өмірінде қандай да бір теріс қылық жасап қойғанынан хабардар етіп отыр. Бұл диалогтің осы сөйлемін оқығаннан кейінде оқырманды соңы не болар екен, немей аяқталады деген сауалдар мазалайтыны айдан анық. Ауыспалы мағынада келіп, ерекше экспрессия, бейнелілік үстеп эпитет болып тұр. Сүмдық сөз деген эпитетте терең мағына жатыр. Сүмдық дегенді біз арамдықпен, жүртты елең еткізетін жамандықпен пара-пар дей аламыз. Сондықтан сүмдық сөз деген үғымның болуы да жай емес. Сүмдық сөз сүйектен өтіп, жүрекке тиетін отты да қаһарлы мағынада қолданылады. «Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген мақал бүл сөздің түп мағынасын жұртшылыққа түсінікті етіп ашып береді.

Кейіпкердің мінез ерекшелігін танытуда эпитеттердің қызметі айрықша. Кететін күні шешем аңырап көп жылады, әкем міз баққан жоқ, тас түйін мінезбен бар байлығын ала сиырға артты да, алға түсті.

Иә, ол кезде мен әкемнің көзінен қазіргідей әлдеқайда мол қуат көргем; бірақ сол қуаттың өзі бүгінгідей асау мінездің саябыр тапқан, салқын тартқан шағында үлы ақылға үласқандай емес, әлдеқайда, әлдеқайда тәкаппар да тәртіпсіз еді...Қайдасың, қасқа құлыным», 65-6.). Tac, асау - дәстүрлі эпитеттің еркін пайдаланылған түрі, образдылық элемент ретінде жүмсалған. Tac түйін мінез, асау мінез адамның жан дүниесі, көркін танытуға қолданылған сөз емес, адамның бойынан табылған жағымсыз қасиеті үшін айтылған сөз. Өзінің анадан шыр етіп туып, азан шақырып қойған аты Тұңғыш болса да, былайғы жүрт оны ауыз ашпас тұйық мінезіне қарап Үндемес атап кенткен-ді («Сүйекші», 227-6.). Жалпы, мінез әр пендеге тән, лайық психикалық қасиеттердің жиынтығы. Яғни, тұйық мінез эпитеті арқылы автор кейіпкерінің өзіндік ішкі сезіммен бекінгендігін көрсетеді.

А.Сейдімбеков, Д.Исабеков, О.Бөкей повестерінде ақ, қаратүстерді белсенді қолданғанын байқадық. «Ақ» және «қара» атаулары халықтың әдет-ғұрып, салт- дәстүр, танымымен тығыз байланысты екенін білеміз. Халық санасында қалыптасып қалған ақ түс атауының символдық мәні мынадай: ізгі тілек пен жақсылық, қасиетті, әдемілік, махаббат, қайырымдылық. «Өмірдегі заттар мен қүбылыстардың сапасы мен қасиеті қандай болса да, олардың бірқатарын ақ деп айқындау ұлттың мол мейірім, іңкәр көңілінің, үлкен үміт, телегей тілегінің, шалқар сезімінің, асыл арманның куәсі [8, 20 б.]. Осы идея төңірегінде О.Бөкейдің «Қар қызы», «Қайдасың, қасқа құлыным» повестері желістерінің арқауында кездестіреміз: «Осы тым-тым ақ пейілділігі үшін ұлы - Аманжан талай рет ұрысты да, өкпеледі де, бәрібір қол қусырып қарап отыру қайда («Қар қызы», 287-6.). Күлгенде шашау шықпай тізілген аппақ шагала тістері көрінеді де, екі бетінен лыпып қан жүгіріп, бармақ батырғандай пайда болған шұңқырға үйи іркіледі («Қайдасың, қасқа құлыным», 77-6.). Ақ пейіл, аппақ шагала тістері деген эпитеттер арқылы кейіпкерлердің асыл қасиетін, келбетін айшықтай түседі. Көзге қызығарлық, әдемі де күтілген тістер жиі кездеседі. Сол себепті осындай сөздің болуы заңды құбылыс болып табылады. Сондай-ақ А.Сейдімбековтің «Қыз үзатқан» повесінде кейіпкердің бет-бейнесін корсету мақсатында эпитеттік теңеу арқылы ақ түстің тағы бір ерекше қасиеті, яғни ақ жүзі аршыған жұмыртқадай үлбіреуі әсем көрініс тапқан: «Ақ жүзі аршыған жүмыртқадай үлбіреп, мүң-сырға толы бота көзі қарақаттай мөлдіре, сыпайы-нәзк қимылмен бір көргенде-ақ ұнайтын» («Қыз үзатқан», 53-6.). Қазақ мәдениетінде ақтың антиподы ретінде қара түс қолданылып, ақ-қара бинарлық жүйесін құрайды. Сонымен бірге ақ - пәктік пен тазалық, әсемдіктің, адал ниет көңілдің белгісі болса, қара - адамның басына түскен ауыртпашылық, қиындық сәттерінің символдық белгісі. Мысалы: Басына қандай қара күн туса да ебіл-дебіл еңіреп жылаумен ғана тынған, қайғырғанмен қабырғасы қайысып, ой толғауға өресі жетпей өскен Тұңғыш дәл осы сәт өз өмірінің қор өмір екенін, тіпті, ес біліп, етек жапқалы диуанашылықпен ыстықаумет тауып келе жатқан мына диуана кемпірдің өзінен әлдеқайда бақытты екенін алғаш рет ой жіберіп, бордай үгітілді («Сүйекші, 260-6.). Оқырман сезімі ә дегеннен-ақ осындай эпиттеті тіркестер арқылы шығармадағы мүңды оқиға арқауына байлана түседі.

Бірақ ішкі есебінен жаңылатын Боздақ па, сөйтіп жүріп-ақ, қара бет еткен қызын тама қүдасының баласынан тәуір деген жігітке қосуды ойлайды екен ғой («Қыз үзатқан», 47-6.). Эпитет сөздер жеке тұрғанда толық мағыналы, тура магыналы сездер болып келеді де, олардың эпитеттік қасиеті байқалмауы мүмкін. Эпитеттің троптық қызметі басқа сөздермен тіркесіп келгенде анық ашылады; қара бет эпитеті дәстүрлі, әрі еркін пайдаланған түрі. Бұл эпитет адамның бет пішінін, көркін танытуға қолданылған сөз емес, адамның бойынан табылған жағымсыз қылығы үшін қолданылған.

Жазушылар эпитет жасауда қоңыр сын есімін өнімді қолданған.

Үйбей-ау, неғып аңырып қалдың, үйге кір, жарығым, - деген қоңыр үнмен есімді жидым («Қайдасың, қасқа құлыным», 77-6.). Балталыдан келе жатқан мырзалар едік, ашыңыз, - деді сырттағы адам жайдары, қоңыр дауыспен («Тіршілік», 375-6.). - Kop нұрлы болсын, - деген қоңыр дауыс естілді («Сүйекші», 229-6.). Тамағын кенеп, біздер естісін дегендей майда қоңыр дауысын көтере сөйлегенімен, қапсағай денесін кең оралыммен қозғап, бетін Нүркей ақсақалға бүрды («Қыз ұзатқан», 40-6.).

Қоңыр үнмен, қоңыр дауыспен, майда қоңыр дауысын деген эпитет күнделікті өмірде жиі кездеседі. Адамның дауысы қарым-қатынас негізі үшін өте маңызды рөл атқарады. Үннің естілуі кейде жылылықты білдірсе, кей жағдайларда кері әсерін көрсетеді. Яғни, ол ашуланған адамның дауысын жеткізеді. Ал қоңыр үнмен, қоңыр дауыспен, майда қоңыр дауыспен сөйлеу дегеніміз байсалды да жағымды, жұртшылыққа салмақты естілетін үнмен сөйлеу болып табылады. Қоңыр үн, қоңыр дауыс тек қана жалпы тыныштықты ғана емес, рухани дүниедегі әсемдікті білдіреді

Аталмыш жазушылар қолданысындағы эпитеттер экспрессивтік сипатта қолданған және кейіпкердің ішкі жан толғанысын, мінезін, сырт тұлғасын автор эпитеттер арқылы көрсетулері жазушылардың шеберлігін дәлелдей түседі.

О.Бөкей, А.Сейдімбеков табиғат келбетін, әдемілігін эпитеттер арқылы әсерлі күйде суреттейді. Сонау түтін шыққан тау табанында мың бүралып, бүктетіліп ағар асау өзен арыны біз құлдаған сайын өктем естілсе, сол тентек өзеннің өзі телегейлі Айна көлге тоқырап жатыр («Қайдасың, қасқа құлыным», 76-6.). Әлбетте, менің миымдағы бықыған жүздеген фамилиялар мен шығармалар тізімі, сақалы сала данышпандар бейнесі, өзгенің қайғысы, өзгенің қайыршы халі, өзгенің байлығы мен әлемді әлдилеп тұрған даңқы - бәрі-бәрі де анау сүлап жатқан сүлу табиғат, дүрия жонды көргенде, үрке қашып, өз құрлығына бас сауғалаған секілді («Қайдасың қасқа құлыным», 81-6.). Acay өзен, тентек өзен деп сылдырлап аққан өзеннің жиілігін, толқындарының қаттылығын, тездігін анықтап отыр. Сұлу табиғат эпитетінің қолданылуы түрлі жағдайларда болады. Сүлулық сөзі дүниенің барлық әсемдігін білдіреді. Ал сүлу табиғат дегеніміз көрсе көз қызығарлық, барлық адамдарды таңқалдыратын табиғаттың суреттемесі. Оның ауасы да, тау-тастары да, сылдырлап аққан өзен-көлдері де сүлулыққа тұнып тұр.

«Жаз ортасының қоңырқай түні. Жер-дүние шырт тыныштыққа бөгіп, мүлгіп тұр. Айдың қорғалап туар мезгілі - түн. Аслан ашық, жүлдызды болғанымен түн түнегінен жеңілген. Әлсіз сәуле арқан бойынан арғыны көрсетпейді. Тек төңіректегі жал-жал төбелер, өркеш-өркеш биіктер ғана ирек жасап анабай танытады. Олар да түнек пен тыныштыққа бойсүңғандай, құр сүлдерімен меңірейе қарауытады» («Аққыз», 63-6.). Автор жаздың қоңырқай түнін - тыныштыққа, жанға жайлы, жағымды әсерді білдіретін эпитеттер арқылы шынайы көрсетеді және қос сөздер арқылы берілген эпитеттерді де ұтымды пайдалана білген.

Міне, осындай терең магыналы эпитеттер шығарманың мән-мағынасын жан- жақты тануға, ой қорытуға жәрдемдеседі.

Сонымен эпитетсіз айтар ойды, құбылысты бейнелі түрде суреттеу мүмкін емес. Шығарманың көркемдігін арттыратын сонылығымен, ерекшелігімен танылатын тың қолданыстар болмақ. Сонда суреткер тілінде жаңа реңк көрінетіні айқын. Қаламгерлердің дәстүрлі және авторлық эпитеттері туындыларға айқын мағына берумен қатар, суретті сөздермен дәлдеп, айтар ойдың ықпалын күшейткен. Айшықты да, бейнелі эпитеттер арқылы айтылар ой оқырман қауымға шеберлікпен жеткізіледі. Авторлар повестерінде қазақ тілінің мол байлығын жете меңгеріп, оны шығарманың көркемдік сапасын арттырудың мықты құралы еткен.

 

Әдебпет:

  1. Серғалиев М. Стилистика негіздері. - Алматы. 2006. - 228 бет.
  2. Жүмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы. 1969. - 243 бет.
  3. Мұхамстқалиева Г. Тұрақты эпитеттің тілдік табиғаты. Филол. ғыл. канд. дисс. автореф. - Алматы. 1995. -26 бет.
  4. Ахметов 3.. Шаңбаев Т. Әдебиеттану терминдер сөздігі. - Алматы, 1998. - т. 2. - 376 б.
  5. Қабдолов 3. Тандамалы шығармалар. - Алматы. 2003. - 2 т. - 121 б.
  6. Әлкебасва Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. - Алматы. 2007. - 243 б.
  7. Кәрімов Х.Көркем тексті өнер туындысы ретінде зерттеудің өзекті мәселелері.
  8. //Көрксм шығармалар тексін талдаудың мәселелері. - Алматы. 1993. - 18 6.
  9. Канафина С. Қазақ тіліндегі макал-мәтелдердін танымдық бейнелілігі: филол. ғыл. канд. ... авторсф. - Алматы, 2006. - 26 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.