Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша сөйлеу тілдерін дамыту

Көкіректе сәулесі жоқтыц, көцілде сенімі жоқ, өнерсіз өмірден тез суынар.

Абай

Егеменді еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бетбүрыстарына қарай болашақ үрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектепке дейінгі ұйымнан басталады. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің орны ерекше. Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы Заңында" жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген.

Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тэрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.

Тәрбиеші баланың сүлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Бейнелеу өнері - көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мүраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды.

Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру құралдарын іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы шарты болып табылады.

«Көкөністер бастырмасы». Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз алдында даярланған штамптар, даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан және қызылшадан түрл іпішіндер жасауға болады. Мысалы: шаршы, дөңгелек, үшбүрыш, төртбүрыш даярлау; картоп немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояу жағу;қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру;

«Саусацпен сурет салу әдісі». Саусақпен сурет салу-алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жүмсақтық) сезінуге көмектеседі. Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу үсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, поролонды қолдануға болады.

«Далаппен сурет салу». Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен, коз бояйтын теньмен сурет салуды жатқызуға болады. Бірақ педагог өте мұқият, сақ болып, бұл заттарды бала қолы жетпейтін орынға қою керек. Бала анасының косметика қолданғанын бақылағанды үнатады. Әдетте косметика қолдануға тыйым салынатындқтан, баланың өз анасының далабымен ойнауға деген құмары арта түседі. Сондықтан косметикалық қүралдармен сурет салуды ұйымдастыру бала тілегінің орындалуына мүмкіндік тудырады және ол пайдалы іс болып саналады.

«Нүктелер арқылы сурет салу». Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет) дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бүл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелер саусақ немесе қылқалам ұшымен тықылдату әдісі арқылы түсіріледі, нүктелердің көлемдері ір түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы салынған сурет мозаика сияқты болады. Педагог контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу үсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жүмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.

«Қуммен сурет салу әдісі». Балаларға құммен сурет салу өте қызықты болмақ, өйткені олар құммен ойнағанды қатты үнататыны сөзсіз.

Олай болса, мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздеуі. Көркемдік шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіріп, эмоциональды көңіл-күй туғызады. Сондықтан балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды деп ойлаймын. Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін субъективті жаңа бүйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор. Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше көркем бейнені жасай алады. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуында із қалдырып, нағыз шығармашылықтың тәжірибесін меңгеріп, оны болашақта пайдалана білетіндей болады.

Балалардың бейнелеу шығармашылығы баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, қүрастыруы, өзінің бақылағандарын, қиялындағыны бейнелеуі. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың түсінігі мен білімін кеңейту шығармашылығын дамытудағы негізгі қорек болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды зейін қойып бақылауға, қарауға үйрету, нақты және толық түсінік алуға көмектеседі. Мысалы: ағаштың суретін салу үшін, оны қарау, бөліктерін ажырату, атай білуі, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін көре алуы және сипаттай білуі керек.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының дамуындағы сурет салудың алатын орны ерекше. Мысалы, балабақшадағы сурет салу түрлері: заттық, мазмүндық, сәндік. Заттарды бейнелеуге үйретуде салатын заттыәсерлі түсіндіре білу қажет. Сурет салу техникасына үйрету мен бейнелеу әсерлі қүралдарын қолдану арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамытуға болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығының бірінші белгісі қоршаған орта заттары мен оъектісімен таныстыруда тәрбиеші оның негізгі пішініне, салыстыруға, ұқсастығын ажыратуға үйретіледі. Сол себептен бала бір заттың түрліше пішінін суретін салуда, мүсіндеуде және жапсыруда басқаша бейнелеудің амалын меңгереді. Балалар еркін түрде сурет салуда, басқа заттың ұқсас пішінін беруде қолданады. Сурет салуда түзу, қисық, үзік, жіңішке, қалың сызықтың түрлі амалын бала өзінің ойымен заттар мен құбылыстардың бейнесін беруде пайдаланады. Мысалы: бала құстың аузын ашып қояды, бұл оның ойынша ән айтып тұр дегенді білдіреді. Осындай жолдар арқылы бала бейнелеу әрекетінде еркін шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді.

Мектепке дейінгі балаларда болатын шағырмашылықтың екініиі белгісі-затқа жаңа қызмет беруі. Баланың затпен әрекетінде байқалатын құбылыс, бір затты екінші заттың орынбасары ретінде қолданып, қиялында таза образын жасап алуы. Сол сияқты бейнелу әрекетінде де көз алдына елестету арқылы жаңа бейнелер қүрастырады. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынады. Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын, адамдар арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен немесе сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мысалъг. сабақта балаларды қоршаған ортаның әсемдігін, пішіні мен түсін, заттардың әдемілігін бағалай білу тәсілдерін қолданған жөн. Әсемдікті көру, түстердің ғажап әлемін ашу, әрбір қимылды музыкалық үзінділерден есту-бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Сонымен қатар әдемілік, әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін қолдану керек. Баланың алғашқы қадамы олардың эстетикалық қабылдауымен, есінде қалғанын елестете сурет салуымен эмоциялық түсінгіштігімен байланысты. Сурет салу кезінде баланың құрылым, көлем, затты кеңістікте дүрыс орналастыру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы, баланың сурет салуда алғашқы біліктілігі қалыптасады. Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау үрдістері қатар жүріп жатады. Сонымен бейнелеу өнері ойлау, байқау қабілеттерін дамытып, қалыптастырады. Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары болады. Эмоциялық бастауды дамытпай, талғампаздықты, қиялдауды, көз алдына елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қалыптастыру мүмкін емес.

Бейнелеудің мазмұндық ерекшеліктері оның елестету, қиялдау, көру, кеңістікке, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытуға бағытталуында. Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру - қазіргі кезеңде педагогикалық теория мен іс-тәжірибеде маңызды міндеттердің бірі.

Мектепке дейінгі кезенде шығармашыл тұлғаны қараудағы басты резервтердің бірі - әр түрлі көркем шығармашылық әрекеттердегі шығармашылықтар,олар:

  • сурет салудың дәстүрден тыс техникасы, мүсіндеу, жапсыру;
  • коллаж, трафаретпен жұмыс, қол еңбегі, құрастыру, қағаз пластика, макет жасау.

Балалар шығармашылық үшін материалдар ретінде түрлі жеміс, тұқым, тастар, құс қауырсыны, ағаш бүтағы, гүлдер т.б. қызмет етеді. Балалар өзінің жүмысы үшін алдын-ала материалды қарап, ұстап, түрін, түсін, қасиетін таниды. Мысалъг. жаңғақ - домалақ, қатты, қоңыр, доп - дөңгелек, пішіні мен түстері әр түрлі. Шығармашылық ықпал кез келген міндеттерді шешуде педагогтық бейнелеу техникасының ерекше, дәстүрден тыс жолдарын, шешімнің көптеген нұсқалары мен тәсілдерін көрсеткен кезде ғана туындайды. Сондықтан, өнімді әрекеттің көркем-шығармашылық бағыттарын қамтамасыз ету маңызды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деген рухани адамгершіліктің қалыптасуына негіз болады. Бірақ бүл қажеттілік балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес, сондықтан оны еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және өз еңбегімен айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпынуына тәрбиелеу қажет.

Бейнелеу өнері мектеп жасына дейінгі баланың көркем қызметін түсіндіреді, ол арқылы баланың тұлғасын жан - жақты дамуына эсер береді, онымен қатар айналадағы өмірді активті түрде танып білуі, өздерінің көзқарастарын графикалық жыне пластика түрде шығармашылықпен жеткізе алатындарын тэрбиелейді. Эрине, бала бүкіл бейне өнер түрлерін жаулап алуы мүмкін емес, сондықтан педагог бейне қандай өнердің ерекшіліктерін бала түсіне, қабылдай алады дегенді белгілеуге көмектеседі.

Сурет салу, жапсыру, құрастыру сабақтарында - өз дегенінен қайтпайтын, айнымайтын, ұқыптылық, еңбекқор тұлға қасиеттері қалыптасады. Бейнелеу өнер үрдісінде балалар графикалық жэне көркем шеберлік пен эдетке, айналадағы өмірдің құбылыстарын талдауға үйренеді.

Балабақшадағы бейнелеу сабақтары айналамен танысуларына көп көмек береді, онымен қатар өзінің көзқарасының дамуына, көз алдына елестетулеріне, есте сақтауларына, сезімдеріне жэне тағы басқа психикалық үрдістерге көмектеседі. Педагог баланың психологиясын жақсы білсе, онда баланың бейімділігін, ықыласын түсінуге көмектеседі.

Бейнелеу өнері сабағы баланың тілін дамытуға, тіл байлығын кеңейтуге мүмкіндік туғызады. Педагог негізгі оқу тәсілдерінде ең бірінші сөзді пайдаланады; сабақтың тақырыбын анықтайды, тапсырманың орындау реттілігі туралы айтады. Тәрбиешінің эмоциалды, ашық түрде айтқан сөзі баланың бейнелеу үрдесін тереңірек түсінуге көмектеседі.

Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтарда бейнелеу өнерінің өткізілуі сабақтарда балалар шығармашылығын дамыту үшін оқып үйретудің сан- алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі,өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзіне сәбидің басынан кешкен қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор деп білемін.

Сонымен дәстүрден тыс сурет салу - мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс -әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бала үшін өзінше әр қайсысы қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл күйін білдіре алады. Бейнелеу өнері ең алдымен балалардың эстетикалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, ойлау қабілеттерін дамытады деген қорытындыға келдім.

Дәстүрден тыс сурет салу әдістерін қолдану балалар мен ересектер арасында мазмүнды, құнды қарым - қатынастың негізін қалайды.Көркем шығармашылық іс әрекет қуанышты, көтеріңкі көңіл - күй тудырады, жағымды эмоциялық жағдайды қамтамасыз етеді.

Дәстүрден тыс сурет салу әдістері балалардың ұсақ қол қимылын дамытады, сондықтан оқу жылының басынан бастап - ақ оларды әр сабақта қолдану өте пайдалы. Баланың саусақтары бірден икемге көніп кетпейді, қылқаламмен дәл, нақты сызықты бірден түсіре алмайды. ¥сақ және дәл қимылды дамыту балаға тек өз ағзасын сенімді басқару үшін ғана керек емес. Қолдың ұсақ қимылы миды және оның бақылағыштық, талдаушылық, бұйырғыштық қабілетін дамытады.

Мен өз тобымда дәтүрден тыс жіппен, тамшуырмен, мауесекпен, гратаж, балауызбен, сүтпен және сулау тәсілдерін қолдандым. Осының ішінде сулау тәсілімен сурет салар алдында, қағазды таза сумей жалпақ қылқаламның көмегімен жуып алып, қағаз кеппей тұрып түстерді кезек -кезек қағаз бетіне тамызу немесе сүйкеу керек, бояу қағаз бетіне сумен бірге жайылады. Түстерді салатын суретіміздің тақырыбына сай алуымыз керек. Балалар «Алтын күз» тақырыбына сулау тәсіліп пайдаланып сурет салған кезде, сары, қызғылт сары, көк, қоңыр түстерді пайдаландық. Бояу сулы қағазға жайылып, ағаштың бейнесі, бұлттың бейнесі сумен бірге қағаз бетіне түсті де ағаштың жапырақтары өте әдемі болып шықты. Бұл тәсілді қолданған кезде балалар өздерінің салған суреттеріне таңдана қарап, сурет салуға деген қызығушылықтары артты.

Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтарда бейнелеу өнерінің өткізілуі сабақтарда балалар шығармашылығын дамыту үшін оқып үйретудің сан- алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі,өнердегі әсемдікке,адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзіне сәбидің басынан кешкен қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор деп білеміз.

 

Эдебиет:

  1. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. - Астана, 2012.
  2. Швайко Г.С. Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтары.-М.: Валдос, 2000.
  3. Нүсіпбекова М.И. Бейнелеу өнері «Аруна» баспасы Алматы, 2002.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.